Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Миллион кімге бұйырады?» танымдық ойын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы КММ
«Миллион кімге бұйырады?» танымдық ойын
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі:
Исмагулова Бибигуль Зеледеновна
Алматы қаласы 2022
«Миллион кімге бұйырады?» танымдық ойын
Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу, танымдық білімдерін арттыру.
Көрнекілігі: Техникалық құрал компьютер, нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын.
Сабақтың әдісі: Жаңа технологиялар арқылы сұрақ-жауап, тест, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: безендірілген сахна, ойынға қажетті жаңа технологиялар (компьютер, слайд, телефон, музыкалық аппаратура, видео камера т.б.)
Сабақтың барысы:
1. Ойынның мақсатымен және шартымен таныстыру.
2. Ойыншылармен таныстыру.
3. Ойынға қатысатын топты анықтау.
4. Марапаттау
5. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау.
1.Ойынның мақсаты: математика пәні және басқа танымдық тапсырмалар бойынша оқушылардың білімін және оларды жүйелеу арқылы жеңімпазды анықтау.
2.Ойынның шарты:
Ойынға барлығы 6 сынып қатысады. Ойын «Қас-қағым сәт» турынан және негізгі алты турдан тұрады. Әр турға бір сынып қатысады. Жүргізуші әр турдың алдында ойыншыға ойын шартын түсіндіреді. Ойыншы өзіне берілген үш жеңілдікті пайдалануына болады: көрермендерден көмек, досқа қоңырау шалу, 50/50 жауаптардан екі қате жауапта алып тастау.
«Қас-қағым сәт»-те берілген сұраққа әрі жылдам, әрі дұрыс жауап берген ойыншы анықталады және ойыншы 15 сұраққа жауап беру керек. Әр сұраққа төрт жауап нұсқасы беріледі. Ойыншы осы жауаптың ішінен дұрыс жауапты таңдау арқылы жауап береді. 5 сұраққа дұрыс жауап берген ойыншы күймейтін бірінші белестен өтіп 1000 ұпай иегері атанады және ойынды жалғастыра алады. Екінші белестен асу – күймейтін 32 000 ұпай сыйлықтың иегері атанады. Үшінші белесте миллион ұпай иегері анықталады. Ойыншы өзі қалаған сәтте ойынды тоқтатып, тиісті ұпайды алуына болады.
Берілетін 15 сұрақтың кезегі мынадай:
1 сұрақ – 100 ұпай
2 сұрақ – 200 ұпай
3 сұрақ – 300 ұпай
4 сұрақ – 500 ұпай
5 сұрақ – 1000 ұпай
6 сұрақ – 2000 ұпай
7 сұрақ – 4000 ұпай
8 сұрақ – 8 000 ұпай
9 сұрақ – 16 000 ұпай
10 сұрақ – 32 000 ұпай
11 сұрақ – 64 000 ұпай
12 сұрақ – 125 000 ұпай
13 сұрақ – 250 000 ұпай
14 сұрақ – 500 000 ұпай
15 сұрақ – 1 000 000 ұпай
Қас қағым кезеңінің сұрақтары:
-
Ең кіші жай сан (2)
-
санының мәні (3,14)
-
Қазақстан тәуелсіздік алған жыл (1991)
-
Сандарды өсу ретімен айт: -1; 3; 0; -7; -5 (-7; -5; -1; 0; 3)
-
Сандарды модульдарының кему ретімен ата:-1; 3; 0; -7; -5 (-7;-5;3;-1;0)
-
Ең кіші натурал сан (1)
1-ші тур сұрақтары:
-
Мемлекет рәміздеріне жатпайды? (шекара)
-
Үстел басында 1 ата, 2 әке, 2 баласы отыр. Үстел басында қанша адам отыр? (3 адам)
-
Х - Рим цифры қай санды өрнектейді? (10)
-
Еліміздің ұлттық валюта күні? (15 қараша)
-
Берілген сандардың қайсысы 9-ға қалдықсыз бөлінеді ? (1998)
-
Су құйып ем астауға
Үш қаз ұшты аспанға.
Екі үйрек, бір сазан
Қосылды кеп бұларға
Бір көксерке, бір қарға
Айт, неше құс ұшып жүр? (6)
-
Тұрақты сөз тіркесінің жалғасын тап: ит өлген … (жер)
-
Сандықтың ішінде нені тығып ұстай алмайсың? (жарық)
-
Миллион сөзін қазақ арасына таратқан кім? (Ы.Алтынсарин)
-
Ай Күн мен Жердің арасынан өткенде Күннің көзін көлегейлеп жауып қалады. Осы құбылыс қалай аталады? (күн тұтылуы)
-
Грек математигі, ойшылы, көбейту кестесін ойлап тапқан адам? (Пифагор)
-
Екі адамның әңгімесі:
-қара ма?
-қызыл ма?
-неге ақ?
-өйткені жасыл
адамдар не туралы айтып жатыр? (қарақат)
-
Астана символы бәйтеректің биіктігі? (97)
-
1, 2, 4, 7, 28, 33, ?
Жоғарыдағы сандар қандай да бір ретпен тізілген. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан келуі тиіс? (198) -
Шахмат ойыны неше жыл бұрын пайда болды? (1500)
2-ші тур сұрақтары:
-
Қазақ ертегісінің кейіпкерін атаңыз: (Мақта қыз)
-
Қазақстанның туында не бейнеленбеген? (Шаңырақ)
-
Дәл, тұп-тура деген мағынаны білдіретін тұрақты сөз тіркесі: (айна қатесіз)
-
V - Рим цифры қай санды өрнектейді? (5)
-
Әлемдегі ең терең көл? (Байкал)
-
Егер а + 5 = -2, ал в – 7 = -9 болса, онда а*в = ? (14)
-
Бір, үш, бес, сегіз, он үш, ?
Жоғарыдағы сұрақ белгінің орнына қандай сан болуы керек? (17) -
Үйдің 1-ші қабатынан 3-ші қабатына көтерілу үшін 52 баспалдақтыбасып өту керек. Осы үйдің 1-ші қабатынан 6-шы қабатына көтерілу үшін қанша баспалдақты басып өту керек? (130)
-
Кешегі күн ертеңгі күн болғанда, бүгін сенбі болар еді, деген адам қай күні айтқан? (дүйсенбі)
-
Нұр-Сұлтан Қазақстанның нешінші астанасы? (4)
-
Төмендегі сұрақ белгінің орнына қандай сан келуі керек?
Али 21 Ғани 22 Мақсат 24 Саламат ? (34)
-
Бір дорбада 50 ақ, 40 сары, 30 қызыл, 20 көк, 10 қара, 5 жасыл нәски бар. Дорбаның ішіне қарамай, әр қол салғанда бір дана нәски алуға болады. Бірдей түстегі бір жұп нәскиді шығару үшін дорбаға ең көп қанша рет қол салу керек? (7)
-
Ұлттық валюта теңге қай жылы шықты? (1993)
-
Архимед саны: (пи)
-
Теріс сандар алғаш рет қай елде пайда болды? (Қытай)
3-ші тур сұрақтары:
-
Сұлтан кімнің досы? (Қожа)
-
Нүктеге сәйкес келетін сан қалай аталады? (нүктенің координатасы)
-
С - Рим цифры қай санды өрнектейді? (100)
-
Ең үлкен жидек? (қарбыз)
-
Берілген сандардың қайсысы 3-ке қалдықсыз бөлінеді ? (2022)
-
Әлемде қандай теңіз жоқ? (жасыл)
-
Рәміздер күні? (4 маусым)
-
50 пәтерлік ғимаратта тұратын баладан сыныптас досы қаншасыншы пәтерде тұратынын сұрайды. Оған: «Пәтерімнің нөмірі ондық саннан тұрады, бірінші саны екіншісінен үлкен, екеуінің қосындысы бес, ал айырмасынан шыққан санның квадраты 9, қаншасыншы пәтерде тұратынымды тауып көрші» дейді. Сонымен қай пәтер? (41)
-
Егер ?+?=5, ? −?=9 болса, онда ?∙?=? (-14)
-
Өзара жай сандардың? (ЕҮОБ-i 1-ге тең)
-
Екі ауылдың арасы 10 км. Қырсық жолаушы күніне 2км жүріп, кешке 1км кейін қайтады. Екінші ауылға неше күнде жетеді? (9)
-
«Кенгуру» бйқауы 1991 жылдан бері Еуропада жыл сайын өткізіліп келеді. Байқау 2021 жылы нешінші рет болды? (31)
-
Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбіз жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбіз артық жеген. Ал баласы 12 сәбіз жеген, әкесі неше сәбіз жеген? (28)
-
Жеті таңбалы санның цифрларының қосындысы 6-ға тең. Осы санның цифрларының көбейтіндісін табыңыз? (0)
-
Шахмат ойынының отаны? (Үндістан)
4-ші тур сұрақтары:
-
Мыналардың қайсысы иіс сезу мүшесіне жатады? (мұрын)
-
Адамдар мен көліктер басып өтетін жануар қалай аталады? (зебра)
-
L- Рим цифры қай санды өрнектейді? (50)
-
3 Мысық 3 минутта 3 тышқан аулайтын болса, 6 мысық 6 тышқанды қанша уақытта аулайды? (18)
-
Берілген сандардың қайсысы 6-ға қалдықсыз бөлінеді ? (2022)
-
Дәрігер 3 дәрі беріп мұны жарты сағат сайын ішу керектігін айтады. Осы үш дәріні ішіп бітіруге қанша уақыт кетеді? (1)
-
Егер ?∙?=−4, ?+?=−3 болса, онда ?:?=? (-4)
-
Қарама-қарсы сандардың ... (қосындысы 0-ге тең)
-
1-ден 100-ге дейінгі сандарда 7 цифры неше рет қайталанады? (20)
-
Осыдан үш жыл бұрын үш ағайынды жігіттің жастарының қосындысы 45 болды. Қазір олардың жастарының қосындысы неше болды? (54)
-
Бір газеттің ортасынан алынған екі беттің оң жағында 4-бет, сол жағында 9-бет деп жазылған. Газетте неше бет? (12)
-
Сыныпта 35 оқушы бар. Сыныптағы ұлдар мен қыздардың қатынасы 4:3 қатынасындай болса, ұлдардың санын табыңыз. (20)
-
2015 натурал сандарды өзара қосқанда 2016 болды. Олардың көбейтіндісі нешеге тең? (2)
-
70 туристің 35-і ағылшын тілін, 36-сы неміс тілін,18-і екі тілдіде біледі. Қалғандары француз тілін біледі. Қанша турист француз тілін біледі? (16)
-
Қорапта 20 алма, 20 алмұрт бар. Сәуле қораптан 20 жеміс алды. Серік қалған 20 жемісті алды Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс? (Сәуле Серік қанша алма алса сонша алмұрт алды)
5-ші тур сұрақтары:
-
(−3)2=? (9)
-
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мерекесі қай күн?
(7 мамыр)
-
М - Рим цифры қай санды өрнектейді? (1000)
-
Көбейтіндісі 1-ге тең сандар қандай сандар деп аталады? (кері сандар)
-
Берілген сандардың қайсысы 15-ке қалдықсыз бөлінеді? (1005)
-
Сұрақ орнындағы санды тап: 1; 1; 3; 9; 13; 65; ? (71)
-
Дымбілмес пен оның достары 3 алты орынды зымыранмен Айға ұшпақшы болды. Егер зымыранда 9 орын болса, неше зымыран қажет болады? (2)
-
Ұшып келе жатқан қарғалар теректерге қонды. Қарғалардың жартысы бірінші терекке, қалғанының жартысы екінші терекке, одан қалғанының жартысы үшінші терекке қонды. Төртінші терекке қалған 2 қарға қонды. Төрт терекке барлығы неше қарға қонды? (16)
-
2 ұста 2 күнде 2 сақина дайындайды. 6 ұста 6 күнде неше сақина дайындайды? (18)
-
Батыр әкесінің машинасының кішірейтілген өлшемін қағаз бетіне салды. Масштабы 1 : 87. Егер қағаз бетіндегі машинаның ұзындығы 5 см болса, шын машинаның ұзындығы неге тең? (4,35 м)
-
Көктем келді. Досым маған бір-бірінен әдемі гүлдер сыйлады. Екеуінен басқасы қалампыр, екеуінен басқасы қызғалдақ және екеуінен басқасы бәйшешек болса, қолымдағы гүлдердің қайсысынан канша гүл бар? (әрқайсысынан бір-бірден)
-
Келесі сандардың қайсысының ондығы жүздігі мен бірлігінің қосындыларының квадратына тең? (192)
-
Флинттің 3 көк тоты құсы 3кг жемді 3күнде, 5 жасыл тоты құсы 5 кг-ды 5 күнде, 7 сары тоты құсы 7 кг-ды 7 күнде жеп бітіреді. Қай тоты құс көп жейді? (көк)
-
Орманда Марат әр 40 метр сайын саңырауқұлақ тауып отырды. Егер ол 20 cаңырауқұлақ терсе. 1-ші және соңғы саңырауқұлақтың арасы неше метр? (760)
-
Аяжан мен Сержан бір көшенің бойында тұрады. Аяжанның үйінің бір жақ бетінде 27 үй, ал екінші жағында 13 үй орналасқан. Сержан көшенің қақ ортасындағы үйде тұрады. Аяжан мен Сержанның үйлерінің арасында қанша үй бар? (6)
6-ші тур сұрақтары:
-
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі? (16 желтоқсан)
-
Жай сандар кестесіндегі жалғыз жұп сан? (2)
-
С - Рим цифры қай санды өрнектейді? (100)
-
Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды? (1992 жыл 4 маусым)
-
Берілген сандардың қайсысы 45-ке қалдықсыз бөлінеді? (4050)
-
Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап: 1; 3; 6; 8; 16; 18; ? (36)
-
Қораптың ішінде 12 сары түсті және 12 көк түсті қаламдар бар. Қораптың ішіне қарамай, бір-бірінен өзгеше түсті екі қалам шығару үшін ең көп дегенде қанша қалам шығару керек? (13)
-
2000 натурал сандарды өзара қосқанда қосынды 2001 болды. Олардың көбейтіндісі нешеге тең? (2)
-
Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Дене шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9-дан 3 қатарға сапқа тұғызылды. Сыныпта қанша ер бала бар? (11)
-
Айдар қағаз парағын бес рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? (32)
-
Белгісіз санның жазылуында (1-ден 28-ге дейін) 1, 5 және 7 цифрлары жоқ. Ол тақ сан және 3-ке бөлінбейді. Осы санды тап? (23)
-