|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық
оқушылар: шығарма эпизодтары мен
бейнелерді біледі
Оқушылардың көбісі: «Батыр Баян» шығармасын
басқа шығармалармен салыстырады;
Оқушылардың
кейбірі: Әдеби шығарма сюжетінің
құрамдас бөлшектерін талдау,ұқсас шығармалар
бойынша өз пікірлерін ортаға
салады.
|
|
Сабақтың
басы
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
Қызығушылықты
ояту
-Шығарманың «Батыр Баян» аталу
себебі неде?
- Поэманың кейіпкерлері
кімдер?
Кейіпкерлер:
Негізгі
кейіпкерлер: Баян, Абылай хан, Ноян, Қалмақ
қызы
Жанама
кейіпкер: Қанай, Ер Көкше,Ер Қосай,
Жанатай,Ұса, Серен
т.б

-Шығарманы тарихи шығарма деп
атауға бола ма?
Сабақтың тақырыбы мен
мақсаты анықталады.
|
Оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
Оқушылар шығарма
мазмұны негізінде қызықты сұрақтарға жауап
береді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
анықталады.
|
Қалыптастырушы
бағалау.
ҚБ

|
7-сынып «Қазақ әдебиеті»
оқулығы
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Мағынаны
тану
-
Балалар, тақырып дегеніміз
не?
-
Шығарманың идеясы деп нені
айтамыз?(балалар жауабы
тыңдалады)
-
Олай болса, біз бүгін «Батыр
Баян» поэмасының тақырыбы мен идеясын
талдаймыз.
Шығарма сюжеті бойынша
құрамдас бөлшектеріне талдау
жасаңыз.
« Батыр Баян» поэмасы
Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан
басталады.
Жүрегім, мен зарлымын
жаралыға, Сұм өмір абақты
ғой саналыға. Қызыл тіл,
қолым емес
кісендеулі, Сондықтан жаным
күйіп жанады да,-
деп ашынған
ақынның ішкі монологынан басталатын
поэма бірден кесек-кесек ой ағытады.
«Сұм өмір абақты ғой
саналыға» деп қызыл
империяға ашықтан-ашық айып тағады.
«Қызыл тілім
кісендеулі» деп тіл
бостандығының жоқ екеніне тоқталып
« қызыл
сұм» деген көріктеуші және
«кісендеулі» деп кейіптеу арқылы ақын
поэманың тілдік қуатын арттырады. «Сұм өмір
күшті уын аяды ма?»- деп өзінің ауыр
тағдырын қоса жырлайды. Уақыт өтер
ақынның жолы « қанды ор боп қалады»
деп ақын күңіренеді, толғайды көзіне
жас алады. Азаматтан дос таба
алмасаң, қаламыңмен сырлас- дейді. Ендеше,
ақында қаламымен
сырласады.
-
Шығарма сюжеті бойынша жоспар
құру.
-
Жоспар бойынша шығарма
мазмұнын еске түсіру.
-
Сатылай кешенді
талдау
Шығарманың
аты:
Авторы:
Жанр
түрі:
Тақырыбы:
Идеясы:
Кейіпкерлері:
Көркемдік
ерекшелігі:
Түйін:
Дескриптор:
-
шығарманың негізгі ойын
анықтайды;
-
шығарма сюжеті
жоспар құрады,
-
мазмұндайды;
-
шығарма бөлшектерін сатылай кешенді
талдайды.
ҚБ
Тапсырма. «ВЕНН
диагарммасы»

-
Оқушылар «Батыр Баян» поэмасы
мен «Қыз Жібек» жырын
салыстырады.
-
Батыр Баян» поэмасы мен «Қыз
Жібек» жырының мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты
салыстырыңыздар
-
Тақырыбы мен идеясындағы
ұқсастығы мен айырмашылығын
салыстырыңыздар
Дескриптор:
-
«Батыр Баян» поэмасы мен «Қыз
Жібек» жырын салыстырады.
-
«Батыр Баян» поэмасы мен «Қыз
Жібек» жырының мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты
салыстырады;
-
Тақырыбы мен идеясындағы
ұқсастығы мен айырмашылығын
салыстырады.
ҚБ. Бағалау. «Микрофон» әдісі. Мұғалім жеке
оқушыларға микрофон ұсыну арқылы топтарды бағалау критерийі арқылы
бағалатады және ұсыныстар
айтқызады.

|
Оқушылар шығарма сюжеті
бойынша құрамдас бөлшектеріне талдау
жасаңыз.
Оқушылар «Батыр
Баян» поэмасы мен «Қыз Жібек» жырын
салыстырады.
|
Қалыптастырушы
бағалау.
ҚБ

Бағалау. «Микрофон» әдісі. Мұғалім жеке
оқушыларға микрофон ұсынып, критерийі арқылы бағалатады және
ұсыныстар айтқызады.

|
Дереккөз: https://surak.szh.kz/217584/
М. Жұмабаев «Батыр Баян»
поэмасы
|
|
Сабақтың
соңы
|
Ой толғаныс. «ПОПС
формуласы»
Бірінші сөйлем: «Менің
ойымша...»
Екінші сөйлем: «Себебі мен оны
былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына
фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын...»
Соңғы сөйлем: «Осыған
байланысты мен мынадай қорытынды шешімге
келдім...»
Дескриптор:
ҚБ
|
Оқушылар «ПОПС формуласы»
арқылы ой қорытады.
|
Бағалау. «Микрофон» әдісі. Мұғалім жеке
оқушыларға микрофон ұсынып, критерийі арқылы бағалатады және
ұсыныстар айтқызады.

|
|