Тақырып бойынша 11 материал табылды

Модульдік технология туралы жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын жоба жұмысы. Модульдік технология бойынша қалай сабақ беру керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

акционерлік қоғамы филиалы






ШАҒЫН ЖОБА


«М.М. Жампейісованың модульдік технологиясының тиімділігі»





Орындағандар: Байгельдина М.Т, Акқошқарова Ә, С,

Жұмыс орны, қызметі: Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылы № 21ОМ

Ғылыми жетекші:













Жұмысты өткізу мерзімі: 22.02.2013ж.














Мазмұны:


Түсінік хат…………………………...……................…………...3-4


І тарау Модульді оқытудың мәні мен маңызы.................................................................................................4-10

ІІ тарау Модульдік оқытудың тиімділігі....................................11-12

ІІІ тарау «Ежелгі Египет» модульдік технологиямен оқыту .........13

IV тарау . Тарих пәнінде модульдік технологияны қолдану арқылы ҰБТ көрсеткішін арттыру.........................................................................................................................................14

Қорытынды.................................................................................................15-16

Әдебиеттер......................................................................................................18

Қосымша......................................................................................................19-27





























Түсінік хат

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді 2010-2015 жылдарға дейін мемлекеттің дамыту бағдарламасына сәйкес жалпы орта білімде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты жүзеге асыру жоспарланған. Осындай білім беру жүйелерінде білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда [1].

Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап – дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар, жан – жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын, белсенді ұлтжанды, патриот азаматты қалыптастыру. Тарих пәін оқыту, ұлттық идеолгиямен сусындаған азаматтар тәрбиелеу, ашық қоғам орнатуға ат салысатын патриот болуға ықпал ету үшін қаншама шығармашылық ізденіс қажет.

Әрбір ұстаз алдында өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, мәдениеті жан – жақты жетілген тұлғаны дайындау міндеті тұр.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, болашақ ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше болады.

Жұмыстың өзектілігі. Өмір сүріп отырған ғасырымыз - өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуының кезеңі. Жаңа кезеңінде жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үлгісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеті – адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылады. Яғни қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Ондай мәселелердің бірі – мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – оқушыны оқыту, білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр.

Бұл бағдарламада білім беру, оқыту сапасын көтеру және тарихты оқытуда белгілі бір нәтижеге аз уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі айқын көрсетілген. Соңғы кездерде мектептерде, соның ішінде жоғары сыныптарда оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, практикаға енгізілуде.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқытудың жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, инновациялық технологияны қолданудың тиімділігін көрсету. Модульдік оқыту технологиясы тарих пәнін оқытуда қолдану және ол арқылы оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруіне септігін тигізетіндігін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-жаңа технологиялардың қызметіне сипаттама жасау;

-жаңа технологиялардың тиімділігін айқындау;

-модульдік технологияны сабақта пайдалану жолдарын көрсету;

- модульдік оқыту технологиясын тарих пәнін оқытуда қолдананудың тиімді жақтарын көрсету;

- модульдік оқыту технологиясын тарих пәнін оқытуда қолдану арқылы қол жеткен нәтижелерді көрсету;

Зерттеу пәні. Мектепте тарих сабақтарында модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы тарихты меңгерту.

Зерттеу нысаны. Тарих сабағын меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсыну. Модульдік оқыту технологиясын тарих пәнін оқытуда қолдану арқылы оқытудың тиімді амалдарын көрсету.

Зерттеудің әдістанымдық негізі. Тарихты оқыту әдістемесі бойынша әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғылыми еңбектері, педагогика, психология ғылымдарының тарихты үйретудегі соңғы жетістіктері басшылыққа алынды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысында қарастырылған тұжырымдар мен мәселелер тарихты оқытудың әдістемесін теориялық тұрғыдан толығып жетілуіне мүмкіндік береді.

Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы. Жұмыста ұсынылған амал-тәсілдерді жоғары сыныптарда тарихи салаларын меңгертуде қолдануға болады. Жұмыста берілген сабақ үлгілері тарих сабағының сапасын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге, жаңа тақырыпты тез меңгеруге мүмкіндік береді.

Болжам: Модульдік технология бойынша тарихтан білім беру сапасын жетілдіру. Модульдік технологияға байланысты материалды жинақтап жүйеге келтіру, салыстыру және саралау.


Жаңаша оқыту үрдісі бойынша, модульдік оқыту технологиясында сабсқтарымда қолданамын.

Модульдік оқытудың негізгі талаптары:

  1. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамыту.

  2. Танымдық үрдістерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамыту.

  3. Оқуға қызығушылық қалыптастыру.

  4. Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамыту.

  5. Тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ету.

Модульдік оқытудың негізгі тиімділігі:

  1. Әр оқушыға деңгейлік жүйе бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

2.Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге жағдай жасайды.

3.Оқушылардың өзіндік ізденісіне алғышарттар жасап, серпін береді.

4.Сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуына жағдай жасайды.

Модульдік оқытудың құрылымы:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою.

  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу.

  3. Оқушылардың білім деңгейін алдын – ала (диагностика) бағалау.

  4. оқу әрекеттерінің жиынтығы.

  5. Нәтижені бағалау.

Модульдік оқытудың ерекшелігі: бірінші кезекте балаларды оқытуға емес, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға бағытталған.

Қорытынды:

  1. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін арттырады.

  2. Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытады.

  3. Сөздік қорын дамытады, Сөйлеу дағдысы жетіледі.

  4. Сын көзбен қарауға үйренеді.

  5. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады.

Білім саласының әлемдік кеңістікке ену жағдайында Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға жеке тұлға білім беру арқылы оның шығармашылық біліктілігі мен дағдысының өз дәрежесінде дамуын мақсат етіп қойып отыр.

Модуль

Ежелгі Египет

Модуль

Құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

ескертпе

Кіріспе

1-сабақ

1.Модульге кіру

2.Лекция Ежелгі Египет

3.Тірек кестелерін, деректемелерді түсіндіру


5 мин

30 мин

10 мин

Оқушылар жұмыс жоспарын, сызбаны, дәптерге жазады

Сөйлесу

бөлімі

2-сабақ



3-сабақ

«Білім биржасы» ойыны

Египетте мемлекеттің пайда болуы.

Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы

Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты.

«Тарих дөңгелегі» ойыны.

«бас қатырғыштар базары» ойыны.

«атажұрт» ойыны.

Египеттегі ғылыми білім негіздері. Ежелгі египеттің әдебиеті мен өнері

45 мин







15 мин

30 мин


45 мин

Топпен жұмыс

Қорытынды

5 сабақ

  1. Тест

  2. Сынақ

  3. Қорытынды

10 мин

25 мин

10 мин

Тарау бойынша өтілген материалды талдау, жинақтау.


Білімділік мақсаты: Ежелгі Египетте шағын мемлекеттердің пайда болғанын баяндап жеткізу, билік шекарасы, мемлекет туралы ұғымдарды дамыту; III Тутмос тұсында Египет әскерлері зор жеңіске жетіп, бұл баскыншылық жорықтар Египеттің Азияға ықпалын, беделін күшейткенін баяндау; Египетте ең жоғарғы дәрежеде дамыған ғылыми-білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; Ежелгі Египет өнері- архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзіндік көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенінғ адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.

Дамытушылық мақсаты: мемлекеттің пайда болуы жайлы 5- сыныпта алған түсініктерін одан әрі дамыту; Ежелгі Египет еңбекшілерінің жағдайын ашып көрсету, Перғауындар, фараон, шонжарлар өмірін суреттеу. Ежелгі Египеттегі ғылыми білімдердің қаншалықты дамығандығын баяндау; оқушылардың өнерге деген ықылас-ынтасын арттыру.

Тәрбиелік міндет: Балаларды әсемдік әлемін, адамзат баласының қолымен жасалған ғажайып өнерді сүйе білуге, еңбекке, шеберлікке тәрбиелеу, көркемөнерді сүйе білуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Ежелгі Египет картасы, сызбалар, кестелер, деректемелер, баспасөз материалдары, тест, деңгейлік тапсырма материалдары..

Кіріспе

1-сабақ

  1. Модульге кіру. Жоспармен таныстыру.

  2. «Ежелгі Египет» атты тақырып бойынша дәріс тезистері

    1. Египетте мемлекеттің пайда болуы

А) Ніл алқабының табиғат жағдайлары

Ә)Нілдің тасуы.

Б) Алғашқы мемлекеттер.

2.2. Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы.

А) Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы.

Ә) Шаруалардың жағдайы.

Б) Қолөнершілердің еңбегі мен халі

В) тас қалаушылар мен тау-кен жұмысшыларының еңбегі

2.3. Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты.

А) перғауындар

Ә) Шонжарлар

Б) Көрші елдерге тонаушылық және баскыншылық жорықтар

2.4. Египеттегі ғылыми білім негіздері.

А) Египеттегі жазудың шығуы

Ә) папирус

Б) Математикалық білімдер

В) Медицина

3. Тірек нәтижелерін, деректемелерді түсіндіру.

А) Тірек сызбасын түсіндіру

Ә) картамен жұмыс

1

Египетте алғашқы мемлекеттер қалай пайда болды?

А) Кескілескен ұрыстар нәтижесінде бір орталыққа біріккен мемлекет құрылды;

Ә) Египет мемлекетінің алғашқы астанасы –Мемфис қаласы салынды;

Б) Б.з.б. 2 мыңжылдықта құл иеленушілік құрылыс біржолата қалыптасты.

2

Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы

А) Құлдардың жағдайы өте ауыр болды;

Ә) Шаруалар күнкөріс қамымен айналысқан;

Б) Қолөнершілерді қанау күшейген.

В) Тас өңдеу қолөнерінің жоғары дәрежеде дамығандығы қыруар еңбекті талап етті.

3

Үстем тап өкілдерінің билік етуі және басқыншылық саясат

А) Перғауындардың билігінде шек болмады

Ә) Перғауын III Тутмос кезінде ірі-ірі жаулаушылық жорықтар кең көлемде жүргізілді.

4

Египеттегі ғылыми білім негіздерінің дамуы

А) Жазу үшін папирус пайдаланды;

Ә) математиканың шығуына күнделікті тұрмыстағы тіршіліктер әсер етті.

Б) Медицинада хирургия тәсілін пайдаланды.

5

Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнеріндегі ерекшеліктер

А) Әдеби шығармалар дүниеге келді.

Ә) Жер мен күнге табыну ерекше болды:

Б) Египет елінің елтаңбасы-Пирамидалар-перғауындарға мазарлар тұрғызылды.




Сөйлесу бөлімі

2-сабақ


«Білім биржасы» ойыны ( топ бойынша жұмыс)


Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. 1 – Оңтүстік Египет, 2- Солтүстік Египет.

Тақтаға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар ілінеді. Топ мүшелері кезекпен шығып, берілген тапсырмаларға жауап беру арқылы акция жинайды. 1-деңгейлік тапсырмаға қызыл акция, 2- деңгейлік тапсырмаға көк акция, 3 деңгейлік тапсырмаға жасыл акция беріледі.

Қызыл акция- 20 ұпай

Көк акция -10 ұпай

Жасыл акция-5 ұпай

Сабақ соңында әр топтың жинаған акциясы, яғни ұпайлары есептеліп, жеңіске жеткен топ және ойын барысында құнды акциялар жинап, өз тобына көмектескен оқушылар марапатталады.


1-деңгейлік тапсырма ( қызыл акция) сұрақтары:

  1. Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылар қалай пайда болды?

  2. Египеттіктер қандай тастарды қазып алған?

  3. Ежелгі Египетте мүліктік және әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне не әсер етті?

  4. Оңтүстік және солтүстік Египеттің патшалары бастарына қандай тәж киді?

  5. Ежелгі Египеттегі қолөнершілер өзінің қолынан жасап шығарған затына қарай бөлінген . Оларды ата.

2-деңгейлік тапсырма ( көк акция) сұрақтары:

  1. Египеттіктер үшін Ніл тасқынының қандай маңызы болды?

  2. Египет шаруалары үшін ең ауыр міндеткерліктің бірі не болды?

  3. Ніл өзеніңің ұзындығы қанша км?

  4. Ағаш ұстасының жағдайы неліктен ауыр болған?

  5. Египет Африканың қай бөлігіне орналасқан?

3-деңгейлік тапсырма ( жасыл акция) сұрақтары:

  1. Ежелгі Египеттіктер қандай түсті жақсы көрген?

  2. Египет шаруалары не нәрсе еккен?

  3. Египет мемлекетінің алғашқы астанасы?

  4. Құлдар қандай жұмыстар атқарған?

  5. Египеттің негізгі байлығы не болды?


3-сабақ

  1. «Тарих дөңгелегі» ойыны ( топпен жұмыс)

Шарты: Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Әр партаға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар қойылады. Топ мүшелері берілген уақыт ішінде парталардың тапсырмаларын айнала жүріп орындап шығуға тиіс.


1-партаның тапсырмалары:

  1. Перғауын ұғымын түсіндіріңдер.

  2. Перғауындардың шексіз билік жүргізетініне мысал келтіріңдер?

  3. Египетте шонжарлар тобына кімдер жатты. Олардың қызметіне сипаттама беріңдер.

2-партаның тапсырмалары:

  1. Египет перғауындары қандай көрші елдерді жаулаған?

  2. Ежелгі Египетте күшті әскери тәртіп қалай орнады?

  3. III Тутмос перғауынның жорықтары жайлы не білесіңдер?

3-партаның тапсырмалары:

  1. Перғауындар жаулаған елдерін қалай тонады?

  2. Ежелгі Египеттегі қарапайым отбасының тұрмыс жағдайы?

  3. Ежелгі Египет шонжарларының тұрмыс жағдайы?


  1. «Бас қатырғыштар базары» ойыны ( топпен жұмыс)

Шарты: Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото, викториналар, құпиясөздер және т.с.с құрастырады да, сабақта оларды шешеді. Жеке де ұжыммен де жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықты, картаны, көмекші және құжаттық материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізуші ең белсенді, тапқырларды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа белсене қатысқандарды да атап өтеді.


«Перғауын» сөзжұмбағы.

Сұрақтары:

  1. Әлемдегі ең үлкен, ең ұзын өзені бар мемлекет.

  2. Ежелгі Египет перғауыны.

  3. Египет перғауынынан кейінгі беделдісі.

  4. Перғауындардың бұйырығын жазушылар

  5. Көзі тіріснде-аө өздеріне тастан мазар тұрғызған кімдер?

  6. Жаулаушылық жорықтар қай перғауынның кезінде кең көлемде жүргізілді.

  7. Құл иеленушілердің өмірі мен дүние мүлкіне қастандық жасағандарды аяусыз жазалап отырушылар.

  8. Шонжарлардың малдарын,егінін және үйлерін күзететіндер.

«Тарихи домино» ойыны


  1. Б.з.б

    1500

    жылдар

    шамасында

    III Тутмос

    перғауын


өз

әскерімен

алдыңғы

Азияға

аттанды





Нубияны

жаулап

алу

Египетіктерге

Оңтүстіктегі

елдердің


  1. пайдалануға

    байлықтарын

    табиғи

    берді

    мүмкіндік





мың

100

ішінде

жыл

50

жылнамасында

Египет


  1. деп

    алынды

    тұтқынға

    құл

    жазылған





4-сабақ

«Атажұрт» ойыны ( топпен жұмыс)

I Өткел ( 10 ұпай)

«Археологтар» тобына сұрақ:

  1. Египеттіктерде білімнің әр түрлі салалары қай мыңжылдықтыңөзінде-ақ болған?

( Б.з.б. IV мыңжылдықтың)

  1. Алғашқыда Египеттіктер айтайын деген ойын суреттер арқылы білдірген. Бұл суреттерді қайдан кездестіреміз? ( Египет храмдары мен мазарларының қабырғаларынан, табыттардан, ыдыстардың сынықтарынан)

  2. Египеттіктер осы суреттерді қалай атаған? ( таңба суреттер)

  3. Ежелгі Египетте жазу үшін көбіне не пайдаланылған? ( Папирус)

  4. Египетте неше дыбысты таңбалайтын алфавиттік жүйе болды? ( 24)

  5. Папирусты қалай пайдаланған? ( сабақтарын жұқалап тіліп, бір-біріне жабыстырып, қағаз сияқты парақтар дайындаған. Папирусқа бір жағы ұшталған қамыспен жазған)

  6. Ежелгі Египетте математикалық білімдердің дамығандығын не дәлелдейді? ( математикалық папирустар. Олар сандарды да папирусқа жазған)

  7. Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі? ( Геометрия)

  8. Табиғатта болатын құбылыстарды қалай анықтаған? ( Аспандағы жұлдыздарға қарап)

  9. Египеттіктер аспан әлемі жөніндегі білімдері негізінде тұңғыш рет не жасаған?

( Күнтізбе)

«Этнографтар» тобына сұрақ:

  1. Египетте жазу қай кезде біржола қалыптасты? ( Мемлекет пайда болған кезде)

  2. Таңба суреттерді қалай атаған? ( Иероглифтер)

  3. Олардың саны қанша ? ( 750 дей)

  4. Сурет жазуларды қалай жазды? ( Оңнан солға қарай)

  5. Иероглифтермен таңбаланған қандай дыбыстар? ( дауысты)

  6. Па)пирус қандай өсімдік? ( Қияқ тұқымдас көпжылдық өсімдік, үш қырлы, жуан, түп жағы қабыршақ жапырақты болып келеді. Оны қолдан өсірген)

  7. Египеттіктер миллион санын қалай көрсеткен? ( Екі қолын жоғары көтеріп, таңқалған)

  8. Египетте математиканың шығуына не әсер еткен? ( Күнделікті тұрмыстағы тіршіліктер)

  9. Египеттіктер геометриялық қандай фигураларды есептей білген? ( Тік төртбұрыштың, үшбұрыштың, трапецияның және шеңбердің бет көлемін)

  10. Ніл өзенінің қай күні таситынын алдын-ала айтып отыратын кімдер?

( Абыздар, олар аспанды бақылап, нақты күнтізбе жасайтын болған)



II «Белес» ( 20 ұпай)


«Археологтар» тобына сұрақ:

1.Египеттіктер қандай сағаттар ойлап тапқан? ( Күн және су)

2.Египет дәрігерлері қандай мамандар болып бөлінді? (Асқазан, тыныс жолдары, көз, тері)

3. Египет балалары білімді қайдан алды және ол қай жерде орналасты? ( Мектептен, мектептер сарай және храмдардың өасында орналасты)

4. Мектепке кімдердің балалары бара алмады? ( Қарапайым егіншілер мен қолөнершілердің)

5. Оқушыларға арналған ережеде қандай сөздер бар? ( өз қолыммен жазып, өз аузыңмен оқы)


«Этнограф» тобына сұрақ:

  1. Египет дәргерлері қандай тәсілдерді пайдалана отырып емдеген? ( хирургия)

  2. Операцияға неден жасалған медициналық құралдарды пайдаланды?( әр түрлі қоладан)

  3. Мектеп кімдерді даярлайды? ( хатшылар мен абыздарды)

  4. Мұғалімдік қызмет атқарған кімдер болды? ( абыздар)

  5. Оқушыларға арналған ережеде қандай сөздер бар? ( өзіңнен артық білетіндермен ақылдас)

III «Бекет» (10 ұпай)

«Археологтар» тобына сұрақ:

  1. Египетте әдебиеттің қандай түрі ерекше дамыған? ( халық ауыз әдебиеті)

  2. Саяхатты сапарлар мен әр түрлі шытырман оқиғаларға толы шығармалардың бірі? ( Синухет әңгімесі)

  3. Египет кедейлерінің ауыр тұрмысын бейнелейтін ән? ( Астық тасушының әні)

  4. Египеттіліктер құдайларды қалай елестеткен? ( жануар басты адам бейнесінде)

  5. Египеттер ең басты, ең құдіретті құдай деп есептеген нәрсе? (Күн)


«Этнографтар» тобына сұрақ:

  1. Египет құдайлары туралы қандай миф бар? ( Осирис пен Эсида)

  2. Египет шығармаларында нелерді мадақтайтын гимндер мен өлеңдер болған? ( Ніл өзенін, құдайлар мен перғауындар)

  3. Ең алғашқы діни сенімдер кімге сиынудан басталған? ( күн құдайы Ра мен тас құдайы Бенбенге)

  4. Египеттіктер құдайларға арнап нелер жасаған? ( храмдар тұрғызған, мүсіндер жасаған)

  5. Егіншілер қай құдайға? ( Хаппи).


Қорытынды.

5-сабақ.

Ежелгі Египет таұырыбы бойынша алған білім білік дағдыларын бақылау, тексеру және сабақты қорытындылау негізінде тест жұмысын алу, сынақ қабылдау.

Тест тапсырмалары.

  1. Египеттің негізгі табиғи байлығы.

А) тас Б) алтын С) гранит

2. Египеттегі ең алғаш біріктіруші патша.

А) Тутмос Б) Менес С) Рамзес

3. Египеттің патшалары қалай аталады?

А) Шонжарлар Б) Әкімдер С) Перғауындар

4. Египет шаруалары үшін ең ауыр міндеткерліктің бірі

А) Егін егу Б) Перғауын әскерінде қызмет ету С) салық төлеу

5. Перғауын өлгеннен кейін оның патшалық тағына кімдер отырған?

А) Ұлы мен туысы Б) Әкімдер С) Шонжарлар

6. Құл иеленушілердің өмірі мен дүние- мүлкіне қастандық жасағандарды аяусыз жазалап отырушылар

А) Әкімдер Б) Жазғыштар С) Қазылар

7. Шонжарлардың малдарын, егінін, үйлерін күзеткен кімдер?

А) сақшылар мен шабармандар Б) құлдар С) шаруалар

8. Ірі жаулаушылық жорықтар қай перғауын кезінде кең көлемде жүргізілді.

А) Жосер Б) III Тутмос С) Хеопс

9. Ежелгі Египетте жазу үшін не пайдаланған?

А) қауырсын Б) қағаз С) папирус

10.Египетте аспанда бақылап, нақты күнтізбе жасап, Ніл өзенінің қай күні таситынын алдын-ала айтып отыратын кімдер болған?

А) Перғауындар Б) Абыздар С) Жазғыштар

11. Египеттіктер аспан әлемі жөніндегі білімдері негізінде тұңғыш рет не жасаған?

А) Күнтізбе Б) Карта С) Кітап

12. Ежелгі Египет мектептерінде оқитын балалар.

А) Қыз балалар Б) Ұл балалар С) Аралас оқитын

13.Египеттіктері қай құдайды ең басты, ең ұүдіретті құдай деп есептеген?

А) Хапи Б) Тот С) Амон-Ра

14. Ең бірінші пирамида қай перғауынға арналып салынған?

А) Жосер Б) Хеопс С) Хефран

15. Египеттегі арыстан бейнесіндегі алып мүсін қалай аталады?

А) Алып ескерткіш Б) Сфинкс С) Құдіретті құдай



Сынақ тапсырмалары.

1-билет

  1. Ніл алқабының табиғат жағдайын суретте.

  2. Египет перғауындары қандай көрші елдерді жаулаған?


2-билет

  1. Египетте мемлекеттер қалай пайда болды?

  2. Египет шонжарларының тұрмыс-тіршілігі қандай болды?


3 – билет

  1. Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрыуының маңызы қандай?

  2. Ежелгі Египетте шығармалардыі қандай түрлері болған?


4- билет

  1. Қолөнершілердің еңбегі мен халі

  2. Ежелгі Египет мектептеріндегі шәкірттер өз ықыластармен оқыды ма?

5-билет

  1. Ежелгі Египеттегі құлдар қандай жұмыстарды атқарған?

  2. Египетте жазу қаай пайда болды және қалай дамыды?


6-билет

  1. Тас ұалаушылар мен тау-кен жұмысшыларының еңбегін баянда.

  2. Перғауындар жаулаған елдерін қалай тонады?

7-билет

1.Ежелгі Египеттегі қарапайым отбасының тұрмыс жағдайы қандай болды?

2. Математикалық білімдер қалай дамыды?

8- билет

  1. Шонжарлар тобына кімдер жатты, олардың қызметіне сипаттама бер.

  2. Ежелгі Египеттегі мединацина жайлы не білесің?

9-билет

  1. Жазғыштар перғауындар мен шонжарларға не үшін қажет болды?

  2. Египет храмдарын суретте.

10-билет

  1. Ежелгі Египеттіктердің діни түсініктері қалай қалыптасты?

  2. Египет пирамидаларының ерекшелігі неде?


Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалап, үйге тапсырма беру. Жалпы тарауды оқушының меңгеруін бағалау жүйесі.

Оқушының аты-жөні


Әр сабақта алған бағалар

Қорытынды баға

1

2

3

4

5

1








2








3










ТАРИХ ПӘНІНДЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҰБТ КӨРСЕТКІШІН АРТТЫРУ

Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға көп жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді ,өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені , еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында.

Тарих пәнін оқытудағы басты міндет – Отан тарихын оқушы санасына сіңіріп, ел тарихын жете меңгертіп,отанына деген патриоттық сезімін ұялатып, азаматтық көзқарас қалыптастыру. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жаңа технология бойынша талапкердің білім сапасын білім беру ұйымына тәуелсіз бағалайтын мемлекеттік жүйе. Тестілеу оқушылардың оқудағы жетістігін бағалауды бекітілген оқу бағдарламасы бойынша және барлығына бірдей ортақ құрылған стандартты тестерді пайдалану арқылы жүзеге асырады.
ҰБТ жалпы орта білім беру жүйесіндегі білім беру сапасының нақты көрінісіне айналып, мектеп бітіруші оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартын меңгеруін объективті бағалауға қол жеткізеді Пән бойынша алған білімдерін ҰБТ кезінде тиімді қолданып, жоғары көрсеткіш көрсету. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. ҰБТ-ға дайындық кезінде қойылатын талаптар:

1. Білім берудің сапасын арттыру;

2.Сапалы білім беру жүйесін құру;

3.Жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көз қарасын қалыптастыру;

4.Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;

Тарих пәнін оқытуда осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, бағдарлама талаптары негізінде сапалы білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. ҰБТ-ға оқушыларда даярлауда Тарих және Қазақстан тарихы пәнінен 5-9 сыныптарда өтілген тақырыптардың барлығы енгізілген және сол тақырыптар бойынша жоспар құрылған. Өтілген тақырыптарды жүйелеп тарауларға бөліп әр тарау бойынша тест әзірленген.

ҰБТ-ға дайындық кезінде төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырамыз, бұл жұмыстар оқушылардың алған білімдерін терең меңгертіп, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.


Модульдік технологияны ҰБТ-ға сапалы дайындық кезінде қолданудың тиімді жолдары:


Технологияға өтуге дейінгі дайындық кезеңі

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Оқу материалдарын мазмұнына қарай оқуыту моделіне бөлу

  2. Әр модульді сағат санын анықтау

  3. Әр модульдің технологиялық картасын жасау, сабақтың мақсаты, түрі, әдіс-тәсілдері, формасын айқындау

  4. Әр модульдің кіріспе бөлімінің тірек схемасы көрнекіліктерін жасау


Модульдік технологияның алгоритмі

Мақсат қоя білу теориялық білім беру оқушының шығармашылық,өз бетімен жұмысы аралық бақылау білім тексеру.

  1. Модульдік оқыту технологиясының

тиімділігі:


* Жан – жақтылығы

* Коммуникативті құзыреттілігін дамыту

* Жүйелі түрдегі бақылау

* Өз бетімен іздену

* Тәрбиелік мәні


Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;

1.Модульдік технология тақырыптарды жүйелеп оқытуға негізделген.Оның ҰБТ-ға дайындық кезінде тигізетін көмегі зор.Әр бөлімді жүйелеп (сандар,даталар,есімдер,атаулар,ұғымдар,анықтамалар) есте сақтауға ықпал ететін бірден-бір технология.Тарихқа деген қызығушылығын тереңдетеді. Ол үшін әр елдің тарихына байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсетіп, есте қалатындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;

  1. Оқушылардың материалды өз бетімен оқып,саралай білуі.Мысалы мемлекеттерге тән ортақ белгілерді анықтап,тірек сызба құрап,толтыру.

7-сыныпта


Алтын Орда

Ақ Орда

Ноғай Орда

Моғолстан

Әбілқайыр хандығы

Батыс Сібір

1

Уақыт







2

Территориясы







3

Негізін қалады







4

Орталығы







5

Саяси оқиғалары







6

Соңғы ханы







7

Тарихи ұғым








Ерте орта ғасырлық мемлекеттер

Территориясы, Орталығы

Негізін қалады

Саяси оқиғалары

Тарихи ұғым

Құрамындағы тайпалар

1

Түрік қағанаты






2

Батыс түрік






3

Түркеш






4

Қарлұқ






5

Оғыз






6

Қимақ






7

Қарахандықтар






8

Қидандар






9

Найман мен керейлер






10

Қыпшақ







Көтерілістер

Уақыты

Территориясы, Орталығы

Қозғаушы күші

Мақсаты

Барысы

Нәтижесі

1

Сырым Датұлы







2

К.Қасымұлы







3

Исатай мен Махамбет







4

Жанқожа Нұрмұхамедұлы







5

Ж.Тіленішұлы







6

Орал мен Торғайдағы







7

Маңғыстау








Атауы

Басшысы

Құрамы

1

Ауылдық басқару

Ауылнай немеесе Ауыл басы

Бірнеше отбасынан құралды

2

Ата-аймақ

ақсақал

Бір атадан тараған, 7 атаға дейнгі бірнеше ауылдан

3

Рулық басқару

Ру басы немесе ру биі

10-15 аймақтан құралды

4

Ұлыстық билік

Сұлтандар

Бірнеше рудан құралды

5

Жүздік билік

Хандар

Бірнеше ұлыстан тұрды

6

Хандық билік

Ұлы хан

Үш жүзден тұрды

7

Құрылтай, Мәслихат

Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі



Жүздер

Территория

Рулары

Билері

1

Ұлы жүз

Оңтүстік Қазақстан

Албан, Суан, Дулат, Жалайыр, Сіргелі, Сарыүйсін, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы

Төле би

2

Орта жүз

Шығыс Қазақстан

Арғын, Найман, Уақ, Керей, Қыпшақ, Қоңырат

Қазыбек би

3

Кіші жүз

Батыс Қазақстан

Адай, Алшын, Жаппас, Алаша, Байбақты, Беріш, Масқар, Табын, Тама, Кердері, Керейіт, Жағалбайлы, Қаракесек, Қарасақал, Ішекті, Төртқара, Шөмекей

Әйтеке би




  1. Шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып үйрену);

  2. Пән аралық байланыс. Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи шығармалармен байланыстыра өту;

  3. Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу;

  4. Конференция сабақ (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тыңдау, жұмыстарын қорғау);

  5. Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;

  6. Әр тараудан соң тест-интервью алу:


2. Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету.

Оқушы үшін әр сабақтың қызықты өтуі олардың пәнге деген құштарлығын арттырады, қызығушылығы жоғары болған жағдайда оқушының өзінде алға басушылық, ынта-жігер пайда болады.

Қазіргі таңдағы ғылым жетістігін білімде пайдалану сабақтың заманауи талаптарға сай өтуіне мүмкіндік туғызады.


Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ бойынша төмендегідей көрсеткіш көрсетті.


Оқу жылдары

Сапа %

Орташа балл

2007-2008

61,1

14.7

2008-2009

88,8

16,4

2010-2011

100

18

2012-2013

80

15



Қорытынды.


Қазақстандағы білім беру жүйесінің аймақтық дамуы мемлекеттің білімділік бағытындағы саясатын ең актуальді аса маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Сондықтан заман талабын ескере отырып, тарих сабағында оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу, басқаның пікірін тыңдай білу дағдыларын шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру жеке тұлғаны дамыту жолында біршама ізденістер жасадым.

Күнтізбелік жоспарды жасауға және оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жқмыс істеуіне «Модульдік оқыту технологиясы» өте тиімді. Оқыту технологиясының бір ерекшелігі- білімді оқушыға жеткізу ғана емес ,оқушыны өз бетінше меңгертуге ұмтылады, жадының алуан түрлері арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, өзін-өзі өзектендіруге, шығармашылық қажетттілігін қанағаттандыруға сөздік қорын дамытуға бағытталады.

Бұл технологиямен жұмыс істеген мұғалімнің ролі де,оқушы ролі де өзгереді. Көп жағдайда мұғалім оқу үрдісін басқарып қана, оқушылардың өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастырады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Оқытудың мазмұнды аспектісі-оқушыларды терең жан-жақты, ғылым мен практика талаптарына сай келетін біліммен қаруландыру мақсатын көздейді.

Бүгінгі заман талабына сәйкес жаңа форма­ция мұғалімі ол – педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығар­машылық тұлға, білікті маман. 12 – жылдық білім беру моделінің енгізудің мақсаты да бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Әрбір мемлекеттің  өсіп - өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында да білімі мен білігі жағынан  шет елдегі замандастарымен бәсекеде  жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың  жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Ендеше, осындай бәсекеге  қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу  жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері хақ.

Олай болса, осы кәсіби даму бағдарламасы көпшілік көңілінен шығып, іс-тәжірибесінде кең қолданыс табады деген сенімдеміз.
















ӘДЕБИЕТ


  1. Ә.Байбатша. «Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы, «Санат»2001ж

  2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал

  3. В.Ф.Шаталов «Тірек-сызбалары», Алматы, 1989 жыл

  4. Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан, 1983 жыл

  5. М.М.Жанпейісова, «Модульдік оқыту технологиясы»

  6. А.Қ.Мөкешова, «Қазақстан тарихы бойынша оқу модульдері»

  7. В.Т.Беспалько, В.И.Шетель, И.П.Волков, «Педагогикалық технология ұғымы»






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
1242
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12