400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мінез-құлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мінез-құлық ережелері тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 17.01.2024ж.

Сынып: 5

Тәрбиеші: Садақбаева.А.

Қатысқандар саны: 23

Қатыспағандар саны:0

Мектеп:

Д.Рақышев атындағы мектеп-интернаты

Сабақтың тақырыбы:


«Мінез- құлық ережелері»



Күтілетін нәтижелер

Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды;

Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;

Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.



Құндылықтарды дарыту:

Сөзіне берік, ісіне адал болу

Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;

Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну



Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, әдебиет,




АКТ қолдану дағдылары:





Эпиграф:

Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Бауыржан Момышұлы























Тәрбие сағатының барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы


«Есімдер аллитера-

циясы»






Мінез туралы түсінік


Тәрбиеші: Балалар, алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек. Мысалы: Мен ақылды–Айгүлмін. Ақкөңілмін, тез ашуланам.

Мен сымбатты-Сабирамын.

Тәрбиеші: «Мінез деген гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Мінез- әрбір адамның жеке басына тән өзіндік ерекшеліктердің жиынтығы. Мінез-өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысымен еңбексүйгіш, не жалқау, тәртіпті, не ұстамды болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.

Бірақ мінез-құлықты тәрбиелеуге болады. Оған жанұя, достар, үлкендер, орта әсер етеді.

-Айдос өте ақылды бала. Ол еңбекқор. Сабақты жақсы оқиды. Ұқыпты. Ұстаздың айтқанын екі етпей орындайды. Ата-анасының мақтанышы.

– Балалар бұл мәтінде мен Айдостың несін сипаттадым?

– Мінезін.

- Олай болса балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мінез- құлық ережелері»,- деп аталады.



















Негізгі бөлім

 

Ой қозғау









Сұрақ саған жауап маған








Шығармашы-

лық жұмыс

Тәрбиеші: -Балалар әрқайсыларыңның мінездерің әртүрлі. Мінездің қандай жақтарын білесіңдер?

-Жақсы жақтары және жаман жақтары бар.

-Ендеше балалар мінездің жақсы жақтары мен жаман жақтарын атаңдаршы.

-Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

Ауызша бағалау түрі

Тәрбиеші: Жақсы балалар. Ал, саған өз мінезін ұнайма? Өз  мінезің ұнамаса оны өзгертуге бола ма? Ол қиын ба?

(Оқушылар өз ойларын айтады)

Тәрбиеші: Ол өте қиын, бірақ мүмкін.

Қандай мақсатпен адам мінезін өзгерткісі келеді? Жақсы болу үшін, жетістікке, алға қойған мақсатына жету үшін.


«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында эссе



















Сергіту сәті


«Өз көңіл – күйін бейнелеу» жаттығуы


Өз көңіл – күй, сезім, эмоциясын саналы басқару қабілетін дамыту. Балалар өз қалауындағы смайликтерді алып, оны бейнелеп көрсету. Балалардың алған әсерлерімен бөлісу.







Кері байланыс



«Бас бармақ» тәсілі


Қорытынды


Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.
Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатымжетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі