жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Microsoft PowerPoint терезесінің интерфейсі, өзгертулері.
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ӨОЖ жөніндегі орынбасары
_________ Р.Т.Кадыржанов
Пәні: Өндірістік оқыту
Тобы: №67 топ
Уақыты:
Сабақтың
тақырыбы: Microsoft PowerPoint терезесінің
интерфейсі,
өзгертулері.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
оқушыларға Microsoft PowerPoint бағдарламасын іске қосу мен
компоненттерін ажырата білуді
үйрету.
Дамытушылық:
оқушылардың ақыл, ой-өрісін, сабаққа деген ынтасын дамыту,
PowerPoint
бағдарламасына
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
оқушыларды Microsoft PowerPoint терезесін қолдануда сауаттылыққа,
ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа, жылдамдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
практикалық
Сабақтың типі:
жаңа білімді игерту
Пәнаралық
байланыс: орыс тілі, қазақ тілі, сурет,
музыка
Оқыту әдістері:
түсіндірмелі, көрнекі, сөздік, әңгімелесу,
сұрақ-жауап
Оқыту
формалары: жеке, топтық
Сабақтың
көрнекіліктері:
1. Компьютер,
проектор, экран
2.
Слайд
Сабақтың
барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
а/ ұжымдық
әрекет;
ә/
санитарлық-гигиеналық
әрекет;
б/ ҚТЕ сақтау
әрекеті;
в/ жұмыс
дәптерін толтыру.
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау
"Бізден
сұрақ-сізден жауап"
1. Оқулықтан
үйге берілген параграфтан түсінік айту. Осындай белгідегі сұрақты
таңдаған оқушы алдыңғы оқушының келген жерінен тақырыпты
жалғастырып айту керек.
2. Менің
дайындап қойған сұрақтарыма жауап беру
керек.
3. Практикалық
жұмыстар жасау қажет.
4. Компьютердің
қойған сұрағына жауап беру
қажет.
1. Программалау
тілі дегеніміз не?
2.
Интерпретатор дегеніміз не?
3. Презентация
ұғымының толық мағынасы
қандай?
4. Power Point-
тің қандай мүмкіндіктерін
білесің?
5. Графикалық
пакеттер дегеніміз не?
6. Компьютерде
Microsoft Office PowerPoint –ты іске қосудың бірнеше жолдарын
көрсет!
7.
Компьютердегі күн мен уақытты
өзгерт!
8.
Компьютердегі тақырып жолында орналасқан “Бастау” мәзірін “меню
Пуск” түрінен “Классическое меню Пуск” түріне
өзгерт!
ІІІ. Жаңа
тақырыпты түсіндіру.
МS Offiсе
барлық қосымшаларының күмәнсіз қолайлылығы қолданылатын интерфейсті
біркелкі көрсетуінде, сондықтан РоwerРoint интерфейсі осы
операциялық жүйе үшін үлгі(стандарт) болып табылады. РоwerРoint
мына әдістердің бірімен іске қосуға
болады:
Меню арқылы:
Пуск – Программы - Місrosoft
РоwerРoint.
Қолданушы
тышқанның оң батырмасын
басып:
Создать –
Презентация Місrosoft РоwerРoint-ты
таңдайды.
Қосу барысында
диалогты терезесі бар Роwer Рoint терезесі шығады, ол түрлі әдіспен
презентацияны дайындауды ұсынады. Стандартты баптау кезінде
Місrosoft РоwerРoint терезесі келесі элементтерден
тұрады:
Терезе тақырыбы
(Заголовок окна) – Windows терезесі үшін –
стандартты.
Меню жолы
тақырып жолының астында
орналасқан.
Құралдар панелі
(Панели инструментов) – үнсіз келісім бойынша Стандартная және
Форматирование панелдері
көрсетіледі.
Жұмыс аумағы
(Рабочая область) – құжат бейнеленетін және редакцияланатын өріс.
Оң жақтан жұмыс аумағы айналдыру жолымен шектелген. Word немесе
ЕхсеІ салыстырғандағы үлкен айырмашылық, жүгірткі мәтін бойынша бір
слайдтың ішінде емес, слайдтан слайдқа өту мүмкіндігін береді.
Жұмыс аумағының нақты түрі редактор жұмысының режиміне
тәуелді.
Жағдай жолы
(Строка состояния) – көру режимі және презентация жайлы әр түрлі
ақпарат : слайдтар саны, тіл, слайдты көркемдеу параметрлері және
т. с. с. көрсетілетін ақпараттық
жол.
Меню жолы
келесі элементтерден
тұрады.
1. Файл. МS
Offiсе стандарттық менюі. /почталық хабар жіберу, оған
презентациялар салу, презентацияны WORD-қа
жөнелту/;
2. Түзету.
Командалар: операция нәтижесін орындатпау, ойып алу, көшіру,
кірістіру, табу, алмастыру, басқа файлдармен байланыс жасау, және
объектіні редакциялау;
3. Көрініс.
Презентация көрінісін таңдау, инструменттер панельдерін, сызықтар
мен бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайдтар үлгілерін, берулер
және жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту
командалары;
4. Кірістірме.
Презентацияға әр түрлі объектілерді кірістіру командалары (күні,
уақыты, диаграмма, кесте, дыбыс, фильм және т.
б.);
5. Пішім.
Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін,
тізім маркері түрін, фонды, түсті схемаларды, безендіру шаблондарын
және т. б. өзгерту
командалары;
6. Сервис. МS
Offiсе әдеттегі инструменттері және де РоwerРoint ерекше
командалары;
7. Слайдтарды
көрсету. Презентациядағы объектілермен, слайдтармен манипуляция
жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану,
слайдтарды алмастыру әсерлері, презентацияны баптау, проекторлар
мастерін пайдалануды қоса);
8. Тезере. Бұл
меню слайды бар терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігін
береді;
9. Анықтама.
Бұл меню арқылы презентациялар редакторы көмек жүйесі, сонымен
қатар Көмекшіні шақыру мүмкін
болады.
РоwerРoint
интерфейсінің Місrosoft Offiсе құрамына кіретін программалардан
негізгі айырмашылығы, құжаттың жұмыс үстеліндегі арнайы бейнелену
режимдері. Төрт негізгі бейнелену режимі
қарастырылған:
1.
Әдеттегі.
2.
Құрылымдық.
3.
Слайдтар.
4. Слайдтарды
сорттаушы.
Слайдтарды
сорттаушы режимінде кадрлар бүкіл жұмыс үстелін алатын эскиз
түрінде көрінеді, олардың әрқайсысының астында слайдтарды,
анимацияларды ауыстыру параметрін, кадр экспозиция уақытын
көрсететін бағдаршалар орналасқан. Әрине қажет басқару элементтері
пайда болатын құралдар панелі де, слайд эскизінде тышқанның оң жақ
батырмасын басқанда ашылатын контексттік меню де өзгереді. Слайдты
көрсету режиміне ауысқан кезде слайдтарды сорттаушы режимінде
орналасқан параметрлерімен толық - экранды демонстрация қосылады.
Демонстрация таңдалған слайдтан басталады. Оны Еsс батырмасын басып
әр уақытта аяқтауға болады.
ІV. Сабақты
бекіту.
«Ойға білімдік
шабуыл»
1-компьютер:
Жаңа тақырып бойынша “Өзіндік мысалдар”
көрсету.
2-компьютер:
PowerPoint бағдарламасында PowerPoint терезесі қандай
элементтерден
тұратынын
көркемдеп жазып көрсет.
3-компьютер:
Жұмыс үстелінде орналасқан “SIN_kaz» бағдарламасының PowerPoint –та
жұмыс
істеу,
көрмелерді әзірлеу тарауы бойынша берілген тапсырмалар ішінен 1-2-3
тапсырмаларды орында.
4-компьютер:
PowerPoint бағдарламасында меню жолының элементтерін көркемдеп
жазып
көрсет.
5-компьютер:
Жаңа тақырып бойынша “Өзіндік мысалдар”
көрсету.
6-компьютер:
Жұмыс үстелінде орналасқан “SIN_kaz» бағдарламасының PowerPoint –та
жұмыс
істеу,
көрмелерді әзірлеу тарауы бойынша берілген тапсырмалар ішінен 4-5-6
тапсырмаларды орында.
7-компьютер:
Әдебиет пәнінен өтілген бір шумақ өлеңді PowerPoint бағдарламасында
көркемдеп
жазып
көрсет.
8-компьютер:
Жаңа тақырып бойынша “Өзіндік мысалдар”
көрсету.
V.
Қорытындылау.
"Сұрау -
қорытындылау"
- Сабақта қандай мәселе басты
болды?
- Не қызық
болды?
- Қандай жаңалықпен
таныстыңдар?
- Нені
үйрендіңдер?
Әр сұраққа
бірнеше оқушы жауап беруі
мүмкін
VІ. Бағалау.
/2-мин/
VІІ. Үйге
тапсырма.
1. Мазмұнды
тапсырма:
10-сынып
оқулығынан 1. 6. 2. тақырыпты оқу,
конспектілеу.
2. Ерекше
тапсырма:
Алдағы келе
жатқан 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне және Жаңа -2013 жылға
байланысты слайд жасап
келу.
3. Шығармашылық
іс - болашаққа:
Көрнекіліктер,
дидактикалық материалдар, видеосабақтар жасап
келу.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген