Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мінез-адам көрсеткіші

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың адами құндылықты ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары № ___

Тақырып: Мінез – адам көрсеткіші

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:  Әдепті болу, ұқыптылық, басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу.
Сынып: 9 «Ә,Б»

Мұғалім: Абубакирова Мадина

Күні: 03-07.12.2018 ж

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адами құндылықты ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. 
Сабақтың міндеттері:

- оқушыларды басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету.
- оқушылар бойында ұқыптылық қасиетін дамыту.
- оқушыларды әдептілікке, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтыңбарысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тыныштық сәті. Жарық.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу үстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұрдан сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Енді көзіңізді ашуға болады.

Тыныштық сәтінде қандай әсер алдыңыздар?

Сабақ барысын талдау

3. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ар-намыс» тақырыбында мақал-мәтелдерді дайындап,жазу.



4. Дәйексөз.

Ұлтына, жұртына қызмет ету – біліммен емес, мінезден. 
Әлихан Бөкейханов
Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан 1866 жыл 5 наурызда Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала өлкесінде дүниеге келген. Ол ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист,мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы,этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы ұлы тұлға.
1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? 
2. Адамның жақсы мінезіне нелер жатады? 
3. Дәптерге жаздыру, жаттату.


5.Әңгімелеу .

1. Мұғалім сыйы. Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегі
Ерте ерте ертеде…Ешнәрсені ұнатпайтын, жылауық бір қыз болыпты. Ол үнемі өмірдің қиын, жаман екенін айтып, онымен күресуден шаршағанын айтатын. Бір мәселе шешілгенде, үнемі басқа бір мәселе шығатын болып көрінетін оған. Бір күні аспаз болған әкесі қызын ас үйіне шақырып, оған өсиет айтпақшы болады. Үш ыдысқа су толтырып, отқа қояды. Су қайнай бастаған кезде біреуіне картоп, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе дәнегін салады.. Қызына ешнәрсе айтпай, күтеді. Қызы да үндемеді, соңы не болады екен деп ол да күтті. Бірақ сабырсыз болғаны үшін тағы қанша күтетінін сұрап мазалана бастады. Әкесі үндемеді.
20 минуттан кейін, әкесі отты өшірді. Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегінен шыққан кофені бөлек - бөлек ыдыстарға қойды. Қызға:
– “Нені көріп тұрсың?”
– “Картоп, жұмыртқа, кофе дәнегін” деп түсінбей жауап берді қыз.
– “Жақынырақ келіп тағы қара” деді әкесі, “картопқа қолыңды тигіз.”
Қыз айтқанды орындап, картопты қолына алып оның жұмсарғанын айтты.
– “Тура солай жұмыртқаны да зертте”. Қыз жұмыртқа қабығының қатқанын айтты.
Ең соңыңда кофеден ұрттауын ұсынды әкесі. Қыз кофені ұрттап, оның дәмді екенін айтып күлімдеді. Сонда да ешнәрсені түсінбеген қыз: “Мынаның бәрімен нені айтқың келді, әке?”
Әкесі, картоп та, жұмыртқа да, кофе дәнегі де бірдей қайнаған судың ішінде тұрып бірдей қиыншылық көргендерін айтты. Бірақ осындай қиыншылыққа қарсы әрқайсысы әртүрлі күйге айналды. Картоп басында қатты, мықты болып тұрса, қайнаған судың ішіне түскен кезде жұмсарып өз күшін жоғалтты. Жұмыртқа өте нәзік, сезімтал болса басында, қайнаған суға түсіп қатты болды. Бірақ кофе дәнегі басқаша болды. Қайнаған судың ішіне түскенде ол өзі де суды да өзгертті де, алдымызға толығымен жап-жаңа нәрсе шықты.
Әкесі: – “Сен қайсысына ұқсайсың? Бір қиыншылық басқа түскенде әрекетің қандай болмақ? Картопқа ұқсап мыжылып кетесің ба? Әлде, жұмыртқаға ұқсап, жүрегің қатаяды ма? Әлде, кофе дәнегіне ұқсап, оқиғалардың сені жетілдіріп, өміріңе жаңа бір серпіліс жасауына рұқсат бересің бе?”
1. Аңызда қай құндылық туралы айтылып тұр?
2. Әкесі қызына қандай өсиет айтпақшы болды?
3. Қызы әкесінің сөзін қалай ұқты деп ойлайсыңдар?
4. Сендер өз бойларыңнан қай ұқсастықты байқадыңдар?
5. Адам өз мінезін өзгертіре алама?

2. «Шегенің іздері» фильмі қойылады.

Осы фильмнен не ой түйдіңдер?

3.«Сіздің мінезіңіз қандай?» ойыны. Оқушылар түстер арқылы мінездерін анықтайды. Алдымен берілген түстердің орысша, ағылшынша аудармасын тапқаннан соң өз мінезін біле алады.

1.Ақ (белый,white) түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттықтың мінезінен хабар береді. Ақ түсті таңдаған адамның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар ақ түсті киім кигенді қалайтын адамдар қарапайым өмірді қалайды.

2. Қызыл (красный,red) түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

3. Сары (желтый,yellow) түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылап, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті.

4. Жасыл (зеленый,green) түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

5. Күлгін (фиолетовый,violet) түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзгеге жаны ашығанымен өзін ғана ойлайды. Күлгін түсті қатты ұнататындардың осындай мінезі бар.

6. Көк (голубой, blue) түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар.

7. Қоңыр (коричневый, brown) түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес.

8. Сұр (серый, grey) түсті сақ адамдар жақсы көреді. Олар еңбекқор, жұмыста марапатқа ие болмаса да жұмысын тоқтатпай, жалғастыра береді.

9. Қара(черный,black) түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды. Жасыруға тырысады. Қара түсті таңдайтындардың шын мәнінде жан-дүниесі бостау келеді дейді психологтар.


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға фишкаларды таңдау ұсынылады (жапырақ, гүл, жұлдыз).

Тапсырма: Жақсылық – жан жадыратады тақырыбын қорғау. Жапырақ таңдағандар - Суретшілер тобы / сурет салу/, Гүл таңдағандар – Ақындар тобы /өлең шығару/, Жұлдыз таңдағандар – Актерлар тобы/Көрініс қою/ - ойлануға 5мин.беріледі.


7.Топпен ән айту.

Қазақстан бақытты 
әні,сөзі:Руслан Мамытовтікі 
Дәрібаевтар ансамблі орындайды.
 
Кең көсілген жерім бар. 
Айдын шалқар көлім бар.

Адамдары ақ-пейіл, 
Қазақ деген елім бар. 
«Қазақ» асыл тегім бар, 
Батырым мен бегім бар. 
Біз-Тәуелсіз, ұлы елміз, 
Болашақтан сенім бар. 
Қайырмасы : 
Қазақстан-Қазақстан 
Тәуелсіз ел бақытты. 
Қазақстан-Қазақстан 
Тәуелсіз жер бақытты. 

Ән-ұран боп әніміз, 
Оңнан атты таңымыз. 
Қазақ болып туылған 
Сая тапты жанымыз 
Алдан шығып бағымыз 
Жеке болды тағымыз 
Елтаңба мен көк туды 
Қастерлейік бәріміз.


8.Үй тапсырмасы.

14-сабақ. Оқулықта 77-бетте «Дән мен тас» ертегісін үйден оқып келу тапсырылады.


9.Сабақ соңындағы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12