Моногиибриді және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығару

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Моногиибриді және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Моногибриді және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығаруға ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

9.3 Д Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Педагогтің аты-жөні:


Күн:

Сыныбы :

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Моногибридті және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.4.2 -моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;

9.2.4.3 -дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдейді және есептер шығарады

Құндылықтар

  • Озық ойлы ұлт:еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

  • Адал азамат: Әділдік және жауапкершілік


Сабақ барысы

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

«Class tools» платформасында топқа бірігуге нұсқау береді.

«Менен бір мотивациялық сөз» әдісі бойынша жағымды психологиялық ахуал орнатады


«Class tools» платформасында оқушылар топтарға бірігеді.





Оқушылар шеңберге тұрып «Менен бір мотивациялық сөз» тәсілі арқылы көңілді орта қалыптастырамыз

Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.

Түрлі түсті стикерлер


4мин

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан «Соқыр теке» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша жауап алады





«Серпілген сауал» әдісі арқылы бейнеролик көрсетеді, сұрақтарға жауап ала отырып, жауаптарын жаңа тақырыппен байланыстарады, сабақтың тақырыбын , мақсатын анықтайды.

Оқушылар

«Соқыр теке» әдісі

арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді.

«Серпілген сауал» тәсілі арқылы

қойылған сұрақтарға жауап береді, жауаптарын жаңа тақырыппен байланыстарады, сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.

Моногибридті будандастыру дегеніміз не?

Дигибридті будандастыру қалай анықталады?

Грегор Мендель моногибридті және дигибридті будандастыруды қандай өсімдікте зерттеді?

Бірінші ұрпақта (F1) қандай белгілер басым болады?

Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»т .б

Экран


5 мин

ІІІ Оқулықпен жұмыс Білімді толықтыру үшін оқулықтағы мәтінді оқуға тапсырма береді.

Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып танысады, тірек сөздерді дәптерге жазып алады.

Кері байланыс:

Мадақтау арқылы бағаланады.

Окулык

30

Сабақты бекіту тапсырмалары.



Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтуға бағыт бағдар береді.



Оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды,

ЕБҚ оқушыға қолдау көрсетеді




























WORTWALL плотформасында тапсырма орындауға нұсқау беріледі























































Жаңа сабақты қортындылау тапсырмасын орындау.

«Банкомат» әдісі






1-тапсырма Кубизм стратегиясы.

Кубиктің алты қыры бойынша тапсырмалар:

1. Суреттеңіз:

Моногибридті және дигибридті будандастырудың айырмашылығын сипаттаңыз.

Грегор Мендельдің тәжірибелеріне сүйене отырып, негізгі ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

2. Салыстырыңыз:

Моногибридті және дигибридті будандастырудың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын кесте түрінде көрсетіңіз.

Екеуінің қандай ортақ заңдылықтары бар?

3. Зерттеңіз:

Дигибридті будандастыруда тәуелсіз ажырау заңы қалай жұмыс істейді?

Егер екі ген бір хромосомада орналасқан болса, қандай ерекшеліктер болуы мүмкін?

4. Қолданыңыз:

Гибридизацияны қолдану арқылы өсімдіктерде немесе жануарларда пайдалы белгілерді жақсартудың мысалдарын келтіріңіз.

Генетикалық будандастыру әдістері медицинада қалай қолданылады?

5.Талдаңыз:

AaBb × AaBb будандастыруында қандай фенотиптік арақатынас күтіледі?

Егер бір белгі толық емес доминанттылық көрсетсе, нәтиже қандай болар еді?

6. Дәлелдеңіз:

Дигибридті будандастырудағы тәуелсіз ажырау принципі әрқашан орындала ма? Өз жауабыңызды ғылыми дәлелдермен негіздеңіз.

Моногибридті будандастырудың 3:1 фенотиптік арақатынасы қандай жағдайларда өзгеруі мүмкін?

2-тапсырма.

WORTWALL плотформасында тапсырма орындайды.

1 жұп тапсырмасы https://wordwall.net/resource/68346020

2 жұп тапсырмасы https://wordwall.net/lv/resource/29132476

3 жұп тапсырмасы https://wordwall.net/resource/52698678


3-тапсырма 1. Лактоза сүттің құрамындағы қант. Ол лактаза ферментімен ыдырайды. Кейбір адамдарда лактаза ферменті жетіспейді. Лактаза ферментінің жетіспеушілігі белгісі рецессивті аллель бойынша тұқым қуалайды. Бұндай жағдай осы белгі бойынша гомозиготалы рецессивті генотипі бар адамда болуы мүмкін. (а) Гомозиготалы ұғымына анықтама беріңіз. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(б) Лактаза жетіспеушілігі жоқ адамның мүмкін болатын екі түрлі гентипін ұсыныңыз. D доминантты аллельді, d рецессивті аллельді белгілеу үшін қолданыңыз._____________________________________________________________________________________________________________________________________

4-тапсырма

Анасы доминантты гомозиготалы және әкесі гомозиготалы рецессивті отбасында екі бала дүниеге келген. Төмендегі шаршылардың ішіне ата анасы мен балаларының генотиптерін жазыңыз. Балалардың лактаза жетіспеушілігіне шалдығуының ықтималдығы қанша? ________________________________________________________________________

Оқушылар«Банкомат» әдісі арқылы тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

Моногибридті және дигибридті будандастырудың анықтамасын дұрыс береді, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттайды. Моногибридті және дигибридті будандастырудың айырмашылықтары мен ортақ ерекшеліктерін кесте түрінде дұрыс көрсетеді. Дигибридті будандастырудағы тәуелсіз ажырау заңын нақты мысалмен түсіндіреді, гендердің бір хромосомада орналасуының ерекшеліктерін сипаттайды Жалпы балл-2













Дескриптор:

WORTWALL плотформасында тапсырма орындайды, сұрақтарға жауап береді.

Жалпыы балл-2



Дескриптор:

-Моногибридті будандастырудың заңдылықтарын қолданып, есептер шығарады;

Жалпы балл -2



















Дескриптор:

-дигибридті будандастыру кезіндегі ата ана генотипін анықтайды; Жалпы балл-2


















Дескриптор:

Сұрақтаға жауап береді, тапсырманы орындайды.

Жалпы балл -2

2-косымша

Тапсырма жазылған парақтар





















Сабақтың соңы

2 мин

Кері байланыс

«Айфон» әдісі

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды

Оқушылар «Айфон» әдісі

арқылы кері байланыс жасайды

Маған сабақта қиын болды .........................

Маған сабақта жеңіл болды ........................

Маған әлі де көмек керек …........................


Бағалау «Асық» әдісі

Кесте

1 мин

Үй тапсырмасы


Моногибридті және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығару





















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.02.2025
275
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі