Сабақтың тақырыбы:
Миллионды кім алады?
Сабақтың
мақсаты: а)
білімділік: сабақ бақдарламасындағы
күрделі тақырыптардың ауқымын кеңейтіп, оқушы санасында жете
қалыптастыру;
ә)
дамытушылық: оқушылардың математика пәніне
қызығушылығын ояту, сабаққа деген ынтасын
арттыру;
б)
тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, өзінің
еңбегі нәтижесінде ұжым алдындағы жауапкершілігін арттыруға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Танымдық ойын
сабағы.
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті
тақта.
Сабақтың
барысы:
І.
Кіріспе.
Жалпы ойын ережесімен және
мақсатымен таныстырып, оқушылардың мұқият болуын сұраймын. Ойын
барысында оқушыларға сұраққа жауап беру қиындық тудырған жағдайда
мынадай үш жеңілдіктің біреуін бір рет ғана пайдалануға мүмкіндік
беріледі:
а) Жауаптардың ішінен дұрыс
емес екі жауап алынып тасталады. Қалған екі жауаптың бірін
таңдайды;
ә) Көрермендер жуаптарының
үлес салмағы бойынша ойынға қатысушы дұрыс жауабын
таңдайды;
б) Досынан телефон шалу арқылы
көмек сұрайды.
Ұпайлар 100-ден бастап,
1000000-ға дейін үш деңгеймен төмендегідей түрде
болады:
100
200
400 І-деңгей /Жеңіл
сұрақтар/
500
1000
2000
4000
8000 ІІ-деңгей /Күрделірек
сұрақтар/
16000
32000
64000
125000
250000 ІІІ-деңгей /Қиын
сұрақтар/
500000
1000000
ІІ. Негізгі
бөлім
Аудиторияға сұрақ бере отырып,
негізгі ойынға қатысатын оқушыны анықтаймын. Ол оқушы деңгейлік
тапсырмалар бойынша құрылған сұрақтарға өз мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, ұпай жинайды. Дұрыс жауап бере алмаған жағдайда ойыннан
шығады. Келесі оқушыны да осындай әдіспен таңдап алып, ойынға
қосамыз.
Ойын барысында пайдаланылатын
сұрақтардың бір нұсқасы:
1. Қазақтың өлшем бірлігі:
“Батпан”
А. 100 гр. В. 200
гр. С. 300
гр. D. 400
гр.
2. Шаршы формалы шоколад 9
бөліктен тұрады. Осы бөліктерді жеке-жеке бөліп алу үшін неше рет
сындыру керек?
А. 3 рет. В. 4
рет. С. 6 рет.
D. 9
рет.
3. Қай сан
үлкен?
А.
2222.
В.
2222.
С.
2222.
D.
(22211)2.
4. “Геометрия” сөзі қандай
мағына береді?
А. Туған
жер. В. Жер
өлшеу. С. Жер
бөлу. D.
Жерұйық.
5. Күн көзі жылына неше рет
шығады?
А. 365
рет. В. 367
рет. С. 368
рет. D. 369
рет.
6. Қазақтың өлшем бірлігі:
“Қадақ”
А. 100
гр. В. 200
гр. С. 300
гр. D. 400
гр.
7. 5 санына қарама-қарсы
сан
А. 15.
В. -5.
С. 25.
D.
-25.
8. Ең үлкен екі таңбалы
сан
А. 100.
В. 999.
С. 10.
D. 99.
9. 64 саны қай санның
квадраты?
А. 16.
В. 4.
С. 8.
D.
6,4.
10.
52-5
А. 5.
В. 10.
С. 15.
D. 20.
11.
a2-b2
А.
(a-b)(a+b). В.
(b+a)(b-a).
С.
(a-b)(a-b).
D.
(a+b)(a+b).
12. Қайсысы
дұрыс?
А.
sinx+cosx=1.
В.
sinx-cosx=1.
С.
sin2x-cos2x=1.
D.
sin2x+cos2x=1.
13.
sin300
А.
0.5.
В.
0.6.
С.
0.4.
D.
1.
14.
tg450
А.
-1.
В.
0.
С.
1.
D. 2.
15. Үшбұрыштардың ішкі
бұрыштарының қосындысы неге тең?
А.
3600.
В.
2700.
С.
1800.
D.
900.
ІІІ.
Қорытынды.
Белгіленген уақыт бойынша ойын
нәтижесінде ең көп ұпай жинаған оқушы сайыстың жеңімпазы атанады.
Ойынға белсене қатысқан оқушылар
бағаланады.