400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мнемотехника технологиясы арқылы балалардың тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеру және оны қолдана білу іскерліктерін дамыту. Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,ертегілерді таныстыра отырып,сөздік қорын молайту,тілдерін дамыту. Дұрыс сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мнемотехника технологиясы арқылы балалардың тілін дамыту

Джаксылыкова А. К.

1санатты Педагог – эксперт

№66 «Толағай» балабақшасы,

Нұр – Сұлтан қ .


Аңдатпа

«Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр –

Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.

Елдің сәні сақталар жақсы сөзбен

Қай жұрт болсын толассыз осыған құл» – деп І.Жансүгіров айтқандай бүгінгі

демекші ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та тауыса алмайтын жыр.

Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады, бұл кезеңнен басталмаса қиынға соғады.

Жас бүлдіршіндерді өз тілін құрметтеуге үйретіп, ұлттық тәрбие беру әр ұстаздың міндеті. Ұстаз мамандығы – үнемі ізденісті қажет ететін, қызығы мен қиындығы көп жұмыс.

Казіргі қарқынды электронды дамыған заманда, балалар көбінесе теледидар, ұялы телефонмен қолдануларына байланысты өз-ара сөйлесу, әңгімелесу арқылы бір бірімен қарым – қатынасқа түсу әрекеттері дамудан қалды десе де болад. Сондықтан, жаңа бағдарламаның негізгі идеялары:

  • сыни ойлау;

  • проблемаларды шығармашылықпен шешу;

  • сындарлы диалог немесе қарым – қатынас;

командада жұмыс істеу идеяларын қолға ала отыра балалармен тәжірибелік жұмыс ретінде, олардың тілдерін дамыту мақсатында мнемотехника - балалардың тілін дамытуда табысты әдіс деп қолданысқа алдым.

Мнемотехника – дегеніміз не? 

Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Соның бірі мнемотехника.

Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі. Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге

Заманауй мнемотехника теориясы техника жағынан алға жылжи бастады. Мнемотехниканың көмегімен кез келген қиын ақпаратты есте сақтауға болады. Заманауй энциклопедиялық сөздік мнемотехникаға келесі анықтамалар береді.

Мнемотехника – есте сақтау өнері, есте сақтау және ойлау қабілеттерін жетілдіруге қатысты әдіс-тәсілдер.

Кейіңгі кездерде балалардан келесі проблемаларды байқауға болады: сөздік қорларының аздығы, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің нашар жетілгені, дыбыстық мәдениеттерінің төмендігі, зейіндерінің, ойлау қабілеттерінің нашар дамығаны. Сондықтан да біздің алдымызға келіп тірелген мақсаттардың бірі, ол: балаларды байланыстырып сөйлеуді, ойларын грамматикалық дұрыс құрап жеткізу, айналада болып жатқан оқиғаларды жеткізе алу болып келеді. Балаларды оқыту кезінде творчестволық әдістерді қолданған жөн.

Мнемокесте деген не?

Мнемокесте грек тілінен аударғанда - есте сақтау өнері, жадыны дамыту технологиясы. Бұл ақпаратты ұтымды және сәтті есте сақтаудың әдіс-тәсіл жүйесі. Бұл өлең мен тақпақ, әңгіме мәтінінің мазмұны бойынша жүйелі суреттер салу. Кез келген ертегі, мақал, тақпақ бойынша суреттерді жүйеге салуға болады.

К.Д.Ушинский: « Балаға жаңа бес сөз айтса ол есте сақтай алмай қиналады, ал жиырма сөзді суретпен көрсетсе тез есінде сақтайды»- деп жазған

Мнемокесте әдісі көрсетілген ақпаратты есте сақтауға тиімді .

Тәжірибеде көрсетілгендей, осы әдіс балаларды сөздердерді, сөйлем мен мәтіндерді есте сақтап қалуын жеңілдетеді .

«Егер бала үндемей тұрса, оған суретті көрсет, ол сөйлеп кетеді» Ушинский К.Д.

Ғылыми әдебиеттерді зерттеу кезінде мнемотехника технологиясымен жұмыс жасаудың келесі ыңғайларын айқындадым:

Системалық – мнемотехника технологиясы оқыту және тәрбиелеу кезінде қолданыланады;

Дербестік – әр баланың қабілеті мен қажеттілігі есепке алынады;

Әрекеттілігі – баланың дамуы іс-әрекет кезінде болады, ол тәрбиешімен ұсынылған сызбалар мен таблицаларды оқи отырып, өзінің сызбаларын құрастырады;

Диалогты – оқыту процессі диалог ретінде өтеді;

Мәдениеттілік – баланың сөздік қоры толығады, байланыстырып сөйлейді, грамматикалық дұрыс сөйлеуді үйренеді;

Информациялық – бала сызбалар, таблицалар арқылы қоршаған ортадағы информацияларды қабылдайды;

Аксиологиялық – балалар арасындағы қарым-қатынас [1,с39] .

Мнемотехника технологиясымен жұмыс жасау келесі принциптерге сүйенеді:

1. Даму ағарту принципі, басты мақсаты баланы дамыту болып саналады;

2. Ғылыми дәлелділік пен іс-әрекетте қолдану принципі, жұмыс істеу мазмұны психология мен мектепке дейіңгі педагогика мазмұнына сәйкес келуі [2, с58].

Сызбалармен жұмыс жасаудың бірнеше кезеңдері:

I кезең. Сызбалар мен элементтерді еңгізу. Мысалы, белгілер: түсі, пішні, көлемі,іс-әрекеті.

II кезең. Сызбаларды, символдарды түрлі оқыту іс-әрекеттерінде қолдану.

III кезең. Жоққа шығаруды еңгізу. Мысалы: үлкен емес,дөңгелек емес, жеуге болмайды.

IVкезең. Символдардың байланысы. Символдарды кезектеп «оқу».

V кезең. Балалардың символдардың қасиеттерін білдіретін бейнелерді өздік іздеулері. Бұл кезеңнің міндеті бейнелерді белсенді іздеу және дәлелдей алу болып келеді.

VI кезең. Таблицаны қарап, ондағы бейнелерді анықтау.

VII кезең. Ақпаратты шешу, яғни абстракциялық символдардан бейнеге

VII кезең. Ақпаратты шешу, яғни абстракциялық символдардан бейнеге көшу.

VIII кезең. Коддан шешу мәселесінен кейін ертегінің немесе әңгіменің мазмұнын айтуға көшу. Сәбилер топтарында тәрбиешінің көмегімен, ересек топтарында өздік жұмыс жүргізіледі [3, с25].

Балалармен жұмыс жасау ерекшілігі:

Интегралдық – оқыту іс-әрекеті бірнеше облыс бойынша жүзеге асырылады- «Қатынас», «Таным», «Қауіпсіздік», т.б.

Тиімділік – қол жетімді әдіс-тәсілдердің қолданылуы және шығын келтірілмейтін дидактикалық құралдар шығару.

Процессуалдық – баланың дамуы процесс ретінде қаралады.

Денсаулық күтушілік – баланың потенциясының көрсетілімі мен дамыу, бала ересек адам жағынан қысымдылық көрмеуі керек, тәрбиеші көмекшісі, әріптесі жағынан көрінуі керек.

Жан-жақтылық – басқа топ тәрбиешілері мен басқа да балабақшаларда қолданылуына болады [3,с59 ].

Мнемокесте - ол сызба, онда негізгі ақпарат беріледі. Мнемокесте ол да күнделікті жұмыс сияқты, қарапайымнан күрделіге көшеді. Мнемокесте – ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті, болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі.

Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті. Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.

Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:

1. Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.

2. Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.

3.Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.

Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір тәрбиеші символдық бейнелеуді жасай алады. Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.

Мысалы: түлкі-тоқсары геометриалық пішіннен тұрады. (үшбұрыш,шеңбер) аю - үлкен қоңыр шеңбер, т.б.

Мен бұл әдістемемде өлең,тақпақтардың мнемокестесін алдым. Сызбалар әр түрлі топтың балаларына арнап дайындалған. Балалар өлең,тақпақты жаттағанды өте жақсы көреді.

Тыңдағанды, әңгімелегенді ұнатады. Бірақ, барлығы тез ұғып алмайды: кейбіреуінде қиыншылықтар туындайды, тез шаршайды. Балалардың өлең, тақпақ жаттауға деген қызығушылығын арттыру үшін, мектепке дейінгі балалардың көрнекі - бейнелік кеңістігін бағдарлауға арналған мнемотехника тәсілдерін қолданамыз. Мнемосызбада кейіпкерлердің сызбалық бейнелері салынған, табиғат құбылыстары, кейбір іс-әрекеттер, яғни,керек деп саналатын жайттар бейнеленеді. Сызба-суретке қарасаңыз бәрі қарапайым, түсінікті. Жаңа тақпақты үйренгенде де алдымен шығармада кездесетін жаңа сөздер талқыланады. Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады

Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:

– Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б/– жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы.

Мақсатым:

Балалардың ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеру және оны қолдана білу іскерліктерін дамыту. Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,ертегілерді таныстыра отырып,сөздік қорын молайту,тілдерін дамыту. Дұрыс сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Міндеттері ретінде:

  • Балалармен сөздік жұмысын жүргізу;

  • Қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы түсініктерін дамыту;

  • Белсенді тілдік қарым-қатынас жасауға үйрету;

  • Айналадағы заттардың қасиеті мен сапасын, түр-түсін, пішінін ажыратуға үйрету;

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту.

Тәжірибелік бөлім: Мнемокесте өз тәжірибемде баланың сөздік қорын дамытып тілін дамыту үшін қандай сөздер қолдануға болады? Мнемокестені қолданыңыздар! Мен өз оқу іс-әрекетімде Л.Е.Белаусованың «Әңгімелеуге үйрен, ол оңай!» кітабын қолданамын. Әңгімелер мен тақпақтарға мнемокестелер тиімді жасалған. Ол балалардың әңгімелеуіне өте тиімді. Әрбір әңгімедегі суреттер балаларға әңгімелеуге оңай. Ал суреттерді бояуға болады. Бұл балалрдың ұсақ саусақ қол қимылдарын дамытады. Суреттер мен сиволдарды оқу іс-әрекетімде қолданғанда балалар басында кішкене сескенеді, суреттеді естерінде сақтай алмайтынына қорықты. Бірақ бірте-бірте балалар суреттерді ауыстра отырып әңгіме құрап, өздері еркін әңгіме құрастырып әңгімелей алды. Бұл суреттер мен символдар балаларға өте қызықты болды.

Қорытындылай келгенде, кез келген мнемотехникамен жұмыс баланың қызығушылығын оятады. Бұл оқыту процесін түрлендіруге, тұрақты қызығушылыққа жетуге, баланың потенциалды мүмкіндіктерін максималды іске асыруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істейтін педагогтерге мнемотехника элементтерін сабақтарына қосқан пайдалы. Бұл:

-Балалардың тілі мен ойын дамытады, сөздерді есте сақтауды қамтамасыз етеді.

-Балалардың психикалық процестерін дамытады. Есте сақтау зейіндік қабілеттерін, қиялдарын жетілдіреді.

-Балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға үйретеді.

-Мнемотаблицалардың шартты белгілері арқылы ой белсенділігін, байқағыштығын, салыстыра білу қабілетін дамытады.

-Халықауыз әдебиетіне балалардың сүйіспеншілігін тәрбиелейді

Сухомлинский  сөзі:  “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады” деген.

 «Педагогтік шеберлік – тек дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі» дей отыра сөзімді аяқтағым келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә."Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"//Сарыарқа самалы. 15.04.2017.

2.«Біз мектепке барамыз»Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама. – Астана 2009.

3.Жаттамақ: тақпақтар, өлеңдер. Құраст.Е.Өтетілеуов. – Алматы: Балауса,

4.«Зере бала». Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. - Астана 2009.

5.«Ана тілі айбыным» Хрестоматия. Балабақша тәрбиешілерімен әдіскерлерге арналған көмекші құрал. – Алматы 200.

6. Большева Т. В. «Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники», 2001.

8.Белоусова С. «Развитие лексики и грамматического строя речи у дошкольников», 2005.

10. Белоусова Л. Е. «Весёлые встречи», 2003.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
2272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі