Материалдар / Міржақып Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы мазмұны бойынша сұрақтар жауабымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Міржақып Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы мазмұны бойынша сұрақтар жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Міржақып Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы мазмұны бойынша сұрақтары жауабымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2023
1040
6 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1.Енді ертең не болса да бір іс қылыңыздар, мен қазір де малға бітпеймін. Мыналардың бізге барып қалған он жақсы жылқысы бар, бұл мал менің жауыма қайтарылып берілгенше ѳздерің олжа қылыңдар, мен кешіктірмей сатып жіберемін. Сіздер бір жолға менің намысымды жоқтап не дегенімді істеп беріңіздер? – деген кімнің сөзі қай кезде кімге айтқан сөзі?

2.Жамалды қызша киіндіріп, шашын жіберіп, оқытуға да разы болды.Осылай жасауына не себеп болды?

3.Еш бір ғылым оқымаған момын, мал баққан кісі еді. Атасынан артық дәулет қалмаса да, берірек келген соң малы да жақсы болып, жылқысы жүзден асып, екі жүз, үш жүздеп қой да бітіп, қатардағы малды үйінің біріне қосылып еді. кім туралы?

4.Нағашылары да үрпиісіп қалып, Жамалдың түсі қорыққаннан ѳзгеріп кетті... Жамалдың кѳзінен қанды жастар тѳгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісті... Осы кезде қандай жағдай болған еді?

5. Сәрсенбай .......келгенде ғұмырында көрген баласы осы еді. Неше жасында?

6.Бірақ оқытқанда хат жазып кетерліктей де оқытпаңыз, хұсуса жәдид молдалардан оқытпаңыз, не үшін десеңіз, олар әуелі дін, иман білгізіп, намаз оқытпай, «Иман шарт», «бәдуәм», «әптиек», «әйжіктерді» былай қойып, орыстарша а. б. т, деп орыстың ісін қуаттап, балаңды бұзады, - деген сөз кімдікі? Кім туралы? Кімге айтады?

7.«Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы деп, Сәрсенбай басқа сѳз айтпай, ішінен мыңқылдап отырып қалды. Сәрсенбай кім туралы осылай ойлап отыр?

8.- Құдай сақтасын, не айтасың, жаным сенің жолыңда құрбан, сенен тірі айрылғаннан ѳлім маған кѳп артық, - деген сөз кімдікі?

9. Бұл сапарда сайлаудағы шыққан шығын, кеткен намыс әм ілгерідегі үміт әммасы қосылып, оның үстіне кѳлденең кісілердің сѳзі де қамшы болып....не туралы?кімнің намысы?

10. Жамал мен Ғалидың жақын болып жүргендерін біліп, кѳріп жүрсе де, білмегенсіп жүруші еді. Кім туралы?

11.- Оның бізге несін айтасың, біздің сенен аянар еш нәрсеміз жоқ. Бұл заманда қыздың басында ерік бар ғой, азар болса малын алар, кім қызды тегін береді, - деген сөздерді кім айтты? Кімге айтады?

12.Бай, осы сіздің мырзаңыздың есімі қалай? Қыздың атын қойғансыз ба?- деді (Жамалды ербала деп отыр екен). Сәрсенбай азырақ тоқтап тұрды да, күлімсіреп: «Тақсыр, мұның мәнісі бар, біз бастан кем кісі. Кімнің сөзі? Әңгіме не туралы?

13.Қызды жастай құда болып, біреуге беріп қоятын жаман ғадетін жек кѳрген кім?

14. «Жамал Сәрсенбайқызына ешкім қиянат, жәбір қылмасын! Сүйген күйеуіне баруға ѳзіне ерік берілді. Қалыңмал хақында дау болса, волостной съезге саларсың»деген қағазды кім берді?

15.Өздеріне қырық шақырым жерде Сайболат деген елде Жарас деген молланың бір ұл, бір қызы бар екен. Молла опат болған соң, қатынын бір жақын кедей әмеңгері алып, әлгі екі жетім бала соның қолына шыққан еді. Кім туралы?









1.Енді ертең не болса да бір іс қылыңыздар, мен қазір де малға бітпеймін. Мыналардың бізге барып қалған он жақсы жылқысы бар, бұл мал менің жауыма қайтарылып берілгенше ѳздерің олжа қылыңдар, мен кешіктірмей сатып жіберемін. Сіздер бір жолға менің намысымды жоқтап не дегенімді істеп беріңіздер? – деген кімнің сөзі қай кезде кімге айтқан сөзі?

ж\бы: Байжан болыс писір, осы жиылысқа келген бес би, һәм указной молда Ахметжанға айтқан сөзі. Жамал Ғалимен қашып кеткенде

2.Жамалды қызша киіндіріп, шашын жіберіп, оқытуға да разы болды.Осылай жасауына не себеп болды?

ж\бы: Молданың Жамалдың әкесіне Жамал туралы айтқан сөзі

3.Еш бір ғылым оқымаған момын, мал баққан кісі еді. Атасынан артық дәулет қалмаса да, берірек келген соң малы да жақсы болып, жылқысы жүзден асып, екі жүз, үш жүздеп қой да бітіп, қатардағы малды үйінің біріне қосылып еді. кім туралы?

ж\бы: Сәрсенбай туралы

4.Нағашылары да үрпиісіп қалып, Жамалдың түсі қорыққаннан ѳзгеріп кетті... Жамалдың кѳзінен қанды жастар тѳгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісті... Осы кезде қандай жағдай болған еді?

ж\бы: Ғали науқастанғанда

5. Сәрсенбай .......келгенде ғұмырында көрген баласы осы еді. Неше жасында?

ж\бы: 45 жас

6.Бірақ оқытқанда хат жазып кетерліктей де оқытпаңыз, хұсуса жәдид молдалардан оқытпаңыз, не үшін десеңіз, олар әуелі дін, иман білгізіп, намаз оқытпай, «Иман шарт», «бәдуәм», «әптиек», «әйжіктерді» былай қойып, орыстарша а. б. т, деп орыстың ісін қуаттап, балаңды бұзады, - деді.

ж\бы: Молданың Жамалдың әкесіне Жамал туралы айтқан сөзі

7.«Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы деп, Сәрсенбай басқа сѳз айтпай, ішінен мыңқылдап отырып қалды. Сәрсенбай кім туралы осылай ойлап отыр?

ж\бы: Шолпанның Жамалды айттырған наразылығына қарап.

8.- Құдай сақтасын, не айтасың, жаным сенің жолыңда құрбан, сенен тірі айрылғаннан ѳлім маған кѳп артық, - деген сөз кімдікі?

ж\бы: Жамалдың Ғалиға айтқаны

9. Бұл сапарда сайлаудағы шыққан шығын, кеткен намыс әм ілгерідегі үміт әммасы қосылып, оның үстіне кѳлденең кісілердің сѳзі де қамшы болып....не туралы?кімнің намысы?

ж\бы: Сәрсенбайдың намысы, Байжанмен құда болсам деген ойы

10. Жамал мен Ғалидың жақын болып жүргендерін біліп, кѳріп жүрсе де, білмегенсіп жүруші еді. Кім туралы?

ж\бы:Шолпан анасы

11.- Оның бізге несін айтасың, біздің сенен аянар еш нәрсеміз жоқ. Бұл заманда қыздың басында ерік бар ғой, азар болса малын алар, кім қызды тегін береді, - деген сөздерді кім айтты? Кімге айтады?

ж\бы: Ғалидың сенімді құрбылары Жүніс, Нұрмаш деген жігіттер

12.Бай, осы сіздің мырзаңыздың есімі қалай? Қыздың атын қойғансыз ба?- деді (Жамалды ербала деп отыр екен). Сәрсенбай азырақ тоқтап тұрды да, күлімсіреп: «Тақсыр, мұның мәнісі бар, біз бастан кем кісі. Кімнің сөзі? Әңгіме не туралы?

ж\бы: Молданың Жамалдың әкесіне Жамал туралы айтқан сөзі

13.Қызды жастай құда болып, біреуге беріп қоятын жаман ғадетін жек кѳрген кім?

ж\бы: Фатихолла бай

14. «Жамал Сәрсенбайқызына ешкім қиянат, жәбір қылмасын! Сүйген күйеуіне баруға ѳзіне ерік берілді. Қалыңмал хақында дау болса, волостной съезге саларсың»деген қағазды кім берді?

ж\бы:начальник болысқа берді Жамалдан

15.Өздеріне қырық шақырым жерде Сайболат деген елде Жарас деген молланың бір ұл, бір қызы бар екен. Молла опат болған соң, қатынын бір жақын кедей әмеңгері алып, әлгі екі жетім бала соның қолына шыққан еді. Кім туралы?

ж\бы: Жамалдың анасы Шолпан туралы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!