Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Дәрілік өсімдіктер түрлері, маңызы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерді маңызы,түрлері туралы білім қалыптастыру.
2. Экологиялық проблемаларды ескере отырып адам денсаулығына дәрілік өсімдіктерді тиімді пайдалану және оны шешу жолдарын қарастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
-
Дәрілік өсімдіктер туралы мағлұмат.
-
Дәрілік өсімдіктер түрлері.
Кіріспе
Қазақстан жерінің өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Елдің болашағы жастар дейтін болсақ, жастардың жан – жақты білімді болуы заманның талабы. Химиялық препараттармен емдеу адам денсаулығының бір жағын емдесе, бір жағына зиянын келтіріп жататынын бәріміз білеміз. Сондықтан дәрілік өсімдіктермен емдеу өте тиімді.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, ауруды асқындырмай кез – келген ауруларды дәрілік шөптермен емдеу жолдарын мектеп оқушыларына үйрету болашағымыз үшін маңызы зор.
Осы мақсатта мектепте дәрілік өсімдіктердің ерекшеліктерін танып, білуге арналған қосымша сабақтар жүргізілу керек.
1. Дәрілік өсімдіктерді мәдени түрде көбейтуді қолға алу қажет.
2. Дәрілік өсімдіктерді өсіру және жинау әдістері жетілдірілу керек.
3. Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспаларды дайындау
4. Зерттеу жұмысын жүргізу
Алкалоидтар
Алкалоидтар- құрамында азотты органикалық қосылыстары бар негізді заттар.Өзінің атын арабтың “алкалис”- негіз және гректің “ейдос”- ұқсас, яғни негізге ұқсас деген сөзінен алған. Қазір алкалоидтардың 2 мыңнан астам түрлері белгілі, олардың 30-нан астамы медицинада қолданылады. Негізінен жүйкені қоздыру және басу үшін қолданылады, қан қысымын көтеріп –түсіреді, сондай-ақ бактерицидті қасиеттеріде бар. Өсімдік құрамында 0,2-0,5% мөлшерінде кездеседі. Барбаристің –көкбояу тамырында-ол 15%.
Гликозидтер – қант малекуласы мен гликозидтті гидроксилдің басқа химиялық қосылыстар- агликондар немесе гениндермен қосылған күрделі қосылысты зат. Медицинада олар негізінен жүрек ауруларына қолданады. Қазір гликозидтер мен олардың агликондарының 150 түрі белгілі болып отыр.Олар негізінен өте ащы дәмді болып келеді. Ең көп қолданылатыны - К-строфантин мен інжугүл жапырақтарынан алынатын –конвалятоксин және кендірдің тамырынан алынатын цимарин заттары.
Флавоноидтар- өзі атын латынның “флавиум”-сары деген сөзінен алған. Негізінен түрлі химиялық қосылыстардан тұратын фенолды заттар. Көпшілік флавоноидтер бактерицидттік, жараны жазу үшін қолданылады. Сондай-ақ ағзадағы радиоактивті заттарды шығаруға қолданылады. Залалсыз бояғыштар негізінде тамақ өнеркәсібінде көп қолданылады.
Дубильді заттар – теріні қатайту, сапасын көтеру мақсатында қолданылады. Өсімдіктерде 10-20% кейде 70%-ке дейін кездеседі екен. Медицинада жараның үстінің тез бітуі үшін және олардың сілемейлі қабатына микроағзалардың түспеуі үшін қолданылады. Кей түрлері улануға қарсы да қолданылады.
Кумариндер- Алғаш рет кумарин Оңтүстік Америкада өсетін кумаруна ағашынан (Dipterix odorata) алынған. Ең негізі - кумарин ядросы. Жарықта түсін өзгертетін қасиеттері бар. Медицинада ағзаның өсуіне, қатерлі ісіктің алдын алуға, антибиотиктік қасиеттерімен пайдалы.
Эфир майы- ұшқыр, иісті зат, өсімдіктерден алынады. Сезім мүшелеріне тез әсер етіп кейде оң, кейде кері әсер етуі мүмкін. Медицинада дезинфекциялау, бактерицидтік қасиеті және қақырық түсіру үшін пайдаланады, бүйрек пен зәр шығару ағзаларын қоздырады. Көбінесе басқа иісті басу үшін қолданылады.
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Тапсырма:
Дәрілік өсімдіктердің қандай түрлерін білесін? Емдік қасиеттері туралы мәліметтер жинақта.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктермен таныстыру.
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады: Айыр;Алоэ;Аралия;Арша;Асқабақ;Ақшайыр;Аюқұлақ;Бақалақ;Бәрпі;Валериана;Дәрмене;ДиоcкореяДолана;Жалбыз;Жалбызтікен;Жалынгүл;Женьшень;Жерқонақ;Жолжелкен;Жөке;Жуа;Жусан;Жүгері;Итбүлдірген;Итжидек;Итжүзім;Итмұрын;Итошаған;Көкшегүл;Қаражоңышқа;Қалақай;Қаражидек;Қасқыржидек;Қырықбуын;Қырыққұлақ;Қыша;Лапыз;Ламинария;Левзея;Меруертгүл;Мия;Наперстянка;Ойраншөп;Олеандр;Өгейшөп;Раувольфия;Рауғаш;Сары-ағаш;Секуринега;Сенна;Скумпия;Таңқурай;Томағашөп;Шай;Шайқурай;Шал-фей;Шәңкіш;Шөпшай;Шытыр;Эвкалипт;Элеутерококк т.б.
Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол "шипалы қойма" іспеттес. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 -дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар.
Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б.
Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ - бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т.б.
Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі - 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Бұл жерлерде және де басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің өңірге бейімдеп өсіріп жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: паслен дольчатый, өткір жапырақты кассия, дәрілік альтей, дәрілік календула, иісті рута, кәдімгі пижма, күмәнді иссоп, дәрілік валериана, мускатты жалбыз, кәдімгі фенхаль және түкті эрва, т.б. жатады.
Сондықтан да дәрілік препараттар өндірісінің дамуына актуальды түрде қарау, дәрілік шөптерге ғылыми - зерттеу жасау, интродукциялық жұмыс, өсімдік тұқымдарына биотехнологиялық және агротехникалық жағдайлар жасау керек.
Республика териториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ аеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар.
Тапсырма:
Берілген дәрілік өсімдіктердің (адыраспан, жолжелкен) кеппешөптерінің құрылысын анықтап, қараңдар?
-
Дәрілік өсімдіктерді қайда кездестіреміз?
-
Дәрілік өсімдіктердің адам өміріне маңызы?
-
Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қай мүшесі қолданылады?
Үйге тапсырма: Дәрілік өсімдіктерден кеппешөп жинаңдар.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Табиғаттағы дәрілік өсімдіктер.Жинау ережелері.
Кеппе шөп дайындау.Танымжорық.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
-
Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктер түрлері және дәрілік өсімдіктер ерекшеліктері туралы оқушыларға білім қалыптастыру.
-
Дәрілік өсімдіктерді жіктеу. Дәрілік өсімдіктерді жинау ережелерімен таныстыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1.Дәрілік өсімдіктерді жинау ережелері.
2.Дәрілік өсімдіктер түрлерінен кеппешөп дайындау.

Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін мына ережелерді білген жөн.
-
Дәрілік өсімдіктерді сыртқы құрылысына қарай тани білу.
-
Өсетін жерін білу.
-
Дәріге өсімдіктің қай мүшесін (бөлімін) алуды білу.
-
Кептіру әдісін білу.
-
Сақтау ережесін білу.
Бүршігін жинау – үшін көктемде бұтақтарын кесіп алып 30 зрадус температурада кептіріледі. Содан соң оны шыны банкаға салып сақтайды, сақтау мерзімі бір жыл. Қабығын – ерте көктемде ағаш бүршік жара бастағанда жинайды, өйткені қабығы тез сылынады. Сақтау мерзімі төрт жыл. Жапырағын - өсімдік жапырақ алақанын жазғанда немесе өсімдік гүлдеп тұрған кезде жинайдыү Жапырақтарды ағаштың, үйдің клеңкесіне немес шатырында кептіреді. Кепкен жапырақты ағаш жәшікте сақтайды. Сақтау мерзімі бір жыл. Жер бетіндегі мүшелерін - өсімдік гүлдеп тұрған кезде сабағын, жапырағын, гүлін ұзындығы 10-15 см етіп кесіп алып, 4-5 талдан баулап көлеңке жерге немесе үйдің шатырына күн түспейтін жерде кептіреді. Кепкен соң қатырма қағаздан жасалған қорапта сақтайды. Сақтау мерзімі екі жыл. Жемісін - әбден піскен кезде таңертең, кешкі мезгілдерде жинайды. Оларды шыны банкада сақтайды, сақтау мерзімі үш жыл. Дәрілік өсімдіктерді маман дәрігерлердің нұсқауымен пайдалану керек.
Үйге тапсырма: 1. Дәрілік өсімдіктерден кеппешөп дайындау.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Жусан, андыз, атқұлақ
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
-
Өсімдіктерден жасалатын дәрілер түрлері, дәріге қолданылатын өсімдік мүшелерін кеппешөп арқылы анықтап, биологиялық білім қалыптастыру.
-
Дәрілік өсімдіктердің маңызы туралы ұғымдарын жетілдіру, өсімдіктің емге қолдану мөлшерін анықтау.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
-
Жусан, андыз, атқұлақтың емдік қасиеттері.
-
Өсімдіктерді қолдану мөлшері .
Биік андыз (Jnulae helenium, девясил высокий).
Сипаттамасы: Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді.
Таралуы: ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.
Дайындалуы: Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді.
Шикізаттың сапалық көрсеткіштері: Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді.
Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек.
Химиялық құрамы:
Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар.
Қолданылуы: Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады.
Дәрілік препараттары: Қайпатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусына
Қарандыз.
Бұл — жабайы өсiмдiктiң бiр түрi.Шығыс Қазақстан-да өседi. Бронхит және т.б. тыныс жолдары аурулары-мен ауырғанда қақырық түтсiру үшiн тамыры мен тамыр сабағын қайнатып iшедi. Эфир майынан жасалған препораттар антисептикалық дәрi, қабынғанға және iш құрттарына қарсы дәрi ретiнде қолданылады
Жусан.
Жусан – дүниежүзіндегі ең ащы өсімдік. Дәрі алу үшін жусанның сабақтарының ұшы мен жапырақтары жиналады.
Тәбет арттыратын шай. Кермек жусанның 8 бөлігін мыңжапырақтың 2 бөлігімен араластырып осы қоспаның бір шай қасығын қайнап тұрған 2 стакан суға салып 20 минут тұндырады. Даяр болған дәріден әр ішкенде жарты стаканнан 3 рет тамақ алдынан жарты сағат бұрын ішеді.
Спиртті тұнба жасауға болады. 20 грамм өсімдікті 100 мл спиртке салып 10 күн тұндырады да 20 тамшыдан 3 рет ішеді.
Абсетин, ащы глюкозид, с витамині, илік заттар, 0,5 % эфир майы
Ж
усан құрамы
Фитонцидтік қасиеті, тәбет ашады, өт айдайды, қызбаға, жараны емдеу үшін
Қасиеті
Сабақтары, жапырақтары (ерітінді, езінді, шырын күйінде)
Қолданылатынмүшесі
Атқұлақ.
Тармақ тамырлы көп жылдық өсімдік. Орысша мұны «щавель конской» деп атайды. Бұл өсімдік еліміздің оңтүстігіндегі адырлы аудандарда, әсіресе ормандарды төңіректей, сазда аңғарларда өседі. Сояу ұзын сабақты, жапырақтарының шеттері бұзау тіс, салалы келеді. Олардың жемісі пісіп, төгіле бастағанда ішкі жапырақшалары жаңадан өсе бастайды. Дәріге оның тамырын пайдаланады. Оны күзге жақын жинайды. Ол дәріханадабасқа дәрілермен қосылып жасалынады.
|
Өсімдік аты |
Қолданылатын мүшесі |
Емдік қасиеті |
Құрамы |
|
Атқұлақ |
Тамыры |
Іш тоқтатады, қан аздыққа пайдалы. |
Глюкозид смола, эфир майы, К витамині, қымыздықтың қышқыл тұздары,аздаған темір болады. |
Тапсырма №1. Кестені толтыру.
|
Өсімдік аты |
Өсімідіктің қай мүшесі емдік ретінде қолданылады |
Емдік қасиеті |
Құрамы |
|
Жусан |
|
|
|
|
Андыз |
|
|
|
|
Атқұлақ |
|
|
|
Сабақ соңында жергілікті дәрілік өсімдікті анықтап, маңызын сипаттай білуі тиіс.
Тапсырма № 2. Жусан, андыз, атқұлақ кеппешөптерін жинау
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Қалақай, жылантамыр, долана.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:Қазақстанда кездесетін қалақай, жылантамыр, долананың емдік қасиеттерін мәліметтер бойынша таныстыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Қалақай, жылантамыр, долананың емдік қасиеттері.
2.Өсімдіктерді қолдану мөлшері .
Қалақай- көп жылдық өсімдіктер түріне жатады. Сабағы қырлы-қырлы онда тітіркендіргіш зат болады. Қалақайды республикамыздың барлық аудандарының сазды алқап, өзен және көл жағаларынан кездестіруге болады. Оның жапырағын қайнатып, тұнба жасайды, оны басқа қоспаларға қосып дәрі жасайды. Тұнбасын қан тоқтату үшін ішеді. Дәрумендік әсері де мол. Ревматизмге қалақайдың жас жапырағын тыныштандыратын дәрілермен қатар қолданады, жапырағын дененің сыздаған жеріне тартады.
Қалақайдың емдік қасиеті.
Қалақай (крапива) шөбінің тұндырмасын пайдалану арқылы шашты күтімге алуға болады. Қалақайдың ұнтақталған 1 ас қасық кепкен жапырағының үстіне 1 стакан қайнап тұрған суды құйып, 1 сағат бойына қараңғы жерге қояды. Сүзіп алғаннан кейін шашқа немесе оның түбіне жағады. Аталмыш тұндырма шаштың түбін нығайтады және оның өсуін жақсартып, қайызғақты кетіреді.
Жылантамыр- бұл өсімдікті шаянмойын, орысша змеевик, не раковые шейки деп атайды. Жылантамыр деп аталу себебі сұр шұбарала жыланға ұқсағандықтан болса керек. Ол еліміздің батыс, шығыс, орталық Қазақстан өңірлерінде жиі кездеседі. Жылантамырының тұнбасы іш қатты өткенде қолданылады. Одан әр түрлі дәрілер дайындалады.
Долана – ол пайдалы өсімдік. Қазақстанда көптеген түрлері кездеседі. Долананың тамыры, дәні, гүлі де дәрі. Соңғы жылдарда доланадан жасалған дәріні гипертония ауруына қолданып жүр.
|
Өсімдіктің атауы. Сипаттамасы |
Құрамы |
Таралуы |
Қолданылуы, емдік қасиеті |
Қолдану мөлшері |
|
Қалақай |
Витаминдер мол. |
Сазды алқап, өзен көл жағаларында |
Жапырағы (тұнба) ревмотизмге,тыныштандыратын дәрі және жапырағын дененің сыздаған жеріне тартады. |
Тұнба түрінде 1 ас қасық |
|
Жылантамыр |
29% крахмал, 25 % иілік заттар, 10 % ақуыз, глюкоза, С витамині, каротин, бояулық заттар |
Батыс-Шығыс, Орталық өңірлерде |
Тамыры. Іш қатты өткенде тұңба түрінде қолданылады. |
Тұнба түрінде 1 ас қасық |
|
Долана |
Витаминдердің барлық түрі, глюкоза |
Солтүстік Қазақстан, Іле, Жоңғар |
Тамыры, гүлі, дәні. Тұнба түрінде гипертония ауруына қолданылады. Шикізат ретінде де қолданылады. |
Тұнба түрінде 1 ас қасық |
Тапсырма №1.
Кестені толтыру.
|
Өсімдік аты |
Қалақай |
Жылантамыр |
Долана |
|
Қолданылуы |
|
|
|
|
Құрамы |
|
|
|
|
Қолдану мөлшері |
|
|
|
Тапсырма №2.
-
Долананың қандай түрлері біздің өңірде өседі?
-
Қалақайдың маңызы?
-
Тұнба қалай дайындалады?
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Шәйқурай, меңдуана.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:Шәйқурай, меңдуана құрылысы, ерекшелігінен (таныстыру) құрамындағы заттармен таныстыру.
Дәрілік өсімдіктерді анықтап, танып білу жолдары туралы түсінік беру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Шәйқурай, меңдуананың емдік қасиеттері.
2. Өсімдіктерді қолдану мөлшері
Меңдуана
Кез келген жерде өсетін улы шөптердің бірі – меңдуана. Меңдуананың елімізде қара меңдуана, дала меңдуанасы, Сибирь меңдуанасы, шығыс меңдуанасы деген төрт түрі кездеседі. Мұның ішінде өте көп тарағаны – бау бақшада, қоныстардың айналасында, өзен бойларында, далалы жерде өсетін кәдімгі қара меңдуана мен сасық меңдуана (белена)
Әсіресе, меңдуананың дәні улы, оның 20 шақты дәнін жегеннің өзінде балалар уланып қалады. Меңдуанамен жан-жануарлар да, құстар да, адам да уланады.
Меңдуананың уы орталық нерв жүйесінің – мидың қызметін бұзуға әрекет жасап, адамды есінен адастырады.Құрамында орталық жүйке жүйесін тітіркендіретін алкалоидтары бар,ол көз қарашығын үлкейтіп жібереді, сондықтан көзге операция жасау кезінде өте қажет. Онымен уланғанда улану зардабы 25-30 минут ішінде –ақ біліне бастайды. Адамның аузы, көмейі құрғап, мойны мен беті қызарып, көздің қарашығы ұлғаяды. Содан кейін адамның жалпы қозуы күшейіп, жүріс- тұрысы бұзылады, есі ауысып, сандырақтай бастайды.
Шәйқурай.
Шәйқурайда 10-12 % иілік заттар, эфир майы, смола заттары, сары бояу заттар, гиперин глюкозиды, санонин, холин, С витамин және каротин бар. Шөпте бактериялардың күшін кемітетін де әсер болады.
Шәйқурай ғылыми медицинада кейін қолданылған өсімдік. Оның құрамындағы заттардың күрделілігі жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Құрамында холин болғандықтан ол гипертонияға қарсы да әсер етеді. Шайқурай майын жараны емдеуге қолданылады. Шайқурайдың суға және спиртке қосқан тұнбасы ауызды шаю ұшін беріледі. Күйік, тері ауруларын емдейді. Бактерияға қарсы әсері болғандықтан иманин дәрісі жараның бетін кептіреді, денедегі бүлінген жердің еттерін жетілдіреді.
Тапсырма № 1.
Сызбаны толтыру.

Тапсырма №2.
Өздерің тұратын жерде өсетін дәрілік өсімдіктерді анықтаңдар.
Күні: Сынып:
№ 1 . Зертханалық жұмыс. Дәрілік өсімдіктер ерекшелігімен танысу.
Құрал-жабдықтар: дәрілік өсімдіктер кеппешөптері, сурет дәптері. Берілген кеппешөптерден дәрілік өсімдіктерді анықтаңдар.
-
Дәрілік кеппешөптен таңдап алған өсімдіктің суретін салу. Өсімдік мұшелеріне зер сала қарау.
-
Бұлардың жергілікті жерде өсетін - өспейтінін анықтау. Берілген әдебиеттерді пайдаланып, дәрілік өсімдіктерді жинау тәсілдерін оқып үйрену.
-
Бақбақ,түймедағы, иманжапырақ, жұпаргүл өсімдіктернің дәрілік маңызы туралы хабарлама жазыңдар.
-
Байқағандарынды кестеге толтырындар.
|
Өсімдік аты |
Сабағы |
Жапырағы |
Тамыры |
Емдік қасиеті |
|
Бақбақ |
|
|
|
|
|
Жолжелкен |
|
|
|
|
|
Адыраспан |
|
|
|
|

Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Жолжелкен, мыңжапырақ.
Сабақтың мақсаты мен міндеті: Жолжелкен, мыңжапырақ өсімдігінің өсімді мүшелерінің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.

1. Жолжелкен, мыңжапырақ емдік қасиеттері.
2. Өсімдіктерді қолдану мөлшері .
Жолжелкен - жолды жағалап өсетін дәрілік өсімдіктің бірі. Гүлдері жаз айында гүлдейді. Жапырақтары ұзын, гүлдері ажарсыз келеді, ұсақ қрығы болады. Жапырағында глюкозидтер, ащы және иілік заттар, калий тұзы, лимон қышқылы, С витамині, эфир майлары бар. Дәрі ретінде көптеген ауруларға қолданылады. Әсіресе , ол қақырық түсіруге, іш ауырғанда, ішек-қарын қабынғанда медицинада жиі қолданатын дәрілердің бірі.
Мыңжапырақ көптеген ғасырлар бойы халық медицинасында үзбей қолданылып келеді. Оны геморрой, жатырдан тоқтаусыз қан аққанда, дезинтерия, тышқақ болғанда қан тоқтатушы ретінде қолданылады. Биохимиялық құрамын тексергенде онда ащытқыш заттар, эфир майы, глюкозид, ахиллеин алкалоиды, С витамині (каротин) , органикалық қышқылдар барын анықтады. Дәрігерлер мыңжапырақ өсімдігінің тұнбасын немесе оның сұйық езіндісін көбіне басқа дәрілік өсімдіктердің және дәрі-дәрмектік препараттардың комплексінде жиі пайдаланады.
Мыңжапырақ ащы дәмді зат ретінде тәбет ашатын шайдың құрамына ендіріліп, еркін сатыла беріледі. Оны ешбір дәрігердің қағазынсыз-ақ тамаққа тәбеті қашқан адамдар алып ішулеріне болады. Мыңжапырақ гүл шашқанда жапырағы мен шоқ гүлдерін жинап, оны көлеңкеде кептіреді.

Тапсырма№1.
Мыңжапырақ, жолжелкеннің құрамында қандай заттар болады? Кесте жасаңдар.
|
Аты |
Құрамындағы пайдалы заттар |
|
Мыңжапырақ |
|
|
Жолжелкен |
|
Сұрақтар.
-
Жолжелкен өсімдігін қайда кездестіруге болады?
-
Мыңжапырақтың емдік қасиеті қандай?
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Жалбызтікен, шүйіншөп, бақбақ .
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
-
Жалбызтікен, шүйіншөп, бақ-бақ өсімдігінің емдік қасиеттері өсімдіктің негізгі
ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Кесте арқылы өсімдік мүшелерін салыстыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Жалбызтікен, шүйіншөп, бақ-бақ өсімдігінің емдік қасиеттері.
2. Өсімдіктерді қолдану мөлшері .
Жалбызтiкен
Дәрілік
жалбызтікеннің шипалық қасиеті ертеден белгілі. Оның тамырын күзде
қазып алады да, ағаштанған қабыршағын және толып жатқа нұсақ шашақ
тамырларын алып тастап, тек тамырдың жұмсақ бөлігімен
бүйірлеріндегі ірі тамыр тармақтарын жиып алады. Дәрі үшін тек 2-3
жылдық жалбызтікен ғана пайдаланылады. Жиналған тамырларды
топырақтан тазартып, сәл дегдігенде пышақпен сыртындағы тұзын
қырады да, кептіреді. Жалбызтікен тамыры дәрі үшін ұнтақ түрінде,
шырын, сығынды түрінде беріледі. Оның тамырын тіліп, тамақ шаятын
шайға да қосады.
Дәрiлiк жалбызтiкен
— жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Тамырынан жасалатын
тұнбасы және шырыны, сығындысы тыныс жолдарының ауруларын, трахея,
бронхиттi емдеуге, қабынуға қарсы және кақырық түсiретiн дәрi
ретiнде қолданылады, содай-ақ iш бұзылуын, гастриттi және
энтеро-колиттi емдеуге пайдалы.

Жалбызтікеннің тамыры-дәрілік шикізат, оның құрамында 37%- ға дейін крахмал, 10,2 %– ға дейін қант, сондай – ақ пектин, май, витаминдер бар. Тамырдың 35% - ға жуығы сілемейлі-шырышты заттан құралғандықтан, емдік қасиеті соған негізделеді. Сілемейлі – шырышты зат жалпы қабынуларға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді, жүйке жүйесін тыныштандырады, жөтелді бәсендетеді, асқазан мен ішектің түйіндеп ауруынан құтқарады, қуық жолдары мен бүйректің қабынуын басады. Халықтық медицинада іш жүргізу, дизентерия, асқазан жарасын емдеуге, тіс түбінін еттері босап, алқым бездері ауырғанда, ауызды, тамақты шаюға қолданылады.
Емдік дәрі дайындауға қажетті өсімдіктің тамырын наурыз және қыркүйек – қазан айларында қазып алған тиімді.
Шүйіншөп.
Шүйіншөп (валерьян) – көп жылдық шөптектес өсімдік. Тамырында 0,5-2 % эфир майы мен шүйіншөп қышқылы болады. Эфир майы жіңішке тамырларда, ал шүйіншөп қышқылы неғұрлым жуан, кәрі тамырсабақтарда болады.
Дәрілік шүйіншөп жүйке жүйесінің қозуын тыныштандыруға, ұйқы бұзылғанда, жүрек, қан тамырларының неврозына және басқа жүйке ауруларына қолданылады. Ол 200 гр суға 10 г ерітінді түрінде беріледі. Аптекада тамшы ретінде сатылады. Кейде тыныштандырушы шай құрамына да қосылады. Адам әлсіреп, жүрегі қысылғанда аптекада ең алдымен табылатын дәрі осы шүйіншөп тамырлары.
Бақбақ
-
Биіктігі 5 сантиметр сындырғанда
-
сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп.
-
Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір-қыркүйек айларында гүлдейді. Еліміздің солтүстігінде ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі. Бақбақтың жапырақтарында С және В Витаминдері бар. Жапырақтарынан және гүлсабақшаларынан қант – инозит табылған. Тағамға, әсіресе көктем мезгілінде маринадталған гүл сабақшаларында пайдаланады. Гүлінен бал жасалынады. Ал, қуырған тамрыларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын ас қорытуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан жасалған тағам бауырды жақсартады, зат алмасуды жақсартады. Әртүрлі халықтық медицинада тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әртүрлі ауруларына, өт айдайтын, іш босататын, қақырық түсіретін дәру ретінде сондай – ақ май толық сіңбегенде қолданады. Атересклерозды, анмияны емдеуге де болады. Тамырдан жасалған ұнтақтары тері ауруларына (экзема, сыздауық, сүйелдер) және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланылады.

Бақбақ өсімдігін халқымыз ежелден қадір тұтып, сүйіспеншілікпен «жер күні» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін ежелгі Грекияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған. Көптеген елдерде бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар «писанли» деп атайтын жас жапырақтарын ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады.
Тапсырма №1.
Өсімдіктердің қай мүшесі емдік мақсатта қолданылады?
Толтыруды + ; -- таңбасын қою арқылы белгілейміз.
|
Өсімдік аты |
Жапырағы |
Сабағы |
Гүлі |
Тамыры |
|
Жалбызтікен |
|
|
|
|
|
Шүйіншөп |
|
|
|
|
|
Бақ-бақ |
|
|
|
|
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Меруертгүл, барбарис, рауғаш.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1. Меруертгүл, барбарис, рауғаш өсімдіктерінің жалпы қасиеттері мен маңызы, таралуы туралы түсінік беру.
2. Емдік қасиеттеріне жеке мағлұмат беру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
-
Меруертгүл, барбарис, рауғаш өсімдігінің емдік қасиеттері.
Меруертгүл (ландыш) көленкелі орамандардың ішіндегі бұталардың арасында өседі. Оның өн бойында жүрек ауруына қолданылатын глюкозидтар, жас гүлдерінде хош иіс шығаратын эфир майы бар.
Меруертгүлді ертеден бері жүрек, шешек, қояншық, миға қан құйылу, көз, іш т.б. түрлі ауруларға қарсы қолданылып келеді. Құрамындағы эфир майы өте бағалы иіс сулар дайындау үшін қолданылады.
Барбаристе бербериннің алколоиды бар екендігі ертеден белгілі болғанмен, медицинада ол қолданылмай келді. Бірақ 1950 жылы фармаколгтер Қиыр Шығыста өсірілетін амур барбарисінің жапырақтарында әйелдер ауруына жақсы әсер ететін зат барын тапты. Бұлардың жемістері сопақша қызыл, өзі өте ащы.
Рауғаш – қара құмық тұқымдас, көп жылдық шөптер тәріздес өсімдік. Оның екі сорты бар. Бірі көкөніс ретінде тағамға қолданылады, екіншісі дәрі-дәрмекке пайдаланылады.
Рауғаштың кепкен тармақты түбірі дәрі-дәрмекке пайдаланылып, одан ұнтақ, сұйық, тұндырма дәрілер жасалады. Бұл дәрілер көбіне тоқ ішектің жиырылуын күшейтеді және ұзаққа созылған іш қату ауруына шалдыққан адамға емге беріледі.
2. Өсімдіктерді емдік мақсатта қолдану мөлшері.
Сабақ тірек-сызба арқылы түсіндіріледі.
Құрамы эфир майы, глюкозидтер
М
еруертгүл қызметі емдік қолданылатын
ауру
түрлері
![]()
жүректегі нерв жүйесі бәсендегенде
Б
арбарис құрамы берберин алкоголиді
![]()
Қолданылуы әйелдер ауруына, өт айдағыш
Құрамы
қант,алма, қымыздық қышқылы, 5мг
С
витамині
Р
ауғаш қолданылуы Жұқпалы ауруларға қарсы,
тағамға, кондитер өнімдеріне
Тапсырма №1.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін жаз.
-
Меруертгүл___________________________________________________
-
Барбарис_____________________________________________________
-
Рауғаш_______________________________________________________
Тапсырма №2.
Өсімдіктің дәріге қай мүшесі қолданылатынын белгіле.
|
Өсімдік аты |
Жапырағы |
Сабағы |
Гүлі |
Тамыры |
|
Меруертгүл |
|
|
|
|
|
Барбарис |
|
|
|
|
|
Рауғаш |
|
|
|
|
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Емен қабығы, кендір тұқымы.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1. Емен қабығы, кендір тұқымы өсімдіктерінің жалпы қасиеттері мен маңызы, таралуы туралы білік дағды қалыптастыру.

1. Емен қабығы, кендір тұқымы өсімдігінің емдік қасиеттері.

Үй тапсырмасын сұрау.
-
Меруертгүл, барбарис, рауғаш өсімдігінің емдік қасиеттерін сипаттандар.
-
Меруертгүл, барбарис, рауғаш өсімдігінің құрамында қандай заттар бар
Емен қабығы.
Отанымызда еменнің 19 түрі өседі. Оның жаңа өсіп келе жатқан жіңішке ағаштарынан алынатын қабықтың емдік қасиеттері мол. Емен ағашының қабығында органикалық қышқылдар пектиндер және жабысқақ иілік заттар көп. Соған байланысты дуп (емен) атап кеткен. Емен қабығымен жасалған тұнбамен суық тиюден болатын ауруларды әсіресе тамақты шаяды.
Оның тұнбасын дайындау үшін бір стакан қайнаған суға бір ас қасық ұсатылған қабықты салады да, 20 минуттай қайнатады. Ал қайнатпасын дайындау үшін 1-1,5 стакан суға 2 ас қасық қабық салып, жарты сағаттай қайнатады. Осы екі әдістің қай-қайсысын пайдаланса да, дәрігермен ақылдасып істеу керек.
Кеңдір тұқымы.
Кеңдір тұқымында 30 % май болады. Емдік қасиеті асқазан әшек қабаттарын қорғайды. Іш өту тоқтатады, көңіл-күйді жақсартады.
Кендір тұқымының қайнатпасын оның 2 ас қасығына екі стакан қайнаған су құйып дайындайды да, жұмсартқыш және бүркегіш дәріретінде ішеді. Мұндай қайнатпаны қарын, ащы ішек және тоқ ішек қабынғанда ішсе, асқазан-ішекқызметін жақсартады.
Жасалған дәрінің бүркегіштік қасиеті сол, кендір тұқымындағы шырыш пен май асқазан мен ішектің кілегей қабықтарына жабысып, біркелкі жұқа қорғаныш қабат жасайды. Осыдан іштің бүріп ауырғаны басылып, лоқсып құсу мен іш өтуі тоқталып, ауру адамның жалпы көңіл-күйі жақсарады.
2 АС ҚАСЫҚ КЕҢДІР ТҰҚЫМЫНА 2 СТАКАН ҚАЙНАҒАН СУ ДАЙЫНДАЙДЫ.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Тасшөп, шайшөп, мия.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1. Өсімдіктердің медицина саласындағы ролін көрсете отырып, оны өндіру менг пайдалану мөлшерін өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Тасшөп, шайшөп, мия өсімдігінің емдік қасиеттері.
2. Өсімдіктерді емдік мақсатта қолданылуы.
Жаңа сабақты меңгерту сызба нұсқа бойынша түсіндіріледі.
Қызметі ұнтағы
талма кезінде иіскеу үшін беріледі,
радикулит нефрит , қақырық түсіруге,
кеуде
ауырғанда, ұйқы қашқанда
Т
асшөп құрамы 0,1-1 % эфир майы
Қолданылатын
мүшесі жапырағы
-
Биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама –қарсы орналасқан
-
уақ, ұзындығы 15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыранқы гүл шоғын құрайды. Мамыр - қыркүйек айларында гүлдейді.
-
Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі.
-
Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы , С витамині емдік заттары бар.
Бұл өсімдіктен дайындалған шай тұмау, асқазан, бүйрек аурулары кезінде пайдалы. Ол несеп айдағыш құрал болып саналады. Қан аздығы, ұйқысыздық, ревматизм кезінде мықты дауа.
Тасшөптің ұнтағы талма кезінде иіскеу үшін беріледі. Заттар алмасу бұзылғанда хош иісті ванна алуға тасшөпті қосады.
Шайшөптің гүл шоқтары толық ашылмай тұрғанда 1-2 см сабақшаларымен кесіп алынып жиналады, көлеңкеде кептіріледі, қараңғы жерде сақталады. Шайшөп қайнатынды, не ерітінді түрінде пайдаланылады. Шайшөпті киім-кешекке орап қойса, олар қара күйеден жақсы сақталады. Шайшөпті сары бояу алу үшін де пайдаланылады.
Қолданылатын мүшесі гүлшоқтары, сабақтары
Ш
айшөп құрамы стерин, эфир майы, смола,
каотин және А,В,С вит
Емдік қасиеті бауыр, ішек-қарын, өт жүргізу,
қарын
бездерінің секрециясын күшейтеді
Мия тамырында глюкоза, пектин заттары, флавон, әсіресе құрамындағы қымбатты зат глицирризин (6%) болып есептеледі. Жақын арада оның денеде заттар алмасуына пайдалы әсері бар екені анықталды. Оның ағзадағы су мен тұздың алмасуын реттейтін күшін дәрі жасаушылар дәлелдеп берді. Сондықтан да мия тамырын шығыс азиялық халықтар барлық дәрілердің құрамына қосып, дәрі ретінде ежелден бері пайдаланып келеді.
Қолданылатын мүшесі тамыры
М
ия құрамы глюкоза, пектин, флавон, глицирризин 6%
![]()
Қызметі заттар
алмасуға, несеп жүргізу

Мия
Жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Тамырынан жасалган дәрiлер
қақырық түсiруге және iштi жүргiзуге, қабынғанға және түйнегенде
басуға қолданылады. Глицерром препараты бронхиальдi астма,
бүйрекүстi бездерiнiң қызметi төмендегенде, экзема жене аллергиялық
дерматит т.б. ауруларға қарсы колданылады. Ликвиритон препараты
несеп айдайтын дәрi ретiнде қолданылады.
Тапсырма №1.
Өсімдіктердің қай мүшесі емдік мақсатқа қолданылады.
|
Өсімдік аты |
Қай мүшесі |
|
Тасшөп |
|
|
Шәйшөп |
|
|
Мия |
|
Сұрақтар.
-
Тасшөп қандай жерлерде өседі.
-
Шәйшөптің емдік қасиетін сипатта.
-
Мия тамырындағы емдік заттарды атаңдар?
Күні: Сынып:
№2 Зертханалық жұмыс. Өсімдіктердің сыртқы белгісі бойынша дәрілік өсімдіктерді анықтау.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
-
Өсімдіктердің сыртқы белгісі бойынша дәрілік өсімдіктерді ажырата білу.
Құрал-жабдықтар: Итмұрынның жапырақтанған өркені, гүлі. Итжидектің жапырағы және гүлі.
Тапсырма №1.
Итмұрынның жапырағын, гүлін анықтап қараңдар,
Тапсырма№2.
Итжидектің сабағы, гүлін анықтау.
Тапсырма №3.
Итмұрынның және итжидектің гүлінің түсін анықтау.
Тапсырма №4.
Екі өсімдіктің құрылысы мен ұқсастығын, айырмашылығын анықтап кесте толтырыңдар.
|
Өсімдік аты |
Жапырақ пішіні |
Гүлінің түсі |
Жемістері |
|
Итмұрын |
Тақ қауырсынды |
Ақ, қызғылт |
Құрғақ, кқп жаңғақшалы |
|
Итжидек |
Үлкен |
Қоңыр күлгін сарғыш |
Қара, жидегі жылтыр шиеге ұқсас |
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Итшомырт, итмұрын.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1. Өсімдіктердің медицина саласындағы ролін көрсете отырып, оны өндіру мен пайдалану мөлшерін өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Итшомырт, итмұрын өсімдігінің емдік қасиеттері.

Итшомырт - қара жемістілер тұқымына жататын аласа ағаш. Бұта түрінде сирек кездеседі. Жемісі шар тәріздес шырынды. Төрт ұялы қара сүйекше болады. Жаз айларында гүлдейді, жемісі қыркүйек, қазанда піседі. Дәрі жасау үшін әбден піскен жемістері жиналып алынады. Алдымен оларды солдырып, одан кейін щамалы қызған пешке, не кептіргіште кептіреді. Бұл жемісте 2-3 тен ғана сүйек болады, жеміс сопақша болғандықтан оны басқа жемістен тез айыруға болады.
Итшомырттың жемісінде іш жүргізетін қасиеті бар антраглюзозид, флавоноглюкозид және пектиндік заттар болады. Мұны баяу іш жүргізетін дәрі ретінде түнге қарай ішеді. Үй жағдайында итшомырттың бір ас қасығын бір стакан суға қайнатып, екі сағат тұндырады. Да, сүзіп алып түнге қарай жарты стаканын ішіуге болады.
Итмұрын – жемісі витаминге бай өсімдік. Кептірілген жемісте 5,5 % С витанмині бар. Бұдан басқа 12-18 мг каротин (витамин А), 0,03 мг В витамин болады. 1 г кептірілген жемісте 40 биологиялық, 2 бірлік шамасында Р,К витаминдер кездеседі. Сонымен бірге итмұрын жемісінде 18% қант, 4,5% иілік заттар және лимон қышқылы бар. Итмұрынның жапырақтарында да 0,38-0,55% шамасында С витамин болады.
Итмұрын жемісін С және поливитамин ретінде пайдаланады, №12,13,15,16,17 витамин қоспаларын жасауға қолданады. Одан порошок және таблетка, кейде сұйық және сироп, кептіріліп тазартылғанынан тұндырма жасайды. Итмұрынның бүтін жемістерінен бір стакан суға 10 г жеміс салып, 7-10 минут қайнатады да, суытып сүзілген тұнбасын 0,5 -1 стаканнан күніне 2 рет ішуге болады, тәтті болу үшін оған ұант қосу керек. Тамақ өнеркәсібі итмұрыннан түрлі витаминдік концентраттар мен драже жасап шығарады, жасай жиналған жемістерден варенье мен повидло қайнатады, оны конфеттің ішіне де салады.
Халық ертеден-ақ итмұрынның тамырын қайнатып тұнба жасап, оны іш өту, асқазан-ішек аурулары, кейде бауыр аурулары кезінде ішіп келген.
Дәрі жасау мақсатында ит итмұрындары деген түрлері де қолданылады. Ол көбінесе, Европалық бөліктің оңтүстік аудандарында, қара топырақты аймақтарда және Кавказда көп өседі. Итмұрынның бұл түрінде С витамин аз (0,2-0,9 %) , одан бауыр ауырғанда берілетін холосас дейтін сұйық дәрі жасайды. Жеміс дәндерінің зәр айдау әсері бар.
Тапсырма №1.
Итшомырт, итмұрынның құрамындағы пайдалы заттар, қолданатын мүшесі, емдік қасиетін көрсетіп сызбанұсқа құрыңдар.
Тапсырма №2.
-
Итмұрынның жемісі _________(витаминге) бай болады.
-
Үй жағдайында _________(итшомырттың) бір ас қасығын қайнатып екі сағат тұндырады да, түнге қарай __________(жарты стаканын) ішуге болады.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Дала қырықбуыны.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
-
Дала қырықбуынының дәрі-дәрмек үшін пайдаланылатын мүшесі, өсімдіктің қолданылуы, емдік қасиеті туралы білік дағды қалыптастыру.
-
Дәрілік мақсатта өсімдіктің қай мүшесі қолданылатын анықтау.
Дала қырықбуыны (хвощ полевой) көп жылдық өсімдіктер қатарына жатады. Дәрі-дәрмек үшін өсімдіктің жер бетіне шыққаны түгел пайдаланылады. Дала қырықбуынын бүкіл жаз бойына жинай береді. Оны жинаған кезде тек көктемнен бастап сол жаз бойы өскен көк балғынын ғана түбірінен кесіп жинаған дұрыс. Сонан кейін дала қырықбуынын желге жайып кептіреді.
Дала қырықбуынын негізінен зәр айдайтын және қан тоқтататын (түрлі себептермен іштен қан кеткенде) дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Шөптен арнайы қайнатынды дайындалады. Ұсақталып туралған дала қырықбуынының екі қасығын 1 стакан суға салады да, 30 минут бойы қайнатады. Сонан кейін қосындыны суытып және сүзеді.
Дала қырықбуынының тұндырмасын ішу үшін, алдымен дәрігермен пікірлесіп алу керек. Себебі бұл шөп кейбір аурулардың түрлері – нефриттердің, нефрозонефриттердің қозуына, сөйтіп адам ағзасының әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Мұны есте сақтау керек.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Дала қырықбуыны өсімдігінің емдік қасиеттері.
Жаңа сабақты меңгерту сызба –нұсқа бойынша түсіндіріледі.
Дала
қ
ырықбуыны
Құрамындағы пайдалы заттар
Қолданылатын өсімдік мүшесі
Ескерту: Дала қырықбуынының тұнбасын ішу үшін алдымен дәрігермен пікірлесіп алу керек. Себебі бұл шөп кейбір аурулардың түрлері – нефриттердің, нефрозонефиттердің қозуына, сөйтіп адам организмінің әлсіреуіне әкеп соқтыруы да мүмкін. Мұны қатты есте сақтау керек.
Сұрақтар.
-
Дала қырықбуынын қандай аймақтардан кездестіруге болады?
-
Өсімдікті қай мезгілде жинайды?
-
Дала қырық буынын неге дәрігер кеңесімен ғана ішу керек?
Тапсырма №1.
Сөйлемдердегі бос орындарды толтыр.
-
Дала қырықбуыны (хвощ полевой)_________(көп жылдық өсімдік)
-
Дала қырықбуынын бүкіл ____________ (жаз бойы ) жинай береді
-
________________(дала қырықбуының) желге жайып кептіреді.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Киікотын, адыраспан.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
-
Өсімдіктердің адам денсаулығына пайдалы әсері, өсімдіктің қолданылуы туралы білік дағды қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
-
Киікотын мен адыраспанның емдік қасиеттері.

Киікотын құрамында хош иісті эфир майы, алколоид болады.. Киікотынды ежелден қазақ халқы қымыз сусынын дайындауда қолданып келеді. Киікотыннан дайындалған қымыздың емдік қасиеті мол. Киікотынды жаз айында гүлдеп тұрғанда жинап салқын көлеңке жерде кептіреді. Қыстың күні тұмауратқанда, қатты жөтелде киікотынның 2-3 гр кеппешөбін алып 3-5 минут қайнатады, суытып сүзіп тұнбаны жылы күйінде күніне 2-3 рет ішеді.
Адыраспанды жаз айларында гүлдеп тұрғанда жинап алады. Тұмауратқанда түтінін иіскейді.
Тапсырма №1.
Киікотын мен адыраспанның кеппешөптерін қарап кесте құрыңдар.
|
Өсімдік аты |
Сипаттамасы |
|
Киікотын |
|
|
адыраспан |
|

Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Түймедақ.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
-
Өсімдіктің адам денсаулығына пайдалы әсері, өсімдіктің қолданылуы туралы білік дағды қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Өсімдіктің емдік қасиеті.

Түймедақ - өсімдігінің емдік қасиеті жоғары. Оны тамақ ісіп (ангина-баспа), тістің қызыл иектері ісінгенде, әйелдер ауруларында емдік қасиетіне қарай қолданылады. Баспамен ауырған кезде тамақты түймедақ шырынымен арнайы аптекада әзірленген қоспа (ротокан) 1 асқасық түймекдақ шырын 1 литр жылы суға тамақты шаю керек.
Түймедақ гүлінің шайы жүрек дерті бар адамдарға таптырмас дәрілік шай. Сондай-ақ тұмау, жөтел кезінде жақсы көмектеседі. Жиі іші қатытындар да түймедақ гүлінен шай демдеп ішер болса жәрдемі болады. Онымен тіпті бетіңізді жусаңыз теріні жақсартады.

Шаштың жылтыр және жібектей жұмсақ болуы үшін түймедақтың пайдасы зор. Оның 3 ас қасық кепкен гүлінің үстіне 1 литр ыстық су құйып, баяу отқа 10-15 минут қояды. 30-40 минуттан кейін сүзіп шашты шаяды.
Тапсырма №1. Түймедақ мүшелерін танып білу. 1-ші мүшелерін, тамырын, сабағын, жапырағын, гүлдерін табыңдар. 2-ші кесте түрінде қорытынды жасаңдар.
|
Өсімдік аты |
құрылысы |
қызметі |
Кездесетін жері |
|
|
|
|
|
Тапсырма№2. Сұрақ.
-
Түймедақты қандай ауруларға қолданады?
-
Түймедақ қандай жерлерде өседі?
-
Түймедақты қандай түрде қолданамыз?
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Алоэ.

Алоэ
Жас жапырақтарынан алынған шырыны мен спирт iрiңдi жараны, күйiктi,
терiнiң қабыну ауруларын емдейдi. Алоэнiң шырыны созылмалы iш қату
ауруына да қолданы-лады. Алоэден дайындалған биостимулятор
препараты ауру организмнiң қорғану функцияларын күшейтедi.
Кептiрiлген сығындысынан алынған спирттi тұндырмасы немесе құрғақ
экстракты iш жүргiзетiн дәрi ретiнде қолданылады. Сондай-ақ
асқазанның тамақ сiңiру жұмысын жаксартады және тәбет
көтередi.
Біздің еліміздегі алоэ плантацияларынан жас шырын да алынады. Жас шырынмен жараларды емдейді. Оның шырынын бал мен майға араластырып, туберкулезден жазылу үшін де ішеді. Алоэ жапырағының жас шырынында ферменттер, дәрумендер көп, оның әр түрлі бактерияларды өлтіретін күші бар.
Алоэ шырынынан бронхит ауруына тұнба дайындау
Тұнба дайындау үшін алоэны сабағын жуып, майдалап тураймыз. Қоңыр түсті банкаға салып, бетіне сол мөлшерде қант қосамыз. Бетін екі – үш қабат дәкемен жауып, қараңғы жерге үш күн қоямыз. Үш тәуліктен соң сүзіп алып, тамақтанудан 20 – 30 минут бұрын бір ас қасықтан күніне бір рет қабылдап отырыңыз. Ал, 12 жасқа дейінгі балаларға бір шай қасық мөлшерінен асрымау керек. Алоэ шырынын бір ай бойы ішсеңіз, созылмалы бонхиттен құлан таза айығып шығасыз.тек бір ескерер жайт – алоэ шырынын әр адам ағзасы әр түрлі қабылдайтындықтан, оны ішпес бұрын өзіңіздің дәрігеріңізбен ақылдасып алғаныңыз жөн.

Тапсырма №1.
Алоэ өсімдігінің құрамы, қызметі, құрылысы туралы кесте толтырыңдар.
|
Өсімдік аты |
құрамы |
құрылысы |
Қызметі |
|
Алоэ |
|
|
|
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Дермененің дүниежүзілік маңызы.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1.Өсімдіктің адам денсаулығына пайдалы әсері, өсімдіктің қолданылуы туралы білік дағды қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Өсімдіктің емдік қасиеті.
-
. Дәрілік мақсатта өсімдіктің қай мүшесі қолданылатын анықтау.
Дермене- жабайы өсетін өсімдік. Жусанның бір түрі. Дерменеден адамның ішек құрытын емдейтін сантонин дейтін дәрі шығарады. Дермене өсімдігінің дәрілік қасиеті 1930 жылы анықталған. Дермене Шымкент облысының Шаян, Арыс, Шәуілдір деген жағында өседі. Сантонин дәрісін дүние жүзінде Шымкент қаласында Химфрам заводы шығарады.
Шетелдердің ондаған ғалымдары өз лабараторияларында көз майын тауысып көп әрекет жасады. Бірақ одан ешнарсе шығарған жоқ. Шетелдерде сантониннің орнына шығарылған дәрілердің бірден бірі Оңтүстік Қазақстанда өсетін дерменедей бола алмады.
Емдік мақсатта дермененің өсімді мүшесі, дәні қолданылады.
Қазақстанда дермене өсімдігі қолдан себілетін, суарлатын, агротехникалық ғылыми шараларға көнетін өсімдікке айналдырылды. Сонымен ішек құрт ауруының азаюына, тіптен мүлдем құруына мүмкіндік жасалып отыр.
Тапсырма №1.
Дермене өсімдігінің қасиеті, қолданылуы, кездесетін жері туралы сызба нұсқа құрындар.
қасиеті
Д
ермене қолданылуы
![]()
Кездесетін жері
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы: Дәрілік шалфей.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1.Дәрілік шалфей адам денсаулығына пайдалы әсері, өсімдіктің қолданылуы туралы білік дағды қалыптастыру.

Дәрілік шалфей- өте қалың жапырақты. Дәрілік шалфей еріндігүлділер тұқымына жатады. Жасыл, сұр көп жылдық бұта. Сабақтарының түбі ағаштанған қатты келеді. Қысқа қарай сабақтарының түбі қурап қалады да, көктемде қйата шығады .Маусым айында гүлдейді. Дәрілік шипа жапырақтарында болады, онда эфир майы мен иілік заттар бар. Оның отаны Жерорта теңізі елдерінде. Мұнда дәрілік шалфей құрғақ жерлерде өседі. Шалфейдің жапырағын 2-3 рет жинайды. 1-ші рет гүлдеу айында, соңғы рет қыркүйек айында жинайды. Шалфей бұталарының жапырақтарын қолмен жұлып жинайда, жиналған жапырақ күнге не отқа кептіріледі.
Шалфейдің жапырағынан жараны микробтан сақтағыш дәрі және ауыз бен тамақты шаю үшін де ерітінді жасайды. Бір шай қасық шалфейді бір стакан қайнаған суға араластырады.
қасиеті
Ш
алфей қолданылуы
![]()
Кездесетін жері
Тапсырма №1.
Сұрақтарға жауап жазу.
-
Шалфейдің отаны.
-
Шалфей қандай жерлерде өседі.
-
Дәрілік мақсатта өсімдіктің қандай мүшелерін қолданады.
Күні: Сынып:
№3. Зертханалық жұмыс.
Дала қырықбуынының құрылысы.
Құрал-жабдықтар: Дала қырықбуындарының кеппешөбі, ұлғайтқыш әйнек, жұмыс дәптері.
Тапсырма №1.
Кеппешөптен қырықбуынның жазғы және көктемгі өркендерін табыңдыр. Ұлғайтқыш әйнекпен анықтап қараңдар, олардың бір-бірінен айырмашылығын ажыратып анықтаңдар.
Тапсырма №2
Қырықбуынның сабағың анықтап қараңдар. Неге қырықбуын аталғаның түсіндіріңдер.
Тапсырма №3
Неге реңдерінің бірінде қоңыр, екіншісінде жасыл болғанын түсіндіріңдер.
Тапсырма №4
Қырықбуынның емдік мақсатта қолданылатын мүшесін анықтап қарап ерекшелігін жаз.
Тапсырма №5
Қырықбуынның емдік қасиеті туралы қорытынды жазыңдар.
Үйге тапсырма.
Қырықбуыннан кеппешөп дайындау.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Көп науқасты дала аруы емдейді.Жүгері.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1. Жүгерінің адам денсаулығына пайдалы әсері, өсімдіктің қолданылуы туралы білік дағды қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Өсімдіктің емдік қасиеті.
2. Дәрілік мақсатта өсімдіктің қай мүшесі қолданылатын анықтау.
Дала аруы – жүгерінің тағамдық тамаша қасиетімен қатар, ғалымдардың байқауынша, оның үлкен емдік те пайдасы бар.
Жүгері- дәмді, жұғымды, шипалы дақыл. Ғалымдардың зерттеуінше жүгері майының биологиялық қасиеті басқа өсімдік майларынан артық екені анықталған. Сондай –ақ жүгері майы қандағы холестеринді азайтады. Сондықтан жүгерінің майынын атеросклероз ауыруынан сақтандыруға, тіпті оны емдеуге пайдалануға болады.
Өсімдік майының күшті әсер ететін заттары-линол қышқылы мен майдың ерекше түрі – бетасиностерин.
Жүгерінің майында 45 % линол қышқылы бар. Соңғы жылдары токоферолға (Е витаминіне) физиологиялық үлкен маңызы беріліп жүр. Оның бұлшық еттер жүйесін нығайтып, эндокрин бездерінің жұмысын бірқалыпқа келтіреді. Оның үстіне А витоминмен бірге токоферол қандағы холостеринді азайтады, сөйтіп атеросклероз дамуынан алдын ала сақтандырады.
Жүгері майында токоферол күнбағыс майынан 3- 4 есе, зәйтүн майынан 10 есе, сары май мен мал майынан 100 есе көп.
100 г жүгеріде 60-75 г крахмал, 0,3 мг каратин (А провитамин) болады, ал мұның өзі бұршақтағыдан 5 есе асбұршақтағыдан 15 есе көп.
Жүгерінің пайдалы қасиеті мұнымен де шектеліп қоймайды. Бұл тамаша өсімдіктің аналық уызынан өтке, несепке әсер ететін тұнба мен езінділер жасалады. Жүгерінің аналық уызынан препараты өт пен бауыр ауруларына қолданылады. Бұл препараттар қан тоқтатуға да пайдаланылады.
Жүгерін тағамға көбірек қолданатын Африка континентінде, сондай-ақ Италияда, Испания мен Бразилияда халықтар ракпен, басқа елдермен салыстырғанда едәуір аз ауырады. Көптеген ғалымдар мұның өзін жүгеріде магнийдің көп болуынан деп топшылайды, магнийдің физиологиялық маңызы бар екенін дәлелдейді, ол гипотез ретінде қатерлі ісіктерді жойып жібереді. Оның үстіне магний қан тамырын кеңейтеді, ішектің жиырылып қалмауына әсер етеді, өттің дұрыс жұмыс істеуін күшкейтеді, организмнен қоқыстардың шығуына көмектеседі.
Тапсырма №1. Жүгері мүшелерін танып білу.
|
Өсімдік аты |
Құрамы |
Қызметі, емдік қасиеті |
Қолданылуы |
|
|
|
|
|
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Лимон, бал- дертке дауа.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1. Лимон, балдың адам денсаулығына тағамдық және емдік қасиеттері, қолданылуы туралы білік дағды қалыптастыру.
Лимон – шөлді тез басады, адам тәбетін ашады. Асқазанның қышқылы азайған адам лимонның шырыны араластырылған сусынду құшырлана ішеді. Лимонның шырыны қарынның тамақ қортатын бездерінің қызметін атқарады, әрі ішкен астың бойға тез сіңуіне көмектеседі. Егер бүйрегі ауру адам лимонды орнымен ішсе, онда ол адмның тәбетін ашып, бүйрегіне ем болады. 1 күнде 1 лимонның жартысын жеуге болады, оны 2-3 рет бөліп пайдаланса өте пайдалы.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Лимонның емдік қасиеті.
2. Бал-өте құнды тағам, дертке дауа.
3. Дәрілік мақсатта қолдану мөлшері.

С,Д, В тобы витаминдері, каротин, А провитамин
Л
имон құрамы
Сусын, кисель жұқпалы ауруға төзімді иммунитетті күшейтеді
Емдік
қасиеті
Балдың 80% глюкозадан тұрады. Сонымен қатар оның құрамында А, В, С дәрумендері, каротин, хош иісті заттар, органикалық қышқылдар, маргонец, мыс және т.б. микро элементтер және аздаған белок та бар.
Қәзіргі кезде гастриттің асқынған түрімен ауырғандарға, іш қататын ауруға шалдыққан дарға, бауыр ауруларына қарсы, өкпе ауруына, жұқпалы ауруға ұшыраған, ауыр операциядан тұрған адамдарға беріледі. Емделіп жүрген ересек адамдар күніне 100 гр. Бал жеуіне болады.
Б
Кальций, натрий, калий, магний, темір, фосфор тұздары, ферменттер
е
мдік
қасиеті
Адам организмнің қызметін реттейді заттар алмасуын жеделтеді. Суық тигенде қолданылады.
Балдың маңқа (гайморит) ауруына емдік қасиеті.
1 шай қасық балды 1 стакан ыстық суға езіп, 2 сағат тұндырады да танауды шаюға кіріседі. Емді таңертен істеген дұрыс. Алақанға тұнбаны құйып, бір танауды бітеп тұрып, екінші танаумен тұнбаны ішіне тартады. Тұнба мұрыннан өтіп тамақтан шығуы керек. Осы әдісті енді танаумен қайталаңыз. 3- күні танаудан ірін шыға бастайды.
Тапсырма №1.
Сөйлемдердегі бос орындарды толтыр.
_____________ (лимон) шырынынан әр түрлі сусын жасайды кисель әзірлейді.
Балдың 80%________________(глюкозадан) тұрады.
__________(бал) өте құнды тағам.
Тапсырма №2.
Лимон мен балдың ұқсас қасиеттері мен айырмашылықтарын анықтаңдар.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Жүзімнің емдік шипасы мол.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1. Жүзімнің емдік қасиеті оның адам денсаулығына пайдалы әсері туралы білік дағды қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Жүзімнің отаны
2. Жүзімнің емдеу әдісі (Ампелотерапия)
3. Жүзімнің адам организіміне әсері
Біздің елімізде жүзім сабақтары ең алғаш І Петр заманында Франциядан алдырылып, Дон бойында егілген екен. Қазір жүзім егісі елімізде кең өріс алды, онығ мыңдаған түрлері бар.Жүзімді дәрі есебінде пайдаланып, ауру адамды емдеуді медицина тілімен ампелотерапия дейді. Грек тілінде ампелос- жүзім, терапия – емдеу деген сөздер. Мұнымен емдеуді орыс ғалымы В.Н.Дмитриев 1878 жылы бастады.Жүзімнің құрамында 10-25 % -ке дейін организмге керекті глюкоза, фруктоза, винокамен және алманың, лимонның, янтарьдың, фосфордың, кремнийдің қышқылдары бар.Жүзімнің жақсы сорттарында 10-нан 25 процентке дейін глюкоза қанты, 0,5-0,8% органикалық қышқылдар, 75-80 % су, 0,1-0,3 % пептин, 0,2-1,4% азоттық заттар және аз мөлшерде түрлі витаминдер болады.Емге піскен жүзім пайдаланылады. Бірақ ол көп сақтауға келмейді. Сондықтан жыл бойы пайдалану үшін жүзімнің қайнатып алынған шырыны қолданылады. Жүзім бұлшық еттерге, әсіресе жүрек бұлшық етіне қолайлы әсер етеді, организмдегі заттар алмасуын жақсартады. Созылмалы бүйрек қабынуымен (нефрит), несепті бөліп шығару қасиетін күшейтеді, бүйректе тас жиналуына бөгет жасайды.Жүзімнің тәбет ашу қабілеті күшті. Созылмалы өкпе туберкулезімен адамдарды жүзіммен емдегенде олардың ұйқышылдығымен дене түршігіштігі тарқайды, жүрек, асқазан қызметі жақсарып, адам едәуір түзеле бастайды.Жүзімді алғашында күніне 200-250 г мөлшерінде жеп, содан кейін бірте-бірте оны көбейте береді. Көбінесе үш күн бойы 500-600 г жүзімді 2-3 бөліп жеу қажет.Мұндай жағдайда, жүзімді бірінші ретте таңертеңгі тамақтан 1,5 сағат бұрын ашқарынға, екінші ретінде түскі тамақтан 2 сағат бұрын, ал үшіншісін түстен кейін жеуге керек.
Жүзім шырынының пайдасы.
Жұмыстан кешке шаршап келгенде жүзім шырынынан 1 стакан ішіп, 15-20 минуттай тынығып жата тұрыныз. Бірден өзіңізді сергек сезінесіз. Сондай-ақ жүзім шырыны қан құрамын тазалап, ағзадағы холестеринді азайтады. Бауырмен бүйректегі зиянды заттарды тазартып отырады.
Тапсырма №1
Жүзімнің құрамы, емдік қасиеті туралы кесте толтырыңдар.
|
Өсімдік аты |
Құрамы |
Емдік қасиеті |
Қолданылуы |
|
|
|
|
|
Сұрақтар.
-
Жүзіммен емдеген кезде адам организімінің қандай ерекшелігін ескеру қажет.
-
Жүзім жеудің күндік нормасы неше болу керек.
Үйге тапсырма. Жүзімнің іріктемелері туралы материал жинақтау.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Сарымсақ пен пияз
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1. Сарымсақ пен пияздың емдік қасиеті оның адам денсаулығына пайдалы әсері туралы білік дағды қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
-
Емдік қасиеті.
-
Емдеу шаралары.
Мұғалім жаңа сабақты әңгімелесу әдісімен пияз бен сарымсақ өсімдігінің ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы оқушылардың білімін тексеруден бастайды. Ол үшін пияз бен сарымсақтың құрамындағы элементтері бойынша айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар екендігі туралы қорытынды жасайды.
П
ияз құрамы
фитонцидтік қасиеті
Қ
олданылуы
буы
Т
ұнба
Пияздың ботқасы тұмауды тез жазады
С
арымсақ құрамы фитонцидтік қасиеті
![]()
қ
олданылуы
![]()
С
арымсақ шырыны өңеш рагы
ботқасы
буы өкпе туберкулезі, суық тигенде
Өңеш рагінің емі.
Сарымсақ шырынын 1- ші күндікте 10 тамшы, 2-ші бескүндікте 20 тамшы, 3- ші бескүндікте 30 тамшы осылай көбейте отырып, 1 ас қасық мөлшеріне жеткізеді. Сарымсақ шырынын қабылдасымен, 100 гр жолжелкен шырын іре-шала ішеді, 30 минуттан кейін 1 ас қасық бал жұтады. Осылай 3 ай емделеді. 2 айдың соңында науқас қою тамақ ішуге жарап қалады. З ай өткенде сарымсақ шырынын 5 күндік сайын 10 тамшыдан азайтып отырады. Жолжелкен шырынын 1 асқасықтан күніне 4 рет бір жыл бойы ішеді. Оны 1: 1 мөлшерде спирт қосып сақтайды. Осыларды мұқият орындаса өңеш рагінен құлантаза айығады.
Тапсырма №1.
Берілген кесте бойынша өсімдік қасиеттерін, маңызын орыңда.
|
Өсімдік аты |
Қолданылатын мүшесі |
Адам денсаулығына маңызы |
|
Пияз |
Шырыны |
Тұмау, ірінді жара, суық тигенде |
|
Сарымсақ |
Шырыны |
Өңеш рагі, суық тигенде, туберкулезде |
|
Бал |
глюкоза |
Өңеш рагі, суық тигенде, организмнің қызметін реттейді, заталмасуды жеделдетеді |
|
Жолжелкен |
Шырыны |
Ірінді жара, өңеш рагі, асқазан ауруларына, т.б |
Тапсырма №2
Сұрақ-жауап.
-
Сарымсақ пен пиязды көбейту жолдарын жазыңдар.
-
Фитонцит сөзінің мағынасын аңықтап жазыңдар.
Үйге тапсырма.
Пияз, сарымсақтың емдік қасиеті туралы материал жинау.
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы:Ақ ірімшік, жұмыртқа.
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
1. Ақ ірімшік пен жұмыртқаның оның адам денсаулығына пайдалы әсері туралы білік дағды қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
-
Ірімшік пен жұмыртқаның құрамы
-
Емдік қасиеті
-
Қолданылуы
Ақ ірімшік – сүт қышқылды азық-түлік. Ол қышқыл сүтті 70 градустық температурада қыздыру арқылы алынады.Ал ірімшік қыздырылмаған шикі сүттен жасалса, онда ауру қоздыратын микробтар болуы мүмкін. Мысалы, бруцеллез, ішек ауруларының көбінің қоздырушысы осындай шикі сұттен жасалған ақ ірімшіктен болып жүр. Адам ішкен тамағының бір күндік калориясының төрттен бір бөлігі сүт тағамдары болуы керек. Ақ ірімшіктегі казейн, альбумин, глобулин заттар фосфор және кальций тұздарымен өзара байланысты келеді. Бұл асқазан мен ішек сөлдерінің оларды тез қорытуына жағдай жасайды.
Ақ ірімшіктің құрамында адам өміріне өте қажетті амин қышқылдар – метионин, холин сияөты белоктық заттар бар. Олар бауыры ауырғандар үшін, атеросклерозаның алдын алу үшін де пайдаланылады. Ақ ірімшіктің құрамында адамның сүйегін өсіру, қанын толықтыруға және лимфлер жасауға қажетті фосфор және кальций тұздары көп болғандықтан, әсіресе ол балаларға, екіқабат әйелдер мен емшекте баласы бар аналарға өте қажет. Құрамында май қышқылы және онда А,Д,Е, К витаминіне бай.
Жұмыртқа – жұғымдылығы мен тез қорытылатындығы жағынан басқа азық-түліктерден ерекше көзге түседі. Жұмыртқада белок, май, минералды заттар (темір тұзы, магний, әсіресе кальций мен фосфор тұздары) көп, сол сияқты А,В2, Д және Е витаминдер де аз емес. Адам организміне бұлардың бәрі де керекті.
Жұмыртқаның сары уызында холестерин, лецитин сияқты май тектес заттар көп. Лецитинде жаңа өсіп келе жатқан организмнің нерв жүйесінің бірқалыпты істеуіне, қан жасау үшін өте қажетті фосфор мен азот, магнезия тұздары, сол сияқты сүйектің қалыптасып, өсуіне жағдай жасайтын майды ерітетін витаминдер бар.
Шикі жұмыртқа піскен жұмыртқаға қарағанда жай қорытылады. Кулинариялық жолмен бапталмаған жұмыртқаның белоктарын биотиндердің (В витамин тобындағының бірі) қызметін төмендететін авидин деген зат болады.
Тапсырма №1.
Берілген кестеден жұмыртқа мен ақ ірімшіктің ерекшеліктерін сипаттандар.
|
Аты |
Тағамдық маңызы |
Емдік қасиеті |
|
Ақ ірімшік |
|
|
|
жұмыртқа |
|
|
Үйге тапсырма.
Ірімшік, жұмыртқаның емдік қасиеттері туралы мәлімет жинақтау.
31
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Металдар мен бейметалдар

шағым қалдыра аласыз