Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 7-сыныпқа арналған биология пәнінің қысқа мерзімді сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы – ми және оның бөлімдері: сопақша ми, артқы ми (мишық, ми көпірі), ортаңғы, аралық ми және үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі. Материалдың негізгі мақсаты – орталық жүйке жүйесінің құрылысын таныстырып, ми бөлімдерінің қызметін салыстыра отырып түсіндіру. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін викториналық сұрақтар, бейнежазбалар, ментальды карта құру, нейрожаттығулар, жұптық және жеке тапсырмалар қолданылады. Негізгі ойы – оқушылардың мидың құрылымы мен қызметтері туралы түсінігін қалыптастыру және олардың практикалық дағдыларын дамыту. Форматы – сабақ жоспары: кіріспе, жаңа тақырыпты меңгеру, ұжымдық, жұптық және жеке жұмыстар, сергіту жаттығулары, бағалау мен кері байланыс кезеңдері қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігі

___________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

___________________________________________

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім

IX бөлім. Координация және реттелу

Педагогтың аты-жөні

Ожикенова Ж.Р

Күні


Сынып:7 Ә

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.7.4 орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақтың мақсаты


  1. Орталық жүйке жүйесі құрылысымен танысу;

  2. Ми бөлімдері мен олардың қызметін салыстыру;

Құндылықтар

- Жасампаздық пен жаңашылдық («Өнерлі бала өрге жүзер»)

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

- Амандасу;

- Оқушыларды түгендеу

«Солақай, оңақай» тренингі арқылы оқушылар өздерінің солақай, не оңақай екендігін айтып, өз қабілеттерімен таныстырады.

Мұғалім: Әлемдегі адамдардың 10-12% ғана солақай, ғылыми тұрғыдан бұл қабілет оң және сол жарты шар ми қыртысының жұмысына байланысты деседі. Әйгілі физик Энштейн; керемет туындылар авторлары Лев Толстой, Александр Пушкин; саясаткерлер Ганди, Александр Македонский, Баарак Обама; ел мақтаныштары Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев; өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиев секілді дарындылар солақайлар. Олай болса, солақайлар мен оңақайлар қабілеттеріңді көрсете отырыңыздар !


Мұғаліммен амандасады, оқушылар қабілеттерін айтады, тілек білдіреді

Бағалау: «Үш шапалақ»

презентация

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

«Genially». Берілген викториналық сұраққа жауап беріңіз:

  1. Жүйке жасушасын атаңыз

- нейрон; +

- аксон;

- альвеола.

2. Нейронның қандай қабілеттері бар?

- өткізгіш, қозғыштық қабілеті бар; +

- көбею, өткізгіштік;

- өзгергіштік.

3. Нейрон құрылысын сипаттаңыз:

- қысқа өсінді -дендриттен, ұзын өсінді – аксоннан тұрады; +

- сұр мен ақ заттан;

4. Нейронды мүшемен, безбен, басқа нейронмен байланыстыратын бөлігі қалай аталады?

- синапс; +

- нейроглия.

5. Нейронның ядросы, цитоплазма мен негізгі органоидтері орналасқан бөлігі – ....

- нейрон денесі; +

- аксон;

- дендрит.

6. Мидың ақ затын не түзеді?

- аксон; +

- дендрит;

- синапс.

7. Жұлынның сұр затын не түзеді?

- дендрит; +

- аксон;

- синапс.

8. Жұлын неше сигменттен тұрады

-31; +

-32;

-41.

9. ОЖЖ жатады:

- ми мен жұлын; +

- нейрон мен аксон;

- Жүйке түйіндері.


Куиз сұрақтарына жауап береді


Дескриптор:

- Жүйке жасушасы құрылысы мен жұлынға қатысты сұрақтарға жауап береді (1 б)


Бағалау: «Бағалау парағы»


Рисунок 1

https://view.genially.com/67b741ecc29d0ed314b36993/interactive-content-saualdara-zhauap-ber

Жаңа сабаққа кіріспе

8 мин


«Жаттығу». Сөздерді оқымай, түстерді атаңыз.


  • Оқушылар бұл жаттығу не үшін керек?

Мұғалім: Бұл тұста біз көз арқылы ақпаратты қабылдап тұрмыз, демек мұны реттеп тұрған мидың ортаңғы бөлімі. Ал ақпаратты дұрыс анализдеу, яғни үлкен ми сыңарлары бөлімінің басты қызметі.

  • Ендеше, сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу.


Бағалау: «Үш шапалақ»

интербелсенді тақта

https://youtu.be/CoLyLKRIK9M




Ортасы

20 мин


Ұжымдық жұмыс «Ментальды карта» әдісі. Оқулықтағы тақырыппен танысып, кілтті немесе түйін сөздерді түртіп алыңыз. Түйін сөздер арқылы «Ментальды карта» құрыңыз.

Ақпараттарды сызба түрінде толтырады

ҚБ: «Үш шапалақ»

Бағалау критерийі: Орталық жүйке жүйесі құрылысымен танысады

Дескриптор:

  • - Қызметтерге сай ми бөлімін атайды (1 б);

  • Модельден аталмыш ми бөлімінің орнын көрсетеді (1 б);

  • Құрылыс ерекшелігін сипаттайды (1 б).


Видео ақпарат:

https://youtu.be/zPHvvTfvh-o?si=ruI4IjQQFEndzyLp


Сергіту сәті

Сергіту сәті «Нейрожаттығулар». Әр оқушы қолына кез келген затты алып, бір уақытта сол затты көршісіне береді және қөршісінен алады. Осылайша, қаламы өзіне келген кезде қолын шапалақтап, кейін келесі айналымды жалғастырады.



Нейрожаттығуды қарқынмен орындайды

Бағалау : «Үш шапалақ»

Қолжетімді заттар

https://vm.tiktok.com/ZMkvmyN5q/



(Жұптық жұмыс) Тапсырма 2 «Футбол» әдісі. Ми бөлімдері мен олардың қызметін салыстырыңыз.

Тұжырым

Ақиқат/жалған

1

Сопақша мидың атқаратын қызметі: тыныс алу, асқорыту, жүрек-қан тамырлары, қорғаныс

А

2

Ортаңғы ми тепе-теңдікке жауап береді

Ж

3

Аралық ми барлық рецепторлардың жұмысына қатысады

А

4

Аралық ми дененің температурасына жауапты емес

Ж

5

Ортаңғы ми көз қарашығының мөлшерін өзгерте алады

А

6

Ортаңғы ми жарық пен дыбысқа жылдам рекация көрсетеді

А

7

Мишық тепе-теңдікпен, қимылды үйлестіреді

А

8

Адам миының салмағы 1000-1100 грамм

Ж

9

Адам миы негізгі үш бөлімнен тұрады

А

10

Ми діңі 5 бөлімнен тұрады

Ж

Алдымен тапсырманы жұпта орындайды, кейін тексеру үшін электронды тестке жауап береді


























Бағалау критерийі: - Ми бөлімдері мен олардың қызметін тұжырымдайды


Дескриптор:

- Ми бөлімдері мен олардың қызметін салыстырады ( 3).


Бағалау: «Бағалау парағы»


Рисунок 1











https://www.umapalata.com/zexpo/game.html?LANG=RU&idGames=145472




























(жеке жұмыс) Тапсырма 3 – «Контекстпен жұмыс». Берілген мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Арман жаттығу залында жаттығып, жүрек соғу жиілігінің жоғарылағанын байқады. Ол бұл оның денесінің физикалық белсенділікке реакциясы екенін тез түсінді. Жүрек соғысы, тыныс алу және тіпті оның шаршауға реакциясы сопақша мимен басқарылады. Сопақша ми ағзаның әртүрлі жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік беру арқылы осы маңызды функцияларды реттейді. Мидың осы бөлігінің қалыпты жұмысы болмаса, ол тиімді жаттығулар жасай алмайтынын және жүктемеден кейін қалпына келе алмайтынын түсінді.

Сұрақтар:

  1. Сопақша ми қай ми бөліміне кіреді:

  • Артқы; +

  • Ортанғы;

  • Аралық.

  1. Сопақша ми ненің қызметін реттейді?

  • Қимыл-қозғалыс;

  • Жүрек соғуы, тыныс алу;+

  • Бұлшық ет тонусын.

  1. Сопақша мида неше маңызды орталық орналасқан?

  • 3; +

  • 4;

  • 5.

  1. Сопақша ми қандай рефлекстер мен қорғаныш реакциясын орындайды?

  • Көру, есту;

  • Жөтелу, түшкіру, жұту; +

  • Дәм сезу, сезім мүшелері

  1. Жұту, сілекей бөлу, асқазан мен ішектің жиырылуы қандай жүйенің рефлексі?

  • Тыныс алу;

  • Асқорыту; +

  • Қанайналым.

  1. Не себепті сопақша миды жұлынның жалғасы деп атайды

  • Сұр мен ақ зат жұлындағыдай орналасқан; +

  • Сұр мен ақ зат мидағыдай орналасқан;

  • Бүйір тамыршалары бар.

  1. Сопақша ми зақымданса, адам неге бірден өледі?

  • Себебі, тыныс алу мен жүректің соғуы тоқтайды;+

  • Себебі, бұлшық ет тонусын бұзылады;

  • Себебі, тепе-теңдік бұзылады.

  1. Сопақша мидың рефлекстік әрекеттері қандай?

  • Автоматты жауаптар; +

  • Күрделі ойлау;

  • Саналы шешімдер.

  1. Сопақша мидың қызметі қандай?

  • Сенсорлық жүйке жүйе;

  • Автономды жүйке жүйе;

  • Қозғалыс жүйке жүйесі


Контекспен танысып, сұрақтарға жауап береді


Бағалау критерийі: - Сопақша мидың жұмысын талдайды


Дескриптор:

Білім алушылар:

  • Мәтінмен танысып, талдау сұрақтарына жауап береді

(3 б).


Бағалау: «Бағалау парағы»

Рисунок 1

https://www.educaplay.com/learning-resources/22544023-learning_resource.html

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс «Күнделік»


Қызыл түс – «Әлі де іздену керек»Рисунок 1

Сары түс – «Жақсы түсіндім»

Жасыл түс – «Өте жақсы түсіндім




Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2025
56
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12