МОДО Оқу ссауаттылығы.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

МОДО Оқу ссауаттылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
МОДО оқу сауаттылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аралар қалай бірікті?

Ертеде бал аралары қазіргідей топ-тобымен тұрмайды екен. Әрқайсысы жеке-жеке күн көріпті. Бал жинайын десе, балын кез - келген аң жеп кетіпті. Жалғыз ара жауына қарсы тұра алмағандықтан:

-Бұлай жеке дара жүргеніміз дұрыс емес екен, бірігіп, ортақ жауымызға қарсы тұрып қорғанайық, -дейді. Олар, сөйтіп, үлкен күшке айналады.

Бірақ дұшпандары бұлардың шаршап, ұйықтап қалған кездерін аңдып, балын ұрлап, ұясын бұза береді.

Бұдан кейін аралар ақылдасып:

-Күн сайын күзетші қойып отырайық, басқамыз ұйықтағанда, күзетші ара ұйықтамасын. Дұшпанның келгенін сезсе, бірлесе шабуыл жасап, жаудың үрейін ұшырайық,- деп келіседі. Бұл ара күні-түні ұя басында күзетте тұрады.Оны күзетші ара деп атайды. Ол бір сыбысты сезсе-ақ болды, барлық ара жиналып, дұшпанын сәйгел тигендей етеді.

Осыдан былай бал арасын алып аю да талқандай алмайды. «Бірлікшіл болсаң арадай бол» деген сөз осыдан қалған екен.


1. Аралардың бастапқыдағы шешімі.: бірігіп ортақ жауға қарсы тұру

2. Мәтіндегі негізгі ой.: бірліктің маңыздылығы

3. Аралардың негізгі қызметі.: бал жинау

Абай мен Әбіш

Бірде Абай әңгіме үстінде:

- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма?-деп сұрапты. Ол іркілместен:

- Ақ зат асыл ғой,-дейді.

- Неге, қара зат асыл емес пе ?

Әбіш күлімдеп:

- Қараны қалай асыл дейсіз?-дейді.

Біріншіден адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе? Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді.

Екіншіден, қағаз-ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиямен жазғаннан өнер-білім алады.

Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда адамның шаш-сақалы ағарады, ал адамда ақыл, қайрат, білім де азаяды, сондықтан қараны асыл ма деп ойлап қалдым,-дейді әкесі.

- Оның бәрін қайдан білдіңіз?

- Ақылмен білдім,-дейді әкесі.


1.Әбіштің Абайға туыстық қатынасы: баласы

2. Әңгіме барысындағы Әбіштің іс-әрекеті.: қызығушылық таныту

3. Абай мен Әбіш талқылаған мәселе.: жаратылыстағы ақ және қара заттың асылдығы

4. Мәтіндегі негізгі ой.: ақылдылығын бағалау


"Әке мен бала" (әңгіме)

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

Анау тағаны, балам, ала жүр, — деді.

Бала әкесіне:

Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бір талай шие сатып алды.

Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:


Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.

Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.


1. Әкесі баласынан өтінгені.: ескі тағаны ала жүруді

2.Мәтінге сәйкес келетін мақал.: еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей

3. Әкесі шиені қайта-қайта тастау арқылы үйретті.: еңбектенуге

«Әйнек адам»

Бір баланың титімдей досы – Әйнек адамы болыпты. Өзі мөп-мөлдір. Бір ғажабы: Әйнек адам досының не ойлағанын біліп қояды. Бала анасының тілін алмай, сыртқа ойнауға шыққалы жатса - әйнек адам сәл-пәл күңгірт тартып:

- Олай етуге болмайды. Әуелі ісіңді тындыр. Сосын ойнауға шық, -дейді. Бала ұялып қалады. Дереу жұмысқа кіріседі. Жұмысын бітірген соң ғана сыртқа шығады. Әйнек адамға қараса, түнеріп кетіпті.

- Кімге жамандық жасап қойдым?-деп сұрады бала.

- Ешкімге жамандық жасаған жоқсың. Тек досыңды ұмытқаның болмаса... Бала ұялып кетті. Дереу досының үйіне келді. Оған бір шоқ гүл , алма ала барды.

Сөйтіп Әйнек адам баланы жақсы өсуге үйретті.


1.Әйнек адамның ғажап қабілеті.: Не ойлағанын біледі.

2. Бала анасының тілін алмаған кездегі әйнек адамда болатын өзгеріс.: күңгірт тартады

3. Әйнек адамның баланы баулитын қасиеті. : адамгершілікке

4. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал. : әдепті бала - арлы бала

Бірлік

  Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қарды салып, оны алысқа апарып төкті. Бірақ қар таусылар емес.

- Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, - деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. 
- Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық,жарай ма? 
- Жарайды, - деді Данияр қуанып. 

Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көмекке көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап- күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды.
- Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде- ақ қардан тазалап шықты.

Мұның аты – бірлік еді. 

1.Даниярдың іс-әрекетінің реті.: аулаға шықты, шанасын алды, қорапты бекітті, қар тазалады.

2.Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал: «Байлық - байлық емес, бірлік байлық" н/е Біріккен бітіреді, ұйымдасқан ұтады.

3. Мәтіндегі басты кейіпкер.: Данияр

4. Қар шығаруға бірінші болып көмекке келген досы.: Нариман

5. Нариман мен Даниярға көмектесуге кімдер келді? Берік пен Серік Бірлік


Бір кесе су

Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір стакан суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды.

  • Дәмі қалай екен?” деп сұрайды қария. Шәкірті:

Ащы” деп жауап береді ызаланып.

Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды.

  • Tәтті” дейді шәкірт.

  • Тұздың дәмін сездің ба?,- деп сұрағанда “жоқ” деп жауап береді.

Осы кезде ғұлама: “Өмірдегі қиындықтары осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды.

Сол сияқты, өмірдегі ауыртпалықтардың да ащы болып болмауы тек сенің сезімдеріне байланысты. “Кесе емес, бұлақ болуға тырыс“, – деген екен.


1.Кеседегі судың дәмі.: ащы

2. Ғұламаның шәкіртіне түсіндіргісі келгені.: төзімді болуды

3.Қарамен жазылған сөз тіркесінің мағынасы.: ашуланады

4. Ғұлама өмірдегі қиындықтарды теңеген зат.: тұз

5. Шәкіртіне екі түрлі суды ішкізгендегі ғұламаның мақсаты.: өмірлік сабақ береді

Байлық

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен:
- Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт қашаушы өтіп бара жатып, жылап отырған жігіттің қасына келеді.
- Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба?
- Ол қандай байлық?
- Бір көзіңді біреуге қаншаға бере едің? – деп сұрайды қарт.
- Оның не?! – деп, шошып кетеді жігіт.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?

-Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт.
- Жоқ! Қолымды бермеймін, алтының керек емес, - дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе? Сен өте бай адамсың. ғой, - дейді тас қашаушы қарт. Адамның ең үлкен байлығы – күш-қуаты мен денсаулығы, дейді қарт. Она ақшаға сатып ала алмайсың.

Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.


1.Қарттың «ақшаға сатып ала-алмайсың» деп меңзеген байлығы не? Күш-қуаты мен денсаулығы

2. Жігіттің армандағаны. : байлық

Керексіз сұлулық

Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа еңкейіп, су ішіп жатып, өзінің әсем мүйізін көріп шаттанады. Сөйтіп денесінің басқа мүшелеріне көз салады. Бұғыға аяқтары келісімсіз, жіңішке, әрі арық сияқты көрінеді.

Сөйтіп тұрғанда арыстан шыға келіп, бұғыны қуа жөнелді. Бұғыны арыстаннан жаңа ғана өзі жақтырмай тұрған аяқтары құтқарып қалады. Солардың арқасында арыстаннан қашып құтылады.

Бірақ орманда бұғының мүйізі әр бұтаққа бір оратылып, кібіртіктей бастайды. Сол кезде арыстан оны ұстап алады.

Сонда бұғы: «Менің көркім менің сорым болды, онша жақтырмаған әлсіз санаған аяғым мені құтқарғандай мықты екен. Дұрыс бағалауды білмеген екенмін» депті.


1.Мәтіннің негізгі ойы : сыртқы сұлулық алдамшы

2. Бұғының су ішкен жері. : бұлақ

3. Бұғының арыстанға ұсталып қалу себебі: мүйізі бұтаққа ілініп қалды

4. Бұғыны арыстаннан құтқаратын мүшесі: аяғы

Көмек

Қарлығаштар жылы жақтан келіп, ауылда ұя сала бастайды. Достарының көмегіне риза болған Ақтамақ. Ақтамақ қарлығаштың мойны салбырап, жүні үрпиіп, үй іргесінде бүрісіп отыр екен.

- Сен неге бүрісіп отырсың?-деп сұрайды көршісі.

- Алыстан ұшып келе жатқанда бұршақ жауды.Суық тисе керек, бойым дел -сал, сүйегім сырқырайды,-деп Ақтамақ қарлығаш мұңайды.

- Сен мұңайма, біз барда панасыз, ұясыз қалмассың...

Әлгі көршісі шиқылдап, дыбыс беріп, айналадағы қарлығаштарды жинап, Ақтамақтың ауырып қалғанын айтады. Бәрі қауымдасып, бір жаққа ұшып кетеді.

Ақтамақ жатқан үйдің құмдағына бірі жүн-жұрқа, бірі саз балшық, біреулері жіптей жіңішке шөпшек әкеледі. Біреуі бұйрық бергендей, дамыл таппай, қайта –қайта қатынайды. Ә, дегенше Ақтамақтың ұясы әзір болады.

- Сыз ұяға жатып қалсаң, тағы да суық тиер,-деп,бір-екеуі түлеп түскен мамықтарын береді.

- «Көп түкірсе-көл» деген осы екен ғой,- деп жылы оранып, ұясына жата кетеді.


1.Көрші қарлығаштың дыбыс беріп, айналасындағыларға не айтқанын анықтаңыз.: Ақатамақтың ауырып қалғанын айтты.

2.Ақтамақтың мойны салбырап, жүні үрпиіп, бүрісіп отыру себебін анықтаңыз.: суық тиіп, бойы дел-сал болып, сүйегі сырқырағандықтан.

3.Теңеу сөз қолданылған сөйлемді анықтаңыз: Ақтамақ жатқан үйдің құмдағына біреуі жүн жұрқа, бірі саз балшық, біреулері жіптіктей жіңішке шөпшек әкеледі

4.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.: тату болып, өзара көмек беру керек

« Сауысқанның ұясы»

Ертеде аспандағы құстар құсқа тән өнердің қыр сырын енді ғана меңгере бастаған шақта, ала қанат сауысқан өзін аса білгір санапты. Бірақ оның білетіні тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз. Көктем келіп, құстар ұя салу қамына кіріседі. Сауысқанда жұрттан қалмай іске кірісейін десе, құрылысты неден бастарын білмей дал болады. «Құс екендерің рас болса, ұя салуды маған да үйретіңдер» деп қолқа салады. Құстардың бірі шөп - шалам әкеп, біреуі бұтақ тасып, сауысқанға ұя салуды үйрете бастайды.

Үлкен құстар Құтан, Қарға, Қырғи бір- бір бұтақшадан алып келеді. Ал сауысқан тұмсығын көтеріп, құйрығын қайқаңдатып «осы ғана ма! Мұны мен сендерсіз-ақ білемін» деп әрі бері секеңдеумен болады.

Көмекке Шымшық, Бозторғай, Қарлыған сияқты кішкентай құстар келеді. Олардың кейбірі қабырғаны жүн жұрқамен бекіте алса, кейбіреуі балшықпен сылақ сылауды жақсы білетін, енді біреуі еденге мамық төсеудің шебері еді. Бірақ мамық төсеушілердің өнеріне кезек тимей қалды. Бір үлкен құс бұтақшаны тұмсығымен тістеп, ұшып келе жатса, сауысқан тағы баяғы әніне салады;

Осы ғана ма? Мұны мен сенсіз де білемін! Сонша мақтаншақ сауысқаннан мезі болған құстар: Солай ма, Сауысқан мырза ! Сен бізсіз - ақ бәрін біледі екенсің. Олай болса, мына құрылысты өзің жалғастыра ғой, - деп жөндеріне кетті.


5. Сауысқанға не қажет болды?: ұя

6. Мәтіндегі негізгі кейіпкер.: Сауысқан

7. Сауысқанның құстардан сұрағаны.: ұя салып беруді

8. Мәтіннің жанрын белгіле.: ертегі

9. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал.: білгенің-бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

10. Кішкентай құстардың қолынан келетіні.: сылақ сылау, мамық төсеу

« Су патшалығы»

Ерте заманда су тапшылығы бар сахарада ерлі-зайыптылар өмір сүріпті. Елдеріндегі бейбітшілік өмір мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, бақытты, рақат өмірлері үшін мемлекет патшасына алғыс ретінде сыйлық беруді ойлайды. Екеуі ақылдаса келе бір ортақ шешімге келіпті. Сонымен олар жаңбыр жауған кезде суды әртүрлі ыдыстарға құйып, құмырамен билеушілеріне апарып бермекші болады. Қыш құмыраға құйылған суды әйелі киізге орап бергеннен кейін күйеуі жолға шығады. Аптап ыстыққа қарамастан патшаның қамалына келеді. Қорған күзетшілері мемлекет басшысына келген шаруаның сыйлығына қарап езу тартып, кіруге рұқсат береді. Патшаның көркемдігі мен әділдігі, қарапайымдылығы, жақсылығы да қоластындағылырға дарыған екен. Шаруа патшаға:

Уа, жоғары мәртебелі әміршім, сізге әкелген сыйлығымды қабыл алыңыз,-дейді.

Патша сыйлықты ала отырып, нөкерлеріне:

Құмырасын толтырып қазынадан алтын беріңдер,- дейді

Патшаны өз сыйлығын ерекше ілтипатпен қабылдап, құрмет көрсеткеніне тәнті болған шаруаны әміршінің көмекшісі кемеге дейін шығарып салады. Патша сарайы маңынан ағып жатқан дарияны көргенде шаруа қатты таңданып, үнсіз тұрып қалады.

Бір құмыра суына ілтипат көрсеткен патшаның кішіпейілділігін, жомарттығын, даналығын, парасаттылығын осы дария паш етіп жатқандай еді.


  1. Патшаның ерлі-зайыптыларға құрмет көрсетуінің себебі: ниеттеріне риза болды

2. Шаруаны кемеге дейін шығарып салған кейіпкер: көмекші

3. Патшаның бойынан көрінген қасиеттері : даналық пен қайырымдылық

4. Асты сызылған сөз тіркестің мағынасы: кеңшілік заман

5. Шаруаның әміршіге әкелгені: су

6. Су құйылған құмыраны киізге ораудың себебі.: салқын болу үшін

Түлкі, тасбақа және кене.

  Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен.

         Үшеуі ойласып:

         — Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық ,– дейді.

         Түлкі бір жарды көріп:

         — Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады.

         Тасбақа байғұс жер тырналап, кене сорлы тарыны жиып, егіп, әлекке түседі. Сөйтіп, көп бейнет шегіп, піскен соң, ол тарыны орып алады. Бастырғанда, бір аяқ тары болады. Біреуі барып, түлкіні шақырып келеді. Түлкі келе сала:

         — Бұл тарыны үшеуімізге бөлуге болмайды. Үшке бөлгесін, бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді дейсің. Онан да үшеуіміз жарысып, қай озғанымыз алайық, – дейді.

         — Мақұл! – деп, үшеуі бір жерге келіп, қатарласып тұрады.

         Түлкі:

         — Ал, кеттік! – деп, жөней бергенде, кене түлкінің башпайына жабысып, бірге кетеді. Түлкі өліп-өшіп, барынша жүгіріп келіп, қырманға отыра бергенде, кене:

         — Ай, сорлы, мені басып өлтіресің бе? – дейді.

         — Ой, сен қашан келдің? – дейді түлкі.

         — Сен бағана «Ал, кеттік!» дегенде-ақ мен келіп қалғамын! – дейді кене.

         Екеуі дауласып жатқанда, аузы-мұрны қан-қан болып, тасбақа келеді. Келе сала:

         — Ойбай, түлкі, мен бір бәле көріп келдім! Жаңа сендердің артыңнан екі қарагер аты бар, қара бүркіті бар және екі тазысы бар екі адам келіп, жаңағы қасыңдағы түлкі жолдасыңды тауып бер деп, менің аузы-мұрнымды қан қылды. Сонда да айтқаным жоқ, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.

         Түлкі:

         — Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер! Мына тарыны екеуің тең бөліп ал, мен сендерге риза болайын. Олар келсе: «Білмейміз, қайда кеткенін» деңдер, – деп, тұра жөнеліпті.

         Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене бөліп алыпты.


1.Жалқау түлкінің айласы.: жарды сүйеу

2. Тасбақаның өтірік айтуының себебі. : түлкінің қуылығына жауап беру

3. Мәтіндегі негізгі ой.: еңбекті сүю

4. Кененің бойындағы қасиет.: табандылық

Түлкі мен қырғауыл

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:

         — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.

         Қырғауыл:

         — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.

         Түлкі:

         — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.

         Қырғауыл:

         — Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.

         Түлкі:

         — Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.

         Қырғауыл:

         — Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.

         Қырғауыл:

         — Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.

         Түлкі:

         — Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.


5. Ертегідегі басты кейіпкер. : түлкі

6. Түлкі айласын асырмақшы болған кейіпкер. : қырғауыл

7. Түлкінің қырғауылды алдау себебі. оны жегісі келді

8. Қырғауылдың түлкіні алдауда танытқан қасиеті.: тапқырлық

9. Мәтінде суреттелген жағымсыз қасиет.: қулық

10. Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақал.: өтірікші алдымен өзін алдар

Ұмытшақ.

Еңбек сабағынан мұғалім қағаздан үйшік жасап әкелуді тапсырған. Әлденеге тыпыршып, байыз таппай отырған Ақтай ғана. Кеше әкесінің көмегімен жасаған үйшігін әлгінде ғана, үзіліске шығар алдында парта үстіне қойып кеткен сияқты еді. Үйшік ұшты-күйлі жоғалды. Ақтай аң-таң. «Мүмкін емес,-деді ол. -Кім болса да біреу алған». Сол сәтте парталас Дариғамен бірде ренжісіп қалғаны есіне түсті. Ия, сол әдейі қастықпен жоғалтып жібермесіне кім кепіл?! Сыныпқа мұғалім кірді. Оқушылардың үй жұмыстарын аралап көре бастады.

- Сен ше? – деді мұғалім.

- Әкеп едім...деп күмілжіді.

- Жоқ..жоғалтып алдым.

- Мүмкін ұмытып үйде қалдырған шығарсың?

- Жоқ әкелдім. Мына жерге қойғанмын..

- Ендеше кім алады?

- Дариға,- деді бірден Ақтай.

Оқушылардың назары енді Дариғаға ауды.

- Мен алғам жоқ,-деді ол жыламсырап тұрып.

- Осы ..басқа ешкім емес,- деп нығыздады Ақтай. Дариға жылап жіберді

- Жарайды деді мұғалім.

- Кейін анықтала жатар.

Дариға мектептен қайтқан соң да, жол бойы жылаумен болды. Оны ешкімде жұбатпады.»

Жыла,-деді Ақтай іштей келеке етіп.

  • Біреудің затын ұрлаған қандай болады екен?!»

Үйге келді де,бірден өз бөлмесіне енді.Сөмкесін қоя бергенде, терезе алдындағы өзінің кешегі үйшігі көзіне түсті. Сенбей ұстап та көрді. Дәл өзі. Ұялғаннан бетінен от шықты.

Дариғаға жөнсіз жала жауып, қатты ренжіткеніне қатты өкініп қалды. Ақтай үйден шыға сала жүгіре жөнелді. Дариғадан кешірім сұрауы керек қой...


1. Мәтіндегі басты кейіпкерді атаңыз. : Ақтай

2. Еңбек сабағынан қандай үй тапсырмасы берілгенін анықтаңыз.: қағаздан үйшік жасап әкелу

3.Сабақтың басында Ақтайдың тыпыршып, отыруының себебін анықтаңыз.: себебі жасаған үйшігі ұшты-күйлі жоғалып кетті

4.Ақтайдың неліктен Дариғаны кінәлі санағанын анықтаңыз. : бірде Дариғамен ренжісіп қалғаны есіне түскендіктен

5.Ақтайдың бойындағы жағымсыз мінез-құлықты атаңыз.: ұмытшақтық

6.Ақтайдың ұмытшақтығының салдарын анықтаңыз.: Дариға өз пікірін айтып, ұрлық жасамағанын дәлелдеді

7. Қарамен жазылған сөздің мағынасы: ұялды

8. Мәтіндегі негізгі ой: Кінәсін түсіну

9. Ақтайдың кемшілігі: ұмытшақтық

Дегелектің сыйы

Баяғыда бір қария келе жатып, аяғы сынып, жүре алмай жатқан дегелекті көріпті. Оны үйіне алып келіп, сынған жерін таңып, асырапты. Әбден жазылып, ұшуға жараған соң бостандыққа жіберіпті.

Арада бірнеше күн өткенде әлгі дегелек қарияның шаңырағына келіп қонады. Бір ғажабы, ол төбеден ат басындай алтын тастайды да, ұшып кетеді.

Дегелектің қарияға жасаған сыйы туралы сөз ел ішіне тарайды. Оған көршілерінің бәрі таң қалып, ауыздарының суы құриды. Бір қомағай қарт балаларына «Біз де бір дегелектің аяғын сындырып, бағайық» деген ақыл айтып, арам ойға да барады.

Бірде ол отынға барса, ұясының үстінде отырған дегелекті көреді. Таспен ұрып аяғын сындырып, оны үйіне алып келеді. Байғұс құс бірнеше күн азап шегеді. Олар оның сынған жерін таңып, асырайды. Бір күні дегелектің аяғы тәуір бола бастағанын көрген көрші қарт оны ұшырып жібереді. Осыдан соң күнде шаңыраққа қарап, дегелекті күтіп отыратын болады.

Арада бірнеше күн өткеннен соң, дегелек оның шаңырағына қонып, төбеден бірнеше сарыбас жылан тастайды. Алтын күтіп отырған кісінің шаңырағынан соншама жылан түсті деген не сұмдық?! Көрші қарт алтын тұрмақ, басын қалай аман сақтаймын деп өз үйінен өзі безе қашыпты. Көрсеқызарлығы мен арамдығының кесірінен өз жазасын осылайша тартыпты.


1.Қария туралы ел ішінде тараған сөз?: дегелектің берген сыйы туралы

2. Көрші қарттың отбасында болған жағдайдың реті.: аяғын сындырады, бағады, сыйды күтеді, қашады

3. Дегелектің көрші қартқа берген жазасы.: жылан тастағаны

4.Қарамен жазылған сөз тіркесінің мағынасы.: таңданады

5. Дегелек қарияға алтын бергенде қомағай қартта қандай сезім болды?: қызғаныш

Хеймей аралы

Жыл сайын қызыл-жасыл тұмсығы бар қара ала құстар Хеймей атты Исланд аралына ұшып келеді. Олар-тупиктер. Тупиктерді тағы «теңіз сайқымазақтары» деп те атайды. Толық денелері мен қысқа қанаттарының кесірінен бұл құстарға ұшу мен қону өте қиын.

Халла деген қыз Хеймей аралында өмір сүреді. Ол күнде биік жартастың үстінде тұрып, биылғы алғашқы тупикті көру үшін теңіз жаққа қарайды. Көп кешікпей олар бүкіл аспанда көрінеді. Олар қыстаудан теңізге оралады да, аралдарға жұмыртқа салып, балапандарын басып шығарады. «Теңіз сайқымазақтары» жылдан жылға өз ұяларына қайтып ұшып келеді. Олардың жағаға шығатын жалғыз уақыты осы.

Жаз бойы балапан тупиктер өз ұяларын тастап, алғашқы ұшуларын орындайды. Құстардың жартысын ауылдағы шамдардың жарығы шатастырады. Құстар бұл жарықтарды су бетіндегі ай сәулесі деп ойлайды. Сондықтан әрбір түні жүздеген тупиктер ауылға келіп қонады. Олар жер бетінен көтеріле алмайды.

Халла достарымен балапандарды құтқарудан жарысады. Қолдарына фонарик алып, олар ауылдың қараңғы жерлерін қарайды. Тапқан тупиктерді ақырын картон қорапқа отырғызып, үйлеріне алып келеді. Келесі күні күндіз олар жағаға барып, балапандарды суға жібереді.

1.Мәтіннің жарнрын анықта.: әңгіме

2.Халла мен достарының әрекетінен байқалатын қасиет.: қамқорлық

3.Мәтіндегі құстардың аты.: тупик

4.Тупиктерге ұшып, қонуға қиындық тудыратын себеп.: денелері толық және қанаттары қысқа

Мейірім

Айнұр көпшіл. Үнемі өзі қатарлы қыздар мен ұл балалар арасында ойнап жүреді. Олар да Айнұрдың соңынан бір елі қалмайды.

Енді, мінеки, атасы мен әжесінің ауылымен қош айтысатын мезгіл де жетті. Папасы-әскери адам. Кезекті демалысы бітті. Жауынгерлік жаттығуларына қайта оралмақ.

Атасы мен әжесі:

-Балам, қайда жүрсең де аман бол. Еліңді, жеріңді сүй, қорға, -деді.

Айнұр қоштасар сәтте ерекше мінез көрсетті.

-Ата, әже, папа, мама, бәріміз бірге тұрайық, -деді.

-Кәнеки, ондай болса. Бірақ, папаңның жұмысы бар. Атаң мен әжең ауылда. Мүмкін емес қой, жаным, -деді әжесі бауырмал Айнұрды кеудесіне қысып.

-Онда мен атам мен әжемнің қасында қалам. Кетпеймін. Кім қарайды оларға? –деді төрт жасар Айнұр көзі жасаурап.

-Ендігі демалыста және келеміз,- деді мамасы.

-Жоқ. Мен осы жерде қаламын.

Айнұр папасы және мамасымен қоштасты. Қолын бұлғап қалды. Папасы мен мамасы Айнұрдың бүгінгі мінезіне қайран қалды. Әйтсе де қимай қоштасқандары жүздерінен байқалады.

Ал атасы мен әжесінің қуаныштарында шек жоқ. Айнұрдың атасы мен әжесіне кішкентай бүйрегінің бұрып тұрғанына әбден риза болады.


1. Айнұрдың ауылда қалу себебі: ата – әжесінің қасында болу

2. Айнұрдың қоштасар сәттегі өтініші: ата- әжесімен бірге тұру

3. Мәтіннің түрі: әңгімелеу

4. Мәтіндегі Айнұрдың бойындағы көрсетілген қасиеті: мейірімділік

5. « Елін, жерін қорғауды» айтқан кейіпкер: атасы мен әжесі

6. Мәтіннің басты кейіпкері: немересі

«Мейірімділік» мәтіні

Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күнінде мектепке жайбырақат келе жатқам. Көшеден өте бергенде, жылаған баланың даусын естіп, жалт қарадым. Құлағы салпиған қара күшік 3-4 жасар қыз баланың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес. Күшікті қуып жібердім.

  • Үйіңді тауып бара аласың ба?-дедім.

Көз жасын қолының сыртымен сүрткілеп, күшік жаққа қарады. Қолынан жетектеп, өзі нұсқаған жаққа алып келе жаттым. Ол үйінің жанына жақындаған сәтте қуанып кетіп:

  • Аға , анау үй , көп рахмет!-деп , томпаңдап жүгіре жөнелді.

Мектепке келсем, сабақ басталып кетіпті. Есік қағып, сыныпқа кірдім. Оқушылардың барлығы мұрындарынан шаншылып сабақ орындап отыр. Оспан ағайға кешіккен себебімді айттым. Ол кісі үндеген жоқ. Аяғын дыбыссыз басып, қасыма келді. Мейірімді жүзімен күлімсірей қарап, аялы алақанымен басымнан сипады да :

«Орнына отыра ғой! Тақтада берілген тапсырманы орында» - деді. Жұмсақ үнмен. Төбем көкке жеткендей болды.


1.Кейіпкер бойындағы үлгі тұтуға тұрарлық қасиеті.: мейірімділік

2. Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар реті.: мектепке барар жол, қызға көмектесу, мұғалімнің кешіріммен қарауы

3.Қыздың жолын бөгеді?: қара күшік

4. «Төбем көкке жеткендей болды» сөз тіркесінің мағынасы: қуану

«Мұраттың бастауы»

Ойын алаңының арғы жағындағы кішкене жар тастың түбінде бір топ құрақ өсіп тұрған. Бірде соның жанына барып, демалып отырдық.

- Бұрын осы жерде бастау болған,- дейді атам. Әне жер дымданып жатыр. Қазып көрсек қайтеді? Мүмкін су шығып қалар,- деді Мұрат. Оның сөзін әркім өзінше күлкіге айналдырып жіберді.

- Мейлі, күле беріңдер,-деп, Мұрат өкпелеп кетіп қалды. Біз қайтадан ойынға кірістік.

- Мұрат келе жатыр,-деп бір бала дауыстап жіберді.

Жалт қарасақ, Мұрат келе жатыр екен. Қолында күрегі бар. Ол әлгі ойпан жерді қазуға кірісті. Ек-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады. Бізде үн жоқ. Мұрат бізге күле қарап:

  • Бастаудың мөлдір суынан ішіңдер,-деді.

Біз бастау суын қос уыстай іліп алып, ішіп жатырмыз, ішіп жатырмыз. Салқын су қандай тамаша десеңізші!


1.Мұраттың бойындағы жақсы қасиет.: байқағыштық

2.Балалардың демалып отырған жері.: Жар тастың түбіндегі құрақ.

Мұхиттар

Мұхиттар өте терең болады. Мұхиттардың мол суы ауа райының қалыптасуына әсер етеді. Судың жылуына немесе сууына көп уақыт кетеді. Сондықтан мұхиттар климатты жұмсартып, бізді жазда аптап ыстықтан, қыста аяздан қорғайды.

Мұхит ағысы-бұл температурасы басқа қалың судың арасымен ағып келе жатқан жылы су не суық теңіз суларының ағыстары. Мысалы: Гольфстрим-,бұл жылы ағыс. Ол Атлант мұхиты арқылы Еуропаға қарай ағады. Мұхиттардағы суық сулар мен қайтулар кезінде қозғалады.

Жер бетінде төрт мұхит бар. Олар біздің планетамыздың үстінің 71%-ын жабады. Ең үлкені -Тынық мұхиты. Ал мұз жабылған Солтүстік Мұзды мұхит олардың ішіндегі ең кішісі және таязы.


1.Ең кіші , ең таяз мұхит: Солтүстік мұзды мұхит

2. Гольфстрим ағысының ықпалы.: Еуропа елдері жұмсақ климатқа ие

Құмырсқа

Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты.

Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.

Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады

Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.

Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.

Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты.

Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.

Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:

Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.

Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:

Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.

«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.

1.Құмырсқаның жасаған қателігі.: достарынан бөлініп кетті

2. Нағыз достың әрекеті.: көмекттеседі де, дәнді бірге көтеріп алып кетеді.

3. Мәтіндегі мақалдың мағынасына сай келетін мақал.: жаңа досың жанында болса, ескі досың есіңде болсын

4. Басты кейіпкер.: құмырсқа

Қасиетті адыраспан

Адыраспан жаз айларында, далалы жерлерде өсетін өсімдік. Бұл өсімдіктің қасиеттілігі сондайадамды тіл-көзден сақтап, үйді зиянды қуаттан арылтады. Сондықтан да адыраспанды атам қазақ киелі санап, үйдің кіре берісіне іліп қояды.

Адыраспанды тек жұма күндері ғана жұлады. Жұлар алдында «Қасиетті адыраспан, сізді бізге берді Әзірет Оспан» деп айту керек. Себебі, Мұхаммед пайғамбардың төрт сенімді серіктерінің бірі Оспанды бір қатерден алып қалған екен. Оспан жолдастарымен бір жиында отырғанда, жаулары байлаулы тұрған аттарын босатып жіберген, сонда олардың жан-жаққа бытырап, жоғалып кетпеуіне осы адыраспан себеп болыпты. Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалыпты. Басқа аттар сол араға келіп, жиналып тұрған.

Сонда Мұхаммед пайғамбар Оспанға : «Сенің құрметің үшін осы шөпке киелі қасиет дарыды», - деген екен. Содан бері адыраспан өсімдігі киелі саналады.


1. Киелі өсімдіктің пайдасы.: тіл-көзден сақтауы

2. Адыраспанды жұлуға болатын аптаның күні.: жұма

3. Адыраспан өсімдігінің киелі аталуы себебі.: аттарды жоғалып кетуден сақтағандықтан

4. Адыраспанды жұлар алдында айтылатын сөз кімге қатысты.: Оспанға

Құстар қысқа қалай даярланады?

Күннің суық боларын елден бұрын құстар сезеді. Күз болысымен олар тізбектеліп жылы жаққа қарай қайтады. Тырналардың қоштасқан кісілерше ауылды айнала ұшып, қиқулап кетіп бара жатқанын талай тамашалаған боларсың. Ең алдында жолды көп көрген кәрі құстар жүреді. Құстар ------------------- сындырған шыбықтай, алды бұрыш, арты талтақ болып ұшады.

Құстардың бәрі бірдей жылы жаққа кете бермейді. Біздің жақта қыстап қалатын құстар да баршылық. Қыстап қалатын құстардың жылы мамық жүні, жылы қанаттары күздігүні өсіп жетіледі. Суық ------------------- жылы ұя істеп алады. Көгершіндер шатырдың төбесіне, қораның қалтарысына ----------------. Құстар қыстыгүні не болса, соны қорек қылады.

Қыста адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Жемшашарлар әзірлеп, ішіне ----------------------------- басқа да жемдерді шашып қояды. Құстардың пайдасы көп. Олар зиянды жәндіктерді жейді. Құстар біздің досымыз.


1.Қандай құстар адамдар сияқты қоштасқандай болады?: тырналар


++++++++++++++++++++

Асан мен Қасен дос болыпты. Қасен жұтқа ұшырап, Асанмен қоштасуға келеді. Асан жерінің жартысын береді. Тұқым салып жүріп, Қасен алтын тауып алады. Асаннан сүйінші сұрайды, бірақ өзі алтынды алмайды. Бұл екеуі ұзақ таласады. Олардың балалары да алтынды алудан бас тартады.

«Енді алтынды кім алу керек?» деген талас қайта басталады. Олар қарияның алдына жүгінеді. Қария төрт шәкіртіне бұл сұрақтың жауабын айтсын,-дейді. Қария алтынды кенже шәкіртіне беріп, айтқан бағыңды өсір,-дейді. Жігіт базарға барады. Базарда торға қиналған құстарды көреді. Құстарды сатып алып, тордан босатады. Құстардың көкке самғағанына жігіт қуанады. Алтындарын жұмсағанына өкінеді. Қайғысы үдеп құлап қалады. Сол кезде түс көреді. Түсінде бір бұлбұл ұшып келіп көкірегіне қонады. Құс әсем әуенімен:

  • Уа, кеңпейіл жігіт! Сен қайғырма. Құстар жақсылығыңды ұмытпайды. Ұйқыңнан оян деп ұшып кетеді. Жігіт оянса көп құстар аяғымен жерді шұқып, тұмсығындағы әнді салып, қанаттарымен топырақты сыпырып көміп жүр екен. Жігіт жанжағына қараса, алма ағаштары жеміс беріпті. Ал адамдар бұл бақтан өздерінің нәсіптерін тауыпты.


Қасеннің Асанға келу себебі.: қоштасуға

Құстардың жасаған жақсылығы.: ғажайып бақ өсіріп берді

Екі кітап

Бірде жолға шыққан жолаушы екі кітап тауып алды. Бірінші кітаптың қалыңдығы екі қарыс. Екінші кітап сіріңкедей ғана кішкене, әрі жұқа. Ол кітаптарды алып, данышпан қарияға келеді. Қария екі кітапты таразыға салып өлшейді. Жұқа кітаптың салмағы басым түседі.

Қария басын шайқайды да:

- Сені жазған кім, үлкен кітап? ,-деп сұрайды.

- Мені мылжыңбай деген біреу жазды. Отырды да, ойына келгенін жаза берді,- деп қалың кітап жауап берді.

- Ал сені кім жазды, кішкене кітап?

- Мені ғұлама білгір жазды. Ол көп жыл еңбек етіп, сөз асылын ғана жатқа түсірді, -деді.

- Міне, енді ұқтың ба?,-деді қария жолаушыға .

- Мына кітапта ақылдының асыл сөзі ғана бар. Ал мына кітаптың іші толған бос сөз.

Сондықтан жеп - жеңіл. Мағынасыз сөзде не салмақ болсын!


1. «Екі қарыс» дегеннің мағынасы: қалыңдық өлшемі

2. Мәтіндегі қарияның бірінші әрекеті.: кітаптарды өлшейді


Жәрдемші.

Кеш кіріп, ауыл маңы абыр-сабыр бола бастаған шақ. Жазғы демалысын жайлауда өткізгелі келген Бекен нағашы ағасына қолғабыс етпек болып, өрістен қайтқан малға қарсы жүрді. Қозы-лақтарды қайырып, еңіске қарай айдады. «Әліппеден» суретін ғана көрген олармен бұл тұңғыш бетпе-бет келуі еді. Тобымен асыр салған жас төлдер қайыру бермей әлекке салды.

-Әне, кетті! -деді нағашы ағасы жан дауысы шығап.

Нұсқаған жаққа қараса, анадай жерде бір қошқар кетіп барады екен, тұра ұмтылды. Жүгіріп барып, жолын бөгеді де, «әй, қошқар, қайт артыңа... қайт» деп қолын ербеңдетті. Анау қайтар емес, керісінше тап беретіндей жақындай түсті. Аяғымен жер тарпып, айбат шегіп қояды. Қасарысып тұрған пәлекеттен сескеніп қалған бала енді көмекке нағашы ағасын шақырды. Іле-шала жетіп келген нағашы ағасы:

-Әй , қайдағы қошқар... мынау теке ғой... лақ теке, -деді мәз болып.

Қайдан білсін. Алакөздене қарап, өзін баласына, міз бақпай бағып тұрған бүртік мүйіз пәледен қаймыққанда, сасқаннан «қошқар» дей салған. Жаңсақ кеткенін енді біліп, ыңғайсызданып қалды. Соны байқап қалған нағашы ағасы артынша:

-Жарайсың , жиен! Сен болмағанда , бұл пәлені қайтара аларма едік? Адымын аштырмадың,-деді «ренжіме» дегендей жақындап келіп.

-Жарайсың! Сен өте жүйрік екенсің.

Бекен ренжімеді қайта мал танымай қалғанына қысылды.

1. Бекеннің көмектескісі келген адамы: нағашы ағасы

2. Бекеннің келген жері.: ауыл

3. Қарамен жазылған сөйлемде айтылған қасиет.: намысшылдық

4. Мәтіннің негізгі ойы.: жиеннің төлді ажырата алмауы

5. Бекенді әлекке салған жануарлар.: текелер

6. «Сескенді» сөзінің мағынасы.: өкінді

Неліктен бұғы мүйізін тастайды?

Бұғы – көру қабілеті жоғары, есту және сезу функциялары қатерлі қауіпті жылдам сезетін жануар. Ол мүк, суда өсетін өсімдіктер, ағаштың қабығы және бүрлерімен қоректенеді. Бұғының ең негізгі ерекшелігі – мүйізі, оның іші бос емес, қыс сайын бұғылар мүйіздерін тастап отырады.

Өмірінің алғашқы жылы бұғының маңдайында кішігірім ғана екі томпақ мүйіздің «бастамасы» пайда болады. Көктемде олардан мүйіз шығып, жаз бойы өседі. Мүйіз өскен сайын сезімтал «бархат» деп аталатын терімен қапталады, оның үстінен мүйізді қоректендіретін және сүйегін қатайтатын қан тамырлары өтеді. Мүйіз толығымен өскенде қан айналымы тоқталып, оның бастамасында сақиналар пайда болады. Содан кейін бұғының мүйізі құрғай бастайды да, соңында түсіп қалады. Көбінесе бұғы мүйізімен ағашқа сүйкеледі, бұл, әрине, оның тез түсіп қалуына әкеледі.


1.Бұғының мүйізін тастау себебі
.: мүйізімен ағашқа сүйкеледі

2.Бұғы мүйізін тастайтын мезгіл.: қыс

3.Берілген мәтіннің түрі.: әңгімелеу

Бозторғайдың ерлігі

Бозторғай балапандарына ертелі кеш жем тасумен жүргенде, жүрегі бір қатерді сезгендей ұясына алып ұшты. Ұзындығы сала құлаш қара шұбар жылан тілін сумандатып, ұясына жақындап қалыпты. Балапандар аузын ашып шыр-шыр етеді.

Бозторғай ұя мен жыланның арасына келіп қонды.

  • Мынау қайтеді! Жан керек болса былай тұр жолымнан, - деді жылан басын көтеріп.

  • Сен менің балапандарымды жемексін, қалайша мен саған жол бермекпін. Жоқ ол болмас!

  • Онда өзіңді жемін.

  • Жей алмайсың!

  • Не дейсің? Бозторғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген?!

  • Мен балапандарымды тастап кете алмаймын. Одан да мені же.

  • Онда кел бері, түс аузыма.

  • Аш аузыңды.

Жылан аузын ашып, көзін жұмды. Бозторғайға керегі де осы еді. Жыланды шап беріп екі аяғымен басынан мықтап бүріп, жерден іліп әкетті.

Жылан торғайды орып алмақ болып жиырылып әрекеттеніп көріп еі, ештеңе шықпады. Бозторғай шырқай көтеріліп, ту биіктен жыланды жалпақ тастың үстіне тастап жіберді. Содан соң жер бауырлай ұшып, оның парша-паршасы шыққанын көрді де, жөніне кетті.

Бозторғай бұлерлікке балапандары үшін барған еді.


5.Сөйлемнің жалғасын белгіле: Бауырлай ұшқан бозторғай......: парша - паршасы шыққан жыланды көрді

6.Бозторғайдың балапандарын қорғаудағы түйсігі.: аналық


Тағылым

Атасы мен Бекболат көрші өзбек еліне сапарға бармақшы болды. Мақсат-сол елдегі тарихи жерлерді аралап, сонда жатқан бабалар рухына тағзым жасау.

-Менің өмірімнің көбі кеңестік дәуірде өтті. Ол кезде он бес республиканың арасында шекара болмаушы еді. Енді Қазақстан да, Өзбекстан да өз алдына тәуелсіз мемлекеттер. Шекара бар, кеден бар, - деп атасы екеуінің құжаттарын жөнге келтірді.

Көп уақыт өтпей екеуі жолға шықты. Лезде шекараға келіп жетті. Қазақстан шекарашылары құжаттарын қарап шықты.

- Сапарларың оң болсын!-деді кеденші жігіт.

Атасы мен немересі Өзбекстан жағындағы кеден бекетіне жақындады.

- Ата, немереңіз екеуіңіз қайда жол тарттыңыздар?-деп сұрады сол елдің шекарашы жігіті.

-Балам, Өзбекстан жерінде қазақтың екі бірдей атақты биі жатыр, бірі Ташкенттегі Төле би, екіншісі Нұрата топырағындағы Әйтеке би. Солардың басына барып, тағызым етіп қайтсақ па деп едік.

-Жақсы екен, ата! Ниеттеріңіз қабыл болсын. Екі биді біздің ел де жақсы біледі, құрметтейді., -деді шекарашы жігіт.

Атасы мен немересі алдымен Төле би кесенесіне, ертеңіне Самарқан бағытындағы Нұрата жерінде жатқан Әйтеке би басына келді. Атасы құран оқыды. Үйлеріне жеткенше екеуі көрген білгендерін айтумен болды. Бекболат атасымен бірге көрші елге сапар шеккеніне дән риза болды.

Ең бастысы -ел мен жер көрді. Бабалар рухына тағзым етті. Көп нәрсені таныды. Тағылым алды.


1.Екеуінің Өзбекстанға баруының себебі?: Бабалар рухына тағзым ету.


Торғай мен тышқан

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Егін бітік болып шығады. Олар бидайды жинап алып екіге бөледі. Бір бидай артылып қалады. Ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай бір-бірімен ұзақ төбелеседі. Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.

Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:

Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп. Ол тырнағымен жер жыртып, ұртымен бидай септі, – дейді.

Бұл шешімге торғай келіспейді. Тышқан екеуі торғайлар биіне келеді.   Торғайлар биі:

Бұл бидай торғайдікі. Себебі торғай егінге түскен барлық құртты құртқан. Күнде үстінде ұшып жүріп, егінді күзеткен, – дейді.

Бұған тышқан келісе алмайды. Торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға барады. Шал дәнді алып, екеуіне тең бөліп береді.

Бұған торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.


1. Торғай мен тышқан бірігіп.: егін екті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2024
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі