Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

М.Жұмабаев "Мен жастарға сенемін " өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік Өз елінің патриоты болу, еңбекқорлық, үлкенді сыйлау, табысқа қол жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жастықтың оты қайдасың?

Күні:


Сынып: 7-сынып


Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жом


Мұғалімнің аты-жөні: Ахмадалиева Динора


Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:


М. Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



7.О.3.3.1 Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау.


7.Ж3.Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу.


Сабақтың мақсаты:


М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» поэзиялық шығармасындағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау.

Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу.

Бағалау критерийі



-М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» поэзиялық шығармасындағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдайды.

-Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазады.


Тілдік мақсаттар




Пәнге байланысты сөздік қор мен терминдер:

теңеу: арыстандай, жолбарыстай, қырандай, сүттей, тау суындай;

метафора: айбатты, қайратты, қанатты;

Лексикалық минимум: от ойнар, жалын бар, жұмсақ мінез,ар, айбатты, қайратты, қанатты, сүттей таза т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Жастар деп кімдерді айтамыз?

-Бұл өлеңде автор кімдерге сенім артады?

-Ақын жастардың қандай қасиеттерін көрсетеді?

-Бүгінгі күннің жастары қандай?

Құндылықтарға баулу

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Өз елінің патриоты болу, еңбекқорлық, үлкенді сыйлау, табысқа қол жеткізу.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Бүгінгі жастардың бойындағы адами қасиеттерді жоғары қоюға баулу, оқушылардың еңбекке деген құштарлығын ояту.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Мағжан – ұлы ақын

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен оның шығармаларымен танысты.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы




5-минут





Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз». Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, жақсы тілектер айтады. Арыстан мен жолбарыс суреттері арқылы 2 топқа бөлемін.


Үй тапсырмасын сұрау.

«Өрмекші торы» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасаймыз. /Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

-Өтілген тақырыптарға шолу жасайды.

-Сұрақтарды дұрыс түсінеді.

-Ой қорытып, дәлелді жауап береді.


ҚБ. «Қошемет сөздер» арқылы



7 сынып

Оқулық

«Бәйшешек» баспасы






Сабақтың ортасы


3 -минут




















12-минут












































15-минут



























Оқылым алды тапсырма.

«Топтастыру» әдісі. ТЖ

1-тапсырма. Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, диаграмманы толтырыңдар

-Жастар деп кімдерді айтамыз?

-Қазіргі жастар қандай?


Shape1


Shape3 Shape4 Shape2

Shape5 Shape6 Shape7

Бүгінгі жастар қандай?



Shape8

Shape11 Shape9 Shape10


Shape12

Shape13




Оқылым тапсырмасы.

ЖЖ.

2-тапсырма. «Ыстық орындық» әдісі

Кестеге сәйкес өлеңді мұқият оқыңыз.Өлеңдегі кейіпкерлер образы мен олардың іс-әрекеттерін анықтаңыз. Кейіпкердің іс әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау жасаңыз.

Тақырып

Жастар бейнесін ашатын бейнелі сөздер

Жастардың

іс-әрекеттері

Кейіпкерлік –бейнелік талдау

«Мен жастарға сенемін»




Дескриптор:

-Өлеңді мұқият оқиды.

-Өлеңдегі кейіпкерлер образы мен олардың іс-әрекеттерін анықтайды.

-Лирикалық кейіпкердің образын талдайды.


ҚБ: "Мадақтау сэндвичі" әдісі арқылы оқушылар 1-ші ұнаған сәтті жақтарын, 2-ші сындарлы сын айтып, не нәрсені жақсарту керектігін айтып, 3-ші болашаққа комментарий жасау арқылы бір-бірін сыни тұрғыдан бағалайды.


Саралау

Т алантты және дарынды оқушылар:

Кейіпкерлер жүйесіне (автор мен кейіпкерлерге) бейнелік талдау жасайды.


Қабілеті әр түрлі оқушылар:

Мынадай сұрақтарға жауап береді:

1.Ақын бұл өлеңінде жастар образына қандай сипаттама береді?

2. Өлеңде жастардың іс-әрекетін бейнелеуде қандай көркемдегіш құралдардан ұтымды пайдаланған?


Арнайы қажеттілік талап етілетін оқушыларға көпірше ұсынылады:

Өлең шумағына қатысты теңеу мен метафора сөздерді көп нүктенің орнына қойып шығады.

1.............. айбатты,

............қайратты,

..............қанатты–

2.Көздерінде ...........,

Сөздерінде ...............

3..................жібектер,

...............таза жүректер.


Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар М.Жұмабаевтың өлеңдері туралы өздері білетін мәліметтерді айтып, өз пікірлерін дәлелдейді.


Жазылым. Жұптық жұмыс

3-тапсырма. Оқушылар берілген теңеу мен метафора сөздерді қолданып бес сөйлем құрастырады.

Дескрипторы:

-Метафора мен теңеуді орынды қолданып, сөйлем құрастырады.

-Метафора мен теңеуді ажырата алады.


ҚБ: «Айналмалы бекет» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді.

Саралау

Қабілеті жоғары оқушылар: (тапсырма арқылы)

Берілген метафора және теңеу сөздерді қатыстырып, «Бүгінгі жастар бейнесі» тақырыбында сипаттама мәтін құрайды.

Қабілеті әр түрлі оқушылар: көпірше арқылы

арыстандай, жолбарыстай, қырандай, сүттей, тау суындай.

айбатты, қайратты, қанатты.

Арнайы қажеттілік талап етілетін оқушыларға көпірше ұсынылады.

«Тізбекте не түсіп қалған» тәсілі арқылы көп нүктенің орнына төмендегі керекті бейнелі сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.

Керекті сөздер: Тау суындай, арыстандай, сүттей, қырандай, жолбарыстай,........ айбатты Кенесары ханның алдына кіруге көп адамның батылы жетпейтін. ........ қайратты, батыр інісі Наурызбай ғана емін-еркін хан ордасына кіретін. ...... жарық түнде Наурызбай туған жерін аңсап, қанатты ...... ұшып барғысы келетін. Оның ........ таза жүрегі елім-жерім деп соғатын.













Тұрақты теңеулер сөздігі (Т.Қоңыров, Алматы 2007)

















































Мұғалімдерге арналған нұсқаулық


Сабақтың соңы

5-минут

Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

* Бүгін мен...................... білдім

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.

*..................... тапсырманы мен орындадым.

*......................... екенін түсіндім.

*Мен енді....................... білемін.

*Мен............................... сезіндім.

*Мен..................................... білім алдым.

*Мен......................................... үйрендім.

*................................. менің қолымнан келді.

* Мен...................................... жасай алдым.

* Мен.................................... жасап көруге талпынамын.

*.................. мені таң қалдырды.

* Сабақ менің өміріме..... берді.

* Менің............. жасағым келді.


Оқу мақсатына жете алдық па? Қалай? Неге? деген сұрақтарға жауап аламын. Сабақта не өткені туралы оқушы жазбаша түрде берілген сөйлемді аяқтайды.

Үйге тапсырма: «Мен жастарға сенемін» өлеңін жаттау.








Қосымша ақпарат

Саралау- сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Саралау сабақтың өн бойында жүреді. Сәтті шыққан сабақтарда оқушылар тапсырмаларды орындауға өте қызығып және сол тапсырмаларды орындағаннан өзі үшін өте көп пайда алады. Меніңше, егерде осы сабақта оқушылар қандай да болмасын бір табысқа жетсе, ол мұғалімнің жетістігі.

Сабақ барысында мен жұмыстардың – «Топтастыру», «Ыстық орындық», «Өрмекші торы», «Айналмалы бекет» әдістерін тиімді қолданам. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар легін дайындадым. Алайда, тапсырма барлығына бірдей, ал жауап әр оқушымның білім деңгейіне қарай әр түрлі. Сұрақтар да дәл солай, ашық сұрақтар қоюды талап етемін. Осы жерде қабілетті оқушылар пікірлерін ортаға салып, ойларын дәлелді анық, нақты жеткізулері байқалады. Оқушыларға өздерінің қызыққан мәселелеріне жауап іздеуді ұсынамын. Бұл оқушылардың келешекте өз бетінше, біреудің көмегінсіз жұмыс жасау қабілетіне ықпал етеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса,неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

«Мадақтау сэндвичі», «Аяқталмаған сөйлем», «Активатор 3-2-1» әдістері арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауын бағалауды жоспарладым. Жоғарыда аталған әдістерді қолдана отырып, оқушылардың деңгейін анықтауға мүмкіндік аламын деген ойдамын. Тапсырмаларға дескриптор жасау арқылы оқушылардың білім деңгейін саралауда үлкен жетістікке қол жеткіземіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1:

2:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12