Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Металдар және бейметалдар.

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып. Металдар және бейметалдар қасиеттері алыну жолдары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Бейметалдар және металдар.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
металдар мен бейметалдардың қасиеттеріне зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, олардың ерекшелендіретін қасиеттерін анықтау.

Дамытушылық: Сабаққа зерттеу жұмыстарын пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ойын жеткізе білуге, ізденушілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: зерттеу, талдау, топтaстыру, диктант.

Қолданылған көрнекіліктер: «Вilimland» сабағы, зерртеу жұмыстарға арналған құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, екі топқа бөлу.

II.Өткен тақырыпты қайталау

«Бейметалдар» тарауы бойынша сұрақтар:

1. Ауа құрамында азоттың үлесі?

2. Жер қыртысында таралуы бойынша екінші орында тұратын элемент.

3. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері.

4. Су қосып, қышқылды тікелей алуға болмайтын қышқылдық оксид.

5. Сіріңке өндірісінде қолданылатын бейметалл.

6. Иіссіз, суда ерімейтін сары түсті, морт сынатын кристалл зат.

7. Медицинада адсорбент ретінде қолданылады.

8. Шыны өндірісінде қолданылатын зат.

III.Жаңа тақырып

1. Заттардың электрөткізгіштігін зерттеу

Түрлі заттарды электр тізбегіне жалғап, олардың электр тогын өткізу қабілетін зерттеңіз.

Күкірт, көмір, темір, алюминий, фосфор, магний, кальций, бром.

Тапсырма: Тәжірибе нәтижелері негізінде заттарды металдар мен бейметалдарға жіктеңіз. Оқушылар металл мен бейметалдарды екіге жіктейді:

Металдар

Бейметалдар




2. Металдар мен бейметалдардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуін зерттеу

Реактивтер: мырыш, күкірт, көмір қышқылы

Жұмыс барысы:

1. Бірінші сынауыққа бір-екі дана мырыш салыңыз, оған 2-3мл сұйылтылған күкірт қышқылы қосыңыз. Бақылаңыз.

2. Екінші сынауыққа көмір салыңыз, оған 2-3мл сұйылтылған күкірт қышқылы қосыңыз. Бақылаңыз.

Тапсырма: Сөйлемдердегі бос орындарды толтырыңыз.

Біз металл кесегін қышқыл ерітіндісіне қосқанда, газ көпіршіктері__________(бөлінбеді, бөлінді). Бұл металдардың қышқыл ерітіндісімен __________(әрекеттесетінін, әрекеттеспейтінін) білдіреді. Қышқыл ерітіндісіне бейметалл қосылғанда, газ ________ (бөлінбеді, бөлінді). Бұл бейметалдардың қышқыл ерітіндісімен ерітіндісімен __________(әрекеттесетінін, әрекеттеспейтінін) көрсетеді.

3. Металдар мен бейметалдардың балқу температураларын зерттеу(бейнетәжірибе)

Тапсырма

Келесі элементтерді балқу температурасының кему реті бойынша орналастырыңыз: темір, магний, күкірт, фосфор

Қорытынды: Термометр көрсеткіштерін зерттеп, біз  металдар өте жоғары температурада балқитынын, ал  бейметалдар өте төмен температурада балқитынын көреміз.

III.Қорытындылау

Оқушылар топта «Металдардың және бейметалдардың қасиеттері» тақырыбына постер жасап, қорғайды.

IV. Бағалау

Әрбір дұрыс жауап берген сұраққа және орындаған тапсырмаға 1 ұпай.

Оқушылардың аты жөні

Сұрақтар

1 тапс

2 тапс

3 тапс

Зерт жұмыс орын

Постер қорғау

Қорытынды ұпай саны

1.

2.

 

 

 

 

 

 



Ұпай санын бағаға аудару:

Барлығы 6 ұпай

1-2 ұпай-«3»

3-4 ұпай-«4»

5-6ұпай-«5»

V. Үйге тапсырма: қайталау

VI. Рефлексия: «Басмармақ» әдісі

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
1067
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12