Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына байланысты мақала "Ұлы ақынның аты өшпейді..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы ақынның аты өшпейді...

Ұлы ақын саналы ғұмырын поэзияға арнаған ақын. «Мен бір жаққа асығамын...» деп арамыздан тым ерте кетті. Бірақ, ол артына өлмес, өшпес мұра қалдырды. Ол қазақ поэзиясында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, өмірден өтті.

«М. Ғабдуллин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-10 ақпан аралығында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты ақынның туған күніне орай қашықтан апталық ұйымдастырылды. Осы апталықта «Ғасырдың ақыны» атағын иеленген Мұқағали Мақатаевтың өміріне, шығармашылығына арналған түрлі іс-шаралар жүргізілді. Іс-шаралар түгел дерлік қашықтан ұйымдастырылды. «Мұқағали-өлмейтін, өшпейтін мәңгілік тақырып» деген мағыналы сөзбен ұстаз А. Жарқымбаева апталықтың шымылдығын онлайн форматта ашып, ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетті. Ұстаздар С. Сұлтанақынова, Л. Рахимбаева, А. Қожахметова «Ғасырда бір туатын дарабоз» атты ақынның өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырып, ақынның өлеңдерін жатқа оқып, 8 «А» сынып оқушысы Мырзаш Нурали бас жүлдені жеңіп алды. «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты ашық тәрбие сағаты мазмұн тереңдігімен ерекшеленді. Мектебіміздің кітапханашысы Н. Ниязбакиеваның «Ақын тағдыры-поэзия тағдыры» атты оқырмандар конференциясы да тыңдарман қауымның көңілінен шықты.

Музыка пәнінің мұғалімі Ж. Жақып, Г.Шарбатхан «Жырлайды жүрек» атты ақын өлеңдеріне жазылған әндерден қашықтықтан тамаша концерт қойылды. Ұстаз Ризабекұлы Табарак пен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты ақынның шығармаларынан көрініс қойылды. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетіліп, ақынның өлеңдері оқылды.

Осы апталықты қашықтан ұйымдастыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің еңбегі де ерекше болды. Апталықты әдістемелік бірлестік жетекшісі М. Мергалиева қорытындылап, осындай игі шараларды жыл сайын ақынның туған күнінде ұйымдастырып, оның болашақ ұрпағына деген сенімін ақтауға шақырды.

Иә, ешқандай қосымшаны, не анықтаманы, ешқандай атақ даңқты қосарлап айтуды қажет етпейтін, Мұзарт тау шыңынан орын алған талантты ақынның аты өлмейді де, өшпейді де. Бұған бүкіл ұстаздар да, оқушылар да жүрегімен сенеді. Мұқағали-мәңгілік тақырып деген осы емес пе?...





Сарсебаева Назира Маратовна

«М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
610
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12