жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Методические основы совершенствования спортивных упражнений посредством оптимизации
Б
олат
Ахметов
МКҚК Текелі кәсіптік колледжінің
Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы.
Дене тәрбиесі сабағындағы жүктемелерді белгілеу.
Оқу нормативтері мен Президент сынамаларының нормасын оқушылардың орындауындағы ұстаздар жұмысын пайызбен бағалаудың қалыптасқан дәстүрлері көп жағдайда муғалімдерді дене тәрбиесі сабақтарында жүктемелерді шамадан тыс арттыруға итермелейді. Алайда,кез-келген күшті әсер ететін құрал есебінде оқу сабақтарындағы жүктемені істі жете біле, ақыл-ойға салып барып өзгерткен жөн болады. Дене шынықтырумен айланысу шұғылданушылар организмінің дене мүмкіндіктеріне жүктемелер сәйкес келген жағдайда ғана денсаулыққа пайдалы болатындығы белгілі. Міне, сондықтан да жүктемені анықтайтын және оларды біліктілікпен пайдаланудың факторларын білу соншалықты маңызды болмақ. Педагогикалық нәтижелерге дене жаттығуларының әсер етуінде физиологиялық және химиялық тетіктер жанама түрде ықпал етеді. Өзге сөзбен айтқанда, жүктеменің сипаты мен шамасын соңғы нәтиже тәуелді болатын организмдегі бейімделу өзгерістерінің себебі болып табылады. Бұл денеге түсетін ауырлықтын сыртқы және ішкі жақтары туралы айтуға мүмкіндік береді. Жүктеменің сыртқы түрі-бұл дене жаттығуларының көлемі және қарқындылығымен, сондайақ олардың арасындағы демалыс сипаты және ұзақтығымен анықталатын дене жүктемесі. Жүктеменің ішкі түрі-бұл шұғылданушылар организмінің бүкіл жүйесімен, олардың бейімделуімен анықталатын физиологиялық ауырлық. Оқушылардың барлығы үшін бірдей дене жүктемесі берілгенде,онда ол біреулер үшін оңтайлы, екіншілер үшін жеткіліксіз, ал үшіншілер үшін тіпті көп болуы мүмкін. Нәтижесінде біріншілер жаттығудың жақсы тиімділігімен жұмыс жасайды, екіншілерде қалыпта ұстайтын режім ғана болады, ал үшіншілер жүктемелерге нәтижелердің төмендеуімен және дене жаттығуларына жағымсыз көзқараспен жауап қайтарады(кейде бүкіл өмір бойына).Мұндай жағдайда қалай шығуға болар екен? Ол мынадай жаттығуларды іріктегенде жүктемені мөлшерлеу кезінде, оларды орындаудың қарқындылығы мен ұзақтығын,демалу аралығы мен оның сипатын белгілегенде дене тәрбиесінің мұғалімі дене жүктемелеріне әр оқушының қалай қарайтындығын мұқият қадағалауы тиіс. Нақты істе Студенттердің дене дайындығына байланысты жүктемені өзгертіп отыру керек және сабақ жоспарында мөлшерлеудің түрліше нұсқалары болсын: барлығына бірдей 5 емес, кейде 6-5-4 рет деп көрсетіледі. Бірақ,тіпті, бұл жағдайдың өзінде де дене жүктемесі тек бағыт бағдар есебінде жоспарланады. Соңғы мөлшерлеуді сабақ уақытында, оның барысында белгілейді, бұл үшін муғалім оқушылардың сыртқы шаршау белгілерін талдай отырып, қайталаудың санын нақтылайды. Шұғылданушылардың жеке ерекшеліктерін дұрыс педагогикалық есепке алу әрбір оқушының оңтайлығы жақын физиологиялық жүктеме алуына әкеледі, барынша жоғары және жеке шапшандығы мен шамасы бойынша да бейімделу өзгерістерін туындатады. Яғни, тіпті шаршағанда жұмыс жасау керек пе? Шаршау-бейімделу процесі үшін шешуші тітіркендіргіш. Егер біз нәтижені жақсартуға ұмтылатын болсақ, біз шаршауды туындататын жүктемелер беругу міндеттіміз. Бұл көп дәреже шыдамдылықты дамытуға қатысты. Оның денгейі дала жарысындағы және шаңғымен жүгірудегі оқу нормативтерімен бағаланады.10-шы сыныпта 3және 5 км-лік шаңғы қашықтығын жүріп өтуде жасөспірімдер мен қыздар жұмсайтын барынша көп уақыт:тиісінше 20 және 29 минутті құрайды. Мәліметтер негізінде күш қуат шығындауды қайта есептеу дала жарысында да және шаңғымен жүгіруде де есепті шапшандық үшін жақын шаманы көрсетеді, бұл екі жағдайда да жұмыстың біріңғай тәртібін білдіреді. Ақырында, шыдамдылық денгейін бағалайтын нормативтерді тапсыруға дайындау үшін жеткілікті жүктемеге жарыстық шапшандықпен 20-25 минут бойы үздіксіз жүгіруді жатқызуға болады.Егер бастапқы жүгірудің ұзақтығын 5 минут деп алса онда қыркүйек-қазанда спорттық алаңда өткізілетін әрбір келесі сабақта жүгіру уақытын 1-1,5 минутке өсіру шыдамдылықты, аэробтық тетіктердідамытудың ең төменгі қажет денгейіне оқушыларды жеткізуге мүмкіндік береді. Жүгіру шапшандығы есептік уақытқа барынша жақындауы немесе тіпті одан біршама артуы тиіс екендігін де естен шығаруға болмайды. Ғалымдар әсіресе германиялықтар,жақсы жаттығу тиімділігіне жету үшін 30 минуттен кем болмайтындай уақытта үздіксіз жугіруді ұсынады. Алайда, біздің тәжірибеміз мектеп бағдарламасы нормативтері мен Президент сынамаларының нормасы шамасында сабақтағы 15-20 минуттік үздіксіз жүгіру де жеткілікті екендігін көрсетті. Сөйтіп, аз ғанв үздіксіз жүгірістің өзінде күш қуат жұмсау қажетті бейімделу өзгерістерін қамтамасыз ете алады деуге болады. Көптегеноқу нормативтерін орындау күшті даму денгейіне тәуелді. Қысқа қашықтыққа жүгіру, гранат лақтыру, секірулер үшін жылдам(немесе жарып шығатын) орындалатындай күш керек екендігін еске саламыз. Шаңғымен жүгіру,жүзу және тартылу үшін күш шыдамдылығы қажет. Аяқты бұрыш қалпында ұстау үшін статикалық күш керек. Күштің әрбір түрін барынша көбірек дамыту үшін жұмыстың тәртібі мен көлемін спорттық ғылым жеткілікті жақсы дайындап берді. Бірақ спортта қолданылатындардың бәрі бірдей жалпы білім беретін мектептегі дене тәрбиесі сабақтарының жағдайларына сәйкес келе бермейді. Мұнда аптасында болатын үш сабақтың шенберіне сыйғыза отырып барлық дене қасиеттерін бірқалыпты дамыту қажет. Сол себепті күш қасиеттерін дамыту жөніндегі негізгі жұмысты жекелеген жоспар бойынша секциялық және дербес шұғылдануға(оның ішінде үй тапсырмаларын орындауда да) оңтайлы ауыстырған жөн. Дегенменде, кезкелген жағдайда қатты шаршаупайда болғанша, “тоқтап қалғанша” әдісін қолданған тиімді. Шаршау белгілерінің көрініс бергенінше ғана жылдамдықты дамытуға болады. Қимылды орындау екпіні барлық уақытта да жоғары болғаны жөн. Ғылыми зерттеулердің мәліметтерін жинақтай отырып, жоғары сынып оқушыларының жылдамдығын дамытудағы жүгіру қиындыларының оңтайлы ұзындығы, 10-ға дейін қайталағанда 30-60 м-ді құрауы тиіс деп айтуға болады. Бір сабақтағы жалпы жугіру қашықтығы 250-300м. Қарқын алу небәрі 2. Қарқын алу небәрі 2-3 қайталаумен 2-3 тізбекте орындалғаны жақсы. Денеге түсетін жеке күш қиындыларды жүгіріп өтудің шапшандығымен және қозғалыс-қимылды үйлестірумен анықталады. Шапшандықты төмендеткенде немесе үйлесімділіктің бұзылуында жылдамдықты дамытатын жұмыстарды бірден тоқтату керек.Шаршағандыққа байланысты жүгіру екпінінің төмендеуімен шапшандық шыдамдылығының дамуы басталды, бірақ қиындылар қысқа болғанда ол онша тиімді бола бермейді.
100-м-ге жүгіруде қажет болатын шапшандық шыдамдылығын жоғары қарқындылықтағы жүктеме арқылы (150-175 м-лік қиындыларда) дамыту керек.Жоғары шапшандыққа жетпейтіндей жағдайларда, мысалы, спортзалдың ұзындығы, қысқалығына байланысты, жылдамдықты дамытуға аз ғана әсер ете отырып қарқын алу қабілеті жақсару жүріп жатады. Сондықтан да қысқа қашықтықта жүгірудегі оқу нормативтерін тапсыруға негіздегі дайындықты спорт алаңында жылы күндері өткізілетін сабақтарға жоспарлаған жөн.
Дене қасиеттерінің өзара байланыстылығы олардың биохимиялық негіздегі айырмашылықтарына сәйкес өте күрделі болып келеді. Күш жұмсалатын бұлшық еттер қызметін тек анаэробтық биохимиялық процестер, шапшандық қызметін көп жағдайда анаэробтық(және шапшандық жұмысы жеткілікті ұзақ болғанда ғана аэробтық) процестер тікелей қамтамасыз етеді, шыдамдылықтың көрініс беруі толықтай(елеусіз бастапқы кезендегіні қоспағанда) аэробтық процестермен қамтамасыз етіледі. Сондықтан да тек күшті арттыру бағытында біртіндеп өткізілетін сабақтар жылдамдықтың дамуына көмектеседі, бірақ егер дененің жан жақты дамуы туралы айтар болсақ шыдамдылықты арттыру үшін жеткілікті жағымдағы ауысу болмайды. Тек шапшандық қасиеттерін дамыту ғана ( мұнда жүктеменің жеткілікті көлемінде екі тетікте іске қосылады) күшті де және шыдамдылықты да жетілдіру үшін алғышарттарды туындатады.Дене тәрбиесінің мұғалімі сабақтарды жоспарлай және олардың жаттықтыру бағытын дайындай отырып,жаттығу процесі тек жұмыс қана емес, сондай-ақ демалу екендігін де есте ұстағаны жөн. Яғни,уақытты қайсыбір дене жаттығуларын орындауға ғана емес,сндай-ақ демалу процесіне де бөлу керек. Өйткені егер бұлшық ет қызметінің өзі бұл бұлшық еттердің күш қуаты қорын пайдалану тетіктерін жетілдіру болса,онда демалу олардың қалыпқа келтіру тетіктерін және бәрінен бұрын олардың жеделдеуін жетілдіру. Бұл механизм аэробтық режімде әрекет етеді және сондықтан да жаттығу кезінде шыдамдылықты жетілдіреді. Күш және шапшандық жаттығуларынан кейін қалыпқа келу уақытын азайту, көп қайтара қарқын алудың, секірулердің, орындаулардың есебінен сабақтағы дене және сыртқы жүктемелерді арттыру мүмкіндігін көрсетеді. Сөйтіп,шыдамдылықтың жоғары денгейі жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді және сол арқылы ең жағымды түрде шапшандық пен күш қасиеттерінің даму мүмкіндігіне әсер етеді. Осының бәрі шыдамдылықты жан-жақты дене дайындығы барысындағы негізгі дене қасиеті деп есептеуге мүмкіндік береді. Әрбір дене тәрбиесі сабағы мүлде өзгеше болып өтетін нақты жағдайларды түсіне отырып,біз барлық уақытта және барлық жерде жарамды болатын бірдей ұсыныстарды беруге мүмкіндігіміз жоқ. Жағдайдан шығудың жалғыз жолы принципиалды қағиданы ұсыну. Сөйтіп,қарқындылықсыз орындалатын жаттығулардың көлемі де,жеткіліксіз көлемдегі қарқындылық та бейімделуге жеткізбейтіндігін есте ұстаған жөн. Егер шұғылданушылар организміне жаттығулардың әсер ету қарқындылығы әсер ететін аймақтың төменгі шегінде болса,онда тиісті дене қасиеттері салыстырмалы түрде баяу дамиды,бірақ үзіліссіз беріктіктің жоғары дәрежесіне жетеді.Жоғары қарқындылықтың әсер етуі жетістіктің жылдам өсуіне әкеледі,дегенменде жүктемеге бейімделу тұрақтылығы аз болады да,жиі жаттығу арқылы баянды етілуі тиіс.
Мектеп сабағының ұзақтығы да,оқушының мүмкіндігі деденеге түсетін күшке шұғылданушы организмінің қол жеткен бейімделу денгейін ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін жекелеген көлемін орындауға мүмкіндік бермейді.Қорытынды мынау:оқу жоспары негізгі дене қасиеттеріне тұрақты әсер етуі(қалыпта ұстауды немесе дамытуды) қарастыруы тиіс. Әсіресе бұл шыдамдылыққа қатысты. Нақтырақ айтқанда жеңіл атлетика сабақтарына дене деңгейін қалыпта ұстайтын жаттығуларды енгізу керек,мысалы,статикалық күшті,шаңғы жолындағы сабақтарға шапшандық күштілік сипатындағы жаттығуларды және дене тәрбиесінің барлық сабақтарына шаңғыдан бөтен де,әрине ,ұзақтығы 6-10 және бұдан да көп минуттерге созылатын (оқушылардың дайындығын ескере отырып) шыдамдылыққа жүгіруді қосады.
Дене қасиеттерін дамытудың бұрын жеткен денгейін ұстап тұруға жұмсалған уақытты босқа кетті деп есептеуге болмайды. Біріншіден,осы атқарылған жұмыстың есебінен сіз жедел ғана емес,бұрыннан қалыптасқан жаттығу тиімділігіне ие боласыз(Л.Матвеев бойынша).Көктемде және тіпті күздегі келесі оқу жылының басталуында спорт алаңындағы сабақтардың жаңғыруында,бәрін де нольден бастамай,сіз бұрын басталғанды жалғастыра аласыз.Екіншіден,оқушылардың жоғары жұмыс қабілеттілігі дамыған шыдамдылықтың арқасында сабақты барынша жеделдетуге және осы арқылы уақытша шағын болғандардың бір бөлігін қайтаруға мүмкіндік береді,Үшіншіден, күш дайындығының денгейін сақтау қимыл техникасының элементтерін менгеруді жеңілдетеді, бағдарламаның барлық бөлімдерін игеруді жеделдетеді.
Және ақырында, дене тәрбиесі мұғалңмдерінің зейінін төмендегелеріне аударғамыз келеді:ғалымдардың дәлелдегеніндей,шаршаудың тікелей себебі бұлшық еттердің жағдайына ғана емес,орталық жүйке жүйесінің шамасына тәуелді. Сондықтан дп дене тәрбиесі сабақтарындағы, оқушылар орындайтын жаттығулар жан жақтылығымен ерекшеленуі тиіс.
Кезінде ұстаздардың бірі, өз байқауы бойынша,спортқа бүкіл өмір бойынша ықыластың жойылуы үшін жарысқа бір рет дайындықсыз қатысудың өзі жеткілікті деген болатын. Бірақ жарыстарға аз ғана адам қатынасады, ал дене тәрбиесі сабағына одан босатылғандардан басқа, барлық оқушылар қатысуға міндетті. Міне,Сондықтан да дене тәрбиесі сабақтарында жағымсыз әсерге орын болмауы тиіс. Әрбір сабақта шұғылданушылар қимыл қозғалыс қуанышын қайта қайта бастап өткізетіндей болуы керек. Бұлсезім қайсыбір дене жаттығуларын жеңіл игеру рахатына емес,өзін жеңе білу қуанышына байланысты.Тіпті аз ғана, бірақ көзге көрінетіндей табыстар ақырғы жетістікке деген сенімді туындатады,мысалы,өзгелерден қалып қоймау,нормативтерді орындау, жақсы баға алу. Осылардың бәрі әр оқушыға денесін алдағы уақытта да жетілдіруге дегшен ұмтылысты қалыптастыру туралы әңгіме де аитылмай-ақ пайда болатын ижағымды әсерді туындатады.Мақсаты жоқ сабақпен ешкімді де тарта алмайсын. Дене тәрбиесі сабақтарына қызығушылық жағдайына дене жаттығуларымен шұғылдануға жағымды себептердің жоғарғы денгейін туындата отырып бүкіл оқу бағдарламасы жағымды түрде қабылданатын болады. Кейде сабақтарда артта қалғандарды күлкіге айналдыратындығын да есте ұстау керек.Мұндай психологиялық микроклимат пән бойынша жоғары үлгерімге жетуге деген кез келген ұмтылысты зая келтіреді. Бұл ретте тілектестік жағдайы ауадай қажет. Дұрыс психологиялық жағдай дене қасиеттерін дамытуда түрі(акробатика, спорттық ойындар және т.б) мен бағыты (күш,иілгіштік,икемділік,шыдамдылық және басқалар) бойынша түрлі құралдарды пайдаланумен бірге көтерінкі көңіл күйді туындатады,бұл жағдайда орталық жүйке жүйесі де шаршамайды, жоғарылаған дене жүктемелері балалардың денесін дамыта,өнімді менгеріледі.Мұндай жағдайда жұмыс істеу дене тәрбиесі мұғалімі үшін қуаныш. Оқушыларда дене жаттығуларымен жүйелі шұғылданудың тұрақты ұмтылысы пайда болады.
Қаралған факторларды үнемі есепке алып отыру дене жүктемесін біртіндеп арттыруға,оқушылардың қозғалыс дағдылары мен біліктілерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген