Тақырып бойынша 11 материал табылды

Митохондрия,пластидтер,қозғалыс органоидтары, олардың құрылысы және атқаратын қызметтері,жасуша қосындылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасушаның құрамдас бөліктері туралы баяндау. Жасушадағы органоидтардың әрқайсысының атқаратын қызметтері мен жасушалық қосындылар туралы білім беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:


Пән:

Биология

Пән мұғалімі:


Сыныбы:

9

Сабақтың тақырыбы:

Митохондрия,пластидтер,қозғалыс органоидтары, олардың құрылысы және атқаратын қызметтері,жасуша қосындылары

Сабақтың мақсаты:

Жасушаның құрамдас бөліктері туралы баяндау. Жасушадағы органоидтардың әрқайсысының атқаратын қызметтері мен жасушалық қосындылар туралы білім беру.

Күтілетін нәтиже:

Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;

Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;

Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді;

Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;

Ақпараттық білімдері сараланады;

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта,плакаттар,таблица, кесте, суреттер, смайликтер

Әдіс тәсілдер:

Диалог, жеке жұмыс, Интервью әдісі, деңгейлік тапсырмалар, карта ойыны

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

2 минут

Мұғалім сыныпқа кіріп,оқушылармен амандасады.

-Сәлеметсіздерме,балалар!

-.......

-Отырыңыздар!Сыныпта бүгін кім кезекші?

Бүгін сабақта кім жоқ?



Мұғаліммен амандасады,кезекші жоқ оқушыларды айтады,топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды.

Тұсаукесер

10 минут

«Билеттер арқылы». Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1-8 вагондарға бөлініп отрады. Сол билеттердегі рет бойынша үй жұмысын сұрау



Оқушылардың барлығы да қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді

Негізгі бөлім

12 минут

Митохондриялар -бүкіл эукариотттық ағзаларға тән қосжарғақшалы органоидтар.Бұлар-өте күрделі құрылысты органоидтар,олардың құрамы екі жарғақшамен шектеледі.Cыртқы жарғақшаның митохондриясы тегіс.Оның сыртында онша үлкен емес жарғақшааралық кеңістік болады.Одан әрірек тарақшалар деп аталатын бүрлері бар ішкі жарғақшасы бар.Бұл жарғақша нәруыздарға бай және құрамында 20%фосфолипидтер бар.Тап осы митохондрия қатпарларында энергия алуға байланысты маңыздырақ үдерістер жүреді.Митохондриялардың сұйықтық ортасы матрикс деп аталады.Оның ішінде өзінің ДНҚ сақиналы молекуласы,ұсақ рибосомалар,көптеген ферменттер және басқа заттар жүзіп жүреді.Митохондрияларды АТФ түріндегі энергия қамтамасыз етедіндіктен жасушаның күш стансасыдеп аталады.АТФ синтезі басқа ағзалық заттарды ыдырату есебінен өтеді.Ал жасушалық тынысалу және асқорыту процестері митохондрияда бірігеді.Тынысалу-ағзалықтар оттегінің әсерінен ыдырайтындықтан,қосалқы өнім ретінде көмірқышқыл газ бөледі.Ал асқорыту кенеулі заттар ең соңғы қосылыстарға-су және көмірқышқыл газға дейін ыдырайды.Алайда АТФ синтезінен басқа митохондрияларда жасуша заттарының өзара айналуына байланысты маңыздырақ үдерісі өтеді.Дәл осы үдерістен кейін митохондрияларда жасуша көмірсулардан-май,ал өсімдіктерде нәруыздар құрылады.Сондықтан митохондриялар оттексіз ортада мекендейтін ағзалардың жасушалары үшін өте маңызды.Митохондрияның пішініне келетін болсақ,ол әр түрлі-жіп және шар пішінді болып келеді.Оның ұзындығы-10 мкм,ал диаметрі-0,2-ден 1 мкм шамасында болады.Митохондриялардың саны жасушалардың белсенді қызметіне байланысты,1 митохондриядан 100 000-ға дейін болуы да мүмкін.Әсіресе энергияны көп шығындайтын жасушаларда митохондриялар өте көп.Олар:бұлшықет және жүйке жасушалары.Жасуша бөлінген кезде митохондрия еншілес жасушалар арасында шамамен тең бөлініп,таралады.Жаңа митохондриялардың бөлінуі бактерияларға ұқсас болады,олар да өздігінен екі еселену есебінде жүреді. Алайда митохондрияның ойдағыдай көбеюі үшін ядролық ДНҚ-да коды жазылған бірнеше нәруыздар қажет,олар цитоплазмадан түседі.Ал қалған жағдайларда митохондриялар тіршілігін қоректік ортада,жасушадан тыс қамтамасыз етеді.Оларда заттардың ыдырау үдерістері мен АТФ синтезін қамтамасыз ететін ферменттер синтезделеді

Пластидтер-өсімдіктер жасушасының қосжарғақшалы органоидтары.Ең белгілі және көп таралған пластидтер-хлоропластар.Олар фотосинтез үдерісін іске асырады.Жалпы айтқанда пластидтер мен митохондриялардың қызметі бір-біріне ұқсас.Пластидтерде де екі жарғақша бар:сыртқысы-тегіс,ішкісі ішке қарай батыңқы-тилакоидтар тәрізді болады.Жоғары сатыдағы өсімдіктерде әдетте хлоропластардың пішіні сопақ,екі жағы дөңес линзаға ұқсас болады.Мөлшері орташа есеппен-5-10 мкм ұзындықта,ал диаметрі 2-4 мкм болады.Жасушадағы саны 15-тен 50 данаға дейін барады.Ал төменгі сатыдағы өсімдіктердің хлоропластары мөлшері және пішіні бойынша алуан түрлі.Алайда балдырларды хлоропластар саны көп емес,1-ден бірнеше данаға дейін ғана барады.Осы ерекшелікті айрықша көрсету үшін балдырлардың хлоропластарын хроматофор деп атайды.Хламидомоналардың хроматофоры таға пішіндес,спирогираларда-шиыршықты,ал улотриксте-шеңбері түйіспеген сақина түрінде болады.Бұдан басқа тағы хромопластар және лейкопластар бар.

Лейкопластар-ақ немесе түссіз пластидтер.Оларда тилакоидтар аз болады,олардың негізгі рөлі-кенеулі заттарды крахмал түрінде жинақтау.Крахмал лейкопластарға ақ түс береді.

Хромопластар-құрамында қызыл,сары және қызғылт сары пигменттер-каротиноидтар болады.Хромопластардағы сияқты хромопластар каротиноиды ішкі жарғақшада жасалмаған.Мұнда олар кристалл түрінде қатысады.Каротиноидтар өсімдік жасушаларында мынадай үш себептен жинақталады.Тозаңдандырғыш бунақденелерді өзіне тартатынашық реңді гүл бөліктерінің каротиноидтарды жинақтауы-қырмызыгүл,күнбағар,жауқазын,наркес және т.б. Көбінесе жасушада тек қана пластидтің қандай болса да бір түрі болады.Пластидтердің барлығы жасушалардың арнаулы бағытқа қатаң бағытталмаған түзуші ұлпаларына-меристемаға қатысатын протопластидтерден тұрады.Қалайда меристемадан қай ұлпаның қалыптасу мүмкіндігінше қажетті пластидтер түзілетін болады.Егер меристемадан жапырақ түзілсе,оның жасушаларында хлоропластар түзіледі,егер сүректі сабақтың өзек жасушалары немесе картоп түйіні қалыптасса,онда лейкопластар қалыптасады.Хлоропластар митохондриялар сияқты тірі жасушаларда өздігінен екі еселене алады.Бұдан басқа,пластидтер біріне-бірі ауысады.Лейкопластардың хлоропластар болуы оңай-картоп түйіні жарықта жасыл түске енеді.Егер бөлме гүлін жарыққа қалдырса,онда хлоропластар лейкопластарға айналады.Бастапқы кезде алмалардың барлығы-жасыл түсті,соңынан олар ағарады немесе қызарады.Бұл жасыл хлоропласт бола алатынын білдіреді.Хлоропластар пластидтердің ең соңғы даму кезеңі болып табылады.Алайда хромопластар хлоропластарға айнала алмайды.


Оқушылар тақырыпты ұғыну барысында түсінбеген сұрақтарын қойып отырады.


Қорытынды

8 минут

1-тапсырма: «Карта» ойыны

Устелде оң жағында сұрақтар , сол жағында жауаптар. Сұраққа жауап басу

Сұрақтар:

Рибосоманың құрылысы мен қызметі?

Энергия көзі?

Диаметрі 15-35мкм кіші жәнетүлкен 2 бөліктен тұрады, нәруыздарды синтездейді?

Өсімдік жасушасында ғана болатын 2 мембраналы органоидтер?

Цитоплазмада бос күйінде немесе ЭПТ сыртқы бетінде орналасады?

Мембрананың қатты бөлшектерді қабылдауы?

3 микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады?

Жасуша қосындылары деген не?

2 – тапсырма: А,В,С деңгейлі тапсырмаларды ауызша орныдау

Оқушылар тапсырмаларға орындарынан қолдарын көтеріп жауап береді.Оқыған,білетін,жаңа ақпараттарын топ кезектесіп,ортаға салып айтады.Кезекпен ортаға шығып жұмыстарын,пікірін айтып өтеді.

Үйге тапсырма

3 минут

Парагрофты оқып, қосымша мәлімет жинау

Үй жұмысын күнделіктеріне жазады.

Рефлексия

3минут














Бағалау

3 минут

Picture 5



Сабаққа қатысу деңгейлеріне байланысты бағалау


Оқушылар кері байланыс жасайды.














Күнделіктерін алып келеді.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12