Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін
ІТ мектеп-лицей директоры
________
математика пәнінен оқуға деген мотивациясы төмен оқушыларға арнап жасаған жұмыс жоспары
2020-2021 оқу жылы
Шымкент
математика пәнінен оқуға деген мотивациясы төмен оқушыларға арнап жасаған жұмыс жоспары
Математика пәнінен оқуға деген мотивациясы төмен оқушы
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.
Мотивациясы төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдардың қиындығына соқтыққанды ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық меңгереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауыда төмен. Мотивациясы төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған, білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей: 1) есеп шартын оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу, 2) кейбір буындарды, сөздерді буындап немесе ежелеп оқу. Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Таным әрекетінің нәтижелілігі – ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптасу үлгерімінің төмен болуының басты себебі болып табылады.
Компоненттерінің қайсысы мотивацияның төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді:
-
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар
-
Нашар оқитын оқушылар
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлде қайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту керек. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау бір тұтас. Бұл талаптар ой мен іс-әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет.Балалар білімді ойын арқылыда ала алады және білімділікке үйренеді. Сондықтан математика сабағында ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүние танымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Деңгей бойынша сараптау ой еңбегіне байланысты саралаудың қазіргі педагогикадағы оң аспектілері мұғалімге, нашар оқитын оқушыларға көмектесуге жол ашады.
Оқи алуларына сәйкес топтарға бөлу критерийлері:
1-топ. Нашар оқитын балалар. Олар баяу әрекет етеді, сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді, сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.
2-топ. Бұл топтың оқушыларына материалдарды естерінде сақтау үшін көп рет қайталау керек. Сырттай олардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындарынан, жоғары эмоцияналдығынан, зейінінің төмендігінен және жинақты еместігінен байқалады олар үшін жинақтауға берілеген есептер қиын. Бұл оқушыларға берілген жұмыс алгоритімін қолданған пайдалы. Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін. Мұндай оқушыларға әр-әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.
3-топ. Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе-тең үрдісі бар оқушылар кіреді. Олардың тұрақты зейіні бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген, үлкен сөздік қоры бар.
Сараланған тапсырмалар – бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, карточкада, слайдтарда, таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді, олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалары болуы тиіс.
Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет.
Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданудамын. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, өз жұмысымда әр түрлі бақылау формаларын:тесттер, сұхбат, диференциялдық тапсырмаларды орындатамын. Өзіне сенімі жоқ , үлгерімі төмен оқушыны қолдап қуаттау қажет. Қандайда ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды. Оқушылармен жұмысты оқу тәрбие процесіне қойылған жаңа талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін және қабылдауларын ескере отырып сабақты құрастырудамын. Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Деңгейлік диференцияны қолдану жағымды нәтиже береді. Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолдануға болады.
Әрбір оқушының оқып үйрену мүмкіншіліктерін анықтау негізінде олардың жеке бас ерекшеліктерін терең білу, сонымен қатар оны іс-тәжірибеде ескеру қажет.
Мотивациясы төмен оқушыға көмек беру іс-шараларының оптимальді жүйесі
-
Оқу іс-әрекетін жоспарлауға көмектесу (қайталауға материалдарды оқуды жопарлауға, көп кездесетін қателердің себебін талдауға көмектесу).
-
Оқу барысында қосымша нұсқау беріп отыру.
-
Оқу процесін жандандыру (мақтау, әрбір жетістігін атап өту, жұмысты жалғастыруға үгіттеу).
-
Оқу іс-әрекетін бағалау (оқушыдан жиі сұрау, күнделікті барлық үй тапсырмасын тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру).
-
Оқушылармен өзара көмек көрсету жұмысын жандандыру.
-
Мұғалімнің оқушыны қосымша сабаққа қатыстыру.
Мотивациясы төмен оқушыларға көмек:
-
Ата-аналармен тығыз байланыс жасау
-
Қосымша сабақ жүргізу
-
Төменгі деңгейдегі кестелер беру
-
Қызықты ойын есебін шығару
-
Жеңіл тест есептерін шығару
Мотивациясы төмен оқушыларға сабақ барысында көмек көрсету
Сабақ кезеңдері |
Оқу барысында көмек көрсетудің түрі |
Оқушының дайындығын тексеру барысында |
|
Жаңа сабақ түсіндіру барысында |
|
Сабақ құрылымында |
|
Өткерген жұмысты пысықтау |
|
Математика пәнінен оқуға деген мотивациясы төмен
оқушылар тізімі
№ |
Оқушының аты-жөні |
Сынып |
Күні |
Уақыты |
Кабинеті |
Ескерту |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
№ |
Мерзімі |
Саны |
Үлгерімі |
4 |
І тоқсан |
|
|
2 |
ІІ тоқсан |
|
|
3 |
III тоқсан |
|
|
2 |
IV тоқсан |
|
|
Математика пәнінен оқуға деген мотивациясы төмен
оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
№ |
Жұмыстың мазмұны |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
Математика пәнінен оқуға деген мотивациясы төмен оқушыларды анықтау |
қыркүйек |
Пән мұғалімі |
2 |
Математика пәнінен оқуға деген мотивациясы төмен оқушылармен жүргізілетін күнтізбелік жұмыс жоспарын жасау |
қыркүйек |
Пән мұғалімі |
3 |
Оқушылардың үлгермеу себептерін анықтау |
қыркүйек |
Сынып жетекші,пән мұғалімі |
4 |
Математика пәнінен оқуға деген мотивациясы төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізу |
үнемі |
Пән мұғалімі |
5 |
Математика пәнінен оқуға деген мотивациясы төмен оқушылардың ата-аналармен байланыста болу |
үнемі |
Пән мұғалімі |
6 |
Оқушы алған теориялық білімін практика жүзінде толтырып отыру |
үнемі |
Сынып жетекші,пән мұғалімі |
7 |
Әртүрлі деңгейдегі бақылау жұмыстарын алу |
ай сайын |
Пән мұғалімі |
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |