жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
|
Сабақ тақырыбы |
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы |
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.Б/С4 - шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу. |
|
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылардың барлығы орындай алады: Шығарма бойынша өзіндік сыни пікір жазады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге талдау жасай отырып, өзіндік сыни пікірін нақты мысалдармен жазады. |
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: тақырып бойынша берілген үзінділердің мағынасын әр оқушы жан-жақты талдап, түсіндіре алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: эпилог – автордың шығарма соңында жазған қорытынды сөзі тәуіп – ел арасында әр алуан ем-дом жасайтын емші, бақсы-балгер аракідік –ара-арасында, анда-санда адуынды –азулы, өжет, өткір сарқыт – бұл жерде жалғыз деген мағынада кәззап – оңбаған, сұрқия, жексұрын, алаяқ байыз – сабыр, дегбір сүле-сопа – селқос бей-жай, еш нәрсеге көңілі жоқ Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: егер мен автор болсам..., ойымды қорыта келе..., т.б. Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Құндылықтарды игерту |
Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру. |
|
Пәнаралық байланыс |
Бейнелеу өнері, қоғам, география |
|
Бағалау критерийі |
|
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Жоғары деңгей дағдылары |
|
Алдыңғы білім |
Поэманың мазмұнын толық меңгерген. Кейіпкерлерге мінездеме берілген.
|
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Уақыты |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу |
Ресурс |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
|
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу 2. Психологиялық ахуал Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызып, «Дыбыстау» ойынын ойнату. Сыртқы шеңбердегі оқушыларға тақырыптан алынған үзінділер салынған конверт ұсынылады. Олар үзіндіні дыбыссыз, қимылмен бейнелейді. Ішкі шеңбердегілер дыбыстау арқылы өз ойын жеткізеді. Оны айтпай шатасып қалған жағдайда сыртқы шеңбердегі оқушы жабық сұрақ арқылы көмек көрсетеді. Оқушылар пазл әдісі бойынша топқа бөлінеді (пазлдағы суреттер: ана, Жетімкөл, аққу) |
https://bilimland kz/kk#lesson=7955 |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
|
Жеке жұмыс М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы «БББ»кестесін толтыру.
Жұппен жұмыс. «Ойлан–жұптас–бөліс» тәсілі 1. Бала өліміне не себеп болды деп ойлайсыңдар? Баланы емдеуге болар ма еді? 2. Ананың орнында қандай шешім қабылдар едіңдер? 3. Ақын орнында поэманы қалай аяқтар едіңдер? 4. Өмірдегі қасиет пен қасірет туралы не білесіңдер? 5. Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма? Поэмада көтерілген экологиялық мәселе туралы не айтасыңдар?
Берілген сұрақтар бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бүкіл топтық талқылауға ұласады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Жеке жұмыс. Графикалық органайзер «Сөздіктің көмегімен сөздік қорды байыту.
Жұптық жұмыс «Ашық хат» тәсілі арқылы жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу. 1-топ. «Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы,мұңлы поэзия» – дейдіФ.Оңғарсынова. 2-топ. «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті» (Бексұлтан Нұжекеұлы). 3-топ. «...Тіршіліктің тәттілігі мен ақиқаттың ащылығынан мейірі қанғанша дәм татқан қауымның өскелеңдігі мен өміршеңдігі де осында. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді» (Әбіш Кекілбаев). Дескриптор: -Туындыға жалпы сипаттама жазады. - Ұсынылған пікірді өз сөзімен өрбітеді - Пікірді мысалмен дәлелдейді. - Қорытынды жасайды.
Жұптық жұмысқа. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс жүргізу. Топтық жұмыс. «Дәйексөз іздеу» ойыны Оқушылар шағын топтарға бөлінеді де, өздеріне түрлі рөл алады: бірі жүйрік, бірі хатшы және топтың қалған бөлігі – оқырмандар. Әр топқа мәтін беріледі. Тақтада әр топқа арналған ұяшықтар тұрады, әрқайсысында бір сұрақ жазылған. Жүйрік барып, сұрақтардың біреуін алады да, жауап беру үшін оны өз тобына апарады. Олар келесі сұраққа көшпес бұрын, жүйрік сұрақ пен жауапты тексерту үшін мұғалімге беруі тиіс. Өз сұрақтарына бірінші болып жауап беріп болған топ «жеңімпаз» болып табылады. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
|
Кері байланыс «БББ» кестесіне қайта оралу, толықтыру |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі |
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. |
|
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылардың барлығы орындай алады: Әңгіменің сюжеттік желілерін түсінеді, эпилог, прологтарды анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, эпилог, прологтарды анықтайды. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, талдау жасайды. |
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Сюжеттік-композициялық жоспар құра алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғарыш кемесі, ғарыш айлағы, бейтаныс ғаламшар, геосинхронды, геостационарлы, Дауыл мұхиты, Жаңбырлар теңізі, Дағдарыс теңізі, т.б. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қоршаған орнаны қорғау, «Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарында. Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Құндылықтарды игерту |
Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру |
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, қазақ тілі, астрономия. |
|
Бағалау критерийі |
|
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану. |
|
Алдыңғы білім |
Фантастикалық шығармалар, аспан әлемі туралы біледі. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген