400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мотив және мотивация

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Еліміздің білім деңгейі, ғылым саласы, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан 90 жылға жуық тарихы бар қара шаңырақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мотив және мотивация

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды.

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Еліміздің білім деңгейі, ғылым саласы, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан 90 жылға жуық тарихы бар қара шаңырақ.

ҚазҰУ құрамында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылды. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады және үйлестіреді. Департамент факультеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопаркті және т.б. қоса алғанда, университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады.

Біздің әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіміз бүгінгі күні бірден бір жастардың басын қосып, халықтың рухани жан дүниесін байытуға өз үлесін тигізіп, білім алғысы келетін әрбір жасқа өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, бағыт - бағдар беріп келеді.

Осы орайда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім алушысы ретінде: «Мотив және мотивация» тақырыбында сөз қозғағымыз келіп отыр.Нақтырақ тоқтала кетер болсақ:

Мотив қажеттіліктің пәні болып айқындалады. Мотив арқылы қажеттілік нақтылана түседі, субъектіге түсінікті болады. Қажеттілік пен мотивтің пайда болысымен адамның жүріс-тұрысы шұғыл өзгереді. Егер бұрын жүріс-тұрыс бағытталмаған болса, онда мотивтің пайда болысымен ол өзінің белгілі бағытын алады. Өйткені мотив - әрекеттің пайда болу себепшісі. Әдетте бір мақсат үшін адам бірнеше әрекеттер жасайды. Бір мотивке негізделген осы әрекеттердің жиынтығы іс-әрекет деп аталады, дәлірек айтсақ, ерекше іс-әрекет немесе іс-әрекеттің ерекше түрі. Осылайша, мотивтің арқасында біз А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теория құрылымындағы жоғарғы деңгейге келіп жеттік – ол ерекше іс-әрекет деңгейі.

Іс-әрекет тек бір ғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез-келген ерекше іс-әрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірі әрдайым жетекші, ал екіншісі – тұрлаусыз болады. Осы тұрлаусыз мотивтер ынталандыру-мотиві болып келеді.

Іс-әрекет теориясында эмоциялар іс-әрекет нәтижесінің мотивке деген қатынасының бейнесі ретінде сипатталады. Мотив жағынан алғанда іс-әрекет сәтті өтіп жатса, оң эмоциялар пайда болады, ал егер сәтсіз өтіп жатса – теріс болады. Адам күйін басқаратын эмоциялар туралы А.Н. Леонтьев ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар бұл туралы З. Фрейд, У. Кэннон, У. Джемс, Г. Ланге тәрізді ғалымдар жазған болатын.

Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді.

Адам санасын танудың қазіргі жаңа беталысына орай, мотивация адам қажетсінуінің адамды сыртқа (әрекетке) бағыттауы, ал қажетсіну мотивацияның ішке (тоюға, ләззаттануға, рахаттануға, қуануға) бағыттауы. Былайша айтқанда, адам жаны сыртқы мақсатқа бағытталса мотивация, ішкі толықтауға (аштық секілді талапқа) бағытталса қажетсіну болмақ. Дегенмен бұлай түсіндіру салыстырмалы. Мысалы, Маслоудың қажетсіну қабаты теориясында қажетсіну мен ниет араластырылып түсіндірілген.


Жалпы психология қазіргі таңда адамдарға өте қажет.Психологиялық түрде сауатты болуы керек. Психология — жеке тұлғаның рухани болмысы. Дәлірек айтсақ ішкі жан дүниесі мінез-құлқы, түрлі сезімдері, ниеті, ақыл-ойы, құндылықтары. Қай уақытта болмасын психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі.

Тленчиева Н. С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.


Орынбек Арайлым

Менеджмент мамандығы 1 курс студенті.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.04.2024
263
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі