400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Моншақты кесте тоқу

Материал туралы қысқаша түсінік
- оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету; - оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық табиғат көрінісін жазу; - оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Моншақты кесте тоқу (бисер)

 

Сабақ мақсаты:

Билімділігі: оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;

  Дамытушылығы: оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық табиғат көрінісін жазу:

Тәрбиелігі: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

  Сабақтың әдісі: СТО технологиялары, аралас, сарамандық.

   Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.

  Көрнекілігі: фотосуреттер, моншақтар, кестелер, интерактивті тақта.

  Сабақтың жоспары.

1.     Ұйымдастыру бөлімі.

2.     Тақырыпты меңгеруге өткен негізгі білім арқылы дайындық.

3.     Жаңа тақырыпты меңгеруге даярлық.

4.     Жаңа тақырыптарды тыныстыру.

5.     Сарамандық жұмыс арқылы түсіндіру.

6.     Қорытындылау жұмыстарын бағалау.

         Сабақтың барысы

I.   Қызығушылығын ояту

  Бисердің шығу тарихы

Бисер  тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға білездік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары  Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисер тоқу өнері өте  нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен  жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті  жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу  тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен  әйнекті пайдаланудыңең алғаш құпиясы  Финикия елі  ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзің құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан  екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

  Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де,  әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.

  Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бурса» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Визинтияға өтеді. Ал Констонтинопольды  түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.

  Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы  әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдері, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау  тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

1.     «Моншақ» деп нені айтамыз?

2.     Қазақ халқында моншақты не үшін пайдаланған? 

  Синквейн әдісі

1.     Кім? Не? -  сөз

2.     Қандай? – 2 сөз

3.     Не істейді? – сөз

4.     Сөйлем – 4 сөз

5.     Синоним – сөз


II.                Мағынаны тану.

1.     Моншақтың шығу тарихына ой жіберейік.

Тапсырманы бөліп-бөліп оқу.

1-оқушы – Кесте тігу

2-оқушы – «Маржан» туралы мәлімет

3-оқушы – Азияда бисердің пайдаланылуы

4-оқушы – Қазақстанда пайдаланылуы

  Сұрақтар  

1.     «Сәукеле» деген не? Шығу тарихын білесің бе?

2.     Әдемі сәукелелерді қазақтың қандай киноларынан кездестірдіңдер?

3.     Қамзолды кімдер киеді?

Практикалық жұмыс.  Жұмыс ережесін еске түсірейік.

 Қауіпсіздік ережелері

1.     Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

2.     Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.

3.     Инені киімге қыстыруға болмайды.

4.     Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.

5.     Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

6.     Тігін машанасының үстінде артық киім жатпау керек.

7.     Қозғалатын және айналатын машина бөлшектеріне жақындамау керек.

8.     Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген тексеру керек.

 

 ІІІ. Қорытынды

 

Жұмысты аяқтау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.02.2023
485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі