жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Балалар мен үлкендер |
Мектеп: |
|||||||||||||||||||
|
Күні: 17.01.1019 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Далибаева К.Ж. |
|||||||||||||||||||
|
Сынып: 7а |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы |
|||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.1.4.1-көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,үзінділерді жатқа айту |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады: |
|||||||||||||||||||
|
«Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкер бейнесіне талдау жасайды, үзінділерді жатқа айтады |
||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
||||||||||||||||||||
|
«Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкер бейнесіне баға береді, үзінділерді жатқа айтады және өзіндік пікірін ортаға салады. |
||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: |
||||||||||||||||||||
|
«Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін басқа шығармадағы кейіпкермен салыстырады, үзінділерді мәнерлеп оқып және өзіндік пікірін ортаға салу арқылы өмірмен байланыстырады. |
||||||||||||||||||||
|
Бағалаукритерйиі |
-Кейіпкер бейнесін ашады, үзінділерді жатқа айта алады |
|||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді тұлғасын тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих пәні |
|||||||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы |
|||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған тапсырма түрлері |
Ресурстар
|
||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы
2 минут
5-минут 2-минут
|
1.Жағымды психологиялық орта қалыптастыру: «Менің кейіпкерім» тәсілі бойынша 3-топқа бөліну |
Әлімов А. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер- Астана 2014ж 165-бет |
||||||||||||||||||
|
Қызығушылықты ояту: «Ұяшық »таңдау арқылы үй тапсырмасы тексеріледі
Ұяшықтағы сұрақтар: 1.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэзиясын жазуға қандай себептер ұйтқы болды? 2.Баян кім? Баянның батырлығы поэмада қандай әрекет үстінде көрінеді? 3.Ақын Баян образын бейнелеуде қандай көркемдеуіш құралдар қолданды? 4.Автор батыр Баян образы арқылы қандай идеяны айтқысы келген? 5.Қалмақ қызына автордың көзқарасы қандай? 6.Поэмада қазақ тарихының қай кезеңі суреттеледі? 7.Поэма деген не? . 8.Баян бойындағы ашу мен ақылды қалай түсіндірер едің? 9. Отаншылдық сезім дегенді қалай түсінесің?
|
||||||||||||||||||||
|
Жаңа сабақ 1-тапсырма.Өлеңдегі оқиғалардың ретін көрсете отырып, оқиғалар картасын әзірле:
«Оқиғалар картасы» үлестірме материал:
2.«Төрт қадам» әдісі арқылы төмендегі мәселелерді айтуы керек: 1. Шығармадағы 4 кейіпкерді ата; 2. Шығарманың құндылығына 4 сөзбен баға бер; |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 7 минут
7 минут
7 минут
9 минут |
Шығарма кейіпкерлері
«Менің кейіпкерім» концептуалдық кесте толтырыңдар. үлестірме материал
Дескриптор. Білім алушы : -кейіпкердің адамгершілік қасиеттерін таниды; -кейіпкер бейнесін талдайды.
3 -тапсырма. «Келісу-келіспеу»стратегиясы бойынша саралауға арналған тапсырма.Жақтаушылар: Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды. Қылмыс - кісіні әдейі қасақана дайындалып өлтіру ал бұл жерде батыр ар намысын, ел намысын қорғау үшін осындай әрекетке барды. «Жауға жаныңды берсең де, жолдасыңды құтқар»-деген сөз бар.Халқының намысын үшін,дұшпанға мазақ болмау үшін жасалған қылмыс – қылмыс емес-деп ойлаймын. Даттаушылар: Баянның інісін өлтіруі қылмыс.Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатады. Туғанын, бауырын, жалпы кісі өлтіру қылмысқа болады.Ашу-ызамен жасалған істі іске асырушы – Баян.Сұлудан айырылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді. Ол бұған кіналі емес.
«Соңғы сөйлемді мен айтамын» Шығарманы оқи келе мен мынадай қорытынды шешімге келдім ....Мен поэманы оқыған кезде Баянның батырлығына тәнті болдым. Әрине, Ноян мен қызды өлтірген кезде ренжідім, алайда батырдың бойында өз еліне деген отаншылдық рух бәрінен жоғары тұрғандығы таң қалдырды. Батырдың жан дүниесін түсінуге тырыстым. Ноянды да түсінгім келді. Ол жас болғандықтан сезімге бой алдырды. Ал қалмақ қызының да бойында өз еліне деген сүйіспеншілік, ата-анасына деген құрмет бар деп ойладым. ықтимал жауап 2.Шығарманы оқи келе мен мынадай қорытынды шешімге келдім, оның маңыздылығы мынада деп ойлаймын: Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалады. ӘР оқушы өзойын, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына өлердей ғашық болатын.. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. 4- тапсырма.»Жыр керуені» эстафетасы Оқушылар эстафетаны бір-біріне беру арқылы жыр жолдарын жалғастырып жатқа оқиды. ҚБ. «Бас бармақ» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды |
https://kk.wikipedia.org/wiki
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы.Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 7-сынып.13 –бет.
С.Ч.Тұрсынғалиевава,Р.Зайкенова Қазақ әдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбына арналған оқулық.- Астана: Арман ПВ,2017. 93 бет
|
||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
3минут |
Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:
Үйге тапсырма: «Кейіпкерге хат» |
Әлімов А. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер- Астана, 2014. 82-бет. |
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген