М.Мақатаев «Елім барда»өлеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Мақатаев «Елім барда»өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарын жас мамандар өз сабақтарында пайдалана алады.Оқушыларды туған жерді, елін сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Елім барда»өлеңі

Мақсаты:

Білімділік: Ақын өлеңдерінің көркемдік қуатын,мәнін жете түсіндіру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу;

Дамытушылық: шығармашылық ізденіске бағыттау, өз ойын көркемдеп 
еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру

Тәрбиелік: туған жерді, елді сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:

1-амандасу
2-оқушыларды түгендеу
3-сыныпты топқа бөлу.(Оқушыларды смайлик арқылы 3 топқа бөлемін)

Үй тапсырмасын сұрау:

1.М. Мақатаевтың «Қайырлы түн» өлеңін жатқа сұрау

Жаңа сабақ:

-Балалар туған жердің құдіретін қалай түсінер едіңдер? Ана туралы, туған жер туралы тебіренбейтін ақын жоқ шығар сірә! Солардың бірін байланыстыра отырып бүгінгі сабағымызда М.Мақатаевтың “Елім барда” өлеңімен танысамыз.

1.Мәнерлеп оқу

2.Оқушыларға мәнерлеп оқыту

Сөздік жұмысы (оқулықпен жұмыс)

Көген-қой, қозы-лақтарды мойнынан байлау үшін қысқа жіптер тағылған, ұшы түйілген, ұзын арқан.

Желі-құлын, боталарды мойнынан байлап қоятын, екі қазықтың арасында керілетін жіп.

Талдау (постермен жұмыс)

І топ-өлеңнің авторы,тақырыбы,жанр түрі, идеясын анықта

ІІ топ-шумақ, тармақ, бунақ,буын саны, ұйқасын тап

ІІІ топ-әдеби теориялық ұғымдар, тәрбиелік мәнін тап

Қолдану

І топ- Туған жерге байланысты сурет салу

ІІ топ-Егер мен ақын болсам......

ІІІ топ-Ел, табиғатсөздеріне 5 жолдыөлеңқұрастыру.

Авторы-М.Мақатаев-қазақ халқының сүйікті ақындарының бірі, күллі қазақ даласы М.Мақатаевтың өлеңдерімен сусындап жүр. «Бәсіре», «Өмір-дастан» т.б. жыр дастандары әдебиетіміздің асыл мұралары.

Тақырыбы-еліне, жеріне деген ыстық ықыласы. Тақырып дегеніміз-белгілі бір дәурендегі қоғамдық шындықтың сәулесі.

Жанр түрі-өлең. себебі, өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

Идеясы-тақырып арқылы өмір шындығын суреттеген, өз көзқарасы, дүниетанымы тұрғысынан бейнелейдіде, өз мақсат-мүддесін білдіреді.Яғни бұл өлеңнің идеясы-елінің болашағына еңбек етіп, туған даласының амандығын тілеп, халқы үшін өмір сүретіндігін білдіреді.

Шумақ-5 шумақтан тұрады. Шумақ-аяқталған синтаксистік біртұтас ой.

Тармақ-12 тармақты.

Буын - 3-4 бунақты.

Буын саны. 11-12 буынды.

Ұйқас. Қара өлең ұйқасы. (-а-а-б-а)

Әдеби теориялық :

Метонимия-желідегі құлынымын, көгендегі қозысымын.

Сұраулы сөйлемдер:

Не сыйлайды, не береді келер күн?

Не сыйласын, несін берсін ел маған?

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты?

Тәрбиелік мәні. Отанды. Еліңді сүюге баулиды, перзенттік борышты өтеуге шақырады.

Жинақтау (тақтамен жұмыс)

І топ- Мұқағали Мақатаев...........келген.

ІІ топ- Мұқағали өлеңдерінің негізгі тақырыптары..........

ІІІ топ- М.Мақатаев ........иегері

Мұғалім сөзі:

-Сонымен балалар, М.Мақатаевтың шығармаларының бүгінгі таңдағы құндылығы не деп ойлайсыңдар?

-қазақ поэзиясының хан тәңірі

-Мұқағали атамыздың өлеңдеріне біршама әндер жазылған.

-Қандай әндерін білесіздер? “Есіңе мені алғайсын”, “Күрең күз”, “Туған күн”, “Жас қайын”.

-Сонымен, балалар Мұқағали поэзиясын сүйе білуіміз керек, сусындай беруіміз керек. Мұқағали әндері мәңгі өлмейді, мәңгі есімізде сақталады.

Сабақты қорытындылау .

Бағалау.

Әр топ оқушылары қолдарындағы белгілер арқылы өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма

«Елім барда» өлеңін жаттау

Рефлексия

Оқушылар «Табыс сатысы» баспалдағына стикер жапсырады.















Мұғалімнің сабағына өзіндік талдау



Мақсаты:

Білімділік: Ақын өлеңдерінің көркемдік қуатын,мәнін жете түсіндіру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу;

Дамытушылық: шығармашылық ізденіске бағыттау, өз ойын көркемдеп 
еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру

Тәрбиелік: туған жерді, елді сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға ана ,туған жер туралы сұрақтар қойылып , оған жауаптар алынды.Оқушылар дәптермен, оқулықпен жұмыс жасады.Бірнеше оқушы тақтада, кей оқушы орындарында жекелеген жұмыстар жасады.Оқушылыр сабаққа өз белсенділіктерін танытып отырды.Оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс жасау арқылы пікір алмасты, жаңа сабақты өздігінен меңгеруге қадам жасалды.Сабақ мазмұны мемлекеттік стандартқа сай құрылды. Үй тапсырмасы берілді, түсіндірілді. Ой толғаныс жасалды.Оқушы жауаптары тыңдалды.Топ басшыларына сөз берілді.Оқушылар бағаланды.Кері байланыс стикерге «2 жұлдыз, 1 тілек» жазып, «Алақанға» жапсырылды. Оқушылар сабақты игерді. Сабақ қойған мақсатына жетті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2017
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі