Microsoft Excel электрондық кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Microsoft Excel электрондық кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Microsoft Excel электрондық кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Омарбек Бейқұт Дәулетқанұлы,

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі,

информатика пәнінің оқытушысы


Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану

Сабақтың мақсаты: Excel электрондық кестесінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып көлемі үлкен мәліметтер базасымен әртүрлі операциялар орындау.

Сабақтың міндеттері:

  • Excel бағдарламасының көмегімен мәліметтер базасын дұрыс құра білуге, берілген мәліметтер базасымен әртүрлі операциялар орындауға үйрету.

  • Жаңа сабақтың теориясы мен тәжірибесін ұштастыра отырып оқушылардың білік-дағдыларын қалыптастыру, білімдерін дамыту;

  • Білімгерлерді топпен жұмыс ітей білуге және тәжірибе жұмысы кезінде қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға, техника қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Оқыту әдісі: Баяндау, түсіндіру, көрсету

Оқытудың техникалық құралдары мен көрнекіліктері: Интерактивтік тақта, дербес компьютер, жаңа сабақтың теориясын түсіндіруге арналған презентация, тәжірибелік жұмысқа арналған үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Білімгерлермен амандасу;

- Психологиялық даярлық. Дәйексөз: «Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...» (Аристотель).

Осы дәйексөзді оқып, білімгерлер өз ойларын ортаға салады. Бұдан шығатын қорытынды: Әр сабақта берілген білім, білімгерлердің болашақ мамандығына сай пайдасы болуы шарт.


ІІ(IV). Мақсат қою кезеңі:

Электрондық кестенің көмегімен қарапайым арифметикалық амалдарды орындаудан бастап күрделі функцияларды есептеуге, көлемі үлкен мәліметтер базасын құруға болады. Бүгінгі біздің жаңа сабағымызда электрондық кестені пайдаланып мәліметтер базасын құру, олармен орындалатын әртүрлі операциялармен танысамыз.


ІІІ(V). Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Теориялық бөлім

Мәліметтер базасы ұғымы.

Ақпаратты реттеу үшін оны логикалық өзара байланысты тақырып бойынша біріктіретін арнайы анықтамалар, каталогтар, картотекалар, энциклпедиялар т.б. бар. Мысалы, егер де жас математиктердің энциклопедиясын қарайтын болсақ, одан ақындардың шығармалары туралы ақпаратты кездестірмейміз. Мәтіндерді әзірлеуге, кескіндерді бейнелеуге, компьютерде есептеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалардан басқа, көлемі үлкен ақпаратты сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы бағдарламалар бар. Мұндай бағдарламалар мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) деп аталады.

Мысалы біздің колледжде 1168 студент оқиды. Осы студенттердің оқуға қабылданған бұйрығынан бастап, толық сол студенттер туралы ақпараттар сақталады (Фамилиясы, аты, әкесінің аты, ЖСН, т.б.) Осы мәліметтерді топтастыру, мәліметтер базасы болып табылады. Мәліметтер базасына қысқаша мынандай анықтама беруге болады:


Мәліметтер базасы деп, қандайда бір тасуымалдаушыда, мысалы қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде т.б. сақталатын мәліметтердің арнайы ұйымдастырылғанжиынтығын айтамыз.


Бір базада тұратын мәліметтер логикалық түрде өзара байланыста болуы тиіс.

Мысалы жеке адамның мәліметтер базасындағы мәліметтер жиынтығына мыналарды жатқызуға болады: Фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы, ұлты, жынысы, жеке куәлік нөмері т.б.

Мәліметтер базасы тек адамдарға ғана емес кез келген затқа да қатысты бола алады. Мысалы кітапты алатын болсақ, оның мәліметтер жиынтығына аты, баспасы, қай сыныптар үшін арналғандығы, авторын жатқыза аламыз.


Практикалық бөлім:

Microsoft Excel электрондық кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану үшін мынандай әрекеттер орындалады:

  1. Алғашқы көлденең қатарға мәліметттер базасының өрістерін жазып аламыз. (Фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы т.б.);

  2. Осы өрістерді қажетті жазбалармен толтырамыз (Есімова, Бану, Болатбекқызы, 2002 жыл)


Ескерту

  • өріс жазылатын қатар мен жазбалар арасында бос жол қалдыруға болмайды.

  • өріс атауы 1-255 символ аралығында жазылады.


Мәліметтер базасымен орындалатын әрекеттер

  • мәліметтер базасындағы жазбаларды сұрыптау

  • мәліметтер базасындағы жазбаларды сүзгілеу

  • мәліметтер базасындағы жазбаларды белгілі ерекшеліктері бойынша іздеп табу


Мәліметтер базасын сұрыптау үшін мынандай әрекеттер орындалады:

  1. Данные менюінің Сортировка командасын орындаймыз

  2. Ашылған терезеден қандай өріс бойынша сұрыптайтынымызды таңдап аламыз

  3. Егер жазба мәтіндік болса от А до Я (Я до А), ал жазба сандық болса по возрастания (по убыванию) таңдаймыз


Мәліметтер базасын сүзгіден өткізу үшін мынандай әрекеттер орындалады:

  1. Данные менюінің Фильтр командасын орындаймыз

  2. Нәтижесінде әрбір өрістің оң жағында бағытауыштар (стрелкалар) пайда болады.

  3. Қажетті өрістің жанындағы бағыттауышты басып, сүзгіден өткізілетін жазбаны таңдаймыз. Таңдалған жазбаға қатысты мәліметтерден басқасы экраннан жойылып кетеді.


Мәліметтер базасындағы жазбаларды бірнеше әрекет бойынша сүзгіден өткізу

  • жазбаның басқы әріптері бойынша сүзгіден өткізу

  • жазбаның соңғы әріптері бойынша сүзгіден өткізу

  • жазбаның кез келген бөлігіндегі қатар орналасқан әріптері бойынша сүзгіден өткізу


Жазбаның басқы әріптері бойынша сүзгіден өткізу үшін мынандай әрекеттер орындалады:

  1. Данные менюінің Фильтр командасын орындаймыз

  2. Нәтижесінде әрбір өрістің оң жағында бағытауыштар (стрелкалар) пайда болады.

  1. Қажетті өрістің жанындағы бағыттауышты басып, Текстовые фильтры – начинается с ... командасын орындағаннан соң қажетті әріптетрді жазамыз.


Жазбаның соңғы әріптері бойынша сүзгіден өткізу үшін мынандай әрекеттер орындалады:

  1. Данные менюінің Фильтр командасын орындаймыз

  2. Нәтижесінде әрбір өрістің оң жағында бағытауыштар (стрелкалар) пайда болады.

  3. Қажетті өрістің жанындағы бағыттауышты басып, Текстовые фильтры – заканчивается на ... командасын орындағаннан соң қажетті әріптетрді жазамыз.


Жазбаның кез келген әріптері бойынша сүзгіден өткізу үшін мынандай әрекеттер орындалады:

  1. Данные менюінің Фильтр командасын орындаймыз

  2. Нәтижесінде әрбір өрістің оң жағында бағытауыштар (стрелкалар) пайда болады.

  3. Қажетті өрістің жанындағы бағыттауышты басып, Текстовые фильтры – содержит ... командасын орындағаннан соң қажетті әріптетрді жазамыз.


Сергіту жаттығулары: «Ауызша сандарды қос»

Мақсаты: Оқушылардың назарын, ойларын жинақтау. Көңіл-күйлерін қадағалау.

Орындалуы: Интерактивті тақтаның көмегімен 5 (бес) текше тасталады. Әр текшедегі сандарды қосып жауабын айтады.


IV(VI). Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.

Білімгерлер интерактивтік тақтаның көмегімен жаңа сабақта өткен мәліметтер базасына қатысты әрекеттерді орындайды. Көрсетілген үлгіден мәліметтер базасымен қандай операциялар орындалғанын анықтайды. Жаңа сабақтың теориясына құрылған тест жұмыстарын шешеді. Арнайы сұрақтарға жауап береді.

V(VII).Бекіту кезеңі.

Бұл кезеңде оқушылардың теориялық алған білімдерін тәжірибеде ұштастыру мақсатында компьютермен тәжірибелік жұмыстар орындайды. Тәжірибелік жұмысты бастар алдында білімгерлерден міндетті түрде техника қауіпсіздік ережелері сұралады. Әр білімгерге жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларда жұмысты орындауға арналған нұсқаулықтар көрсетілген.


Практикалық тапсырма


Тақырыбы: EXCEL электрондық кестесін мәліметтер базасы ретінде пайдалану

Орындауға нұсқаулық: Сақталған мәліметтер базасымен орындалатын операциялар арқылы нәтижелерді тауып жазу

Берілетін уақыт: 15-20 минут


1-топқа берілген тапсырмалар

Берілген тапсырма

Нәтижесі

1

Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттердің саны: -

1168

2

Шәкіртақы алатын студенттер саны –

965

3

1-курста оқитын оқушылардың саны –

420

4

3-курста оқитын оқушылардың саны –

453

5

Орыс тілінде оқитын оқушылардың саны –

133

6

Ұлты орыстардың саны –

36

7

Ұлты азербайжандардың саны –

11

8

Ұлты ингуштардың саны –

1

9

0101013 мамандығы бойынша оқитындардың саны –

283

10

Фамилиясының бастапқы әріптері «БАЙ» деп басталатын студенттер саны –

24

11

Әкесінің аты «ОВНА» деп аяқталатын студенттер саны –

255

12

309-топтағы оқушылардың саны –

28

13

Ер жынысты студенттердің саны –

374

14

Оралман оқушылардың саны –

10

15

Атының кез келген бөлігінде «АЙ» әріптері қатар келетін студенттер саны –

226



2-топқа берілген тапсырмалар

Берілген тапсырма

Нәтижесі

1

Сырттай оқу бөлімінде оқитын оқушылардың саны –

344

2

Қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны –

1379

3

Ұлты қазақтардың саны –

1309

4

Әйел жынысты студенттердің саны –

1138

5

410-топтағы оқушылардың саны –

25

6

2-курста оқитын оқушылардың саны –

456

7

4-курста оқитын оқушылардың саны –

183

8

Ұлты күрттердің саны –

7

9

Ұлты ұйғырлардың саны –

111

10

0105013 мамандығы бойынша оқитындардың саны –

392

11

0103023 мамандығы бойынша оқитындардың саны –

218

12

Фамилиясының бастапқы әріптері «ДАУ» деп басталатын студенттер саны –

9

13

Әкесінің аты «ҰЛЫ» деп аяқталатын студенттер саны –

220

14

Атының кез келген бөлігінде «ЕЛ» әріптері қатар келетін студенттер саны –

48

15

Шәкіртақы алмайтын студенттер саны –

547


Жан-жақты дамыған жеке тұлғаның мәліметтер базасын құру

Бұл тапсырма «мозайка» әдісі бойынша интерактивтік тақтаның көмегімен орындалады.



Оқушыларды бағалау.

Сабақтың теориясы бойынша сұрақтарға жауап берген, тест сұрақтарын шешкен және тәжірибе жұмыстарын орындаған оқушыларға тиісінше бағалар қойылады.

  1. Сабақтың теориясына белсене қатысқан оқушылар

  2. Тест сұрақтарының нәтижесі

  3. Практикалық жұмыс нәтижесі

Қорытынды баға: (1+2+3)/3. Мысалы: (3+5+4)/3=4


Оқушылардың аты-жөні

Теориялық білімдері

Тест нәтижесі

Практикамен ұштастыра алуы

Қорытынды


1

Әдін Аружан





2

Батырханова Мадина





3

Бектенова Алтынай





4

Жұматай Жадыра





5

Курманова Перизат





6

Мухимжан Альбина





7

Мұқымжан Забира





8

Нұрғалым Мөлдір





9

Сарсеналы Гүлден





10

Тоқтарбай Аяулым





11

Шәріпхан Парзина





12

Шынарбек Лена








VI(VIII). Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Тапсырма: «Excel электрондық кестенің көмегімен функцияларды есептеу әрекеті». Бұл келесі өтілетін жаңа сабақ, сондықтан білімгерлер алдын ала жаңа сабақтың теориясымен танысады. Мұндай тәсіл білімгерлердің өз бетінше ізденуіне мүмкіндік беру. Келесі сабақта мұғалімнің көмегімен білімгерлердің теориялық білімдері толықтырылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
1852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі