жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Монтессори ортасын ұйымдастырудың жалпы ережелері
Монтессори ортасын ұйымдастырудың жалпы ережелері
Монтессори ортасы - бұл баланың өмірлік қажеттіліктерін ескеретін орта.
Балалар үйі ересек адамдар үшін емес, балалар үшін арнайы құрылған орын.
Монтессори ортасындағы барлық нәрсе баланың қолына жетімді және бала оны еркін пайдалана алатындай болуы керек. Мұнда ересектерге арналған кеңістік өте аз. Мысалы, ересек адам үшін ешқандай үстел жоқ, оның ішінде орындық және дәптерлер бар . Қоршалған аумақ балаға қауіпсіз болуы керек. Монтессори ортасында инелер, қайшылар бар, бірақ олар қауіп төндірмейді. Қоршаған орта бала шешім қабылдауға, шешуге және орындауға қабілетті болуы керек. Қоршаған ортадағы заттардың мөлшері баланың өлшеміне (жиһаз және барлық басқа заттар) сәйкес келуі керек. Қабырғаларды ашық түстермен бояған жөн, бірақ көзге ауырлық түсірмеу қажет. Яғни, қабырғалардың бояуы ашық түсті болуы керек (ақ, кілегей, ашық қызғылт), биік төбелерден қысымшылықты сезінбеу үшін карнизді қолдануға болады. Едендер ағаш немесе керамика болуы керек, кілем болмағаны дұрыс, өйткені олар тез ластанып, аллергия туғызады. Mонтессори ортасы үнемі қозғалысқа толы. Кілем балаға орындықты жылжытуға қиындық тудырады, сол себепті ол өзін сенімді сезінбейді. Үстелдер мен орындықтардың аяқтарындағы қорғаныс қалпақтары заттардың қозғалысына кедергі келтіреді, сондықтан олардың болмағаны жөн. Терезелер үлкен болуы керек, терезенің сыртында не болып жатқанын көру үшін, баланың бойымен сәйкес, сонымен қатар, жарық көп мөлшерде түскені дұрыс. Мәселен, Мексикада, баланың құлап кетпеуі үшін және алаңдатпау мақсатында терезелерді биік қондырады. Бірақ Монтессори-жүйесінде бұл басқаша қаралады, өйткені терезеден тыс табиғатқа қарау, бала үшін психикалық демалыс болады. Дайындалған орта психологиялық тұрғыдан сәйкес болуы керек, яғни, ол баланың дамуының белгілі бір кезеңінде қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Қоршаған ортадағы қызметтің барлық түрлері, балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл баланың тәуелсіздігінің артуына, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға әкеледі. Оқу барысында балаға қоршаған ортаны дайындаған ересек адам баланың сезімтал ақыл-ойларын, сезімтал кезеңдерін және табиғи бейімділігін әрқашан есте ұстауы керек. Бала тәуелсіздікке жету керек, ол еркін қозғалып және еркіндікке жетуге тиіс. Қоршаған ортадағы заттар баланың эстетикалық талғамын қанағаттандырарлық және тәртібін сезіну үшін әдемі болуы керек. Қоршаған ортаның тәртібі - дайындалған ортаның іргелі сипатына жатады. Қабырғаларды шамадан тыс ақпаратпен жүктемеу керек, өйткені ол баланың қабылдауын шамадан тыс жүктеп, тәртіп ережесін бұзады. Барлық заттар өз орнында үнемі тұру қажет. Егер заттардың орнын өзгертсек, онда біз баланың күнделікті үйренген тәртібін бұзамыз.
Заттың дұрыс тұруы эстетикалық жағынан тартымды. Тәртіп пен сұлулық эстетикалық өзара байланысты. Барлық заттар табиғи материалдардан жасалуы керек, себебі олар балаға (ағаш, темір, тоқыма) тартымды.
Пластикалық материалдардан аулақ болуымыз керек. Егер біз баланы заттармен жұмыс істеуге үйрету барысында оған пластикалық зат берсек, онда бала қателерді бақылауға алмайды. Бала үйрене алмайды. Егер біз заттарды металдан пайдалансақ, онда ол белгілі бір дыбыс шығарады, бала дыбысқа үйренеді - қатені бақылайды. Барлық заттар шынайы болуы тиіс (пышақ және банан, үтік ыстық, кір жуу және т.б. сияқты) шынайы белсенділікпен белгілі бір нақты мақсатты көздейді.
Балалардың өз үлестерін қоса алатыны сезінеді және олардың өздеріне деген сенімділік пайда болады. Бұл қиял әлемі емес, шынайы әлем. Қиял әлемінде өмір сүретін балалар біртіндеп, қиял әлемінен шынайы әлемге ауысады. Материалдар нәзік болуы керек, бұл қатені бақылауға, өзін ұстау сезіміне және ересек адамның өзіне сенгенін түсінуіне әсер етеді. Бір нәрсе сынған жағдайда « Ой, сындырдың!» деп айтпайды. Баланың өзі не болғанын көреді. Ересек адам сынықтарды сыпырып алады немесе балаға қалай жасау керектігін көрсетеді. Бірақ, құмыра сол кезде көрсетілмейді.Оны бір аптадан кейін шығарып қояды, сол кезде бала, заттарды бағалай бастайды. Ересектер балаға сынбайтын заттарды беруге тырысады. Бірақ бала мұндай заттармен қалай әрекет етуге үйренеді? Бұл баланың дамуын бәсеңдетеді.
Нәзік заттар әдемі болып келеді. Ортаға заттарды таңдаған кезде, ең әдемісін таңдау керек. Бұл баланың эстетикалық талғамын қалыптастырады. Бірақ педагог бұл заттың сынатынына тәуекел етеді. Заттар ӘРДАЙЫМ таза, тамаша жағдайда және толық болуы керек. Мысалы, губканы сығу үшін бізге керек материал 2 контейнер, губка, науа және сүлгі. Егер бір нәрсе жетіспейтін болса, бұл материалды көрсетуге болмайды !!! Құты бүлінген, соғылған, сызылған және т.б. болмауы тиіс. Барлық тұсау кесерлер науаларда (поднос) болуы керек, себебі
• науа ұйымдастыру тәртібіне ықпал етеді
• материалды тасымалдау оңай;
• Науа кеңістікті ұйымдастырады және баланы кеңістікті ең жақсы түрде ұйымдастыруға ынталандырады.
Монтессория- ортасында тесіктері бар жиһаздар пайдаланылмайды. Мысалы, саңылауы бар аяқ киім тірегі.
Материал сөрелерде қарапайымнан күрделіге дейінгі белгілі бір жүйеде орналасқан. Бөлгіш қабырғаларды қоятын болсақ,онда балаларды топтарға бөлеміз. Заттардың орналасуы ӘРҚАШАН қарапайымнан күрделіге дейін орындалады. Заттың көлемі шектелген, яғни әрбір материал бір көшірмеде. Баланың шыдамдылығын дамытады, төзімділігін қалыптастырады. Затты тек сөреден ғана алуға болады, егер басқа бала онымен жұмысын аяқтаған жағдайда. Баламен жеке жұмыс жасалады. Басқа бала досының жұмысына кедергі жасай алмайды. Бала материалмен қалағанынша жұмыс істей алады. Жұмыс істеген кезде көптеген ережелер мен шектеулер енгізіледі. Мұғалім баланы бақылай отырып, екі бала бір затпен жұмыс істей алама, әлде жоқ па соны шешеді. Мұғалім ақылға қонымды болуы керек. Егер мұғалім осы екі баланың бұл заттан барынша пайда ала алмайтынын білсе, онда ол балаларға осы материалмен жұмыс істеуге рұқсат бермейді !!! Бірақ, егер бала басқа балалармен ешқашан жұмыс істемесе және кенеттен олармен жұмыс істей бастаса, нұсқаушы балаларға бірге жұмыс істеуіне рұқсат береді.
Біз әрдайым баланың мүддесін ойлаймыз!
,

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген