400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


3-БӨЛІМ: Балалар мен үлкендер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.1 әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар: Автордың іс-әрекеттерін анықтау, авторы бейнесіне талдау жасау;

Көпшілігі: Автордың поэмасын оқи отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау, автор поэмасының мазмұнын түсіну және өз пікірімен байланыстыруға дағдылану.

Кейбір оқушылар: Автор поэмасына өз ұстанымын білдіріп, қорытындылау, дербес ой білдіру, поэмада көтерілген мәселеге қатысты көзқарасын қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтер арқылы дәлелдеу, эпостық шығармалармен үндестігін мысал келтіре салыстыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

















Сабақтың ортасы









































































Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын еске түсіру. «Ашық және жабық сұрақтар» қою арқылы өткен тарауды қорытындылайды.

Қызығушылықты ояту

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте - бұлт, жерде - желмінгулеген,

Жереркесі - желдіңжөнінкімсұрар?


«Тірі кітап» әдісі

М. Жұмабайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер таратылады. Оқушылар оқып, танысып, «Идеялар тақатасына» алған мәліметтерін түсіреді

Мағынаны тану. Мұғалім сөзі

XVIII ғасыр – қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл атамекенді жат жерлік басқыншылардан азат ету жолындағы Отан соғысында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді.

Поэма сюжеті XVIII ғ. қазақ-қалмақ арасындағы аласапыран, қиын- қыстау күрделі заманды бейнелеп, ұлт азаттығы, халық бостандығы жолында жан аямай күрескен, тарихта болған Баяндай батырдың басына құрылады. Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, олардың алдына Абылай хан мен Батыр Баянды идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады.

1.«Джигсо» әдісі арқылы мәтін бөліктері таратылады. Оқушылар алғаш жанұятобынан жұмысшытобына 1, 2, 3, 4 деп санау арқылы бөлінеді. Мәтін бөліктері таратылып, әр топ өз мәтінімен танысады, топта талқылайды. Сосын жанұя тобына оралып, әр топтан келген өкіл поэма мазмұнымен толық топ мүшелерін таныстырып шығады.

Сізге поэманың қай бөлімі ұнады? Неліктен?

Shape1

Дескриптор

Білім алушы


  • шығарма бөлімін талдайды;

  • талдау барысында өз ойын нақты жеткізеді.

Тапсырма

  1. Мағжан поэмасымен таныса отырып, автордың нені арман еткенін байқадыңыз ба?

  2. «Батыр Баян» поэмасының астарлы мазмұнын ашыңыз.

  3. Эпостық шығармалармен үндестігін мысал келтіре салыстыру.

Шығармадағы автор бейнесі. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен әсерлей күшейте түседі. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты айтатындай. Әрине Мағжан ақында тек тарихты жырлап қою ғана емес, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті жырлау болып табылады. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші. Біз жұмыс барысының көп талдау нәтижесінде негізгі ойды поэманың бірінші бөлімінен көрдік. Мәселен,

 Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл қолым емес, кісендеулі

Сондықтан жаным куйіп жанады да. 

XX ғасырдың басында қиын қыстау заманда өмір сүрген Мағжан Жұмабаев сол кезеңдегі қазақ халқының орыс боданынан босап, жеке шаңырақ болуына күрескен азаматтардың бірі. Әрине, сол кезде Мағжан сияқты зиялыларды абақтыға жауып қолын кісендесе де, патриот азаматтардың қызыл тілін тия алмаған. Ескіні жырлау арқылы жаңаға жол беру мағжанның үрдісі. Жаңаға жол беру дегеніміз, сол кездегі қазақ халқына XVIII ғасырдағы қазақи рухпен жігерді бере білу. Батыр Баяндай ерін танып, ұмытпаған халықтың ерлікке, еркіндікке деген күш жігері артатыны сөзсіз. Мағжан Жұмабаевтың эпостық поэмасындағы  негізгі түйінді ой халықты жігерлендіріп, рух бере отырып, тарихымыздың алтын діңгегінен айырылмау болып табылады.

Мағжанның өз сөзіне үңілсек:

Әдемі өткенді ойлап айнымасам,

Сұм өмір күшті уын аяды ма?

 Ия, абақты аталған сұм өмір Мағжанды улады ғой. У ішуден бас тартқан Мағжан арғы тарихқа кетіп, сол арқылы берілген уға себетін қарсы у шашты. Поэмадан көргендей символист Мағжан Жұмабаев ең алдымен өз заманында қаламмен қаруланған батыр күрескер.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Автор бейнесін анықтап, талдау жасайды, эпостық шығармалармен салыстыра алады.

1. Мағжан поэмасымен таныса отырып, автордың бейнесін анықтайды;

2. «Батыр Баян» поэмасының негізгі түйінін анықтайды;


3.Оқушы автордың бейнесін поэмасы арқылы сипаттайды;

4. Эпостық шығармалармен үндестігін мысал келтіре салыстырады


Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару.





Оқушылар оқып, танысып, «Идеялар тақатасына» алған мәліметтерін түсіреді.




Оқушылар тапсырманы топта орындайды. Әр топқа шығармадан үзінді беріледі. Оқушылар үзіндіні топта оқып, мазмұнын талқылайды.
















Оқушылар сынып болып шығарманың композициялық құрылымын ажыратады және оны тақтаға жазады.
















Оқушылар шығармадағы автор бейнесін талдайды.










Қалыптастырушы бағалау.


ҚБ


























ҚБ




























«Шеңбер бойымен бағалау» әдісі. Жұптар кестелерін шеңбер бойымен бір –біріне берді, критерий бойынша бағалайды, комментарий жасайды.


https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%





Деректер жазылған қағаздар

А4 парағы


























WWW.zharar.com/kzw.


Үйге тапсырма: Поэмадан үзінді жаттау








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 тамыз
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі