М.Горький атындағы ЖББМ 7 "Д"сыныбында жүргізілген Lesson Study зерттеу сабағының есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Горький атындағы ЖББМ 7 "Д"сыныбында жүргізілген Lesson Study зерттеу сабағының есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгерімі төмен сынып оқушыларымен жүргізілген Lesson Study зерттеу сабағының есебі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп

Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Казиева Г.Қ., физика пәні мұғалімі Әбдіжаппар Н.Ә., география пәні мұғалімі Исакова Р.Р., биология пәні мұғалімі Кәрімжан Ж..



«Ең оңайы-еліктеу, Ең ащысы- тәжірибе, Ең мәртебелісі- ойлау»

Конфуций

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі- оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруіменжәне сол әдістерді тиімді пайдаланумен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, бідік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.

Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалар қоймайды, сонымен бірге өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетінше әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағанымен бағалайды.

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл - «Lesson study» зерттеу сабағы. «Lesson study» зерттеу сабағы- мұғалңмдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқытуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson study зерттеу сабақтарын өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немес жетілдіріп, кейін бірлесе жоспарланған сабақ жоспары бойынша сабақтар өткізіледі.

  1. Lesson study зерттеу сабағын жоспарлау

М ектеп әкімшілігі I тоқсанның білім сапасының қорытынды нәтижесіне талдау жасай отырып, төмен нәтижеге қол жеткізген сыныптарды, оның ішіндегі пәндерді анықтайды. Сонымен қатар, сынып жетекші мен пән мұғалімдерінен себептерін табу мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Осылай қай сыныпқа, қай пәннен LS зерттеу сабақтары жүргізілетіні мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі. Мен ДОЖЖО, педагог-зерттеуші Кадирова С.С. 2-тоқсанда 7 «Д» сыныбына бекітілген 4 пән бойынша зерттеу сабақтарының ұйымдастырушысы ретінде жоспар құрып, зерттеу сабақтарын орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Казиева Г.Қ., физика пәні мұғалімі Әбдіжаппар Н.Ә., география пәні мұғалімі Исакова Р.Р., биология пәні мұғалімі Кәрімжан Ж..-мен бірге жүргіздім. Топ мүшелерімен ақылдаса келе сыныптың ахуалын анықтап, «Сабақ үдерісінде диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбы бойынша зерттеу сабағымызды жүргізуді жоспарладық. Жалпы сыныпта 24 оқушы бар. Оның 11-і қыз, 13 –і ұл бала. Сыныпта 1-үздік оқушы, 6-екпінді оқушы, 17-үлгерушілер бар. Сыныптың білім көрсеткіші – 29,16 пайызды құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен белсенділігі, бәсекелесе жарыса оқу деңгейі орташа. Сондықтан осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы мақсатымыз- дталогтік оқытк арқылы сыныпта оқу мен оқу үдерісіне белсендң, бәсекелестік атмосфера тудыру, білім сапасын арттыру болды.













«Lesson study» зерттеу сабағының ережесіне сәйкес 7 «Д» сыныпына бақылау жүргізуге үш түрлі деңгейдегі оқушы А,В,С оқуышлары іріктелді. Олар А-деңгейіндегі оқушы Шадман М., В-деңгейі Есенай І., С-деңгейіне Ахмедов А. Бірінші сабақтың тақырыбы: «Что такое ЗОЖ».



Бірінші Lesson study зерттеу сабағын талқылау, екінші сабақты жоспарлау.

Алғашқы зерттеу сабағын талқылау барысында оқзат оқушы Шадман Махаббат күркен үмітімізді ақтады. Оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде дәлелдей бңлді. Орта деңгейдегі оқушы Есенай Інжудің сөздік қоры аздау, алайда тапсырмаларды толық көлемде меңгереді деп күткен едік, оқушы үмітімізді артығымен орындап шықты. Топтық жұмыс оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының артуына алып келді. Топ ішінде постер дайындау ерекше белсенді жұмыс жасады. Төмен деңгейдегі Ахмедов Ардақ сабақ барысында орта деңгейде сабаққа қатысты. Оның сабаққа ынтасы көтерілгені байқалды. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындауға барын салды.





















А уызша айтылған айғақтар негізінде диалогтік тапсырмаларын топпен ақылдаса отырып тапсырманы жылдам және дұрыс орындады.



















Бұл кезеңде бірінші Lesson study зерттеуінде шығармашылық жұмысқа көбірек көңіл бөлу, оқушылардың өздерін көбірек сөйлету, кез келген ситуациядан өздігінен шығу, сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, тапсырмаларды диалогтік оқыту арқылы бағыттап беру деген мәселелер ескерілсін деген пікірлер айтылды. Бұл пікірлер екінші Lesson study зерттеу сабақ жоспарына енгізілді.

Екінші сабақ: «География» пәні. Пән мұғалімі Исакова Р.Р.Сабақтың тақырыбы: «Су ресурстарының маңыздылығы »

  1. Lesson study зерттеу сабағын талқылау, үшінші сабақты жоспарлау

Екінші Lesson study зерттеу сабағы барысында В деңгейіндегі Ахмедов Ардақ ерекше белсенділік танытты. Барлық сұрақтарға жауап беріп, өз тобының көшбасшысы қабілетін танытты. Ол өзінің еңбексүйгіштік қабілетін байқатты. Топ сенімін ақтай алатындығына барлығының көзін жеткізді. Сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын топпен орындау оқушылардың қиялын ұштауда ерекше рөл атқарды.





















Жаңа тақырыптақ көшпес бұрын өткен тақырып бойынша жетелеуші сұрақтар берілді. Таөтадағы түрлі тақырыпқа сай суреттерді қарап отырып оқушылар «Диалог құру» тәсілі арқылы бір біріне жұптаса пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенінше тапсырмаларды қызығушылықпен орындап шықты. «Фуйзбук» әдісі бойынша берілген тапсырманы әр оқушы өзінің пікірлерін ортаға салып, әр топтан 2-3 оқушыдан ортаға шығып қорғады. А деңгейіндегі оқушы Шадман М. Барлық сұраққа жылдам жауап беріп, тапсырмаларды тез орындап отырды.

















Бұл кезеңде екінші Lesson study зерттеу сбағында жіберілген кемшіліктерге талдау жасалып, түзетілді. Әр оқушынығ ойын жеткізуге мүмкіндік туғызу, оқушының ойын дамытуға қолдау көрсету, алған білімдерін өмірде дұрыс қолдана білу секілді мәселелер үшінші өткізілетін сабақ жоспарына енгізу ұсынылды.

Үшінші сабақ: «Физика» пәні. Пән мұғалімі Әбдіжаппар Н.Ә.

Сабақтың тақырыбы: «Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ»

  1. Lesson study зерттеу сабағын талдау, келесі сабақты жоспарлау

Үшінші зерттеу сабағында А деңгейіндегі үздік оқушы ерекше белсенділік танытты. Топтың ішінде оқушыларға көмектесіп, көшбасшылық жасады. Сабақтың барлық кезеңіндегі тапсырмаларды толық орындап, үлгеріп отырды. Берілген шешемді дұрыс есептеп отырды. Есептерді жазбаша да, ауызша да орындап үлгерді. В деңгейіндегі оқушы Есенай І. сабақта жұптық жұмысты жақсы орындады. Тақтада қатесіз есеп шығара алды. Өлшем бірліктерді анықтау тапсырмасында бір рет қана жауап берді. Барынша топтан қалмай жұмыс жасады. С деңгейіндегі оқушы сабақта көбінесе тыңдап отырды. Көңіл күйі жоқ. Қыығушылығы төмен сияқты сыңай танытты. Топтық жұмыста белсенді жұмыс жасамады. Жаңа тақырыпты түсінгенін тақтада есепті қатесіз шығарғандығынан байқалды. Мұғалімнің демеуімен тақтада есеп шығарды.



















Топ жетекшілері соңғы төртінші сабаққа өз ұсыныстарын ортаға салып, үшінші сабаққа SWOT талдау жасалды. Төртінші сабақта зерттеу тақырыбына сәйкестендіріп, деңгейлік тапсырмаларды дайындау ұсынылды.

Төртінші сабақ: «Биология» пәні. Пән мұғалімі Кәрімжан Ж.

Сабақтың тақырыбы: «Жануарлардың тыныс алу мүшелері»

  1. Төртінші Lesson study зерттеу сабағын талдау, қорытынды жасау.

12.12.2024 ж.күні Lesson study зерттеу сабағының соңғы сабағы биология сабағы болды. Пән мұғалімі жас маман Кәрімжан Жансая «Жануарлардың тыныс алу мүшелері» тақырында оқушыларға өте қызықты сабақ өткізді. Презинтацияда көрсетілген қызықты мәліметтер, бейнежазбалар балалардың қызығущылығына әсерін жақсы тигізді. «Пицца» әдісі арқылы мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты жұптық тапсырма берілді. Тапсырмадада деңгейлік тапсырмалар берілген. Жоспарлағанымыздай АВС деңгейдегі оқушыларымыз осы әдісті орындау барысында өз деңгейіндегі сұрақтарға дұрыс жауап берді. С деңгеіндегі оқушы Ардақ төменгі және орта деңгейдегі тапсырманы орындап бақылаушыларды таң қалдырды. Соңғы зерттеу сабағында үш деңгейдегі оқушыларымыз да өте белсендң жұмыс жасап, нәтиже берді.

V. Lesson study зерттеу сабағын қорытындылау, талдау жасау

7 «Д» сыныбына «Сабақ үдерісінде диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбы бойынша сабақтар топтамасына зерттеу жұмысымыз өз мәресіне жетті. Зерттеу сабақтарына орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Казиева Г.Қ., физика пәні мұғалімі Әбдіжаппар Н.Ә., география пәні мұғалімі Исакова Р.Р., биология пәні мұғалімі Кәрімжан Ж. Сабақтар өткізді, сонымен қатар бақылаушы қызметін атқарды. А-деңгейіндегі оқушы Шадман М., В-деңгейі Есенай І., С-деңгейіне Ахмедов А. алынып, әр сабақта бақылаушылар сабаққа қатысу деңгейін зерттелді. Зерттеу сабағында сабақ берген пән мұғалімі мен бақылаушылардың етене жұмысымен жоспарымыз өз деңгейінде өтті. Әрбір сабақ жоспары сауатты құрылып, сабақ мақсаттыары дұрыс берілді. Оқушылар барлық сабақта асқан қызығушылықпен шамаларының келгенінше белсенділік танытты.. АВС деңгейдегі оқушылар жан жақты бақылауға алынып, олардың әрбір әрекеті назардан тыс қалмады. Әр өткізілген сабақтың соңында осы оқушылармен жеке сұхбат алынды. Оқушылар сұхбатта өз ойларымен сабақтың қай тұсы ұнады, қай тұсы қызықты ерекше болды... деген сұрақтарға жауап берді.


Пәні

Сыныбы

1-тоқсан б.с.

2-тоқсан б.с.

Нәтиже

Пән мұғалімі

Жетекшісі

1

География

7 «Д»

50

54,16

+4,16

Искаова Р.Р.

Кадирова С.С.

2

Биология

54,16

62,5

+8,34

Кәрімжан Ж.

3

Орыс тілі және әдебиеті

54,16

58,33

+4,17

Казиева Г.К.

4

Физика

58,33

62,5

+4,17

Әбдіжаппар Н.


Сыныптың білім сапасы %

29,16%

33,33 %

???

Сарбасова Г.У.


Екінші тоқсанның соңында 7 «Д» 24 оқушы болды. Үздік оқушы -1, екпінділер- 7 оқушы, үлгерушілер- 16 оқушы. Екінші тоқсанда бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда 1 ғана екпінді оқушыға артқан. Сыныпта «Lesson study» зерттеу сабағын талапқа сәйкес жүргізіліп, нысанаға алған оқушылар бақылауға алынып, талдау жасалып отырды. Нәтижесінде 4 пәннің де білім сапасы артқан. Алайда алдағы уақытта бұл көрсеткіштен де жоғары нәтиже алу мақсатында 3-тоқсанда да LS зерттеу сабағымызды жалғастыруды ұсынамын.

Дайындаған ДОЖЖО Кадирова С.С.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2025
78
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі