Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М.Қабанбай "Бауыр" әңгімесі 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Шығармадағы кейіпкерлердің құндылығын анықтайды. 2.Басты кейіпкердің арасындағы ерекшелікті сипаттайды. 3.Анықталған ақпарат бойынша сызба ұсынылады. 2.Жинақталған ақпараттарын негізге ала отырып,ұсыныс жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім


Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


«Бауыр» әңгімесі. Арман

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.3.1.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образынашу

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:

Кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен екі нәрсені салыстыра суреттеген тұстарын анықтайды, өз ойларын түйіндейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Шығармадағы кейіпкер образына байланысты қарама-қарсы суреттеулерді тауып, әңгімеден мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар:

Кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, өз көзқарастарын жан-жақты ашып, дәлелдеп, жазылымда қарама-қарсы ұғымдарды ұтымды пайдалана алады және астарлы мағынаны ажыратады,

Бағалау критерииі

Кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен екі нәрсені салыстыра суреттеген тұстарын анықтап, өз ойларын түйіндей алады.

Шығарма бойынша өзіндік пікірін білдіре отырып, жазылымда қарама-қарсы ұғымдарды ұтымды пайдалана алады және астарлы мағынаны ажырата алады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал

«1 қадам, 1 әрекет» әдісі

Екі қолды жұмысқа жұмылдыру үшін,оқушылардың ойлау қызметін арттыру үшін сергіту ұйымдастыру. Оқушылар екі қолына 1 мезгілде екі қолымен төмендегі әрекеттерді атқарады.

Жүру барысы:

1.Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол бес-төрт бұрыш салады.

2.Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үш бұрыш салады.

3.Оң қолымен өзінің есімін ,ал сол қолымен тегін жазады.

«Бір қадам артқа».Үй тапсырмасы.

ТЖ «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі.

Орындалу тәртібі:

1.Марат Қабанбаевтың «Бауыр» әңгімесі жазылған қағаз бірнеше бөлікке бөлініп қиылады да араластырылады. Оқушылар оқиға желісін ретімен орналастырады.

Дескрипторлар:

1.Мәтіннің мазмұнын біледі.

2.Мәтіннің негізгі компазициялық құрылысын түсінеді.

3.Шығарманы мазмүндай алады.

2.Композициялық құрылымына сай орналастырады

ҚБ1 –мадақтау

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ













Ұялы телефон

Және интернет желілері

Кітап


Ортасы

Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары: 3 минут

1. Манап балалар үйіне не үшін келді?

2.Балалар үйі туралы естулерің бар ма?

3. Қалидыңбалаларүйінекелуіненесебепболды?
4. Қалиды көргенде Манаптың бойын қандай сезім биледі?

5. Балалар үйінің директоры Манапты қалай қарсы алды?

6. Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған?

7. Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді?

8. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?

9. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады?

10.Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай? 11. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?



1-тапсырма «Таразы» әдісі

«Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлердің іс-әркеттерінен екі нәрсені салыстыра суреттеген тұстарын анықтап, өз ойларын түйіндейді.

1-топ

«Уақыт өзгерткен тұстар»

Мәтіннен кейіпкерлердің іс-әркеттерінен уақыт өте келе өзгерген екі нәрсені салыстыра суреттеген тұстарын анықтап,бағанға жаз

дәлелде

Бұрын

Қазір

Мәтіннен алынған дәлел

Төрекелдиев Қали

Турекелдиев

Гали








2-топ тапсырмасы.

Шығармадағы қарама-қарсы суреттеулерді тауып, әңгімеден мысал келтіреді,астарлы мағынада берілген сөздердің астарын ажыратады.

Манаптың бозбала Қалиды алғаш көргендегі әрекеті

Кездескеннен кейінгі әрекеті

Түйін

Нұр құйылды

У құйылды





3-топ

Жетімдердің әлеуметтік жағдайына байланысты қарама-қарсы суреттеулерді тап.

Манап

Қали

Түйін

Жалаң аяқ студент

Мемлекет қамқорлығында


Дескрипторлар:

  1. Шығармадан кейіпкердің іс-әрекетін талдай алады.

  2. Кейіпкердің іс-әрекетін екі нәрсені суреттеу арқылы таба алады.

  3. Қарама-қарсы суреттеуді таба алады.

  4. Берілген ақпарат бойынша өз пікірін қоса отырып,түйін жасайды.

ҚБ2 «Бас бармақ»

2-тапсырма. «Түйнек» сызбасы» тұтас үрдістегі ақпараттық бірліктердің матасуын қадағалауға мүмкіндік беретін визуалдық тәсіл.

Орындалу тәртібі:

Оқушы тарапынан жатсыну проблемасын жою мақсатында Манап пен Қали арасындағы жақсы қарым-қатынасты реттеу үшін Манапқа жасалатын ұсыныс

-Сыртқы сақина «ҰСТАНЫМ» - Манап Қалиды өзіне тарту үшін қандай әрекет жасау керек ?

-Екінші сақина «МҮДДЕ» Жақсы қарым-қатынасты реттеу үшін ағаның інісі алдындағы мүддесі қандай болу керек?

-Үшінші сақина «ҚАЖЕТТІЛІК»- Осы кедергілерді жою үшін не қажет?

Төртінші сақина «Арман»

Оқушыларға сызба ұсынылады,мәлімдеу стилі негізінде оқушы өз пікірін ұсынады.

Манаптың арманы

Қалидың

арманы

Менің пікірім





Дескрипторлар:

1.Шығармадағы кейіпкерлердің құндылығын анықтайды.

2.Басты кейіпкердің арасындағы ерекшелікті сипаттайды.

3.Анықталған ақпарат бойынша сызба ұсынылады.

2.Жинақталған ақпараттарын негізге ала отырып,ұсыныс жазады.

ҚБ1 –мадақтау

3-тапсырма. «Шежіре ағашы»стратегиясы

Орындалу тәртібі:

«Бауыр» әңгімесінің мазмұнын басшылыққа алып, көтерілген өзекті мәселені тауып, «Шежіре ағашына» түсіреді.

-«Тамырларға» қаралатын мәселенің себептері;

Неліктен Манап демін жұтып отырып күрсінді ?

-«Діңгегіне» проблема;Жатсыну

-«Бұтақтарына» салдарлар жазылады.Жатсыну салдары Манапты қандай ойға жетеледі?

Дескрипторлар:

1. Көтерілген өзекті мәселені табады

2.Құрамдас бөліктерге жіктеу арқылы,ойын дамытады.

ҚБ3 «2 жұлдыз, 1 тілек»

4-тапсырма .Эссе

Шығармадағы кейіпкердің тұлғалық ерекшелігіне

талдау жасай орырып эссе жаз

Дескрипторлар:

  1. Шығармадан бір кейіпкерді таңдайды.

  2. Кіріспеде кейіпкер туралы пікір білдіреді./20сөз/

  3. Негізгі бөлімде кейіпкердің тарихи құндылығы,бойындағы адамгершілік

  4. Қасиеттерді жинақтап шығармадан дәлелдейді./30сөз/

  5. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді тауып, шығармадан дәлел келтіреді../30сөз/

  6. Қорытынды бөлімде кейіпкерден алған үлгісі туралы айтып ой тұжырымдайды.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

«Оқиға желісі бойынша ретін тап» 3минут

Сюжет

Реті

Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытты сұрап, жаттығуға асығуы

6

Аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы.

2

Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып, вокзалға бағыт алуы

7

Манаптың балалар үйіне келуі, інісін іздеуі, директормен әңгімесі

1

Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы тосырқаулық.

3

Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.

5

Ағасының інісіне костюм тарту етуі

4

Қалыптастырушы бағалау: Ретін дұрыс тапқан оқушыға смайлик беру

Жұппен жұмыс: 10 минут

Шығарманың идеясын, тақырыбын жұбыңмен анықтап, «Төрт сөйлем» әдісі бойынша түсіндір.

  • Бірінші сөйлем: «Менің ойымша әңгіменің басты идеясы-........... »

  • Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін.............»

  • Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін.......»

  • Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен шығарманың тақырыбы...........деген шешімге келдім»

Қ/Б: «Смайликтер»

Топпен жұмыс: 8 минут

Кейіпкер

Мінезі

Шығармадан үзінді

Үзіндіге сәйкес тұжырым, мақал

Қали





Кейіпкер

Мінезі

Шығармадан үзінді

Үзіндіге сәйкес тұжырым, мақал

Манап





Қ/Б «Екі жұлдыз, бір тілек»


Қалыптастырушы тапсырма:

«Хикая картасын толтыр»

Оқиғаның басталуы


Манаптың балалар үйіне келуі

Оқиғаның дамуы

Манап пен Қалидың кездесуі.


Оқиғадағы шиеленіс

бауырлар арасындағы салқындық. Манаптың ішкі жан күйзелісі.


Шарықтау шегі


Қалидың әңгімесі, жаттығуға асығуы.


Оқиғаның шешімі

көңілі алабұртқан Манаптың кейін қайтуы.


Қ/Б: «Смайликтер»



Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды



Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.03.2024
216
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12