АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара
«Қыздар-ай» би тобының әсем биімен мерекелік шарамыз бастау алады.
Жүргізуші: Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, жеттің бе қазақ еліне ӘЗ-НАУРЫЗ!
Ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырналарды, шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, найзағай жарқылдатып, нұрлатып-жауындатып, айтып әуеніңді, жайып желкеніңді, жеттің бе Қандөз төріне ӘЗ-НАУРЫЗ!
Жүргізуші: Қайырлы күн, қасиетті де киелі ел Қандөздің жайсандары.
Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.
Ежелден ата-бабаларымыз Наурызды жыл басы деп тойлаған. Бүгінде Наурыз ұлттық мерекеге айналды. Оны ұлты мен діни ерекшелігіне қарамастан барлығы бірге күтеді, тойлайды. Жаңа жылды жақсы ниетпен, пайдалы істермен бастау ежелден қалыптасқан.
Бұл күні қонақжай халқымыз жомарт дастархан жайып, бір-біріне игі тілектерін арнап, бұлақтардың көзін ашып, ағаш отырғызып, тәртіп пен тазалықты қалпына келтіреді. Халқымыздың асыл қасиеттері мен құндылықтарын бойына сіңірген бұл мереке биылғы Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл қазақ жеріндегі дін мен дәстүрдің үйлесімділігін символикалық түрде көрсетеді.
Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде Наурызнама тұжырымдамасы бекітілді.
13 наурыз күні Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев биылдан бастап Наурыз мейрамының қарсаңында оның мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылып отырғанын айтқан болатын.
«Наурызнама» онкүндігі Наурыз мерекесіне Жаңа рух пен мән беруге арналған мәдени және дәстүрлі іс-шаралардың алуан түрлілігін бейнелейді. «Науырызнама» кезеңінің әр күні қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналған. Қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап Ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін Наурызнамның онкүндігі қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды.
Наурызнама онкүндігін тойлау барысы қадірлі Қандөз мекенімізде де өз межесінде тойланып келеді.
«Көрісу күні» - Амал мерекесінен бастау алған наурызнамамыздың бүгін 10-шы Тазару күні қадірлі жамағат және бүгін біздің ауылымызда дүбірлі Наурыз тойы!
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған мерекелік шарамыздың ашылу салтанатын ауыл әкімі Кеңес Жұмаханұлына береміз.
«Төріңнен қарт кетпесін» деген ұлы халық емеспіз бе?! Жасы үлкенге құрмет ету – біздің ата дәстүріміз. Сондықтан ауыл имамы, ақсақал қариямызды да әкім мырзамен бірге ортаға шақырамыз.
Құттықтау, марапттаулар өткізіледі.
«Ару күн» әні. Орындайтындар: Трио
Сұлтан: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Назгул: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Назгул: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
Жүргізуші: Бүкiл мұсылман жамағаты үшiн ең ұлық ай – Рамазанның есігімізден енгеніне де бiрнеше күн өттi.
Алла тағала рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей!
Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойын тойлаймыз
Бәрің бері қараңдар!
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Киіз үйдің ішінде Қыдыр ата мен ауылымыздың Асыл әжелері отырады. Бір топ балалар киіз үйді айналып «Жарапазан» жырын айтады.
Іштен Қыдыр атамыз бастап шығып: «Жарайсыңдар балаларым, өнерлерің өрге жүзсін» деп жалпы көпшілікке бата береді.
Сахна сыртында:
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық
Асыл әжелеріміз жарапазан айтушыларға арнайы сыйларын беріп, тойға жиналған көпшілік қауымға «Той шашуын» шашады.
«Кимешек» әні орындалып тұрады.
Жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
«Мен қазақтың ұлымын» әнін Нұрбай Сұлтанның орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне
«Наурыз көктем» әнімен кішкентай бүлдіршініміз Бақытнұрды қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Көрші ауылдардан арнайы ән шашуларымен келген қонақтарымызға кезек берсек.
«Арқаның сұлуы Айсұлу», «Сезім самалы» әндері.
Орындайтын Көктөбе ауылдық клуб үйінің музыка сүйемелдеушісі: Болыс ағамыз
Жүргізуші: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
«Ханшайымым» әнімен Бағым қыздарыңызды және анасы Назгул келіндеріңізді ортаға шақырамыз.
«Ал, құрбым» әні. Орындайтындар: «Наз» дуэті
Халық әні «Сәулем-ай». Орындайтындар: Сұлтан мен Назгул
Жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
«Қазақ биі». «Қыздар-ай» би тобының орындауында.
Жүргізуші: Қуаныш бақ тілеп елімізге
Мереке құт тілеп жерімізге
Әніңді арқалап шарқ ұрып
Келдің бе қонақ боп төрімізге, деп біздің наурыз мейрамымызға
Келінтөбе ауылынан арнайы ән сәлемін алып келген Қайрат бауырымыздың әндерін тыңдауға шақырамын.
«Ескі ауыл», «Қазақ қызы» әндері.
Орындайтын Келінтөбе ауылдық клуб үйінің музыка сүйемелдеушісі: Қайрат бауырымыз.
Жүргізуші: Малдар төлдеп қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылаққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан
Айналайын халқым – ай
Құтты болсын салтың – ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын – ай - деп – демекші, көшпелілер де жыл
Басын Наурыздан бастаған екен.
Ендеше сахнаға "Аластау" рәсімін жасау үшін "Асыл әжелер" клубын шақырамыз.
Жүргізуші: Бүгінгі Наурыз мейрамын қос мерекеге ұластырып тойымызды одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл-тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған ауылымыздың кішкентай мүшелері де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз жас жеткіншектеріміз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.
Әже (Гүлжима):
Әлбетте, қарағым! Ал, халайық менің немеремнің тұсауын кесіп, жоралғысын жасайық.
Ала жіпті алайын
Әжеңе алып барайын
Айдай деген қызымның
Тұсауын кес деп айтайын
Көрініс «Тұсау кесу».
Қарлығаш әжеміздің Айдай қыздың тұсауын кессу рәсімі.
Жүргізуші: Жортқанда жолың болсын!
Арғымақтай жүйрік бол
Асқардай таудай биік бол
«Дүнген қыз» әні. Орындайтындар: Әділет баламыз.

«Қазақ биі». «Қыздар-ай» би тобы.
Жүргізуші: Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
«Жүрегімде жүрсің сен» әні. Орындайтындар: Назгул Көмекбаева.
Жүргізуші: Жасай берсін жаңа күн,
Туа берсін жаңа жыр.
Дүр сілкінсін дала бір,
Құтты болсын жаңа жыл!
Қазағым наурызың құтты болсын
Көтерген шаңырағың биік болсын
Тілектері ұлтымның қабыл болып
Жақсылығын бір алла иіп тұрсын
Осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс шарамыз аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Қош сау балыңыздар!
Мерекелік іс шарамызды ары қарай ұлттық ойындармен жалғастырамыз.
«Бекітемін»
Қандөз ауылдық округінің әкімі:
______________К.Оразбеков
«Армысың, әз-Наурыз!»
атты мерекелік шараның іс-шара жоспары
Өткізілетін күні: 23 наурыз 2024 жыл<
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мерекелік шара. "Армысың, әз-Наурыз!

шағым қалдыра аласыз