400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

М.Жжұмабаев 8сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға әрі ұстаздарға көмегі болар деген үміттемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: З.Хиясова

Пән мұғалімі: Н.Аязбаева

Күні

07.04.2016

Сыныбы

9-сынып

Пәні

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы

Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар», «От» өлеңдері

Жалпы мақсаты

Оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу. Оқушыларға ақынның қаламынан туған «Пайғамбар», «От» өлеңдерінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдері кеңейеді, өлеңді мәнерлеп оқу, талдау дағдылары қалыптасады.

Оқытуформасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер

Сұрақ- жауап (диалогтік оқыту), топтастыру, топтағы белсенді әрекетті дамыту үшін (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), жеке тапсырма, (талантты және дарынды балаларды оқыту)

Құрал – жабдықтар

Оқулық, стикерлер, көрнекі құралдар, таныстырылым, ноутбук, А3 қағазы.

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 9- сыныпоқулығы.


Жүру барысы


Кезеңдер\уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 кезең

Ұйымдастыру

1 минут



Үй тапсырмасын тексеру

10 минут









































Топқа бөлу

3 минут




Сынып оқушыларымен амандасу.

Қызығушылықты ояту




М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан тест сұрақтары.

1. Мағжан Жұмабаев 1905-1910 жылдары қай қаладағы медреседе оқиды?

А)Омбы Ә)Қызылжар Б)Мәскеу В)Қазан

2. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?

А)«Шолпы» Ә)«Сана» Б)«Шолпан» В)«Шолпан қыз»

3. Мағжан Жұмабаевқа қандай жасырын ұйымды құрғаны үшін айып тағылады?

А)«Алқа» Ә)«Жастар» Б)«Біз» В)«Бостандық»

4. Ақынның «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылып шықты?

А)Петропавл Ә)Бурабай Б)Қазан В)Омбы

5. Мағжан Жұмабаев қай жылы ату жазасына кесіледі?

А)1935 Ә)1936 Б)1937 В)1938

6. 1927-1929 жылдары қай қалаларда оқытушылық қызметтер атқарады?

А)Бурабай,Қызылжар Ә)Омбы, Бурабай Б)Қазан, Омбы В)Қызылжар, Омбы

7. Ақын 1929 жылы неше жыл айдауға кесіледі?

А)15 жыл Ә)10 жыл Б)8 жыл В)12 жыл

8. Ақын қызмет еткен журналды көрсетіңіз.

А) «Шолпан» Ә) «Қазақ» Б) «Бостандық» В) «Жастар»

9. 1923-1927 жылдары қай қаладағы әдебиет-көркемөнер институтында оқиды?

А)Петропавл Ә)Қазан Б) Мәскеу В)Омбы

10. 1937 жылдары қандай іспен айналысады?

А) шығарма жазу Ә)кітап жазу Б)өлең шығару В) аударма ісі


«Пайғамбар», «От» өлеңдерінің бірін жатқа айту.




Қиынды суреттерді құрастыру арқылы оқушыларды екі топқа бөлу.

І топ – Пайғамбар

ІІ топ –От

Оқушылар мұғаліммен амандасады.




Қол көтеру арқылы тест сұрақтарына жауап береді.









































Оқушылар қиынды суреттерді құрастыра отырып, екі топқа бөлінеді.

2 кезең

«Бірге ойлаймыз»

8 минут

Әр топқа тақырыптарына сәйкес сұрақтар қойылады.

«Пайғамбар» тобына

  1. Өлеңнің негізгі тақырыбы неде?

  2. Ақын өзін кімге теңейді?

  3. «Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар» деген жолдарды қалай түсінесіңдер?


«От» тобына

  1. Ақын не себепті өзін отқа теңеген?

  2. Қазақта от нені қандай қасиетті бейнелейді?

  3. «Оттан басқа тәңірі жоқ» деген жолдарды қалай түсінесіңдер?


Оқушылар топтарымен бірлесе отырып, сұраққа жауап дайындайды.

Салыстыру

6 минут

«Пайғамбар», «От» өлеңдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстыру.



Shape2 Shape1





Оқушылар екі өлеңнің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады.

Сергіту сәті

5 минут

Әр топ өз тақырыптарына сәйкес сурет салады.


Оқушылар топтарына сәйкес сурет салады.

3 кезең

«Ыстық орындық»

5 минут

Әр топтан сабаққа қатыспай отырған оқушылардан ортаға шығарылып, орындыққа отырғызылады. Оған қарсы топтан сұрақтар қойылады.

Орындыққа отырған оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.


Кері байланыс

3 минут

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс орнату.

Оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы мұғалімге кері байланысқа шығады.

Үйге тапсырма

2 минут

М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына реферат дайындау.

Үй тапсырмасын күнделтеріне жазып алады.







Бағалау

2 мин

Оқушылардың білімдерін бағалау.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі