Материалдар / М.Макатаев "Аққулар ұйықтағанда"

М.Макатаев "Аққулар ұйықтағанда"

Материал туралы қысқаша түсінік
дайын ҚМЖ
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлім:

ІІІ тарау. «Махаббат және абырой»


Педагогтің аты-жөні:

Амирбекова Тазагул

Күні:18.01.25ж


Сыныбы: 8А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы астарлы ой


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.


Оқушылардың басым бөлігі:

Поэмадан автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының ерекшелігі мен тілдік көрінісін ажыратады, шығарма үзінділерінен мысалдар келтіреді.


Кейбір оқушылар:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне өзіндік көзқарасын сыни тұрғыда жеткізеді, өз ойларын дәлел келтіре отырып жаза алады.


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы






1 минут










3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу, оқушыны түгелдеу;

Ә) Білім алушының зейінін сабаққа шоғырландыру.





«Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін. ( Бірлік және Ынтымақ)


ІІ.Психологиялық жағымды ахуал жасау.

«Жылулық шынжыры» Жылулық шеңберінде педагог күлкінің маңыздылығына тоқтайды.



ІІІ. Топқа біріктіру. «Түймедақ гүлі» әдісі.

Бұл әдістің шартын оқушыларға түсіндіріп өтемін, себебі әрекет белсенді, әрі жылдам орындалу керек.


Шарты:

  • Ортаға түймедақ гүлі қойылады

  • Балалар, бүгінгі сабақта армандары орындалу үшін түймедақтың бір-бір гүлін жұлып алады

  • Артындағы сөздер бойынша топтасады

  • Сабақ соңында пікірлерін жазып, қайтадан гүлді қалпына келтіріп кетеді.

1-топ. «Автор бейнесі» тобы

2-топ. «Кейіпкерлер» тобы

3-топ. «Оқырман» тобы


Топтық жұмыс кезінде жұмыс қарқынын ескере отырып, қосымша уақыт беремін.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, өзара бірін-бірі түгендейді, зейінін сабаққа аударады.


Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылы күлкілерін сыйлайды, жақсы тілектерін айтады, өзара ынтымақтастық орта қалыптасады.



Мұғалім ұсынған тапсырманың шарты арқылы білім алушылар 3-топқа бірігеді.


Әрекет жылдам әрі белсенді орындалады.


Түймедақ гүлін таңдау қадамы балалар үшін жақсы көңіл-күй сыйлайды

Ауызша мадақтау сөздері қолданылады

«Өте жақсы», «Тамаша»



Оқушылардың өзара топқа бірігу әркетіне

мұғалім жетекшілігімен ауызша кері байланыс беріледі.

«Жарайсыңдар!», «Қандай керемет!», «Өте жақсы»





Оқу құралдары,

интерактивті тақта,  тақырыптық суреттер, сызба- кестелер, топ аттары жазылған тақтайшалар


https://erketai.kz/ /sergitu-satinin-zhinaktary/







https://multiurok.ru/blog/topk-a-boludin-turlieri-mien-t-sildieri.html



Сабақтың ортасы


5 минут















3 минут










































7 минут
















































7 минут











































































7 минут













































































  • Өткен материалды сұрау. (Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушылардың деңгейін ескере отырып қоямын)

  • Топтық жұмыс.

  • «Ой қозғау» әдісі

  • 1.Поэмада қандай мәселе көтерілді?

  • 2.Шығармада қандай кейіпкерлер бар?  

  • 3.Шығармадағы кейіпкер    бүгінгі өмірде де    кездеседі ме? Қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?

  • 4.Ананың аққуды атуға итермелеген қандай күш болды? 

  • 5.Аққу туралы қандай өнер туындыларын білесіңдер? 

  • 6.Тәуіп деген кім? Қазіргі таңда тәуіптер бар ма? Болмысы қандай?

  • 7.Тәуіптің айтқан емі  қазіргі медицинаға жата ма?       


                                           

  • «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: «Әділдік және Жауапкершілік» құндылығы

  • «Ой қозғау» сұрақтарын түйіндеу барысында поэма мазмұны бойынша «Ана мен баланың, бала мен ана арасындағы жауапкершілік» қандай болу маңыздылығын меңгерту үшін талқылау сұрағын қоямын.

Жаңа материалды меңгерту кезеңі

1.Оқушыларға сабақтың мақсаты мен тақырыбы, бағалау критерийі таныстырылады.



2.Барлық тапсырмалар топтамасы таныстырылым бейнесінде және кеспе қағаздар үлгісімен ұсынылады.



Сабақтың тақырыбы:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы астарлы ой



Оқу мақсаты:

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;



Бағалау критерийі:

Тілдік көріністі автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасы тұрғысынан талдайды.



Оқылым алды тапсырма:



1.Авторлық бейне мен шығармадағы кейіпкерлер бейнесі туралы ұғым.



2.Поэмадағы тілдік көріністер (көркемдегіш құралдар) мен кейіпкер бейнесінің өзара қарым-қатынасы жайлы түсінік



(Жаңа материалды бастамас бұрын жоғарыда көрсетілген ақпарат туралы қысқаша түсіндірме жұмыстарын жүргіземін, оқушыларды тақырып бойынша өз ойларын білдіруге тартамын)





(Білім алушылар топтық жұмыс барысында жалпы оқу мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ әр баладан әртүрлі нәтиже күтемін)





1-топ. «Автор бейнесі» тобы


Тапсырма. «Автор ізімен талдау» әдісі арқылы поэмада көтерілген мәселені, автордың көзқарасын, кейіпкердің іс-әрекетін, тілдік көрінісін берілген кесте арқылы талдаңыз.

(Осы тапсырманы орындау кезінде күтілетін нәтижені саралаймын. Әрі автордың көзқарасы мен кейіпкер әрекетіне өзіндік пікірін айта білуге, өмірге бейімдеу үшін функционалдық сауаттылығын дамыту үшін осы тапсырманы бердім)


«Автор ізімен талдау» кестесі


Көтерілген мәселе

Автордың көзқарасы

Кейіпкердің әрекеті

Тілдік көрінісін талдау

Тәуіптің ананы адастыруы




Отбасындағы жас баланың сырқаттанып қалуы




Ананың баласына деген шексіз махаббаты




Табиғатты қорғау




Тыйым сөздердің құндылығын, халық даналығын дәріптеу





(Сыныпта жеке жұмыс жасауды қажет ететін дарынды оқушыма топтық жұмыс барысында поэмадағы тілдік көрініске нақты талдау жүргізу үшін «З.Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабын» дереккөз ретінде ұсынамын. Оқулықтан тілдік көріністі талдап көрсеткен мысалдар топтамасы қай бетке екенін нақтылап ашып көрсетіп, баланы белсенді жұмыс жасауға ықпал жасаймын.)



2-топ. «Кейіпкерлер» тобы


Тапсырма. «Жазушы тілі» кестесі арқылы поэмадан автордың көркемдегіш тәсілдерді қолданылуын табыңыз, мысалдар келтіріңіз. Кесте бойынша көркемдегіш құралдардың қолданысын ажыратыңыз.

(Білім алушыларға берілген кесте бойынша тапсырманы орындауын түсіндіремін, кітаппен жұмыс жасауға бағыттаймын. Қолдау қажет оқушыларға көмек көрсетіп отырамын

Осы тапсырманы орындау кезінде күтілетін нәтижені саралаймын.

«Жазушы тілі» кестесі

Көркемдегіш құралдар

Анықтамасы

Үзінді

Теңеу

Теңеу – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.

Жаңбырдың тамшысындай, қарақшыдай, шашымдай


Метафора

Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. 

 Ақ төсек-аппақ айдын, аққу-бала, өмір-дария


Кейіптеу

Әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл

«Жетім көлге» қараудан шаршамаған,

Қанатынан үзіліп ән-самалы.

Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға.

Әлдилеп ақ төсінде бермейтінім.

«Жетім көл» жетімсіреп қала берді 

Эпитет

Эпитет немесе айқындау (грекше epitheton – қосымша) – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.

Тәкаппар құс, мөлтілдеген көз жасы, ақ қанатын сабалап… 

қатігез, сұрқай ой, ақша бұлт, сұм жүрек, аққу мойын, сүмбе қанат

Риторика-

лық сұрақ


Риторикалық сұрақ дегеніміз - шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді.

...Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

...Ей, кімсің?

Кеудеңде жаның бар ма?!

...Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!




3-топ. «Оқырман» тобы


Берілген «Оқырман» кестесіне сәйкес тапсырманы орындау қажет. Поэмадан оқиға эпизодтары, автор ойы ұсынылған. Берілген үзінділерге өз ойыңызды немесе пікіріңізді өмірмен байланыстыру арқылы көркемдеп жазыңыз.




(Осы тапсырманы орындау кезінде оқушыларға қосымша ресурс беру арқылы қолдау көрсетемін.)


Оқиға

Автор ойы

Кейіпкер тілі

Тілдік көрініс қолданысына пікірім

Ана қайғысы

...Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға, Жалғыздықтан жамандықтан бар ма, сірә...

Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып,

Қайдағы ой қатыгез, сұрқай ойлар,

Миын қарып барады, миын қарып,


Жетімкөлге аттанған ана

Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,

Ұша алмайды –ұшпақ боп күш құлады.

Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не

Топан су басып кетсін қалғандарын,

Перзент сұрап несіне армандадың?

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!


Аққуды атқан ана

Қалсын ана «Жетімкөлдің» жағасында,

Өлі менен тірінің арасында

Ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..
«...Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды,
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»
Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,
Жиылған жұртқа қарап алақтады.
Күледі, бірде жылап, зарланады,
Көкке қарап, бекерге қарманады.



Инлюзивті оқушыға ұсынылатын тапсырма:


( Білім алушының ойы жүйрік, жазылым дағдысын орындауға өте бейім. Жасерекшелік деңгейіне сай ойлау жүйесі толық жетілген, жазба жұмысын орындауды өте жақсы көреді, сауатты жазады. Бірақ айтылым дағдысының тапсырмаларын орындауға қиналады, тілінің мүкісі бар, тұтығып сөйлейді. Сондықтан да бар ойын жазба жұмысы арқылы көрсетуге дағдыланған.)

Тапсырма. Поэмадан берілген үзінділерді оқу арқылы «Аққу – айдын көлдің сәні» тақырыбында кейіпкер тіліндегі тілдік көріністі сипаттап, бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, ойтолғау жазыңыз. Тақырып бойынша өз ойыңызды 7-8 сөйлеммен жинақтаңыз.

Берілетін мәтін үзіндісі:

«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...

-Аққуменен баланы аластаңдар», -

Деді-дағы жайымен жөнеп кетті...


-Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

...Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз, ол да адамға бола туған.


«Жетімкөлге» барып қайт таң жамылып,

Таң атқанша қалайда тауға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалып,

Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!

Кім білсін, мүмкін, бірі жалған үміт...


-Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

...Оқ атам қасиетке қалай ғана?..

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!



(Оқушының білім алу сипатында ақпаратты қабылдау, игеру ерекшелігі бар. Сондықтан да жеке жұмыс жасауда қажеттілігіне қарай тапсырманы орындауға жағдай жасаймын.

Жеке жұмыс. Визуал- ақпаратты көру арқылы жете қабылдайтын оқушым бар. Оқыту стилі визуалды болғандықтан А4 қағазына тапсырма үлгілерін, мәтіндерді беремін. Визуалдар көргенін есте жақсы суреттік образдар арқылы сақтайтындықтан солай жоспарладым. )



  • «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: «Әділдік және Жауапкершілік» құндылығы



Жалпы сыныпқа ұсынылатын сұрақ:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып, қандай адами құндылықтармен таныстыңдар? Атап айтыңыздаршы.Мысалы:


  • Поэмадағы ана мен бала арасындағы құндылықтар бейнесі:

  • -мейірімділік

  • -бауырмашылыдық

  • -ақылдылық

  • -жауапкершілік

  • -әділдік

  • -махаббат

-тазалық

-шынайылық

Білім алушылар ұсынылған ашық сұрақтар топтамасы арқылы өз ойларын жинақтайды, алған білімдерін қайталауға мүмкіндік алады










Жаңа сабақтың тақырыбымен, бағалау критерийімен танысады. Жалпы сабақтың өн бойында оқу әрекеті арқылы практикалық жұмыс жасау дағдыларымен машықтанады.



Таныстырылымда көрсетілген материалдарды көру арқылы визуалды есте сақтау қабілеті артады.



Жаңа материал бойынша тапсырманы орындамас бұрын мұғалім жетекшілігімен жүргізген тақырып бойынша авторлық бейнені, кейіпкерлердің қарым-қатынастық тілдік көрінісі не екендігі туралы қосымша білім алады




Берілген кесте бойынша тапсырманы жан-жақты талдайды, мысалдар топтамасын келтіреді.






























З.Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабындағы теориялық мәліметтермен танысады, қосымша мысалдар дәлелдемесін келтіруге ықпал жасайды.









































Поэмадан көркемдегіш тәсілдерді табады, әрі өзара айырмашылығын таниды. Көркемдегіш құралдардың ережелерін еске түсіре отырып, мысалдарды / үзінділерді поэмадан табады.



Оқушылар дескрипторға сүйене отырып, нақты тапсырмаларды орындайды.























































Берілген кесте бойынша тапсырмаларды орындайды. Оқиға эпизодтарына сыни тұрғыда өз ойын жеткізеді, әрі дәлел келтіре алады. Ақынның суреттеуін, автор ойын өз түсінгі бойынша көркемдеп жазады.


Білім алушы берілген үзінділерді оқып, мазмұндық сипатын түсіну арқылы тапсырманы дескриптор бойынша орындайды.

Ойтолғаудың тақырыбы пен мазмұндық сипатын сабақтастыра алады, тақырып ашылады. Өз ойын нақтылап жеткізеді.

























































Білім алушы жазылым дағдысы бойынша тапсырманы белсенді орындайды, берілген дескриптор бойынша ойтолғауды көркем тілмен нақтылап, кейіпкер тіліндегі тілдік көріністі сипаттап жазады.



Поэма мазмұны бойынша кейіпкерлер бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді талдау арқылы адами құндылықтардың маңыздылығын атап өтеді.Мысалы:

-ананың баласына деген мейірімділігі;

-аналық жауапкершілігі;

-табиғаттың сұлулығын сақтауды үйренеді.

-аңшының жауыздығын көру арқылы балалар қатыгездіктен жиренеді


Оқушы берілген материалды ұстап көріп (А4 қағазы), ақпаратпен қосымша танысып, тақырыпты жете түсінуге мүмкіндік алады.



Берілген сұрақтарға жылдам, әрі нақты жауап беруін бақылаймын, уақытпен жұмыс жасау қарқынын саралаймын.Кері байланысты ауызша жүргіземін.

















































Қалыптастыру-шы бағалау. Өзара бағалау:

«Бір +, бір - » тәсілі


Дескриптор:


-көтерілген мәселені анықтайды – 1 балл;



-автордың көзқарасын жазады -2 балл;



-кейіпкердің әрекетін нақтылайды -4 балл;



-тілдік көрінісін талдайды – 1 балл;













































Күтілетін нәтиже:

Топ берілген дескриптордың шарты бойынша тапсырмаларды орындайды, әрі өзін-өзі бағалайды. Әр оқушыдан қабілетіне қарай әртүрлі нәтиже күтемін.


Дескриптор:



-поэмадан теңеуді табады -1балл ;



-метафораны анықтайды -1балл;



-кейіптеуді анықтайды -1балл;



-эпитет табады -1балл;



-риторикалық сұрақтарды табады- 1 балл;



























































Топ берілген дескриптордың шарты бойынша тапсырмаларды орындайды, әрі өзін-өзі бағалайды. Әр оқушыдан қабілетіне қарай әртүрлі нәтиже күтемін.



Дескриптор:



-берілген үзіндіден ақынның суреттеуін оқиды -1балл ;



-өзіндік пікірін дәлелдер келтіре отырып жазады-2 балл;



-берілген 3 оқиғаға пікірін нақтылайды -3балл;



-сауатты әрі көркем жазады -2балл;



































































































































Бағалау үдерісі мұғалім жетекшілігімен берілген дескриптор арқылы бағаланады, ауызша кері байланыс жасалады. Оқушының жазба жұмысындағы негізгі ойды сыныпқа оқып беру арқылы баланың ерекше қабілетін дамыту мақсатында мадақтау сөздерді айту арқылы оқуға деген қарқынын арттырамын.



Дескриптор:

-берілген үзінділерді оқиды -1 балл;



-ойтолғауда тақырып пен мазмұн байланысы сақталады-2балл;



-мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім) сақталады-3 балл;



- ойды 7-8 сөйлеммен жазады -1 балл;


-кейіпкер тіліндегі тілдік көріністі сипаттайды-1балл;


АКТ құралы, таныстырылым


«Ой қозғау» әдісі















Таныстырылымда сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалай критерийі





































«Автор ізімен талдау» кестесі,

«Бір +, бір - » кестесі,

дескриптор парақшасы






























З.Қабдолов «Сөз өнері» кітабы, Алматы баспасы, 1989ж




















Таныстырылым

«Жазушы тілі» кестесі,

дескриптор парақшасы













































































Таныстырылым

«Оқырман» кестесі, дескриптор парақшасы

















































































































Мәтін үзінділері, А4 қағазы, дескриптор парақшасы




























Сабақтың соңы


4 минут

































6 минут























2 минут


Тапсырманы 3 топқа да бірдей ұсынамын.

«Кейіпкер тілі» әдісі арқылы семантикалық картаны ұсынамын. Кейіпкер мен оның айтқан сөзін тауып, (+) таңбасын қою арқылы сәйкестендіріңіз.


Кейіпкер

Ана

Әке

Тәуіп

Жылқышы

...Аққуменен баланы аластаңдар!



+


...Ей, кімсің?

Кеудеңде жаның бар ма?!




+

...Тұрсаңшы,  таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?...

+




Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!


+













Ойтүйме қадамы


1.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мазмұндық сипатына байланысты қандай мақал-мәтелдер, даналық сөздер, нақыл сөздер білесіздер? –деп, сауал қою арқылы сабақты қорытындылаймын.



Ықтимал жауаптар:



Ақуды атпа, досыңды сатпа



Аққу айдынын аңсайды,

Аққу туған жерін аңсайды.



Аққу айдын көлде жүзеді,

Ару айдын көңілде жүзеді



2.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? – деген сауал арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білу үшін қойдым.



3.Сіз үшін автордың көзқарасы мен ойы қаншалықты маңызды?

4.Қазіргі таңда поэмада көтерілген мәселелер кездеседі ме?

5.Помадағы қай кейіпкердің тілі сіздің жүрегіңізге жақын болды, ұнады? Неліктен?


Үйге тапсырма беру


М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда » поэмасынының мазмұндық сипатын, көркемдік ерекшелігін, кейіпкерлер қарым-қатынасын толыққанды меңгердік. Сондықтан үйге поэманың авторына оқырман ретінде хат жазыңыз.«Авторға хат» жазу.

Кестеде кейіпкер ( ана, әке, тәуіп, жылқышы) сөздері берілген, поэмадағы үзінділерді сөздерді сәйкестендіреді.






















Бұл сұраққа жауапты оқушылар белсенді жауап береді. Сабақтың мазмұндық сипатына қарай нақыл сөзбен, мақал-мәтелдермен қорытындылайды. Ықтимал жауапта көрсетілгендей жауап формаларын береді.










Оқырман ретінде оқушы өзіндік үнін «Авторға хат жазу» арқылы білдіреді, өз ойын, авторға сауалдарын, поэмадан алған әсерін хатқа жолдайды.

Өзін-өзі бағалауды берілген дескриптор бойынша білім алушы өзі жүргізеді. Бағалау парақшасын оқушыларға беріп қоямын.

Уақытқа жұмыс жасау жылдамдығын саралаймын.

«Бес бармақ» тәсілі (Өзін-өзі бағалау)


Дескриптор:

-ананың сөзін табады – 1 балл;


-әкенің сөзін сәйкестендіреді -1балл;


-тәуіптің сөзін табады – 1 балл;


-жылқышының сөзін сәйкестендіреді -1балл;




Бұл жерде балалардың ой ұшқырлығын, ой өрісінің жылдамдық деңгейін назарға аламын.


















Ауызша кері байланыс жасаймын

Таныстырылым

«Кейіпкер тілі» кестесі, дескриптор парақшасы































Таныстырылымда үй тапсырмасының шарты ұсынылады

«Автор хат жазу»

Саралау.


Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?


1.Оқушылардың деңгейін ескере отырып, сабақ мақсатын сараладым.

2.Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушылардың деңгейін ескере отырып қоямын.

3.Білім алушылар топтық жұмыс барысында жалпы оқу мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ әр баладан әртүрлі нәтиже күтемін.

4.Топтық жұмыс кезінде жұмыс қарқынын ескере отырып, қосымша уақыт беремін.

Уақытқа жұмыс жасау жылдамдығын саралаймын.

5.Тапсырманы орындау кезінде күтілетін нәтижені саралаймын.


Бағалау.


Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


1.Ауызша кері байланыс мұғалім жетекшілігімен жасалады, әрі өзара бағалау жүреді.

2. «Бір +, бір - » тәсілі

3. «Бес бармақ» тәсілі


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Оқушылардың денсаулығын сабақтың өн бойында жіті бақылап, ерекше көңіл бөлуді назарда ұстаймын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын ескеремін.


2.Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Барлық тапсырмалар балалардың жасерекшелігіне сай жасалған.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:







































ЖИ арқылы жасау
05 Наурыз 2025
181
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі