|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Үй тапсырмасын
тексеру.Миға
шабуыл (сұрақтар қойылады, оқушылар жауап беріп,
содан кейін қимылмен көрсетеді)
1. 1893 жылы... (Іңгәлау)
2.Қазақстанның қай өңірінде дүниеге
келді?...(Солтүстік ҚС.
Суық,тоңады,дірілдейді)
3. Уфадағы «Ғалия» медресесін қай жылдары
оқиды?(1910-1913ж)
4.Мағжан неше жасында хат таниды?(5
жасында)
5.Алғашқы жинағы қанша жасында жарық көреді?
(19жасында)
6.Мағжан шығармаларының негізгі
тақырыбы?
Слайд арқылы қорғау.
1-топ М.Жұмабаев өмірі туралы
2- топ М. Жұмабаевтің
шығармашылығы
3- топ М.Жұмабаев туралы айтылған қанатты
сөздер
(Екі жұлдыз,бір тілек)
ІІІ. «Батыр Баян» поэмасын топқа бөліп оқыту
(Мозайка әдісі)
I топ 167-169 бет
IІ топ 170-171 бет
III топ 172-174 бет
ІV.Елші жіберу шығарма мазмұнын
айту.
V. Шығармашылық жұмыс
1-топ «Білім шыңы» шығарманың
композициясы
2-топ Адами қасиеттер
3-
топ «Сырлы хаттар» кейіпкерлерге хат жазу.
(«Мағжан-эпик
ақын» журналын шығару)
2- сабақ
І.М.Жұмабаев «Батыр Баян» туралы бейнефильм
көрсету.
Шеңбер әдісі арқылы талқылау
ІІ.
Сергіту сәті ән тыңдату
ІІІ.
Ұялы телефонға кіру
Батырлық, ерлік туралы мақал- мәтелдер
табу,мағынасын ашу.
VI.RAFT – әдісін пайдалана отырып
кейіпкерлер бейнесіне ену. Бұл өз бетімен шығармашылық жұмысқа
жатады.
Үлгі: Бұл тапсырма алдын - ала берілді. Оқушылар үйден дайындалып
келуі керек.
Роль – қалмақ қызы
Аудитория – Баян
Форма – хат
Тақырып – кешірім
- Мен өмірімде үлкен қателік жібердім. Бұл ісіме әлі де өкінемін.
Ноян бұл іске лажсыз көнді. Оны өлім аузына өзім салдым.
- Сіздің де дәл осындай қатыгездікке баруыңызға кінәлі менмін.
Сіздің намысыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.
Роль – Батыр Баян. Аудитория – Ноян.
Форма - әңгіме.
Тақырып – өкінген іс.
- Мен Баян батырмын.
Қазақта «Батырды намыс өлтіреді» деген сөз бар. Мен ел намысын
қорғаймын деп осындай құрбандыққа бардым. Мені мұндай жағдайға
інімнің әрекеті мәжбүрледі. Ол ел намысын аяққа таптады. Бұл
ісімнің тым асығыстық екенін кеш түсіндім. Артымнан ерген жалғыз
бауырым еді. Орны толмас өкінішке душар болдым. Бұл ісімнің ешқашан
ақталмасын да білемін. Өмір бойы өзімді жазалап, өкініп
өтермін.
V.1-топ «Синквейн»
әдісі Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра
отырып, мінездеме беру.
Үлгі:
1. Кім? Зат есім 1 сөз.
2. Қандай? Сын есім 2 сөз.
3. Не істеді? Етістік 3 сөз.
4. Сөз тіркесі 3 сөз.
5.Зат есім
Синоним 1 сөз.
Мысалы:
1. Кім? Баян.
2. Қандай? Қайратты, намысқой.
3. Не істеді? Тұтқындады, ызаланды, өлтірді.
4. Баян Абылайдың қанатты батыры.
5. Кім? батыр.
«Ыстық»орындық Баян, Ноян,қалмақ қызы
2-топ «Буриме» әдісі
……………………….. болыпты,
……………………….. барыпты.
……………………….. әкеліп,
..........................
қалыпты.
Абылай үш жүздің басын қосқан хан
болыпты,
Ер Баян Абылай ханның ордасына
барыпты.
Бір жорықта он төрт жасар қалмақ қызын
әкеліп,
Бауыры Ноян сол сұлуға ғашық болып
қалыпты.
...... .............айтыпты,
.................... депті.
....................әкеліп,
....................тартыпты.
Асау жүрек сезімін Ноян қызға
айтыпты,
Сұлуда « тәнім түгіл жанымды қиям»
депті.
Аялдап тұра алмастан ат әкеліп
Екеуі ескен желдей жол тартыпты
....................естіпті,
..................... кернепті.
..................... жетіп,
.....................құшыпты.
Екі жастың қашқанын Баян
естіпті,
Батырды ашу-ыза кернепті.
Артынан көк тұлпармен қуып
жетіп,
Жолдыөзекте екеуі ажал құшыпты.
(Қыз сөзіне алданды қайран
Ноян,
Батырға қашқандары болды аян.
Артынан көк тұлпармен қуып
барып
Екі жасты Жолдыөзекте ажал
құшты)
3 -топ «Екі түрлі
түсініктеме»
Ыстық орындық (Баян, Ноян, қалмақ
қызы)
VI. «Заттай дерек» Деректі заттар арқылы сөйлем
айту.
VII.Бекіту. Ақылдың алты қалпағы (Эдвард
де Боно)
Ақ- Фактілер
Қызыл- Эмоциялар болжамдар,алдын ала
сезу
Қара- Сыни аналитик,логикалық
негатив
Сары- Шуақты оптимизм,логикалық
позитив
Жасыл- Шығармашылық өсу,мүмкіндіктер,
идеялар
Көк- Салқынқандылық, іс-әрекет
жоспары,өңдеу,шолу,ұйымдастырушы, шешім.
Үйге тапсырма: Қосжазба күнделігін
жазу.
Рефлексия, стикерлер жапсыру.
VIII. Қорытынды:оқушылар білімін
бағалау.
|