Тақырып бойынша 11 материал табылды

Модификациялық өзгергіштік туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Модификациялық өзгергіштік
Генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамитын
организмдердің фенотиптері түрліше болып қалыптасады.
Дарақтардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып өзгеруін
модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық
өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни
организм белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Мысалы,
сиырдың үш қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне
тығыз байланысты. Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде
азықтандыра отырып оның сүтін молайтуға болады. Бұл тез және көп
өзгеретін қасиет. Ал сүтінің майлылығы сүттілікке қарағанда азық
және күтім жағдайларына аз мөлшерде байланысты және ол
сиырдың тұқымына тән біршама тұрақты қасиет. Дегенмен, құнарлы
азық беру арқылы оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым аз
өзгеретін, тұрақты белгі — сиырдың түсі. Бірақ сиыр жүнінің түсін
сыртқы орта жағдайларына мүлдем байланыссыз деуге болмайды, ол
да аздап болса өзгереді. Бұдан біз қандай белгі-қасиет болсын
сыртқы ортаның әсерінен белгілі бір мөлшерде модификациялық
өзгергіштікке ұшырайтындығын көреміз.
Модификациялық өзгергіштік организмнің көбею жолдарына, қандай
биологиялық түрге жататындығына және өсу ортасына байланысты.
Ол жер бетіндегі барлық тірі организмдерде болады.
Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес,
сондықтан олар тұқым қуаламайды. Бірақ гендердің қызметіне және
ферменттердің белсенділігіне әсер етуі мүмкін. Мысалы, төменгі
температурада кейбір ферменттердің белсенділігі кемиді. Соған
байланысты зат алмасу процесі өзгереді де, организмнің өсіп-дамуы
баяулайды. Олай болса, сыртқы орта факторларының әсерінен
көптеген физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық
процестер өзгереді. Бірақ бұлар тек фенотиптік қана өзгерістер.
Себебі мұндай жағдайда гендердің құрылымында ешқандай өзгеріс
байқалмайды


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
05.12.2020
283
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11