400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Металл кесу

Материал туралы қысқаша түсінік
Слесарлық сабаққа дайын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Металл кесу

Білімділік мақсаты: Темір кесетін құрал-жабдықтармен білім алушыларды таныстыру. Темір кесетін қол арамен,темір кесетін қайшымен, қолдануды үйрету. 
Дамытушылық мақсаты: Өндірістік оқыту жұмыстары кезіңде білім алушылардың ойлау қабілеттірін дамыту (салыстыру түрінде). 
Тәрбиелік мақсаты: Өз беттерімен жұмыс істеуге және құрал-жабдықтардымен ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу. 

Оқу өндірістік жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар: қауіпсіздік ережелері. қауіпсіздіктің сақтандыру белгілері,плакаттар, металл таяқшалар (чертилкалар), сызғыштар, бұрыш өлшеуіштер, белгі салғыш циркульдер, кернерлер, орталық нүктені табу аспаптары (центроискатели).


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі 8.30 -8.35

- Студенттердің сабаққа қатысуы мен құралдарын тексеру;

- Лабораториялық арнайы киімдерін тексеру;

- Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау 8.35 -9.25

  • Студенттерге сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

  • Білімін тексеріп, сұрақтар қою;

  • Студенттерге жаңа сабаққа нұсқау беру;

  • Кіріспе нұсқауды пысықтау;


Жаңа сабақ.

Кесу – дегеніміз белгілі бір затты бірнеші бөлікке бөлу. 
Бөлшектердің немесе дайындамалардың материалдарына, пішіндеріне және өлшемдеріне байланысты, оларды кесу қол немесе механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Оларға тістеуіктер, қол және электр қайшылары, шапқы, темір аралар, құбыр кескіштер және т.б. аспаптар жатады.

 Рисунок 6 Рисунок 7 Рисунок 10




Қол аралары дөңгелек немесе әр түрлі пішіндегі қалың металдарды кесуге арналған. Қол араларымен ойықтарды, шлицаларды оюға, дайындамаларды контур бойымен кесуге және т.б. жұмыстарды орындауға болады. 
Араларды бекітетін станоктардың екі түрі бар: 
- тұтас - бір ұзындықтағы араларды бекітуге арналған; 
- жылжымалы - ұзындықтары әр түрлі араларды бекітуге арналған. 

Аралар - бір жақ қырында тістері бар жіңішке және жұқа пластинадан тұрады. Олар аспапты немесе тез кескіш болаттардан дайындалады. Аралардың тістерінің ұзындықтары көбінесе 



Қол арамен металл кесу

Темірді арамен кесу кезінде алдымен араның өзі таңдалып алынады. Оны рамаға бекіткенде, тістерінің бағыты тұтқадан кері бағытталған дұрыс. Кесілетін металл немесе дайындама қысқышқа бекітіледі. Кесу кезінде майысу немесе діріл туғызбас үшін, олардың кесетін жері қысқышқа неғұрлым жақын орналастырылады. Қол арамен жұмыс істеу үшін, оның сабын оң қолмен ұстау керек.Сапты алақанға тірей ұстап, үлкен бармақпен үстінен, басқа саусақтармен астыңғы жағынан төрт саусақпен қысып бармақты сұқ қолдың үстіне жымқыра ұстайды.

Жұқа қалыңтыр материалдар мен мыс түтіктерді екі ағаштың арасын қысып бекітеді. Бұл олардың майысуын және діріл туғызуын болдырмайды. Кескен кезде ағаштармен бірге кеседі. 
Ұзын бөлшектерді кесу үшін араның рамасы 90⁰ бұрышпен бекітіледі.

Металдарды қол арамен кесу

Қол ара, атауыз (тиска), кесетін металл деталь;

а - жұмыс істеушінің денесін және араны дұрыс ұстауы;б - аяқтарының орны;

в - рамасы 90 0 бұрышқа бұрылып бекітілген арамен жұмыс істеу.


Арамен металл кесу кезінде жұмысшы қысқыш жақтауларына жартылай бұрылып тұру керек. Сол аяқ аздап алға қойылып, денеге тірек болады.Оң аяқ сол аяққа 60-70

бұрыш жасап орналасады. Жұмысшы қысқыштан белгілі бір аралықта тұрғаны жөн, себебі кесуді бастау үшін араны ұстағанда слесарьдың оң қолының иық бөлігі вертикаль қалыпта тұратындай болу керек.

Қол арамен металл кескенде жұмыстың негізгі бағытына – алға қарай итергенде күш жұмсалады да, артқа қарай тартқанда кесу процесі болмайтындықтан араға салмақ түсірілмейді. Қатты металлды жону үшін күш көбірек керек, сондықтан оларды кескенде араны қаттырақ басқан жөн.

Жұмсақ металды кескенде араны жайғана қысып ұстау керек, әйтпесе ара тістері металға көбірек кіріп, оның жүзі сынуы мүмкін.




Металды қайшымен кесу

Металды қайшымен кескенде жұмысты өте өнімді істеуге кез келген формалы детальды жоңқасыз кесуге және бірден дайын бұйым жасап алуға болады. Алайда қайшы тек қысым күшімен кесетін болғандықтан металл кесу үшін көп күш жұмсау керек.Сондықтан қайшымен көбінесе оңай кесілетін жалпақ металдар кесіледі.Қол қайшылардың кесетін жүздері қысқа, ұстайтын саптары ұзын болады.

Металдарды қолмен кесу кезінде қайшыны оң қолдың алақаны мен саусақтарының арасына қысып ұстау керек. Бір саусақ (көбінесе сұқ саусақ) тұтқалардың арасында болған дұрыс: онымен төменгі тұтқаны қажетті бұрышқа ашады. Қайшыны кескіш пышақтарының ұзындығының 2/3 бөлігіне ғана ашқан дұрыс. Кесілетін металды сол қолмен ұстап, қайшының кесу жиектерінің арасына, жоғарғы пышақ белгі сызығының ортасында жататындай етіп, бағыттау керек. Содан кейін, саусақтармен тұтқаны қысу арқылы кесу жүргізіледі. 
Қайшының пышақтарын дәл белгі сызығына бағыттайды. Верстак, әр түрлі қол қайшылары, дайындамалар, атауыздар, төстер, ағаш тілім тақташалары, өлшем құралдары.

Электрлі қайшы көмегімен металл кесу

Электр қайшы, кесетін металл;

 - электр қозғалтқыш 

2 - тұтқа  

3 - ажыратқыш 

4 - редуктор 

5 - бекіткіш 

6 - жоғарғы пышақ 

7 - эксцентрик 

8 - төменгі пышық



Металды станокта кесу

Металл кесетін түзу ара станогы – машиналық ара полотносының көмегімен көлденең қимасының өлшемі 250милиметрге дейінгі металдарды бөлектеп кеседі.

Металдарды кесумен металкескіш станоктарда әр түрлі кескіш құралдардың көмегімен өңдейді. Бөлшектер үшін дайындама ретінде шойынның, болаттың, түсті металдар мен олардың қорытпаларының құймалары, сол сияқты шындалған темірлер, т.б. пайдаланылады.

Қолданылған сөздер:

Ара – Пила – Saw

Арнайы киім – Специальная одежда – Special clothes

Балға – Молоток – Hammer

Қашау – Кирка – Chisel

Қайшы – Ножницы – Scissors

Қолғап – Перчатка – Glove

Қысқыш – Тиска – Squeeze

Металл – Метал – Metal

Металдан жасалған – Зделано из металла – Metallic

Өндірістік құрал-жабдықтар – Производственное инструменты – The means of production

Электрлі ұстара – Электрическая пила – Electrical razor


Металл кесу жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы

Шапқымен металл кескенде қауіпсіздік техникасының ережелері қатаң сақталу керек.

  1. Кескіш аспаптар, балғалар, балға саптары ешбір сызат жарықсыз, ойылып сынған жерлеріболмау керек, балғаның басы сапқа мықты отырғызылу керек.

  2. Металл кесу процесінде шапқының ұратын бөлігін емес, жүзін ауық-ауық қарап қою керек.

  3. Металды кесіп болар кезде соққының күшін азайту керек, әйтпесе оның шеті ұшып, шапқы қолдан шығып кетіп көрші кісіге тиюі мүмкін.

  4. Кескіш аспапты қайраған кезде көзілдірік болу керек және станоктың жылжымалы қалқанын төмен түсіріп қойған жөн.

  5. Сынғыш металдарды өңдегенде қоғаныш тор қолданған дұрыс және көзілдік кию керек.

  6. Жұмыс аяқталғаннан кейін верстак үстін қылдан жасалынған щеткамен тазарту керек.



ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарына нұсқау беру.

9.30 – 9.50

ІV. АҒЫМДЫҚ НҰСҚАУ; ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАТТЫҒУЫ 9.55 – 13.10

  • Құралдарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын орындау.

  • Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту;

  • Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау;

  • Звенолардың жұмыс орындарына дұрыс орналасуын тексеру

  • Берілген тапсырманың өз дәрежесінде орындалуын қадағалау;

V. Қорытынды нұсқау.13.30 – 13.35

- Орындалған жұмыстарды қабылдап алу және бағалау;

- Жіберілген кемшіліктеріне нұсқау беру;

- Жұмыс орнын жинау;

- Үйге тапсырма беру;




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
3113
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі