Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мерекелік іс-шара Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: -тәрбиеленушілердің Қазақстан халқының салты мен ұлттық дәстүріне , ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттыру Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. -балалардың музыкалық,би билеу, ән айту қабілеттерін дамыту .
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қатысушының аты-жөні

Жұмыс орны

Тел нөмірі, эл почтасы


Кужасова Айымгул Есенжановна


Шаған ЖОББ мектебі жанындағы "Балбөбек " шағын орталық тәрбиешісі

87471851740

kuzhasova.a@mail.ru





Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!» 
Мақсаты: -тәрбиеленушілердің Қазақстан халқының салты мен ұлттық дәстүріне , ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттыру Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. 

-балалардың музыкалық,би билеу, ән айту қабілеттерін дамыту .
Жүргізуші: Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.Тойларыңыз құтты болсын. 
Армысыңдар, халайық! 
Бармысыңдар халайық, 
Наурыз тойын жұп жазбай, 
Жылды қарсы алайық. 
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
Біз қандай мерекені тойлағалы отырмыз? 
Балалар:-Наурыз мерекесін. 
Наурыз тойына арнаған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қарсы алыңыздар. 
1-бала: Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа кенеледі!

Наурыз келді салтымыз.

Көгерсін деп салтымыз.

Көшеге тал егілді

2-бала: Уа, халайық тұрмайық, 

Әсем әнге салайық!

Наурыз тойын көңілмен,

Бірге қарсы алайық.

3-бала:Күттіріп келген жыл басы,

Бізбенен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің,

Береке -ырыс сыйлашы.

4-бала: Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.


5- бала:Наурыз-шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас, кәріміз,

Би билейміз бәріміз.


6- бала:Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса,Наурыз дәстүрлі!

Бақытыма шалқыдым.

Ашылады нұрымыз

Осынау байтақ елімде

Айтылады жырымыз.


Жүргізуші:Осыншама жақсылық, 
Алып келген Наурызым! 
Төрлет бізге нұр беріп, 
Шуақ шашып ақ жүзің. 
-Қош келдің, Наурыз! Төрлетіңіз! Балалардың осы тойға арнаған әнін тындаңыз. 
Ән: «Наурыз» 

Наурыз: -Жарайсыңдар, балалар.Қандай өнерлі едіңдер.Мен сендерге құр келген жоқпын.Өзіммен бірге ойын ала келдім. Ойын ойнағыларың келе ме? 
Балалар: -Иә, ойнаймыз. 
Ойын: «Арқан тартыс» ойыны. 

Жүргізуші: Наурыз тойын әдемі, 
Әжем еске түсірді. 
Біздерге арнап әдейі, 
Наурыз көже пісірді. 

Ендеше балалар, Әжемізді қарсы алайық. 
Әже:-Амансыңдар ма, немерелерім. Наурыз тойы құтты болсын. Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын. (шашу шашады әжеміз)

Мен сендерге Наурызда пісірілетін «наурыз көже» алып келдім. 
(наурыз көженің құрамын айтып таныстырады). 

(Әуен ойналады, топқа Алдаркөсе келеді) 
Алдаркөсе:- Балалар, мында қандай той болып жатыр? Сендердің дауыстарыңды естіп мен де той тойлағым келіп кетті. 

Жүргізуші: -Балалар, Алдаркөсені тойымызға шақырамыз ба? 
Балалар: -Иә, бізбен бірге той тойласын. 
Алдаркөсе: Мен Алдармын, Алдармын, 
Сақалым болса, талдармын, 
Сақал түгіл мұрт та жоқ, 
Байларды да алдадым, 
Кедейлерді қорғадым. 

Жүргізуші: Алдаркөсе қош келдің. Сіз де бізбен бірге Наурыз тойын тойлаңыз. Төрлетіңіз! 

Алдаркөсе: -Мен сендерге құр келген жоқпын.Өзіммен бірге ойын ала келдім. Ойын ойнағыларың келе ме? 
Ойын: «Асық ату» ойыны. 

(Әуен ойналады, топқа Бай келеді) 
Бай: -Балалар, амансыңдар ма? Мен сендерге Наурыз тойын тойлайын деп келе жатырмын. Мә, мында Алдар да келіп қалыпты ғой. Наурыз тойларың құтты болсын! Балалар мына жер мұздай ма, мен тоңып тұрмын ғой.Менің мына шапаным жұқа болғаны ма сонда... 
Алдаркөсе: -Ә, Байеке, Сен неге тоңасың? Мен керісінше терлеп тұрмын. Менің мына шапаным жел ұстамайды.Мұннан кіріп, мұннан шығады. 
Бай: -Онда шапаныңды маған бер. Кел, екеуіміз ауыстырып алайық. 
Алдар:-Жарайды, Байеке. Сенен аяғанды ит жесін.Мә,шапаным. 
(Алдар мен Бай шапандарын ауыстырып киеді). 
Алдаркөсе: -Ал,балалар менің енді кетуім керек.Сау болыңдар. 
(Алдаркөсе кетіп қалады) 
Бай: -Балалар менің жылынатын түрім жоқ. Мен одан сайын тоңып бара жатырмын. Мына Алдар мені алдап кетті, сорлы 
басым-ай.Балалар, сендер де Алдарға алданып қалмаңдар.Мен енді Алдарда ұстап алайын.Жарайды балалар, сендер тойды тойлай беріңдер. Сау болыңдар. 
Жүргізуші: 
-Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді? 
-Байды кім алдап кетті? 
Жүргізуші: Салт дәстүрмен жараса, 
Би билейік тамаша. 
Жарыса өнер көрсетіп, 
Той тойлайық жаңаша! 
Кішкен бүлдіршіндеріміздің биін тамашалаңыздар. 
Би: «Қамажай» қазақ биі 

Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз 
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. 
Қызыр ата батасын береді. 

Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Тәрбиеші: Міне, біз Наурыз мерекесін атап өттік. Біз сіздерді мерекелік кешімізді жалғастыру үшін дастархан басына ыстық бауырсақ жеп, наурыз көже ішуге шақырамыз








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1280
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12