жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
MS Excel бағдарламасында диаграмма тұрғызу
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ӨОЖ жөніндегі орынбасары
_________ Р.Т.Кадыржанов
Пәні: Өндірістік оқыту
Тобы: №67 топ
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: MS Excel- де диаграммалар тұрғызу
Сабақтың мақсаты.
А) Білімділігі: Оқушыларға Excel- дің графикалық
мүмкіндіктерінің бірі- диаграмма құрастыруға
мағлұмат беріп, диаграмма түрлерін таныстырып,
төрт қадамды үйрету.
Б) Тәрбиелігі: Диаграмма шебері арқылы оқушылардың
тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту,
шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты
жеткізуі мен сабаққа деген қызығушылығын
арттыру.
В) Дамытушылығы : Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
-
Диаграмма тұрғызу үшін диаграмма шеберін пайдалануды;
-
Диаграмма туралы ережені; Диаграмма түрлерін;
-
Диаграмма шебері арқылы орындалатын әрекеттерді;
Оқушылар үйренуі тиіс:
-
Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;
-
Диаграмма сызуды;
-
Төрт қадаммен жұмыс жасауды;
Көрнекілігі: Компьютер, мультимедия, парақшадағы тапсырмалар, буклет
және плакаттағы диаграмманың стандартты түрлері;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, өз бетінше жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Математика.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Білімді жетілдіру.
V. Білімді бекіту.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма.
VІІІ. Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімдерін сұрақ- жауап арқылы
тексеру:
1. Microsoft Excel қандай бағдарлама ?
Жауабы: Кесте түріндегі мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама.
2. Excel терезесі элементтерін ата.
Жауабы:
-
Тақырып жолағы
-
мәзір жолағы
-
стандартты үстелі
-
пішімдеу үстелі
-
өрнек жолағы
-
бағандар тақырыбы
-
ұяшықтар
-
жолдар тақырыбы
-
тапсырма аумағы
-
айналдыру сызығы
-
парақтар лақаптары
-
күй жолағы
3. Ұяшық дегеніміз не ?
Жауабы: Microsoft Excel программасында мәлімет енгізілетін кестенің ең кіші бөлшегін айтамыз.
4. Кесте дегеніміз не ?
Жауабы: Қатарлар мен бағандарда реттелген ақпараттар кесте деп аталады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
-
Әртүрлі типті диаграммалар және графиктер құрып үйрену;
-
Диаграммаларды өңдеу және безендірудің негізгі әдістерін меңгеру;
Диаграммалар- мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграмма бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel- де 14 түрлі мынадай диаграмма түрлері бар:
Диаграммалар жасау үшін Диаграмма шебері пайдаланылады. Диаграмма шебері орындаған әрбір қадам барысында пайдаланушы диаграмма қандай күйде екенін көріп отырады. Кез келген сатыда артқа қайта оралып, істелген әрекетті болдырмай тастауға болады. Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген батырмалар және пішімдеу әрекеттерінің көмегімен өзгертуге болады
Диаграмма шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаймыз:
-
Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
-
Вставка Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі Диаграммалар шебері батырмасын шертеміз.
-
Шебердің бірінші қадамында диаграмма түрін және оның көрінісін таңдап алып, Далее дегенді шертеміз.
-
Екінші қадамда деректер көзінің ауқымын өзгертуге болады
5. Жұмыстың үшінші қадамында диаграмма параметрлерін баптауға болады.
6. Төртінші қадамда диаграмманы орналастыру орнын таңдап, Готово дегенді шертеміз.
Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген батырмалар және пішімдеу әрекеттерінің көмегімен өзгертуге болады.
ІV. Білімді жетілдіру.
1- тапсырма
Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, сақина түріндегі диаграмма құрастыр.
2019-2020 оқу жылдарындағы оқушылардың білім сапасы
|
Пәндер |
Сапа |
|
№ 67 топ |
24 % |
|
№ 68 топ |
24 % |
|
№ 69 топ |
10 % |
|
Математика |
10 % |
|
Биология |
20 % |
3- тапсырма
Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, конустық диаграмма құрастыр.
-
Білімді бекіту (тест жүргізу).
-
Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында жолдар атауы ...... белгіленеді.
а) орыс әліпбиі әріптерімен;
б) латын әліпбиі әріптерімен;
в) сандармен нөмірленіп;
г) еркін түрде пайдаланушы тарапынан.
-
Excel бағдарламасындағы ұяшыққа қандай деректерді енгізуге болады?
а) сан;
б) аталғандардың бәрі;
в) мәтін;
г) өрнек.
-
Excel бағдарламасындағы кесте ауқымдарының дұрыс белгіленуін атап көрсет.
а) 1А;
б) 23:4DE;
в) А1:В2;
г) А:А2.
-
Excel бағдарламасын қандай әрекеттер көмегімен іске қосуға болады ?
а) Пуск→Программы→ Стандартные;
б) Пуск→ Программы →Microsoft Office→Microsoft Excel;
в) Пуск→ Программы →Windows;
г) Программы →Microsoft Office→Microsoft Excel.
5. Microsoft Excel – бұл ...
а) Компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама;
б) Кесте түріндегі мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама;
в) Кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің қор көздерін басқаратын құрылғысы;
г) Кодтық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама.
6. Excel бағдарламасындағы ұяшықтың дұрыс мекен жайын көрсетіңіз.
а) #А1;
б) N 9 ;
в) А1;
г) В1.
7. Кесте дегеніміз – ол:
а) Белгілерден және суреттен тұратын жолдар мен сызғыштар жиыны
б) Мәтіннен және суреттен тұратын жолдар жиыны
в) Мәтіндер және суреттер жиыны
г) Жолдар мен бағандар жиыны
8. Диаграмма дегеніміз – бұл ...
а) деректерді сызбалық түрде ұсыну;
б) әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген шеңбер;
в) логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар бірізділігі;
г) деректерді сыртқы безендіру, сондай- ақ олардың мазмұнындағы деректер пішімін түзету.
9. Excel бағдарламасында диаграмма ... үшін қолданылады?
а) сандық деректер мен өрнектерді құрастыру;
б) бағандарды немесе жолдарды құрастыру;
в) ақпаратты сызбалық түрде ұсыну;
г) бағандарды сызбалық түрде кескіндеуді.
10. Диаграмманы қалай қоюға болады?
а) Вставка- Символ
б) Формат- Диаграмма;
в) Вставка- Функция;
г) Вставка- Диаграмма.
VІ. Қорытындылау.
Балалар сұрақ бойынша жауап береді.
Бүгінгі сабақтан Excel-дегі диаграмма туралы нені үйреніп, нені білдік?
1. Диаграмма жасау үшін не пайдаланылады?
2. Диаграмма шеберінде неше қадам бар ?
3. Диаграмманың неше түрі бар ?
4. Түрлері қандай ?
5. Excel бағдарламасында не істеуге болады ?
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген