Монтессори әдісі –тәрбиенің
тірегі

Досмаганбетова Асемгуль
Талгатбековна
№32 «Балдәурен»
балабақшасы
Нұр – Сұлтан қаласы № 32
«Балдәурен» балабақшасында 3 тен 6 жасқа дейінгі
балаларға арналған Монтессори кабинетінде
Монтессори педагогі болып
еңбек етемін. Монтессори педагогикасын таңдаған себебім болашақ
ұрпаққа білім беруде жас өркеннің болмыс бітімі, талғам таразысы,
талап деңгейі жоғары болса екен деймін. Ал,
М.Монтессори педагогика
ілімінде бүтін білім беру, тәрбиелеу және түзету жүйесі құрылған.
Оны дені сау балаларды оқыту кезінде де, сонымен бірге дамуында
шектеуі бар балалар үшін де пайдасы өте зор. Өйткені баланың өзі
таңдап ала алатын, дидактикалық материалы, сонымен қоса бала өзінің
осы материалмен жұмыс істейтін уақытын өзі белгілеп және жіберген
қателіктерін өзі бақылап, өзі түзете
алады.
Әрбір аймақта өзінің түзету
міндеттері шешіледі. «Күнделікті өмір тәжірибесі» аймағын алатын
болсақ балалар өздері қоршаған ортаны күту, оның тазалығын сақтап,
шаңын сүрту, үстелді жуу, аяқ киімін тазалау, үтіктеу, өздерінің
шағын қол орамалдарын жуу сияқты іс- әрекеттермен айналысқанда
үлкен қызығушылық танытады.
Өз тәжірибемде байқағаным
тәрбиелеп, оқытып отырған балаларым өздерін жақсы сезінеді және
барлық даму бағыттары бойынша оң нәтижелерге
ие.

Балалар үстел үстіндегі
қоқысты сыпырып, қалақшаға салып тазартуда немесе бір ыдыстан
екінші ыдысқа сұйықты құйып, бір ыдыстан екінші ыдысқа қасықпен
ұнтақты шашпай, төкпей салу кезінде балаға қаншама зейін, икімдік
керк. Осындай жұмыс істу арқасында ұсақ және күрделі маторикалары
нақтыланып, пәндік іс-әрекеттері қалыптасып, сенсорлық және
математикалық түсініктері дамып, адамдармен қарым-қатынастары нығая
түсті.

Біздің балабақшада екі
логопедиялық және инклюзивтік топтар бар. М.Монтессори кабинетінде
жұмыс барысында денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балалар мен дені
сау балалар бірлесіп еңбек етеді. Олар бірге жұмыс істеп, қажет
болса бір - біріне көмектеседі. Бұл денсаулығында ақаулығы бар
әрбір бала үшін өте маңызды және топтағы балалар арасында да, ал
ары қарай – қоғамда да өз орнын табуға көмектеседі. Денсаулығында
шектеуі бар балалар топта мазасызданып, дөрекі мінездер көрсетіп,
педагогтарын тыңдамыйтын балалар Монтессори кабинетіне келгенде
балалар көз алдыңда өзгеріп сала береді.

Өйткені бала өз қалауымен
таңдаған аймақта көңіліне ұнаған дидактикалық материалдармен қанша
уақыт жұмыс істеуін өзі таңдайды, өз еркімен жұмыс істейді, өз
көңілін өзі табады. Бұл ортада бала жасына сәйкес
моторлы және сенсорлық дағдыларды қалыптастырады, өмірлік
тәжірибеге ие болады, әртүрлі заттар мен құбылыстарды ретке
келтіріп, салыстыруға үйренеді, өз тәжірибесінде білім алады.
Педагог баланы бақылап, тек оған қажет болғанда ғана
көмектеседі.


Балалармен тікелей практикалық
сабақтармен қатар мен ата-аналарымен де шебер сыныптар,
ақыл-кеңестер жүргіземін, оларды Монтессори педагогикасы жөніндегі
материалдармен жұмыс істеудің дұрыс тәсілдері мен әдістерін
көрсетіп, үйде жалғастырыу жөнінде ары қарай ұсыныстар
беремін.

Осындай жұмыс тәжірибесінде
Мария Монтессори технологиясын пайдалану балаға кез келген жағдайда
өзін ыңғайлы сезіне алатын, айналасындағы адамдармен байланыс
орната білетін, жан-жақты дамыған, жауапты және білімді тұлға
қалыптасуыдың негізгі болатынына көзім
жетті.