Модульдік оқыту технологиясының әдістемелік негіздері
Оразбаева Э.Б. ф.ғ.к., Укаша Н. 2 курс, М1701-13 тобы
Шымкент қ.
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Модуль сөзі латын тілінен алынған сөз, өлшем деген мағынаны білдірсе, технология сөзі грек тілінен алынып, шебер, өнер және ілім деген сөздерден бірігіп, шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Оқыту дегеніміз білім, білік, дағдыларды игертіп, баланың дүниетанымын кеңейтіп, өмірлік көзқарасын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін анықтайтын дидактикалық теория болып табылады.
Қазіргі уақытта технология сөзінің аясы кеңейіп, тілдік қолданысқа педагогикалық технология және жаңа (инновациялық) технология сөз қолданыстары енді. Бұл қолданыстар жалпы ғана емес, жекелеген әдіскер-ғалымдардың еңбектерінің нәтижесі ретінде де танылды. Әдістеме ғылымында кеңінен қолданысқа ие болған Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяков пен К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, Ж.А. Караевтың саралап, деңгейлік оқыту технологиясы, М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиялары бар.
Модульдік оқыту технологиясы әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болғандығы айтылады. Модуль оқудың мазмұны мен оқытудың әдістерін, мақсаттарын бір-бірімен байланыстырады.
Модульдік оқыту мұғалім мен оқушының іс-әрекетін жоспарлауда өте тиімді болып саналады. Өйткені оқу модулін анықтау үшін, мұғалім алдымен сағат санын, тақырыптар мен тапсырмалар, мақсаттар мен міндеттерін анықтап алады. Модульдік оқытуда өтілетін тақырып немесе мәтін үлкен және мазмұнды бөліктерге бөлініп беріледі. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар мәтінді толықтырады немесе қысқарта алады, сондай-ақ мазмұнына өзгерістер енгізе де алады. Нәтижесінде оқушы өзіндік ізденіс жасап, тұжырым мен қорытынды жасай алатын болады, оқушының білім алуға деген құштарлығын арттырып, зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырады.
Модульдік оқыту технологиясы білім беруді ғана мақсат етпейді, оқушының танымдық қабілеттерін дамытып, шығармашылық қасиеттерін арттыруды да мақсат етеді. Оқытудың мақсаты баланың тұлғасын дамыту болып табылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының орны ерекше. Өйткені аталған технологияның әдістері оқушыға өз бетімен жұмыс істеуді, ой қорытындысын жасауды, өз білімін бағалауды үйретеді. Және бір атап өтетін ерекшелігі сабақтың қай кезеңінде болса да оқушының шығармашылығын арттыратын тапсырмалар беруге болады.
М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясын негізгі үш бөлікке бөледі: кіріспе бөлімі, сөйлесу бөлімі, қорытынды бөлім. Әдіскер-ғалым модульдік оқыту технологиясын екі мыңыншы жылдан бастап оқу үдерісіне енгізе бастаған. XXI ғасырда технология қарқынды дамуда, ғылым мен техниканың дамуы білім беру процесіне де өз әсерін тигізді. Ақпараттық технология қоғам мен өмірдің барлық саласында кеңінен қолданысқа ие болды. Модульдік оқыту технологиясында оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы да өзгеріске түседі, оқушы өз бетінше жоспар құруға, ізденуге, мақсат қоюға ұмтылады, ал мұғалім бағыттап отырады [1].
З.Қ.Сапанова «Модульдік оқыту технологиясын пайдалану жолдары» атты мақаласында өз тәжірибесімен бөлісе отырып, аталған технологияның тиімділігіне тоқталады. Кіріспе бөліміне 1-2 сағат беріліп, мұғалімнің сабақтың мақсаты мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін түсіндіретіндігі, негізгі бөлім сөйлесу-сұхбаттасу бөлімінде оқушылардың өзара әрекет ету үшін топтық жұмыстар орындалады, бұл бөлімнің ерекшелігі оқу матриалдарының бірнеше рет қайталануы мен оны толық меңгеруге мүмкіндіктің болуы. Қорытынды бөлім өзін-өзі бағалау мен бақылаудан тұрады, бұл бөлімде оқушы сөйлесу бөлімінде алған білімін көрсетеді. Модульдің тиімділігі: біріншіден, тақырыпты сызбалар арқылы түсіндіруден, екіншіден, диалог арқылы танымдық әс-әрекетін анықтаудан, үшіншіден өтілген тақырыптар бойынша тест алу арқылы бағалаудан көрінеді. Сонымен бірге модульдік оқыту деңгейлік тапсырмаларға негізделетіндігіне де талдау жасайды. Бірінші деңгейде алдыңғы өтілген сабақтар бойынша тапсырмалар беріледі. Екінші деңгейде жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Үшінші деңгейде өз бетінше ізденіп, тапсырмалар орындайды және сұрақтарға жауап береді Төртінші деңгейде оқушының шығармашылық дағдысы қалыптасады.
Сапанова З.Қ. мақаласында модульдік оқыту мен технология терминдері туралы сөздіктерде берілген анықтамаларға да түсініктеме бере отырып, «модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді»- деп жазады [2].
«Қазақ тілі сабағында модульдік оқыту технологиясын қолдану» атты мақаласында А.С.Смайлова былай деп талдау жасайды: «М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының маңыздылығы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға, жүйелі білім алуға және өзін-өзі бағалауға үйретеді. Аталған технологияның ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңінде оқушыларға шығармашылық жұмыс ұсынуға болады» [3]. Сондай-ақ келесі мәселелерге назар аудару керектігіне тоқаталады: 1) оқыту мақсатының болуы; 2) сыныптағы оқушылардың білім деңгейін анықтау; 3) оқу әрекеттерінің жүйелілігі; 4) білімнің нәтижесін бағалау. Әдіскер ұстаз өзінің модульдік оқыту технологиясы бойынша жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісе келе, модульдік оқытудың үш бөліміне сәйкесінше жүргізілетін жұмыс түрлерін талдап түсіндіреді. Кіріспе бөлімде проблемалық жағдаят пен оқу мақсатын, тақырыптарды, жоспарды түсіндіру; сөйлесу бөлімінде сұрақ-жауап, сұхбаттасу, сөйлесу әрекеттері жүзеге асырылады. Бұл бөлімде оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылады, алынған білімді қолдана алу дағдысы қалыптастырылады. Бұл бөлімде жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізіліп, тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу сияқты тілдік дағдылар қолданылады. Сөйлесу бөлімі негізгі бөлім болғандықтан сөздікпен жұмыс, тілдік дағдылар арқылы сөздік қорын дамыту мақсат етіледі. Сөйлесу бөлімінде жүргізілетін жұмыс түрлері де сан алуан: сөз тіркесін құрастыру, сөзжұмбақтар шешу, сканворд құрастыру, сұрақ-жауап т.б. Себебі сөздік қоры көп оқушы ғана өз ойын толыққанды жеткізе алады. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі оқушы өзінің білім деңгейін анықтай алады, нәтижеге жету үшін ерік-жігері, дағдысы қалыптасады. Қорытынды бөлімде оқушының білімі бағаланады, бұл жай мұғалімнің ғана бағалауы емес, оқушының өзін-өзі бағалауы және олардың бірін-бірі бағалауы жүзеге асады.
Қорыта айтқанда, модульдік оқыту технологиясы оқушының танымдық, тілдік, шығармашылық, зерттеушілік, қарым-қатынас жасау құзыреттіліктерін дамытуға және қалыптастыруға бағытталған.
Әдебиеттер:
1. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002
2. Сапанова З.Қ. Модульдік оқыту технологиясын пайдалану жолдары. https://repo.kspi.kz/
3. Смайлова А.С. Қазақ тілі сабағында модульдік оқыту технологиясын қолдану. https://www.vestnik-kafu.info/journal/34/1383/
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз