400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.МОНТЕССОРИ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕРТТЕРІ ҚОЛДАНЫЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС –ӘРЕКЕТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
тматериал тәрбиешілерге керек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.МОНТЕССОРИ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕРТТЕРІ ҚОЛДАНЫЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС –ӘРЕКЕТІ




Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда Монтессори педагогикасының элементтері кеңінен қолданылып жүр. Монтессори педагогикасы, сондай-ақ Монтессори жүйесі ретінде көп танылған бұл әдіс – ХХ ғасырдың бірінші жартысында италяндық педагог, ғалым және ойшыл Мария Монтессори ұсынған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори педагогикасы көбінесе бала мен оның жеке қасиеті басты орынға қойылатын педагогикалық әдіс ретінде сипатталады. Оның ішінде, М.Монтессори педагогикасында ерекше көңіл бөлінген балалардың өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру. Мәселен, аяқ киімнің бауын байлау, киімнің түймесін тағу сияқты жаттығулар жауапкершілік пен дербестікті дамытумен қатар, жазуды қалыптастыруда қажет болатын саусақтың ұсақ моторикасын дамытады. Әдістемелік ұсыныстарда берілген «Дайындық жаттығулар», «Өзіне – өзі қамқорлық жасау», «Қоршаған ортаға қамқорлық жасау» жаттығулар топтамасы балардың өзіне – өзі қызмет көрсету дағыдарлын қалыптастыруда тәрбиелеудің тиімді шарттарының бірі. Балалардың өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру педагогтан байланшақтық емес, ұзақ, тынымсыз, мақсатты әрекетті қажет етеді. Мұнда педагогтың түпкі ойы: ортада эмоциялы-психологиялық жағдай туғызып, баланың қызығушылығын ояту болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру арқылы педагог еңбек тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Ал еңбек тәрбиесі болса, балалардың еңбексүйгіштіктерін, ұқыптылықтарын, басқа да адамгершілік сапалары мен эстетикалық көзқарастарын қалыптастырады.


Тәрбиелеу дегеніміз баланың өмірлік тәжірибені игеруі. Ол оқыту процесімен қатар жүреді. Бала оқу процесінде білім жинақтайды, еп-дағдыларға үйренеді, қабілет-қарымын жетілдіреді, дүниетанымы кеңейеді. Ал тәрбие процесінде оның дүниеге, қоғамға, басқа адамдарға, өзіне деген дұрыс қатынастары дамып қалыптасады, яғни жалпы кісілік қасиеттері, әлеуметтік мінез-құлықтары кемелденеді. Үлкендердің балаларға үйрететін өсиеттерімен қатар жеке бастарының үлгі-өнегесі үлкен рөл атқарады. Тәрбие адам өмірінің бір кезеңінде ғана жүретін құбылыс емес, ол адамға өмірбойы сіңіріп отыратын қасиет. Бұл жағдайда кез-келген адам тәрбиенің объектісі де, субъектісі де болып табылады. Үлкендер мен ұстаздар балаларды жақсы нәрсеге үйретеміз деп, өздері де кейбір жақсы нәрселерге үйренеді, бойларындағы кейбір келеңсіз кемшіліктерді байқап, түзетеді. Әрбір кісі өз өмірінде өзін-өзі тәрбиелеумен болады. Егерде ол процесс сапалы, мақсатты түрде болса- бұл бір ғанибет нәрсе. Ғылымсыз білім сыңар жақ: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол – тәрбие. Білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты. Тәрбиесіз білімді адам сол білімнің адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды.


«Ақыл-ойы кем және жүйке жүйесі тозған балалардың дамуы» сияқты қарапайым әйел үшін ауыр және қайырымсыз жұмысты өз мойнына алған медицина ғылымының докторы М.Мон-тессори ғажайып нәрсеге тап болды: «өлі болып көрінген есуастың санасы - қайта тірілген». Т.Л.Сухотинаның айтуы бойынша «Монтессори әдістемесі бойынша тәрбиеленген ақыл-ойы кем, дамуында артта қалған болып есептелген бала, басқа

қарапайым балаларға қарағанда қалалық мектептегі емтиханды өте жеңіл және еркін түрде өткен». Мұндай ғажайып нәрселер кейіннен қарапайым құбылыс сияқты қайталана бастады.


Балалардың тәрбиесі мен дамуы жүйесін құрған оның ойлары қарапайым және әйгілі болып келеді.


Олар: бостандық, білім (ғылым), махаббат. Бұлар Л .Г.Песталоцци теориясында, Л.Н.Толстой мектебінде қолданылған.Уақыт өте келе адамдар бұл үш түсінікке басқаша мағына берген және олар сенімсіздік тудыра бастады. Бірақ осы түсініктердің өзі тәрбие жүйесінің негізі болып табылады. Тәрбиелеу, білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Бала - Монтессоридің айтуынша, өздігінен дамиды. Дамуға кедергі жасауға, оны тоқтатуға болады. М.Монтессори әдістемесі бойынша жұмыс істейтін мектептерде күн шеңберден басталады. Осыдан кейін барлығы таңдаған пәндермен (математикамен, ән-күймен, әдебиетпен, химиямен...) айналысуға кіріседі. Жұмыс аяқталғаннан кейін әрқайсысы мұғалімге қандай жұмыспен айналысқандығын көрсетеді. Бұл өздік жұмыстың нәтижелері бірге талқыланады. Балаларды тақтаға сабақ сұрауға шығармайды, оларға үй тапсырмалары берілмейді. Жұмыс күнінің ортасына қарай қандай да бір пән бойынша 10-20 минуттық ортақ сабақ болады. Осы ұжымдық сабақта балалардың білімі жүйеге келтіріледі, оларға жаңа дидактикалық материал беріледі және жаңа терминологиямен таныстырады. Мұғалім оқу дәптерлерінде сабақ материалын өздік, логикалық ретпен құрылған жаттығулар көмегімен бала үйреніп жаттығуы үшін құрастырады және сипаттайды. Оқушыларда 3 пәннен дәптерлері болады. Олар: ана тілі, математика, ғарыштық тәрбиелеу.


I.М.Монтессори - қыздар мен ұл балаларды біріктіріп оқыту және тәрбиелеудің жақтаушысы. Оның «Балалар үйі», «Балалар бақшасы және жазуға, оқуға, санауға үйрететін мектеп» типі бойынша құрылған. Монтессори өз жұмысындағы басты мәселе - қабылдау мүшелерін дамыту деп білетін. Монтессори баланың сезімін тәрбиелеу мақсатында 40-қа жуық құралдар жасап шығарған.


Монтессори балаларды тәрбиелеу мен дамытуда олардың жоғары қабылдағыштығы мен се-зімталдық кезеңдеріне көп бағытталған (сензитивті кезеңдер). Егер оларды баланы тәрбиелеу мен оқытуда қолданбаса, олар мүлдем жоғалып кетеді. Бірақ сензитивті кезеңдер жеке болып табылады. Олар әртүрлі балаларда, әр кезде жүреді. М.Монтессори әртүрлі сензитивті кезең-дердің шегін көрсетуге тырысқан. Олардың әрқайсысының өтуі ете баяу бастаумен, жоғары интенсивтілік кезеңімен және әрдайым сезімталдықтың төмендігімен сипатталады. Олардың қатарына мыналар жатады:


  • сөйлеудің даму кезеңі (туғаннан 6 жасқа дейін);


  • тәртіпті қабылдау кезеңі (туғаннан 3 жасқа дейін);

  • сенсорлық даму кезеңі (туғаннан 5,5 жасқа дейін);


  • кішкентай заттарды қабылдау кезеңі (1,5 жастан 2,5 жасқа дейін);


  • қозғалыс пен әрекеттің даму кезеңі (1 жастан 4 жасқа дейін);


  • әлеуметтік дағдының даму кезеңі (2,5 жастан 6 жасқа дейін).


Бала өміріндегі сензитивтік кезеңдермен қатар Монтессори жас ерекшелік бойынша дамуды атап көрсеткен. Олар мыналар:

  • туғаннан 3 жасқа дейін - заттық-сезімдік бағдар;

  • 3 жастан 6 жасқа дейін - сөйлеуге деген сензитивтілік, тілді меңгеру, көрнекі-бейнелі ойлау;


  • 6 жастан 9 жасқа дейін - абстрактілі әрекеттерді меңгеру;


  • 9 жастан 12 жасқа дейін - оқытудың бастапқы кезеңінің аяқталуы;


  • 12 жастан 18 жасқа дейін - жоғары және гимназиялық деңгей. М.Монтессори балабақша мен мектептегі іс-әрекеттің негізгі түрі етіп «еркін жұмысты» есептеген. Онда арнайы оқу бағдарламасы болған емес. Ұжымдық оқыту формасы - сабақты, ол қосалқы деп санады. Сабақтың негізгі өзіне тән сипаттары, Мария Монтессоридің пікірінше, қысқа сөйлеу, қарапайымдылық және объектівтілік. Мұғалім қысқа сөйлеуі керек және осы айтылған сөздері қарапайым болуы керек. Мұғалімнің өзінің тұлғасы жойылуы тиіс. Балалар педагог зейін аудартқысы келетін пәнді тереңірек оқулары тиіс. Қысқа әрі қарапайым сабақ, пәнді түсіндірудің көп белігі ретінде қызмет атқарады


М.Монтессори адам - жануарлар, өсімдіктер сияқты әлемдік ғарыштық дамуға сәйкес құрылған және әрекет етеді деп есептеген. Сондықтан ол өзінің құрушы қызметін атқара отырып, өзінің ғарыштық міндетін түсінуі қажет. Дәптерлерде тек потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға көмектесетін тапсырмалар болуы тиіс.


Көптеген балалар зұлымдық көріністерін, агрессияларын, қызғаныштық, өзімшілдік, қатыгездік танытады. Осындай ауытқу мінез-құлқының пайда болудың негізгі себебін М.Монитессори ақыл-ой үшін жетімсіз тағамда деп біледі. Сондықтан 3 және 6 жас аралығындағы балаларға өздерінің таңдауы бойынша материалдармен еркін жұмыс, оларда зейіннің шоғырлануын дамытады. Олар сыртқы әсерлерге көңіл бөлмей, таңдалған әрекетпен шұғылданады. Зейіннің мұндай концентрациясы Монтессоридің ойынша балада үлкен өзгерістердің бастамасын, яғни мінез-құлықтың қалпына келуін білдіреді. Демек, балада біртіндеп шоғырлана алу дағдысы, өз бетімен жұмыс атқару, басқа балаларға достық таныту, тәртіптік, көмекке дайындық дамиды деген сөз. М.Монтессоридің айтуы бойынша мұндай жағдайда бала орындықпен қайда баратындығын, қай жерге қоятындығын өзі таңдап, өзінің икемсіздігін, өзін-өзі түзеуге үйренген. М.Монтессоридің айтуы бойынша мұндай жағдайда бала орындықпен қайда баратындығын, қай жерге қоятындығын өзі таңдап, өзінің икемсіздігін, өзін-өзі түзеуге үйренген.


Қорыта айтқанда, өзбеттілік пен тәуелсіздік балаға еркіндік береді.


Монтессоридің балабақшасында ойыншықтар ең басты емес. Олардың орнын текшелер, тілімшелер, моншақтар, жіптер сияқты әр түрлі нәрселер ауыстырады. Бұндағы ең басты мін-дет - қол моторикасын, тактилді есте сақтау іс-керліктерін оқыту. Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын емес, "еркін жұмыс", заттармен өзбетімен жұмыс істеу болып табылады. Педагог әлсіз енді ғана өмір жолына тұрып келе жатқан балаларға өз беттілікке, өзіндік жауапкершілікке тәрбиелеуі тиіс. Соған сәйкес, бала өзін-өзі дамытады.


Қолданылған әдебиеттер

  1. Школьные технологии. Педагогический журнал. - №6, 2002.

  2. Дошкольное воспитание. Педагогический журнал, - № 10, 1994.

  3. Буторина М.. Хилтунен Е. Монтессори - материал. (часть1) Школа для малышей.


  1. Журнал: Дошкольное воспитание. Педагогический журнал. - №4, 1994.

  2. Дошкольное воспитание. Педагогический журнал, - № 12, 2000.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі