«Мұқағали
– мәңгілік жыр» әдеби кеш
Мақсаты:
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясына
қызығушылығын арттыру.
Ақын
жырларын табиғат, туған жерге деген
сүйіспеншілігін көре білуге, түсіне
білуге үйрету.
Оқушылардың
табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Табиғатты жырлауға, аялауға тәрбиелеу.
Ақын
жанының жұмбақ әлеміне үңілу, оның
табиғатпен үндестігін түсіне білуге
баулу.
Көрнекілігі:
ақынның портреті, шығармалары, ақын
туралы естеліктер, нақыл сөздер, Мұқағали
туралы көрме.
І
жүргізуші:
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің
түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен
қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген
Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына
арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр»
атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
ІІ
жүргізуші:
Қысқа ғана ғұмырында артына ғасырдан
ғасырға жететін мол мұра қалдырған
ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың
туған күні 9-ақпан. Мұқағали-Абай рухын,
Мағжан рухын, Қасым рухын ХХІ ғасырға
жасампаздықпен жалғастырған ірі талант.
Мұқағали жыры десе, жүрегі шөліркеп,
поэзияның бұлағына бас қоймайтын қазақ
жоқ. Ондай жанкүйерлер еліміздің төрт
құбыласында мол. Нағыз өлеңде шекара
болмайтыны дәлелденген қағида. Өлең
сүйген қауым асыл жырды ақтарғанда оны
«Менің Мұқағалиім» деп жүрегіне жақын
тұтуға толық қақысы бар.
Халық
қашан болсын ардақты азаматтарын
мақтанышпен еске алады, үлгі тұтады.
Осы тұрғыда Мұқағали Мақатаев та
жұртшылық жүрегін жаулап алған жайсаң
жан, қайталанбас тұлға. Оның жыр маржандары
мәңгілік, ел-жұртымен жасай береді.
Себебі, Мұқағали жырлары-халық рухының
үні. Сондықтан, оның тәрбиелік мәні де
жоғары болмақ.
І
жүргізуші:
Ақиық ақын Мұқағалидың өзі жырлағандай,
біздерге қалдырған мол мұра сырын –
жырын, зор қазынасын зерттеу, оқу түсінуді
бүгінгі ұрпақ біздерге аманат етіп
кеткендей.
ІІ
жүргізуші :
Мың сан бұлағы сылдырап аққан, ақ қар,
көк мұзды Хан Тәңірінің түлегіне құдай
бәрін де үйіп бере салған десе де
болғандай. Артында санаулы ғұмырында
поэзиясы қалды, жыл құсындай сағына
күтетін қарлығаш қанат өлеңі қалды.
І
жүргізуші:
Қысқа ғана өмірінде артына ғасырдан
ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын
Мұқағали Мақатаевтың жұмбақ әлеміне
бір сәт үңіліп, оның жырларынан көрінетін
әулиелік, данышпандығына бір сәт ой
бөлейікші.
ІІ
жүргізуші:
Иә, шынында да Мұқағали әулие ме, нақты
дәл осылай демесек те оның өлеңдерін
оқып түсіне білген адамға оның керемет
бір қасиеті көрініп-ақ тұр.
Ендеше
ақын туралы ақын - жазушылардың
естеліктеріне көз салайық.
(Слайд)
І
жүргізуші:
Мұқағали жазбаларынан... алдымен бәрі
көз алдыма келеді. Содан соң естимін,
естимін де жазуға отырамын. Бұл құбылыстың
ақын басында болып жатқан кезде, өзі де
таңдана отырып қағаз бетіне түсірген
ақындық шынайы сыры.
Енді
бір жазбаларында «Мен өлеңді ойдан
құрастырып жазбаймын. Әлдекім құлағыма
сыбырлағандай болады. Соны көшіремін.
Сенесіз бе?»-дейді.
«Бүгін 1974 жылы 27 қаңтарда бір отырғанда,
үзіліссіз, бірде-бір түзетусіз, таңертеңгі
сағат 10-нан түнгі сағат 12-ге дейін
«Чили-шуағым менің» атты шығарма жаздым»
деп жазыпты. Бұл поэма 277 жол екен.14
сағатта ешқандай тоқтаусыз. Өшірусіз
300-ге жуық жол поэма жазу расында ғажаптың
ғажабы!
ІІ
жүргізуші:
Аламан бәйгеде оза шауып, өлең - жырда
шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты
тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы сан
қырлы. Оны біріміз білсек те, біріміз
білмейміз, енді бір сәт оның өз даусымен
орындаған деректерге жүгінсек.
/Мұқағалидың
өз даусы тыңдалады/
І
жүргізуші:
Әулие ақын өзінің қайтыс болар күнін
де дәл болжап жазған екен. Қайтыс
боларынан екі ай бұрын 1976 жылы 26 қаңтарда
жазған өлеңінде былай деген екен.
«Өзімнің есебімде,
Мен
биыл дәл қырықтың бесеуінде.
Кім
біледі...
Ендігі
қалған өмір,
Неше
жылға жетермін.
Неше
күнге,
Ұмыт
боп есебің де, өсегің де.
Ұйықтап
кетсем болғаны төсегімде,
Қырықтың
бесеуінде». Емхана 26.01.1976ж
Ақынның
жары Лашынның естелігінен: «Мұқағали
өмірінің соңында жазған автографтардың
бәрінің астына 27 наурыз 1976 жыл деп»,
жазған-ды. Мен мұны байқасам да неге
бұлай деп сұрамаппын. Сөйтсем өмірден
өтетін күнін дәл сезген, болжаған екен
ғой. Дәл сол күні қайтыс болды. Қалай
ғана білген екен, таң қаламын.
ІІ
жүргізуші:
Ақын өзі өмірден өткен соң. Кейінгі
ұрпақ сағына еске алатынын бәрімізге
таныс жырларына арқау еткен. «Есіңе
мені алғайсың» өлеңінде ол өзінің екінші
өмірінің соншалықты ғұмырлы, бақытты
екеніне көз жеткізіп кеткен. Төрт
шумақта-жылдың төрт мезгілін суреттеген
жыл бойғы сағыныш. Ақын осы өлеңі арқылы
өз ұрпағының сүйікті ақынына деген
сағынышын және өзінің «еске алып тұрса
екен» деген тілегін жазып кеткен сияқты.
І
жүргізуші:1974
жылы 21 қыркүйекте күнделігіне былай
деп жазыпты. «Мен өзім жайлы мынаны
айтам: Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының
құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі
ұрпақтардың туысымын да».
ІІ
жүргізуші:
Бұл айтқаны да дәл келеді. ХХІ ғысыр
туды. Бұл ғасырда туған күні тойланып
жатқан бірінші ақын Мұқағали болды.
Бүгінгі ұрпақты өз құрдасындай қарсы
алып жатыр.
Мұқағали-әлі
жазылмаған, әлі жазылатын, әлі аяқталмаған
келесі ғасырға да жалғасатын, өлмейтін,
өшпейтін ғасыр ақыны. Оның өлеңдері
келер ұрпақтарын да тәрбиелеуге өз
үлесін қоса береді.