Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мерекелік кеш Сыйынар ем, Ана деген тәңірге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге»
Мерекелік кештің басты мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, құрмет тұтуға, қадірлеуге, ардақтауға, ананың үмітін ақтауға үйрету. Оқушыны мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Үздік спортшы балалардың аналарын марапаттау.
Кештің көрнекілігі:Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
Асылбек Еңсеповтың «Балалық шақ» күйі қосылып,Ана туралы бейнеролик көрсетіліп тұрады.
Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Шеше сен бақыттысың...» атты өлеңі оқылады.
Ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
Қадірлі Ұстаз аналар,апалар,арулар,аяулы аналар!
Бүгінгі көңілді көктем мерекесімен,қатар келген нұрлы да шуағы мол, күннің нұрындай, мейірімді аналар мерекесі Құтты болсын!
2-жүргізуші:
О, менің қасиетті асыл анам,
Сырымды сенен қалай жасыра алам.
Бесікте іңгәлаған мен сәбиді,
Өзің ғой ақ сүт беріп асыраған.
Қандай жан ұмытады ана атыңды,
Жүрегім жүрегіңнен жаратылды,
Бар жақсы дүниедегі бар ақылды –дей келе міне сіздердің алдарыңызда жүректеріңізден мейірім алған нәр алған құлындай құлдыраған, ұл, кыздарыңыз аналар мерекесіне арнаған жүрекжарды періште ақ тілектерін жолдайды қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
2-жүргізуші:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын.
2-жүргізуші:
Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
1-жүргізуші: Ендеше Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің абыройын асқақтатып, спортта беделін көтеріп аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосқан жеңімпаз батыр ұлдарымызды және осындай ержүрек батыр азаматтарды дүниеге әкелген құрметті аналарымызды қызыл кілемге қошеметтеп шақырайық (тізім).
Сахна төріндегі интербелсенді тақтада Айша бибі мазары. Мазар алдында бір Алладан тілеу тілеп тұрған ана. Ана талайдан бері бір баланың тілеуін тілеуде.
2-жүргізуші:
Айналдым «АНА» деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан- дей отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бір-бірімізге жылы, жақсы сөздер айтумен бастайық олай болса, не бізге шексіз жылуын береді? - КҮН
Мына күннің шуағын алып жылы сөздер айтайық
1-жүргізуші:
Ал енді бізге осылай шексіз сүйіспеншілігін кім аямайды?
-АНА
2-жүргізуші:
Ал, ана алақанымен не істейді?
-АЯЛАЙДЫ
1-жүргізуші:
Ал ананың жүрегі кім деп соғады?
-Балам , отбасым деп соғады.
Міне олай болса біздің аналарымызға арналған : «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізді бастаймыз.
2-Жүргізуші.
Бақ дәулет, жеті мұният болса жолдас,
Төрт бақыт бір адамға, сірә, қонбас.
Босағасын алтыннан соқсаңдағы,
Перезент сүймей ананың мейрі қанбас.
Сазды әуен ойнайды. Дүниеге жаңа туған баланың іңгәлаған даусы шығады. Қолында жөргекке орлған баласы бар ана сахна төрінде тұр...
Ана.Сахнаның сыртында баяу музыка ырғағымен оқып тұрады.
1-жүргізуші
Иә, Алла, көрдімбе, көрмедім бе?
Иә, Тәңірім, бердіңбе, бермедің бе?
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?
2-жүргізуші
Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе есі жоқ, ей, Дүние!
Менен неге сүйінші сұрамайсың?
Баласын әлдилеген ана сахнадан шығып бара жатады. Интер белсенді тақатада жас баланы әлдилеге нананың бірнеше сәттерінен үзінді көрсетіледі.
1-жүргізуші
Перезентсіз өткенпенденің,
Біледі кімдердерегін.
Қапа боп қайран, көңілің,
Бойыңа батпасжегенің.
Осынау тойдың сондықтан,
Әркім – ақ ұғар себебін.
Анасының аяулы,
Жарып шыққан кемерін.
Қадам басып өмірге,
Жас шыбықтай бүр жарып.
Жаңа жайған желегін,
Өсе берсін бөбегің.
Сахнаға әйел – ана шығып шашу шашады.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектеп ұжымы! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым балдарыңыздың жанында қолдау беріп жүре беріңіздер.
2-жүргізуші:Ендігі кезекте чемпион ұлдарымыздың жеңісті сәттеріне көз жүгіртейік (бейне слайд көрсету)
1-жүргізуші: Сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?
2-жүргізуші: Дүниедегі ең сұлу -- АНА. АНА – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам АНА – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан адам. Ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.
1-жүргізуші: Иә, бүгін мақтасақ – барлығын жеңетін, тіршіліктің бұлағы әйел – ананы мақтайық. Бізге қажымас қайрат беретін әйел - анаға мың алғыс. Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Қажымұқан мен Балуан Шолақ– аталарымыз бен ағаларымыз бәрі де ананың ақ сүтінен нәр алған.
2-жүргізуші: Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ АНА, Айша бибі, ел билеген Айғаным, ел бастаған Бопай, ел қорғаған Гәуһар ана, бәрі бір ғана атқа ие, ол «АНА». Ендеше аналарға тағзым етейік.(балалар орындарынан тұрып бас иеді)
Ән:«Анаға сәлем»
1-жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашан ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұлдарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.
Оқушы: «Жан анама»
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.
Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.
Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!
Мәнерлеп оқу : Салауатов Нұрхан,Жеңіс Әбдірахман
Оқушылардың шығармалары. «Ана туралы жыр»әуені баяу ойнап тұрады (минус)
2-жүргізуші:
Жол салып ән әлемінің кең көгіне
Көмейден күмбірлеген ән төгіле
Жүректерді арманға жалғайтүғын
Кезек келді Шәмшінің әніне.
1-жүргізуші:
Шәмшінің композиторлық атағы қазақ еліне жайылғанда, ғазиз анасы кеселге шалдығады. Баласын Алматыдан шақырып алып:
Анасы:«Балам бұл өмірден жас кеттім демеймін. Тағдыр маған келіннің қызығын көруді, немере сүю қызығын жазбапты, бақыл бол, салған әнің үзілмесін.»
Шәмші:«Апа, қарыздармын сізге!Сіздің басыңызға мавзолей орнату қолымнан келмес, бірақ әсем әннің ең сұлуын, ең нәзігінен ескерткіш етіп қалдырамын.»
Ән:«Ана туралы жыр» Әнді интербелсенді тақтадан қарай отырып аналар қосылып бірге шырқайды.
2-жүргізуші:Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана!
1-жүргізуші:
Ана деген – бастауы
ұлылықтың
Ана деген - рәмізі
сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар
шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ
атын
Олай болса бүгінгі келген аналарымызға
орамал тон болмайды жол болады дей отырып,ақ жаулықтарымызды
табыстауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңізқұттыболсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңізде шат болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!
Нұрмағамбетова Сандуғаш Мұратқызы
Есет батыр атындағы ОРОММИК,
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары