400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мнемотехника - баланың тілін дамытудың таптырмас әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мнемотехника-есте сақтауға арналған нақты нақты тәсіл болып табылады. Себебі балаларды жан-жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу, мектепке дайындау - балабақшаның алдындағы мақсат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МНЕМОТЕХНИКА – БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТАПТЫРМАС ӘДІСІ


Мусаева Гульназ Касимбековна, «Жамбыл облыстык мүгедек балаларды оңалту жане бейімдеу орталығы» филиалының логопед-мұғалімі, Тараз қаласы


Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек. Бұл тәрбиенің негізгі мақсатыеңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру. Ең алдымен тәрбие ісіне терең сезім қажет. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі болады. Еңбек, еңбек– бәрін жеңбек. Осы бір мақалдың ішіне барлығы сиып тұрғандай. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар дегенде көз алдымызға еңбекке жарамсыз, ата-ана қамқорлығында отырған балалар елестейді. Еңбек баланың өмірлік қажеттілігі. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалардың өзіндік еңбек дағдылары бірден қалыптасып кетпейді. Мұндай балалар атаана мен арнайы мамандардың көмектерін қажет етеді. Оларға өздерін танытып, айналасындағылармен араласуға мүмкіндік беру керек. Өздері өте жасық келеді. Бойында дарыны бар балалар қаншама. Мұндай балаларды еңбекке баулыса, ертең есейгенде өмірде өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті.Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз, нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады. Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз.

Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы керек деп жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылыми нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. «Бәріне бірдей мүмкіндік » принципін ұстанатын инклюзивті білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау қарастырылған. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға, олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.

Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізілсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады.Осыған байланысты, педагогтнр өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып- білу мен зерттеу әдістерін меңгерулері керек. Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді.

Әлемнің дамыған елдерінде мүгедек балаларды дені сау құрбыларымен қатар оқытып, сол арқылы сауықтыру әдісі қолданылады. Осы ретте балаға ең бірінші қажетті не? деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, балалардың бір-бірімен тілдесуі үшін олардың тілін дамыту қажет. Ия, тіл дамымай олардың ойлауы мен қоршаған ортаны қабылдауы да қиын. Сондықтан да қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі барлық баланың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Мнемотехника - есте сақтауға арналған нақты тәсіл ретінде мектепке дейінгі ұжым қызметкерлерінің қызығушылығын тудыруда. Себебі балаларды жан-жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу, мектепке дайындау - балабақшаның алдындағы басты мақсат. Баланың сөйлеуі - бас мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Ал артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындаушылар. Бүгінгі күні көптеген балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес:

- сөздік қордың аздығы;

- сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;

- дыбыстау кемшілігі;

- берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;

- өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Осындай жағдайда балаға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз? деген заңды сұрақ тағы да туындайды.

Бұл ретте бізге оңай жолдан қиынына қарай құрылады мнемотехника әдісі көмекке келеді. Бұл жұмысты іске асыру үшін ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.

Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесін, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетін, әғгіменің сюжетін пайдалану арқылы құрылуы қажет. Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуы қажет.

Мнемокестені қолдану 3 деңгейден тұрады:

  1. Кестеге қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.

  2. Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/ бір бейнемен сәйкестендіру.

  3. Әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшу.

Өз тәжірибем барысында бабаларменр жұмыс жасауда көп қиындыққа кезіктім, бірақ шығармашылықпен жұмыс жасау қызық және өзімен де тәжірибе жинақтауға көп көмегін тигізді. Сөзіміз құрғақ болмау үшін мысал келтірейік:

Мнемокесте арқылы тақпақ жаттату, балаларға суреттер ұсынылады:

1. Суретте қай мезгіл бейнеленген? (жаздың суреті)

2. Суретте кандай құс? (қаздың суреті)

3. Суретте не көріп тұрмыз? (гүлді)

4. Суретте қандай жәндік бейнеленген? (көбелек)

Енді көрген суреттерді тақпақ етіп жаттап көрейік:

1 сурет - Жазым келді жарқылдап

2 сурет - Қазым келді қаңқылдап

3 сурет - Гүлге қонды көбелек

4 сурет - Қос қанаты қалтылдап

Осы жерде мнемотехника грек тілінен аударғанда «есте сақтау өнері» деген ұғымды білдіретін, табиғи ассоциациялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы дегенді білдіретінін айтып кеткен жөн. Сонымен қатар балалардың қоршаған орта туралы алған білімдерін тиімді есте сақтауы, хабарламаны сақтап және жаңғыртуы, тіл дамуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесі ретінде де қарастырылады.

Жоғарыдағы мысалдан көргендеріңіздей, мнемотехника балаларды ойын түрінде тірек кестелер және модельдер арқылы дыбыстарды дұрыс анық айтқызу, грамматика құрылысын сақтай отырып дұрыс сөйлем құру және де лексикалық тақырыптар бойынша балалардың сөз қорына және тәжірибелеріне сүйене отырып байланыстырып әңгіме құрастыруда таптырмас тәсіл болып табылады.

Сондай-ақ ол балалардың шығармашылық елестеуін, есте сақтау қабілеттерін, көру зейінін, конструктивті және кескінді бейне арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тапқырлыққа тәрбиелейді. Және бұл тәсілдің тағы да ұщтымды жағы - белгілерді кескінді бейнелерге түрлендіре отырып, мнемокестелермен, модельдермен және тірек үлгілермен жұмыс істеуге және әдістер мен тәсілдерді игеруге дағдыландыру, оқыту уақытын қысқартуда да тиімділігі зор. 

Тілді меңгеруде пәнаралық байланыс үлкен рөл атқаратыны белгілі, сабақта өткізілген тақырыптар денешынықтыру, ән-күй, айналамен таныстыру, ағылшын тілі, тіл дамыту, математика сабақтарында бекітіледі. Осындай біртұтас жұмыс, балалардың сөздік қорын, түсінігін, сөйлемнің грамматикалық құрылымын, тілге тән дыбыстардың дұрыс айтылуын шыңдайды.

Психологтар мен педагогтердің пайымдауынша, мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген ынтасы ерте пайда бола бастайды. Егер отбасында және балабақшада балаларды жазу мен оқуға үйретпесе де, олардың кейбіреулері оқуды меңгеріп, жеке әріптерді тани бастайды. Өз беттерімен оқуды меңгергенше, балалар ең алдымен әріптеп оқиды. Әріптеп оқығанда балалар көптеген қателіктер жіберіп, не туралы оқығанын білмей, оқу ырғағын жоғалтады. Бүгінгі күні педагогикада балаларды 6 жастан бастап оқытуға үлкен назар аударылуда. Балалар балабақшада сауат ашуы керек деген пікір белең алуда. Себебі балалар ерте балалық  шағынан бастап, өз ана тілін қолданады. Ол бірте-бірте бала тілінің дамуымен, сөйлемдер құрап, оның өзі жеке сөздерден, ал – сөз буыннан, буын – дыбыстан құралатынын білуіне дейін жалғасады. Дыбыстар жазуда әріппен белгіленеді. Жазу мен оқытуға үйрету үшін, бала тілдің өзі сөзден туатынын, дыбыстардың әріппен белгіленетінін түсіну қажет.

Тіл дамыту жұмысы дегеніміз – бұл сөзбен, сөйлемдермен, айтылумен байланысты атқарылатын іс-әрекет. Сол себепті де баланың ойлау, сөйлеу дағдыларын арнайы зерттеген көрнекті ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму мөлшерін, екіншілері олардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін, сөзді түсіну дағдылары мен грамматикалық категорияларды түсіну дағдылары мен грамматикалық категорияларды игеруі, жүйелі сөйлеуді меңгеруі туралы мәселелерді, үшіншілері баланың ойлау қабілетін, психикалық процестерін дамытуда тілдің рөлі сияқты жан-жақты проблемаларды қарастыру қажеттігін айтады. Осы ретте мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы екенін атап кеткен жөн. Сонымен қатар бұл әдіс баланың дыбыстық және көру  қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Полянская Т.Б. «Использование метода мнемотехники в обучении рассказыванию детей дошкольного возраста», 2009.
2. Большева Т.В. «Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники», 2001.
3. Чохонелидзе Н. «Учим стихи по картинкам», 2006.
4. Белоусова С. «Развитие лексики и грамматического строя речи у дошкольников», 2005.
5. Белоусова Л.Е. «Весёлые встречи», 2003.
6. Большева Т.В. Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники: Учебно-методическое пособие. 2-е изд. испр. – СПб.: «ДЕТСТВО-ПРЕСС», 2005. – 96 с.
7. Полянская Т.Б. Использование метода мнемотехники в обучении рассказыванию детей дошкольного возраста: Учебно-методическое пособие. – СПб.: ООО «ИЗДАТЕЛЬСТВО «ДЕТСТВО-ПРЕСС», 2010. – 64 с.
8. Ушакова О.С., Гавриш Н.В. Знакомим дошкольников с художественной литературой: Конспекты занятий. – М.: ТЦ «Сфера», 1998. – 224
9. Большева Т.В. Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники: Учебно-методическое пособие. - СПб.: Детство-Пресс, 2005.
10. Гурьева Н.А. Год до школы. Развиваем память. Рабочая тетрадь упражнений по мнемотехники. – СПб.: Светлячок, 2000.
11. Розова Ю.Е, Коробченко Т.В. Методические рекомендации по обучению
рациональным приемам обработки информации на логопедических занятиях с учащимися младших классов коррекционных школ.  - http://nsportal.ru/node/92762


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі