400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

М.Жұмабаев "Түркістан" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет пәнінен сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары


Пәні: қазақ тілі

Күні: 18.01.2018 ж

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы

М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі


Мақсаты

Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысу,. 2. "Түркістан"өлеңдегі ақын көтерген тақырыптарды ашу, балаларды ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру. 3. Оқушының тіл байлығын жетілдіру, тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу

Міндеті:

1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
2. Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы ену.
3. 
Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету.

Күтілетін

нәтижелер

1.Әр оқушы өзіндік пікірін жеткізуге дағдыланады;

2. Топта жұмыс жасауға үйренеді.

3. Көшбасшылық қабілеті ашылады

Қолданылатын әдістер

СТО, топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Керекті жабдықтар


Оқулық, М.Жұмабаев портреті, Мағжан Жұмабаев, және Түркістан қаласы туралы бейне матетиалдар, слайдтар


Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру

1 мин

Сынып оқушыларын түгендеу

Сабаққақа дайындық


Үй тапсырмасы

3 мин

1.Ж.Жабаев туралы, өлеңдері

2. «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» дастаны туралы


Мағынаны тану

2 мин

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-

- Бұл өлең жолдарының авторы кім?

Мағжан кім? Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, Алаш ардақтысы
-, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
-«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т. б.

М.Жұмабаев туралы білетіндерін айтады

Оқулықпен жұмыс.


5 мин

1905 - 1910 ж - Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегішевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.
1909 ж - Баспадан шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды..
1910 - 1913 ж. - Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды.
1913 - 1916 ж - Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
1923 - 1926 - Мәскеудің әдеби көркем институтында оқыды
1913ж.- Қазан қаласында “шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.
1927 ж - Елінде оқытушылық қызметпен айналысады
1925ж - “Алқа” әдеби үйірме ұйымдастырады
1936ж - Концлагерьден босанып шығады
1937 ж - Озбыр топтың қолына түседі
1938 ж 19. 03 - “халық жауы деп жала жауып, атып тастайды.
50 жылдан кейін - Ақын аты елімен, жерімен, ұрпақтарымен қайта қауышты

М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат алады


10 мин

Поэма мәтінін мәнерлеп оқу және әр шумаққа ат қою.

1) Түркістан қайда орналасқан?

2) Түрік және түркі сөздерінің мәнін қалай түсінесің? (Түрік – ұлт атауы, түркі - туыстас халықтар атауы)

3) Поэмада «Алаш» деген сөз жиі кездеседі оны қалай түсінесің?

1 шумақ - Түркістан – екі дүние есігі ғой.

2 шумақ - Тұран – ер түрік мекені.

3,4,5,6 шумақтарда – Тұран табиғаты.

6,7 шумақтарда - өзен-көлдері, жер-су аттары – Оқыс, Яқсарт - Жейхун- Сейхун - Амудария - Сырдария

8 шумақта – Тұран таулары Тянь-Шань,Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт.


Топтық жұмыс


10 мин

1-Т оп Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді. Себебі неде? Эссе жазу

2-топ Өлеңге жоспар құру.
1.    Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.
2.    Тұран жері – түркілер елі.
3.    Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.
4.    Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.
5.    Туған жер – тұғырың.

3-топ Өлеңдегі тарихи тұлғалар туралы

4- топ Түркістан қааасы туралы

Поэманы талдайды

Топтық жұмысты бірлесе орындайды, постер қорғайды

Өлеңнің көркемдік ерекшелігі

Семантикалық кесте

5 мин


сөздер

эпитет


матафора

теңеу

Ер түрік

+



Арқаның ардагері – қалың алаш


+


нажағайдай



+

кең ақыл

+



отқа ұқсап



+

отты қайрат

+



Алаштың арыстаны

+



жүйрік қиял

+



Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой


+




Өлең құрылысына талдау

2 мин

1 шумақтың өлең құрылысына талдау жасау

     3                           4                   4 

• Шер  батса// кім  іздемес//туған елін, 

•          3                     4                       4 

• Тұлпар да //  көксемей ме  // туған жерін? 

•       3                        4                      4 

• Арқаның  // ардагері – //  қалың алаш, 

•      3                        4                       4 

• Тұран да  // біле білсең,  // сенің жерің! 

Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ бар.Өлең 11 буынды  қара өлең ұйқасымен жазылған. 

Өлең құрылысына қарай талдайды

Жинақтау


2 мин

1.    «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған? (туған жер, атамекен)    

Берілген сұраққа жауап береді, ойларын айтады

Рефлексия

1 сөйлем


1 мин

Бүгінгі сабақтан не түйдім, нені білдім?

Сабақтан не түйгенін айтады

Үйге тапсырма

1мин

  1. «Түркістан» өлеңінен үзінді жаттау


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

1 мин

Топ басшысы топ мүшелерін бағалау

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды




Поэмаға сатылай кешенді талдау:

1.Авторы: Мағжан Жұмабаев «Түркістан» поэмасы

2.Тақырып – бұл тарихи туындының іргетасы. Бұл – тарихи поэма.

Тарихи поэма – бұл белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың

сәулесі

3.Жанр түрі – өлең, поэзия, себебі өлең дегеніміз – белгілі бір

өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып

келетін өрнекті сөз жүйесі.

4. Идеясы: автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін

суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан

бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

5. Поэма 8 шумақты. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды

білдіреді.

6. 32 тармақты. Тармақ – өлеңнің әр жолы.

7. Поэманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – поэмада туған жерді,

Отанды сүю, қорғау, әрбір оқушыны өздеріне артылған әлеуметтік,

азаматтық жүкті сезінуге, тәрбиелеуге арналған.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі