жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мирзакаримова Рано Абдирашитовна
«Қош бол менің балабақшам»
Асылай:
Құрметты қонақтар
армысыздар
Бәрінізде есен- аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманның
Ал, достарым ақ жол тілеп,сөз бастаған.
Айсұлтан:
Ақ тілекті ақытып бір
тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.
Асылай: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәрін сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз.
Ортаға екі тәрбиеші ән айтып
шығады:
Сәлем гүлдей жайнаған
балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Міне ер жетіп бәрің бірге
Енді бірің мектепке барасыңдар
Қайырмасы:
Балаларым, балапандарым
Кілең беске оқы жарқындарым
Әрқашан тек шаттаныңдар
Болашаққа енді аттаныңдар
Қоштасамыз қимай бүгін сендермен
Әр қайсысың өз орның бар біздерге
Түлек болып ұшып кетіп барасың
Қиындықтар жолықпасын сендерге
Жүргізуші:
Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке. Яғни, бұл мереке-қуанышы мен қызығы мол балалардың «Балабақшамен қоштасу» мерекесі. Олай болса, бүгінгі кешімізді бастаймыз. Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса, болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар ! (Балалар орындарына келіп тұрады)
Алтыннан ардақты Күмістен салмақты бақшамыздың мақтанышы (Али)
Ақылына көркі сай Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры (Арсен)
Асқан білімді болатын Жақсы мақтау алатын бақшамыздың білімпазы (Илияс)
Мінезі бар салмақты
Алтыннанда ардақты (Алияс)
Әдемі ән айтатын Көңілді боп үйге қайтатын бақшамыздың көңілді бүлдіршіні (Айсұлтан)
Отбасының берекесі Ата-анасының еркесі (Нұрасыл)
Бойына жиған өнерді Әнші, биші өнерлі өнерпазымыз (Елдос)
Айтқанды тез ұғатын Бақшамыздың алғыры (Алинұр)
Ай десе аузы бар күн десес көзі бар бақшамыздың сұлуы (Асылай)
Аспандағы жұлдыздай Жағадағы құндыздай бақшамыздың ай жұлдызы (Айсезім)
(Мектепке баратын балалар кіріп өз орындарына келіп тұрады)
Ән «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші:
Алдыңдағы
балалар
Мектепке кетіп
барады.
Тақпақ айтып
бір-бірден,
Қимай кетіп барады,-дей келе ортаға
балаларымызды өз тақпақтарын айтуға
шақырамыз
Асылай: Қоштасып бала бақшамен Біріншіге барамыз, Өздеріңді ұмытпай Есімізге аламыз, Ұмытпас деп ұясын Тамаша ән саламыз
Нұрасыл: Қызық күндер өткіздік Бала бақша бағында, Көп оқыдық көп білдік, Елмен Отан жайында, Бұл қуаныш себебін Бізге қарап ұғыңдар, Туған Отан қуансын, Ер жетті деп бөбегің
Айсұлтан: Оқып жазып үйрендік Сезімді туған баламыз, Оянды ақыл санамыз Адамдықтың бастауын, Өзіңнен алып барамыз, Бүгін қызық, бүгін той Біздер үшін біліп қой, Әнге салып би билеп Жалғастырсын ойды-ой
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер
Өсті міне бойларың Өсті ақыл-ойларың Қуанышқа ортақпыз Құтты болсын тойларың дей отыра бүлдіршіндеріміздің биін қабыл алыңыздар !
Би: «Фламинго»
Жүргізуші:
Міне, балалар сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталып та кетті. Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға сәбилер тобынан келіп тұрған бүлдіршіндердің ақ тілегін тыңдасақ.
Жүргізуші: Думандатып бақшада Қызықты той басталсын, Балабақша бөбектері Әдемі ән шырқасын. Ән «Топ-топ балақан»
Балдырғанның білім кілтін ұстап бүгін қолыма Аманатқа тапсырамын Балдырғандар тобына
Ойын: «Кім мектепке тез жиналады ?»
Жүргізуші: Қарашы, бүгінгі күн қандай, Қалайша қаласың нұрланбай? Ортада ән салса түлектер Жер шары айналып тұрғандай!
Ән «Үйретеді»
Жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады Ән де айтып биде билеп жар салады Бүгінгі мерекеде билегенде Бүкіл ел шапалақпен қарсалады
Би «Мексикано»
Жүргізуші: Сән салтанат жасайық Күй сандықты ашайық Бұл мереке, бұл тойға Әнмен шашу шашайық-деп, Асылай мен Айсұлтанныңторындауындағы «Қос бәйтерегім» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз деп енді баларымыз кезекті тақпақтарына береміз
Али:
Шашымдыда тарадым Айнағада қарадым Ерте тұрдым ұйқымнан Мен мектепке барамын Таудан биік талабым Сүйреттіде саламын Әзір менің дәптерім Қарындашпен қаламым
Алияс:
Қанша бала қанша қыз Бір шоқ гүлміз баршамыз Біз ертеңгі ақынбыз Біз ертеңгі батырмыз Бір анадан туғандай Біз бәріміз татумыз
Илияс:
Тәрбие берген ұямыз Тәртіпті бала боламыз Қоштасып бала бақшамен Мектепке біз барамыз Мектепке енді барамыз Оқимыз сауық құрамыз Қашықта болмас арамыз Сіздерге келіп тұрамыз
Алинұр: Үлкендердей тап-таза Бормен жазар тақтаға Үлгілі бала боламын Жүретіндей мақтана Тәрбие алған баламыз Тәртіпті бала боламыз
Ойын:
Жүргізуші:
Жадыраған жаздай жылы, жаны бар, Жақсылықтың шырағы боп жағылар. Қадірлі ұстаздар гүлмен бірге жолдаған, Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал-дей отырып шәкірттеріміздің шын жүректен ризашылықтарын қабыл алыңыздар !
Асылай:
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Алтынкүл Шыңдалықызна мың алғыс
Айсезім:
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Гүлфайруз апайға көп рахмет
Али:
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апайларға Динараға мың рахмет
Алияс:
Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен мың алғыс
Жансұлу апайға мың рахмет
Илияс:
Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Гаухар Амина апайлар
Сіздерге де мың алғыс
Арсен:
Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Ғазиза мен Құралай апайларға
Айтамыз біз мың алғыс
Алинұр:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Ақмарал апайға көп рахмет
Арсен: Білім деген теңізде Желкенді ақ қайықтай, Ағылшын тілін үйреткен Рахмет сізге Камила апай
Нұрасыл:
Спорт сенің серігің Жаңға дауа, қолға күш Сергітетін адамды Қимыл менен қозғалыс Шынықтырған біздерді Айжамал апайға мың алғыс
Айсұлтан: Сүйрет салып үйреткен Қызық сабақ ол неткен Түрлі түсті бояулар Сұлулыққа үйреткен Дилфуза апайға көп рахмет
Елдос:
Жас ұрпаққа жалынды Сөз маржанын дарытқан Алдындағы баламен Тіл арқылы табысқан Орыс тілін меңгерген Үйретуді жөн көрген Марияш апайға мың алғыс !
Жүргізуші:
Алқа - жұртым, той -
думан,
Ортамызда
ашайық.
Ән мен күйді төгіп
біз,
Інжу маржан
шашайық!
Ән
орындалады.
Ән: «Қош бол балабақшам»
Жүргізуші:
Балаларды өнерлі,
Шақырамыз ортаға Тамсандырып көп елді,
Би билесін баршаға
Би:Флешмоб
Жүргізуші:
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!
Жүргізуші:
Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! — дей отырып құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Сулейманова Алтынкүл Шыңдалықызына беріледі !
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген