Мінез құлық 7сынып Ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мінез құлық 7сынып Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология 7сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Апта дәйексөзі

Жаңашылдық – заман талабы

Бөлім:

«Координация және реттелу.»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7 «»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.6 - мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру

Құндылыққа баулу

жасампаздық және жаңашылдық


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

0-5мин

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Жеті рухани қазық» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне ұлттық рухтар ұсыну


Қызыл, жасыл, көк залдарға билеттер беру арқылы орналастырады. Билеттерде сандар орналасқан.



Алдыңғы білім тапсырмасын барабан айналдыра отырып ұсынады

Оқушылар ұстазымен амандасады, бір-бірлерін жігерлендіру үшін жақсы рухты сөздер айтады;

Оқушылар топтасады

1-топ Рефлекс тобы

2-топ Бейімделу тобы

3-топ Инстинк тобы




Оқушылар барабанды айналдыра отырып келген сұрақтарға жауаптарын айтады

Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!





-дұрыс жауаптарын айтады-1балл



https://wordwall.net/ru/resource/66965228

Жаңа сабаққа кіріспе

5-10мин

« Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.

Қалай ойлайсыздар құстың ұя салу әрекеті қандай инстинктивті мінез-құлықтың көрінісі болып табылады?Ұя салу және жұмыртқа басу үрдісінде ата-ененің рөлі қандай? Егер инстинктивті мінез-құлық бағдарламасында ауытқу болса, бұл құстардың ұрпақ жалғастыруына қалай әсер етеді?

Бейнекөрсетілім ұсынады, мұғалім түсіндірме жүргізеді

Теорияны бекіту тапсырмаысн орындайды

Оқушылар берілген суреттен өз ойларын айтады

Сұрақтарға жауап береді

Бейнені көре отырып өз жауаптарын негіздейді

Тапсырмаға жауап береді






Жарайсыздар!

Өте жаксы жауап!

Ұтымды жауап!

Мұғалім қошеметі






презентация































https://learningapps.org/view34323347

Жеке жұмыс

10-15мин

1-тапсырма Жеке жұмыс

Суреттерді талдау

  • Әр суретте қандай рефлекс (шартты немесе шартсыз) көрсетілгенін анықтаңыз.

  • Олардың пайда болу себебін және физиологиялық механизмін түсіндіріңіз.


Берілген суреттерді мұқият қарап, ондағы әрекеттерді анықтайды.

Әр суреттегі рефлекстің түрін (шартты немесе шартсыз) ажыратады

Дескриптор:

Суреттегі әрекеттерді дұрыс анықтайды.

Шартты және шартсыз рефлекстерді дұрыс ажыратады.

Рефлекстердің пайда болу себебін нақты түсіндіреді.-1баллл







Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс

15-25мин





Ж ағдаяттық мәтін : "Аралардың мінез-құлқы"Аружан жазғы демалыста ауылға барды. Күнделікті бақта апасымен жұмыс істеп жүріп, аралардың ұясын байқады. Сол кезде ол аралардың қорегін жинау, ұя салу, дернәсілдерін қорғау сияқты әрекеттерді дәлдікпен қайталайтынын байқады. Бір күні Аружан тәжірибе жасау үшін аралардың ұясының маңына тәтті сироп қойды, бірақ оны әдеттегі орнына емес, сәл алысырақ жерге қойды. Бірнеше ара бұл жаңа жерге келіп, қоректі тапты, бірақ қалған аралар бұрынғы орнына келіп, оны іздеуді жалғастырды. Аружан таң қалды осы мәтінге суретін салып берсеңіз

Мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты анықтайды.

Суретке қатысты берілген тұжырымдарды "Иә" немесе "Жоқ" деп белгілейді.

Биологиялық ұғымдарды олардың анықтамаларымен сәйкестендіреді.

Биологиялық диктант тапсырмасында бос орындарды сәйкес сөздермен толықтырады.


Бағалау дескрипторлары:

Дескрипторлар (Критерийлер)

Бағалау деңгейі

1

Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және дұрыс жауап береді.

Жоғары

2

Суретке сәйкестігін дұрыс анықтайды ("Иә" немесе "Жоқ").

Орташа

3

Биологиялық ұғымдарды анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіреді.

Жоғары

4

Биологиялық диктанттағы бос орындарды дұрыс толтырады.

Орташа

5

Инстинкт пен рефлекстерге өмірлік мысалдар келтіріп, түсіндіре алады.

Жоғары

Барлығы- 3балл

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері





Сабақтың ортасы

25-40мин





«Топтас, Талда, Талқыла»

1-топ оқушылары . «Шартсыз рефлекс», «шартты рефлекс», «инстинкт», «генетикалық түрғыда қаланған мінез-құлық» деген түсініктердің айырмашылығын сипаттаңдар. Қандай түсініктер синоним болып табылады?

2. Қарапайым шартсыз рефлекстер мен жануарларға төн күрделі инстинкті мінез-құлық арасында қандай айырмашылық бар?

2 -топ оқушылары 1. Омыртқалы және омыртқасыз жануарларда инстинкті мінез-құлық кан дай рөл атқарады?

2. Шартсыз рефлекстің қалыптасу және тежелу себептерін атаңдар.

3-топ оқушылары 1. Рефлексті жүзеге асыратын ОЖЖ бөлімдерінің рефлекс күрделілігіне байланысын талдаңдар. Ол не үшін қалыптасты?

2. Жеке ағзалар мен жалпы түрлерді сақтаудағы рефлекс түрлерінің және инстинкт ролін бағалаңдар.

Берілген сұрақтарды мұқият оқиды.
Топ ішінде талқылау жүргізіп, әр терминнің мағынасын түсіндіреді.
Мысалдар арқылы шартсыз рефлекс, шартты рефлекс, инстинкт және генетикалық мінез-құлықтың айырмашылығын анықтайды.
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың инстинкті мінез-құлқын салыстырады.
Шартсыз рефлекстің қалыптасу және тежелу себептерін зерттейді.

Дескриптор: Терминдердің (шартты, шартсыз рефлекс, инстинкт, генетикалық мінез-құлық) айырмашылығын нақты сипаттайды..
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың мінез-құлқын салыстырады..
? Рефлекстер мен инстинктердің жеке ағзалар мен түрді сақтаудағы рөлін бағалайды.

Барлығы әрбір топқа -2балл















Сабақтың ортасы

40-42мин

Бекіту тапсырмасын платформада ұсынады

Оқушылар тапсырманы тақтада орындайды

Дескриптор:

-сәйкестігін табады-1балл





https://wordwall.net/ru/resource/66965989

Сабақтың соңы

Кері байланыс

42-45мин







Кері байланыс «Білім қоржыны» әдісі

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын қоржынға салынған асыққа жазу арқылы қабылдайды.






Үй тапсырмасы Рефлекстерді жіктеу тәсілдерін анықтап Шартты жане шартсыз рефлекстерге мысалдар қарастыңыздар




Оқушылар берілген асықтарға

Сабаққа түсінуін

Қызықты өткендігін жазады

Бөлімдеріге өз ойларын жазып қоржынға салады

Мұғалім оқушыларды домбыра әдісі арқылы жинаған балдарын есептеп бағалайды

1-5балл-3

5-7балл-4

8-10балл-5























































Жағдаяттық мәтін : "Аралардың мінез-құлқы"

Аружан жазғы демалыста ауылға барды. Күнделікті бақта апасымен жұмыс істеп жүріп, аралардың ұясын байқады. Сол кезде ол аралардың қорегін жинау, ұя салу, дернәсілдерін қорғау сияқты әрекеттерді дәлдікпен қайталайтынын байқады. Бір күні Аружан тәжірибе жасау үшін аралардың ұясының маңына тәтті сироп қойды, бірақ оны әдеттегі орнына емес, сәл алысырақ жерге қойды. Бірнеше ара бұл жаңа жерге келіп, қоректі тапты, бірақ қалған аралар бұрынғы орнына келіп, оны іздеуді жалғастырды. Аружан таң қалды осы мәтінге суретін салып берсеңіз




1. Суретке сәйкестігін анықтау (Иә/Жоқ)

Төмендегі тұжырымдарды оқып, суретке сәйкес келсе "Иә", сәйкес келмесе "Жоқ" деп белгілеңіз:

  1. Аружан жазғы демалыста қалада демалды. ( )

  2. Аружан аралардың қорек жинауын бақылады. ( )

  3. Аралар барлық жаңа жерден қоректі тез тауып алды. ( )

  4. Аружан тәтті сиропты ұядан сәл алысырақ жерге қойды. ( )

  5. Аралар инстинктивті әрекеттер жасайды. ( )

Shape1

2. Сәйкестігін тап

Төмендегі сөздерді олардың дұрыс анықтамаларымен сәйкестендіріңіз:

Ұғымдар

Анықтамалар

1

Инстинкт

А) Тәжірибеге негізделген және жаттығу арқылы қалыптасатын рефлекс.

2

Шартты рефлекс

Б) Туыла салысымен берілетін, генетикалық тұрғыда негізделген мінез-құлық.

3

Шартсыз рефлекс

В) Организмнің туа біткен, автоматты түрде орындалатын жауабы.


3. Биологиялық диктант

Берілген сөйлемдердегі бос орындарды сәйкес сөздермен толықтырыңыз:

  1. Аралардың ұя салуы және қорек жинауы – ____________ мінез-құлыққа жатады.

  2. Шартты рефлекс өмір бойы ____________ арқылы қалыптасады.

  3. Тәжірибе барысында аралардың бір бөлігі жаңа қорек орнын ____________ тапты.

  4. Қатты тітіркендіргіштер әсерінен шартсыз рефлекстер ____________ мүмкін.

  5. Жануарлардағы шартсыз рефлекстердің орталығы ____________ мен жұлында орналасқан.


  1. Кілтті сөздер жаттығу, инстинктивті, тежелуі, ми бірден




Дескрипторлар (Критерийлер)

Бағалау деңгейі

1

Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және дұрыс жауап береді.


2

Суретке сәйкестігін дұрыс анықтайды ("Иә" немесе "Жоқ").

1

3

Биологиялық ұғымдарды анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіреді.

1

4

Биологиялық диктанттағы бос орындарды дұрыс толтырады.

1

5

Инстинкт пен рефлекстерге өмірлік мысалдар келтіріп, түсіндіре алады.


Барлығы 3балл







Топтқы тапсырма жауаптары

1. -топ «Шартсыз рефлекс», «шартты рефлекс», «инстинкт», «генетикалық тұрғыда қаланған мінез-құлық» деген түсініктердің айырмашылығын сипаттаңдар. Қандай түсініктер синоним болып табылады?

  • Шартсыз рефлекс – туа біткен, автоматты түрде орындалатын әрекеттер (мысалы, көзді жыпылықтату, жұтыну).

  • Шартты рефлекс – өмір барысында тәжірибе арқылы қалыптасатын рефлекс (мысалы, иттің қоңырау үніне сілекей бөлуі – Павлов тәжірибесі).

  • Инстинкт – күрделі, туа біткен мінез-құлық бағдарламалары (мысалы, құстардың жылы жаққа ұшуы, аралардың ұя салуы).

  • Генетикалық тұрғыда қаланған мінез-құлық – табиғаттан берілген мінез-құлық формалары, оған шартсыз рефлекстер мен инстинкттер кіреді.

Синонимдер: «Инстинкт» пен «генетикалық тұрғыда қаланған мінез-құлық» – синонимдер.

2. Қарапайым шартсыз рефлекстер мен жануарларға тән күрделі инстинкті мінез-құлық арасында қандай айырмашылық бар?

  • Қарапайым шартсыз рефлекстер – белгілі бір тітіркендіргішке берілетін қарапайым жауаптар (мысалы, көзді ашып-жұму, ауырсынудан қолды тарту).

  • Күрделі инстинкті мінез-құлық – бір-бірімен байланысқан бірнеше әрекеттен тұратын туа біткен күрделі әрекеттер жиынтығы (мысалы, құстардың ұя салуы, аралардың бал жинауы).





















2-топ
1. Омыртқалы және омыртқасыз жануарларда инстинкті мінез-құлық қандай рөл атқарады?

  • Омыртқалы жануарларда: Инстинкттер тамақ табу, көбею, қауіптен қорғану сияқты маңызды әрекеттерді басқарады (мысалы, қасқырлардың топ болып аң аулауы).

  • Омыртқасыз жануарларда: Инстинкттер негізгі тіршілік әрекеттерін басқарады, өйткені олардың жүйке жүйесі қарапайым (мысалы, өрмекшілердің тор құруы, құмырсқалардың илеу салуы).

2. Шартсыз рефлекстің қалыптасу және тежелу себептерін атаңдар:

  • Қалыптасу себептері: Генетикалық бағдарламалар, туғаннан бастап ортаның әсері (мысалы, баланың еметін рефлексі).

  • Тежелу себептері: Ортаның әсерінен пайда болатын шартты рефлекстер, жүйке жүйесінің бұзылуы, ми жарақаттары.

Shape2



3-топ
1. Рефлексті жүзеге асыратын ОЖЖ бөлімдерінің рефлекс күрделілігіне байланысын талдаңдар. Ол не үшін қалыптасты?

  • Жұлын: Қарапайым рефлекстер (мысалы, ауырсынғанда қолды тарту).

  • Сопақша ми: Тыныс алу, жұтыну, жүрек соғысы рефлекстері.

  • Ортаңғы ми: Көздің жарыққа реакциясы, қарашықтың кеңеюі.

  • Мишық: Қозғалысты үйлестіру рефлекстері.

  • Үлкен ми сыңарлары: Күрделі шартты рефлекстер, оқыту және үйрету процестері.

Қалыптасу мақсаты: Ағзаның қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ету және тіршілікті сақтау.

2. Жеке ағзалар мен жалпы түрлерді сақтаудағы рефлекс түрлерінің және инстинкттің рөлін бағалаңдар:

  • Жеке ағзаны сақтау: Ауырсыну рефлексі, қорғаныс әрекеттері (мысалы, қолды ыстықтан тарту).

  • Түрді сақтау: Көбею және ата-ана инстинкті (мысалы, құстардың балапандарын асырауы, аңдардың төлдерін қорғауы).

1-топ суреті


Мына сурет қарапайым шартсыз рефлекстер мен жануарларға тән күрделі инстинкті мінез-құлықтың айырмашылығын көрсетеді. Сол жақта иттің тамақты көргенде сілекей бөлінуі (шартсыз рефлекс), ал оң жақта құстың ұя жасап, балапандарын қоректендіруі (күрделі инстинкт) бейнеленген. Бұл айырмашылықты талдауға көмектеседі.





2-топ суреті . Бұл иллюстрация омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың инстинкті мінез-құлқын салыстырып көрсетеді, сондай-ақ шартсыз рефлекстің қалыптасуы мен тежелуін сипаттайтын шағын диаграмма да қамтылған.





Бұл иллюстрация рефлекстің күрделілігі мен орталық жүйке жүйесінің бөлімдері арасындағы байланысты көрсетеді. Сонымен қатар, рефлекстер мен инстинкттердің жеке ағзалар мен түрлерді сақтаудағы рөлі де бейнеленген.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2025
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі