Материалдар / мерекелік сценарий "Ұстазыма мың алғыс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мерекелік сценарий "Ұстазыма мың алғыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәлімгерлерге , қосымша білім беру педагогтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2021
543
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстазыма, мың алғыс!


Жүргізушілер: Аман Ислам, 7а сыныбының оқушысы

Серік Әсел, 9ә сыныбының оқушысы


Фанфар

(Сахнада оркестр отырады, сахна артынан хабарлайды

1.Күй. «Ата толғауы» Орындайтын: Домбырашылар оркестрі

Домбырашылар бастарын иіп сахнадан орындықтарын алып, сахна артына шығып кетеді.)

ФАНФАР

(Сахнаға 2 жүргізуші шығады)


1- жүргізуші: Сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбасыларыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!


2- жүргізуші: Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған, ұстаздар жайында заманымыздың тұлғасы Зейнолла Қабдолов: «Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», деп мұғалімдерге мол сенім артқан болатын.


1-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.


2-жүргізуші: Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!


1- жүргізуші: Алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Нигметов Берік Задагерейұлына береміз.


1-жүргізуші: Күрең күздің жаңға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріңіз - Ұстаздар күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай мектебіміздің өнерпаз оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтап, жақсы мерекелік көңіл-күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек.

2.Ән: «Ардақты ұстазым»

Орындайтындар: Арыстанбеков Рахат пен Бекмырза Жұлдыз

Қабыл алыңыздар!



2-жүргізуші: Ұрпақпенен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән – шашу, әсем би, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

3. Сахнаға «Айжан қыз биімен Тагирова Назгүл мен Бауыржанова Жұлдызды шақырамыз.


1-жүргізуші: Мектеп – кеме, білім – теңіз, ал ұстаз – мектептің жүрегі, тынысы, үні. Ұлағатты ұстаз ең алдымен, шәкірттеріне өмірді, білімді үйретуші. Ұстаз шәкірттерінің жан саулығын, тән саулығын, оның бойында адамдық асыл қасиеттердің қалыптасуын қадағалап, қамқорлық жасап жүреді.


2-жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім -

Төгілген арай шуағым.

Арманым қонса, қолыма.

Арқаң деп сенің ұғамын.

Мұғалім, ғазиз мұғалім -

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әнін. Келесі орындалатын ән ұстаздар сіздерге арналады.

4.Ән: «Мектебім» Орындайтын: Есбол Расул

1-жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – ұлағат.


2-жүргізуші: Сол ұлағаттылықтың зейнетін көріп отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз бүгін ортамызда отыр. Таныс болайық:

1-жүргізуші: Аймукашева Қалила Каримуллақызы

2-жүргізуші: Закирова Нұржиян Шапенқызы

1-жүргізуші: Едилбаев Абуғали Тасқалиұлы


2-жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ақлима Сапарғалиқызына беріледі.


2-жүргізуші: 5.Бетховен «К Элизе»

Фортепианода орындайтын: Максутова Дильназ


1-жүргізуші: Әсел, мен саған жұмбақ жасырайын? Шешіп көрші

2-жүргізуші: Жарайды, жасырып көр, кәне

1-жүргізуші: Жылдың ең қысқа күндері

2-жүргізуші: Каникул

1-жүргізуші: Оқушылардың үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиясы

2-жүргізуші: Күнделік

1-жүргізуші: Бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл

2- жүргізуші: Досың

1-жүргізуші: Үзілісті зарықтыра күттіретін 40 минут

2-жүргізуші: Сабақ

1-жүргізуші: Әжеме айтатын басты сылтауым

2-жүргізуші: Спорт секциясы

1-жүргізуші: Қыздардың негізгі қаруы

2-жүргізуші: Апайға айтам.

1-жүргізуші: Әрине, бұның бәрі әзіл.

Ұстаздарымыздың құрметіне келесі әсем әнді хабарлауға рұқсат етіңіздер!

6.Ән: «Достарым менің золотой»

Орындайтын: Мурадимов Әділет. Көтеріңкі көңіл-күй болсын!


2-жүргізуші: 7. Ән: «Ауылым» Орындайтын: Балтабай Тамерлан


1-жүргізуші : Мұғалім – зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіреті сәулесіне теңеймін. Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Сүйікті ұстаз- баланың өмірге қарайтын мөлдір де, таза әйнегі.


2-жүргізуші : Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»

Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.

Құрметтеген бар адамзат баласы

Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім.

Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған

Тыңдаңыздар, шәкірттердің алғысын.

8.Барша ұстаздар қауымын мектебіміздің жас ақыны, 9ә сынып оқушысы Темір Нұрдананың «Жасасын Ұстаз деген ұлы халық» атты өзі шығарған өлеңін қабыл алыңыздар.


1- жүргізуші: Ортамызда отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз Қалила Каримуллақызына, Нұржиян Шапенқызына және Абуғали Тасқалиұлына сөз кезегін берейік.


2-жүргізуші: 9. Ән: «Ұстаз - ана»

Орындайтын: Көшкенғали Дана Қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші: Ұстазым, екінші анам аялаған,

Біздерден, бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алып, үйренсін деп,

Таңертең, күнде шуақ жаяды алдан.


1-жүргізуші: Еліміздегі әр Ұстаз – әрі актер, әрі философ, әрі әнші, әрі күйші, әрі шәкірттің ата-анасы, қамқоршысы, қадірлі жақыны. Қысқасы сегіз қырлы, бір сырлы жандар.

2-жүргізуші: Иә, Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін де табады. Ендеше келесі әсем әнді қабыл алыңыздар!

10. Ән: «Жайна, Астана!» Орындайтын: Өтеміс Айару

1-жүргізуші: Ұстаздық – от, күн барда ол сөнбейді,

Шәкіртінен жаңбыр боп та селдейді.

Шәкіртінің шәкіртімен жалғасып

Ұстаз мәңгі өмір сүрер өлмейді.

11.Ән: «Аққу арман»

Орындайтындар: Супагалиева Фатима мен Тілеген Гүлнәзік

Қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге отбасы шаттығын, ата-ана бақытын, шығармашылық табыс тілейміз!


2-жүргізуші: Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар мен патриоттар болып өссін!


(Хабарланбай сахнада 12. Ән: «Ұстазым»

Орындайтындар: Айдынғалиева Амина және Қален Мархаббат)


Әннің 1-шумағынан кейін барлық қатысушылар қолдарына бір-бір шардан ұстап, сахнаға шығып, шарларын жоғары көтеріп бәрі бірге тербеліп билеп тұрады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!