400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Мақатаевтың туылған күніне арналған «Мұқым елдің мұзбалағы!» атты мәнерлеп оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Форматы: әдеби-музыкалық кеш, мәнерлеп оқу сайысы, бейнежазбалар мен әндерден тұратын сахналық қойылым. Негізгі ойы: ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның поэзиясының рухани құндылығын ашу, өлеңдері арқылы елжандылық пен әсемдікке тәрбиелеу. Басқаларға пайдасы: оқушыларға ақын шығармаларын жаңа қырынан танып, мәнерлеп оқу мәдениетін жетілдіруге мүмкіндік береді; өнер мен әдебиетке қызығушылығын арттырады; мектеп қауымына ұлттық құндылықтарды насихаттаудың әсерлі жолын көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінің»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі












М.Мақатаевтың туылған күніне арналған

«Мұқым елдің мұзбалағы!»

атты мәнерлеп оқу сайысы











Жауапты: Н.С.Макашева, Н.С.Алдижан

/Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері/










Қонаев ауылы

2024-2025 оқу жылы



Мұқағали Мақатаевтің туылған күніне арналған

«Мұқым елдің мұзбалағы!» атты мәнерлеп оқу сайысы


Мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.


1 Видео «Мұзбалақ» https://youtu.be/7MiNRh8O2Ms

Ақын Мұқағали Мақатаевты халық арасында "қазақтың мұзбалақ ақыны" деп атайды.

Оның сыры неде десеңіздер, жалпы мұзбалақ деп бес жастағы бүркітті айтады. Бұл нағыз бабына келген, бітімі зор қыран екен. Мұзбалақ - өзін тұтқындаушының қолынан ас ішкеннен гөрі, аш өлгенді артық көретін, тек еркіндікте тіршілік ететін құстың төресі. Ендеше, Мұқағалиға мұндай теңеу берген халық жаңылмаса керекті.


1. Жүргізуші:

- Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты. Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Ендеше ақиық ақынға арналған «Мұқым елдің мұзбалағы!» атты мәнерлеп оқу сайысына хош келдіңіздер!

Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз.

1) Алғашқы тыңдайтын әніміз «Туған жер» әні Ануарбек Аяжанның орындауында қарсы алыңыздар.

2) Ортаға Әбдіқапар Темірланды «Сенің көзің» әнімен шақырамыз.


  1. Жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр бір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? –демекші, кеше ғана ауданда өткен «Жырлайды жүрек» аламан бәйгеде оза шауып, жүлделі орындарға ие болған мектебіміздің оқушыларын ортаға шақырайық. «Бас жүлдеге» ие болған, мектебіміздің 11 сынып оқушысы Дүйсембай Фариза Орынбасарқызы және ақынға өз өлеңін арнап, жүлделі

2 орынға ие болған жас ақынымыз Әділханқожа Ханифа Дінмұхамедқызы.

Қол соғып, қошемет көрсетейік!

Енді осы жүйріктеріміздің өнерін тамашалайық.

Фариза Мақатаевтің «Өмір сүрейік алмасып» өлеңімен облысқа жолдама алып отыр. Айта кететін тағы бір жайт, бұл өлеңнің ерекше еленуіне септігін тигізген тағы бір оқушымыз бар. Ол «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы Мәдіхан Қорлан. «Смарт бала» жобасы аясында осы өлеңге жасанды интелект көмегімен жасаған заманауй бейнеролик ұсынған еді. Фаризаға сәттілік тілеп, осы өлеңді тыңдайық. Ал назарымыз летэкранда болсын!


  1. Жүргізуші:

Ортаға Ханифаны ақынға арнау өлеңімен шақырамыз.


  1. Жүргізуші: 

«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.» - демекші, «Мұқым елдің мұзбалағы» туралы айтам десек мұндай кештің бірнешеуі де аздық ететіні аян. Ақын туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Ендеше уақыт оздырмай сайысымызды бастайық.

- Сайысқа әділ бағасын беретін қазылар алқасын таныстырып өтейік:

1. Қуандықова Ділдәкүл Төлежанқызы – Қазақ тілінің шын жанашыры, мектебімізге ұзақ жыл еңбегі сіңген ардагер ұстаз.

2. Мейірманова Шолпан Сагимбаевна - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3. Сағындық Ерасыл Қаһарманұлы - 9 "А" сынып оқушысы, көптеген аудандық, облыстық көркемсөз оқу байқауларының жүлдегері.


Жүргізуші:

- Ал енді кезекті сахна сыртында тағат таппай тұрған сайыскерлерге берейік.

Ортаға алғашқы қатысушыны шақырамыз.

Мәнерлеп оқу сайысы: (қатысушылыр бірінен кейін бірі шығып өлеңдерін оқиды)


Жүргізуші:

  • Әділ қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, біз уақытымызды текке жұмсамай, Мәдіхан Қорланның тағы бір жұмысын тамашалайық. Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы негізінде дайындаған сюжеттік бейнеролигін көрейік. Бұл жұмыстар «Смарт бала» жобасы аясында іске асырылып жатқанын тағы бір еске салып өтейін.

Жүргізуші:

  • Ендігі кезекте ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы шағын бейнежазбаны тамашалайық. №2 Видео

Жүргізуші:

  • Ал енді, Мақатаевтің өлеңдеріне жазылған тамаша әндердін тыңдай отырайық.

Жүргізуші:

- Бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзияда ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Құрметті қауым, бүгінгі кешіміз осымен аяқталды, назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.10.2025
69
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі