Меркіде өсті қаншама ғұламалар
Рольде:
Тарих Ата
Немере
Сәкен Сейфуллин
Бір топ (3-4) адам
Ақкөз
Қарабала мен Сабаншы төрелер
Тұрар Рысқұлов
Қабылбек
Мақсұт Жылысбаев
1-Көрініс (Сахнада немере мен Тарих Ата әңгімелеседі)
Немере: - Тарих Ата, осы біздің Меркіні киелі жер дейді ғой. Меркіден халқымыздың көптеген асыл перзенттері шыққан дейді, сол туралы айтыңызшы.
Тарих Ата:- Ол рас, балам. 1916 жылығы Ұлттық азаттық көтерілісті, 1917 жылғы Қазан төңкерісін, азамат соғысын басынан өткерген асыл перзенттеріміз Тұрар Рысқұлов, Мақсұт Жылысбаев, Ақкөз Қосанов, Қабылбек Сарымолдаев, Үсіпәлі Нұршанов, Ысқақ Әсімов, Рақманқұл Орынтаев сынды аптал азаматтарымыздың тарихта өзіндік орны зор.
Немере: - Тарих Ата, осы үш бәйтеректің бірі - Сәкен Сейфуллин де осы Меркіде болды деген рас па?
Тарих Ата: - Иа, ол рас. Өткен ғасыр басындағы төңкерістерге бел шеше араласып, көпті соңына ілестіре білген, халқын білім мен өнерге сүйреген, ауыл шаруашылығын қалыптастырып, елдің әл-ауқатын көтеруге сүбелі үлес қосқан арыстарымыз қаншама! Меркі жеріндегі кеңестік заманның алғашқы кезінде, жаңа мен ескі арпалысқан қиын сәттерде от жүректі, өткір тілді, жалынды күрескер Қабылбек Сарымолдаевпен Сәкен Сейфуллин кездесіп жолыққан. Қабылбек туралы Меркіде болған Сәкен Сейфуллин не дейді екен?
Сәкен Сейфуллин: - Қабылбектің тек ауызша айтқаныма сеніп, істеген жәрдем- көмегі жолымның оңалуына әсер етті.
Әулиеатаға келгенде Колчактан қашқан совдепші екендігіме күдіксіз дәлел боларлық жөнді қағаздарым жоқ еді. Және Әулиеатада мен танитын бірде-бір жан болмады. Сенбейін деген кісі «ақтардың кісісісің деп» сенбеуі мүмкін ғой. Қабылбек өйтпеді… Әулиеатаның ол басқарған үкіметі ондай топастық көрсетпеді…. Колчак агенттерінен қашып жүрген мені қолыма мандат қағазын, қаржысын беріп, екі қоржын басын үгіт жобаларға толтырып, екі милиция қосып, қару- жарақпен қамтамасыз етіп, Ақмолаға аттандырады. Менің осындай дәрежеге жетуіме Қабылбектің қосқан үлесі зор еді.(шығып кетеді)
Немере: - Тарих Ата, Ақкөз Қосанов атында мектеп бар ғой, ол қандай батыр болған? Сосын Тұрар Рысқұлов атында және Қабылбек Сарымолдаев атында мектептер бер. Ол кісілер туралы да білгім келеді.
Тарих Ата:- Оны көрініс көре отырып білейік.
Бір топ адам: - Сыпатай батырдан бата алған аруақты азамат деп саған келіп отырмыз, ақыры - бір өлім, патшаға жалданып, немістермен соғысып, шет жақта сүйегіміз қурағанша, өз өлкемізді кәпірлерден тазартып, туған топырағымызда көз жұмайық, бізді басқар.
Ақкөз: -Жарайды, жерді кәпірден тазартамыз дегендеріңе келісемін. Бұл ой мені де мазалап жүр еді. Ертең Тағайталда бас қосайық. Оған дейін әр ауылға 2-3 адамнан хабаршы жігіттер жіберіңдер, бай кедей деп бөлмесін, қазақ баласы бас қоссын!
Қарабала мен Сабаншы төрелер: - Қарадан шыққан ханға балап, ақ боз атты шалуға әкелдік. Көтеріліске бел байлағандар уәдеден таймауға серттесейік.
Ақкөз: -Уа, халқым! «Өз өлтірмес, жат жарылқамас!» деген рас. Ен даламызда еркелей жайылған арқар, елік, қарақұйрығымызды қырып, өзен – көл, тауларымыздан қырғауыл, кекілік, ұлар, қаз - үйрегімізді үркітіп, түгін тартса май шығатын, құнарлы өлкемізді ата – бабасының төл мұрасындай иемденіп, енді бауырымыздағы балаларымызды жетім қозыдай көгендеп, ажалға, орыс – герман соғысына аттандырмақ болған залым патшаны қарғыс атсын! Ата – мекеннен артық жұмақ жоқ, сол жаннат жеріміздің темір торын үзіп, бостандық, азаттық алу үшін айқасқа әзірміз. Қасық қаным қалғанша халқыма қызмет етемін! Алға! (шығып кетеді)
Тарих Ата: - 1916 жылы 29-30 тамыз күндері Ақкөз Қосанов бастаған көтерісшілер қолдарына найза, шоқпар, айбалта, сойылмен қаруланып, 1500-2000 сарбаз Меркіге шабуыл жасады. Ташкенттен Әулие-Ата — Пішкек арасындағы көтерілісті басу үшін жіберілген жазалаушы отряд оларды қырғынға ұшыратты. Меркіде жазалаушылардың үлкен әскери лагері орналасты. Көтерілісшілер Меркіден Пішкекке, Әулие-Атаға тартылған телефон сымдарын қиып, бағаналарын қиратты. Қыркүйек айының ақырында көтерілісшілер жеңіліс тапты. Ақкөз батырды ұстап, Әулие-Атаға әкеп түрмеге жапты. Осы көтеріліс Меркіде «Қазақ жастарының революциялық одағын» құруға түрткі болды.
2 - көрініс
Тұрар Рысқұлов: - Жолдастар, Мен осы Меркі жерінде «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрып отырмын. Одаққа 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың от-жалынынан өткен, саяси сауатты, революциялық ниеттегі 30-ға тарта қазақ, қырғыз және орыс жастарын біріктіріп отырмын. Одақ мүшелері қатарында Қабылбек Сарымолдаев, Қарымбай Қошмамбетов,
Ысқақ Әсімов, Тұрдалы Тоқбаев, Сыдық Абланов, Мақсұт Жылысбаев, Кененбай Бармақов секілді жергілікті қазақ жастарын тартып отырмын.
Мақсатымыз: Ақпан революциясының сипаты мен мән-мағынасын, әлеуметтік қайшылығын айқын түсінеміз, «Уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері мен орыс кулактарының озбырлығына қарсы күресу», қарапайым еңбекші бұхараның мұң-мұқтажын, талап-тілегін қорғайтын ұйым боламыз.
Қабылбек: -Ақпан революциясының әлеуметтік теңсіздікті, ұлттық езгіні жоюға қабілетсіз екендігі, керісінше бұл күндері орыс отаршылдарымен ауыз жаласқан жергілікті үстем тап өкілдерінің өз халқын «бұрынғыдан да бетер езе түскені» бәрімізге белгілі. Біз қайтсек те осы тығырықтан шығатын жолды таба білуіміз керекпіз.
Тұрар Рысқұлов: - ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ОДАҒЫ жанынан азық-түлік комитетін құрамыз. Азық-түлік комитеті түрлі жиындар ұйымдастырып, ашаршылыққа ұшыраған жергілікті тұрғындар үшін қаржы, азық-түлік жинастырып, халықты тығырықтан алып шығу керек. Осы комитеттің төрағасы етіп Қабылбек Сарымолдаевты сайлаймын.
Мақсұт Жылысбаев:- Тұрар аға, байлардың малын тәркілейді деген де сөз бар ғой.
Тұрар Рысқұлов: - Иа, Мақсұт, малды тәркілеудің ызғары сезіліп тұр. Ауылдағы сөз өтетін байларға барып, малдарын кедей – кепшікке таратып беруге, сатуға, ауылда мектеп және басқа да ел қажетіне жарайтын ғимараттар салуға көндір.
Мақсұт Жылысбаев:- Жарайды сөзге құлақ асатындар бар ғой айтайық. Бұл да болса елді аштықтан шығарудың жолы болар еді.
Тұрар Рысқұлов: - Онда жүріңдер, іске кіріселік. (шығып кетеді)
Тарих Ата: - Иа, осы дүрбелеңде «халық жауы» деген қаншама аптал азаматтармыздан айырылдық.
3- көрініс
Тұрар Рысқұлов: - Уақытша биліктің құрамында бұрынғы патша чиновниктері мен орыс кулактары болды. Олар әрбір қазақ болыстығына көтеріліс кезінде зиян келтірген шығынды өтеуге 400-500 мың рубль өтем төлеуді міндеттеді. Мен айналама жігерлі жастарды топтастыра отырып, халықты өтемақы төлеу міндетінен құтқару бағытында жұмыс жасадым. Сол үшін мені орыс кулактары бірнеше рет өлтіруге әрекеттенді. Алайда мен қашып құтылдым. Уақытша өкіметтің комитеті мені тұтқындауға да тырысты. Алайда жергілікті халық пен солдат депутаттарының советіне арқа сүйеген мені олар тұтқындай алмады. (шығып кетеді)
Қабылбек:- Дүрбелең кезінде халықты аман алып қалудың бірден-бір жолы – ауыл шаруашылығын қалпына келтіру, ұжымдастыру кезінде қырылған мал санын біртіндеп көбейту, егіс көлемін қайта қалпына келтіру басты мақсатым болды.(шығып кетеді)
Тарих Ата:-1917-1918 жылдардағы орын алған ашаршылыққа қарсы күресте аштықтан ісіп-кепкен талай азаматтарды ажал тырнағынан алып қалған осы Тұрар, Қабылбек сынды азаматтардың еңбегі екенін білуге тиіспіз.
Қабылбек Әулиеата уезінде ұлт-азаттық көтерілісіне белсене қатысқан, кейіннен кеңестік жүйеде жұмыс істеп, үлкен лауазымды қызметтер атқарып, еліміздің экономикалық- әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосты.
«Қабылбекті қызметтес достары «ұлы экономист» деп атады, ол өз еліне көп қызмет етті, халқы да оған адал болып қалды. Тараз қаласында революциядан кейінгі жылдарда-ақ шағын балалар үйін ашып, үйсіз-күйсіз балаларды жиған екен. Қазір ол балалар үйі Қабылбек Сарымолдаев атымен аталады».
Немере: - Тарих ата, көп нәрседен хабар алдым. Енді мен сізге
Шырын Мамасерікова апамздың «Жаса, Меркі, жұмақтай нұрлы мекен» жыр шумағын оқып берейін.
.. Қаһарланса қас жауы қалтыраған,
Қайрат күші өзендей сарқыраған.
Сыпатай мен Жауғаштың мекені бұл,
Бақ жұлдызы мәңгілік жарқыраған.
Еңбектері еліне мұра болар,
Меркіде өсті қаншама ғұламалар.
Тұрар менен Қабылбек, Асанбайлар,
Отан үшін от кешкен бұл ағалар.
Асқақ орман сыйлаған саябағы,
Асыл текті ұл – қызын аялады.
Ар - намысты ту еткен азаматтар,
Атақ – даңқын әлемге жаяды әлі.
Ақша бұлты аспанда үлбіреген,
Аққан суы күмсітей күмбірлеген.
Жаратқанның бөленген рақымына,
Жаса, Меркі, жұмақтай нұрлы мекен!
«Қабылбек, - деп жазады Тұрар. - Мен саған «ағайдың денсаулығына» байланысты екі жеделхат жібердім, біреуін Шалқардан, екіншісін Мәскеуден. Сенен ешқандай жауап болмады. Мұның мәнісі не? Не сен оларды алған жоқсың (Қожановтың агенттері қолға түсіріп алды), немесе сенің жаратылысыңдағы «жалқаулық» үстем шықты. Сондай-ақ хат та жазбайсың. Қазіргі таңда парторгандарға берілген (ойлағанымыздай) «істің» нәтижелерін тездетіп білу өте-мөте қызықты және маңызды болып тұр. Осындай маңызды сәтте Мақсұт, шамасы, өзінің «ауылына» беймарал қалыпта кетіп қалған болар, ал сен, ыңғайы, жалғыз сенделіп жүрген шығарсың. Соңғы уақыттарда сенің өз «рухыңды» жоғалтып алғаның таңғалдырады.
«1. Ең алдымен қазақ жастары («кир.молодежи») баяндамаларының нәтижелері жайынан және бұл істе сендердің не жасағандарыңды толық айтып шұғыл хат жаз да, бір тыңғылықты коммунист арқылы беріп жібер.
2. Істің барысына қатыссыз, сендерге (10-15) қызметкерге шұғыл түрде материалдар тіркелген осы рухтағы баяндама құрастырып, ОБК-ге жолд. Ярославскийге жолдау керек.
3. Соның өзін, сондай баяндамаларды басқалардан да жолдатыңдар, Қожановты қоршаған адамдардың тізімін мінездемемен бірге жіберіңдер.
4. Осы тақырыпқа Мәскеу және Түркістан газеттеріне бірқатар мақала жазыңдар. Егер Мақсұт кетіп қалса, оны ауылдан шұғыл шақыртып ал - Ташкентте жұмыс істесін. Батыл әрекетке кірісу керек.
5. Әлдеқандай әңгіме тууы ықтимал адамдардан іргеңді аулақ сал.
6. Кең көлемде үгіт жүргізу жолымен өзіңе таза принципті-идеялық негізде жақтастарды көбейт.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз