Тақырып бойынша 31 материал табылды

Монтессори технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиеленушілеріне Монтессори әдісін түсіндіре отырып,ҰІӘ қолана білу.балалардың саусақ маторикасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет

Мария Монтессори 1870 жылдың 31 тамызында Италияда туылып, 1952 жылы Голландияда қайтыс болды. Осы жылдар аралығында оның өмір жолы философиялық мәні бар, балалардың құқығын қорғау үшін күресі мен ұлы педагогикалық жаңалықтар ашуына толы болды. Ол Италияның тұңғыш әйел - дәрігері.
Қызықты ақпарат
♦ Италияда евроны енгізбестен бұрын, М. Монтессоридің бейнесі 1000 лир ақшасын безендіріп тұрды.
♦ Финляндия, Нидерланд және АҚШ - та Монтессори балабақшалары мен мектептері негізгі мемлекеттік оқу мекемелерінің құрамына енген.
♦ Бе́нджамин Спок дәрігердің атақты басылымдарынан кем түспейтін бала тәрбиесі жөніндегі 25 кітаптың авторы М. Монтессори, жасөспірім кезінде ата - анасының өзінен ұстаз шығару ниетіне қарсы болған.
♦ АҚШ - та Монтессори мектебін тәмәмдәу, жұмысқа қабылдау кезінде қосымша фактор болып табылады.
♦ Орыс суретшісі Кузьма Петров - Водкин, Монтессоридің сабағына қатысып, бұл әдіспен оқытылатын балалардың қоршаған ортаны кеңнен қабылдайды деген.
♦ Үндістандағы Монтессори - мектебі (Кодайканалдағы) ең алып деп Гиннес кітабына жазылды. Онда 22000 - нан астам бала оқытылады.
♦ Мария Монтессори үш рет (1949, 1950 және 1951 жылдары) әлемнің нобелдік сыйлығын алуға ұсынылды.
♦ Монтессори жүйесі бойынша Билл Клинтон – АҚШ - тың 42 президенті, Франсуа Миттеран – Францияның 21 президенті, Уильям мен Гарри ханзадалары – англияның патшалары отбасынан, Жаклин Кеннеди Онассис – АҚШ - тың бірінші ханымының бірі, Джимми Уэйлс – Википедияны шығарған, Габриэль Гарсиа Маркес – жазушы, әдебиеттен Нобель сыйлығының иегері, Google ізденістік жүйесін шығарған Ларри Пейдж пен Сергей Брин оқытылды.
♦ Лев Толстойдың қызы Татьяна Сухотина - Толстая мен Диана ханшайымы Монтессори - педагогы болған.

Мария Монтессоридің еркін тәрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич Вентцель (1857 - 1947) еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады.
Монтессори өзінің еркіндік түсінігін баланың үлкендердің еркіне тәуелді болмау деп түсіндірді. Бұл дегеніміз баланың үлкендердің минималды көмегі арқылы өзіне қызмет етуі, жаңаны игере білуі, маңызды шешімді өзі қабылдауы мен баланың даралық құқығын қорғау болып табылады.

Тәртіп пен еркіндіктің үйлесімі арқылы
• қарапайым ережелерді сақтап тәртіпке үйренеді
• дербестікке үйренеді
• жан - жақты, ықыласты болады
• саналы таңдау жасауға үйренеді
• бақылағыштыққа үйренеді
• өзін және басқа адамдарды қадірлеуді үйренеді
• тұлға ретінде өзін - өзі қалыптастырады
• сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі
• келісім жасасып, бірге әрекеттенуге үйренеді
• жауапкершілікті сезінуді үйренеді

Педагогтың міндеті
• Ең негізгі міндеті – балаларға өзін - өзі дамыту жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай жасау
• Балаларды топта сақталатын ережелермен таныстыру
• Балалардың іс - әрекетін бақылап, тек қажет кезінде көмек көрсетеді
• Дидактикалық материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін үйрету
• Топтағы жағымды атмосфераны қалыптастыру, келіспеушілікті шешу
• Баланың әрі қарай өзін дамытуда бағыт береді

Топта сақталатын ережелер
• еркін жүріп тұрады
• қолданған затын ескертусіз жинап орнына қояды
• қажет кезде тәрбиешіден көмек сұрау
• үлкен балалар жаңа келген балаларды үйретеді
• жіберген қателіктерін тауып оларды түзетеді
• бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу
• басқа балаларға бөгет болмау
• тыныштықты сақтайды







Мария Монтессори өсиеттері

♦ Қандай жағдай болмасын, бала өзі көмек сұрағанша оған тиіспе
♦ Ешқашан бала туралы жаман айтпа, баланың көзінше, және ол болмағанда да.
♦ Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға бағыттал, сонда жаман қасиеттер біртіндеп азая түседі
♦ Танымдық ортаны дайындағанда белсенді бол. Әрқашан оны талаптар мен ережеге сай дайында. Баланың бұл орталықта дұрыс іс - әрекет жасауына көмектес. Әр дамыту материалының орнын және оны қалай дұрыс қолдану керектігін көрсет.
♦ Сенің көмегіңді қажет ететін балаға көмектесуге және оның сұрақтарына жауап беруге дайын бол.
♦ Қате жіберіп алып оны қазір немесе сәлдең соң түзете алатын баланы қадірлей біл. Бірақ баланың іс - әрекеті немесе материалды дұрыс қолданбаған жағдайында, өзінің немесе басқа балалардың денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін болса жұмысты тоқтат.
♦ Демалып отырған немесе біреудің жұмысын бақылап отырған, немесе қандай іс - әрекет жасағанын әлде жасайтынын ойлап отырған баланы қадірлей біл. Осы сәтте оны ешқашан басқа әрекет жасауға мажбүрлеме.
♦ Немен айналысатынын білмей, іс - әрекет түрін іздеп жүрген балаға көмектес.
♦ Балаға жаңаны игеруге, бұрын бас тартқан материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетуден жалықпа. Қоршаған ортаны мейіріммен, шыдамдылық пен тыныштықпен, қайырымдылық пен махаббатпен толтыр. Ізденіс үстіндегі балаға өзіңнің көмек көрсетуге дайын екеніңді көрсете біл, және басқа балаларға оны білдіртпе.
♦ Баламен қарым - қатынаста тек жақсы әдеп - қылықтарыңды көрсет және өзіңдегі ең жақсы қасиеттеріңді ұсын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12